87
4 ТАРАУ
АҒАШТЫҢ МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
4.1 Механикалық қасиеттер және механикалық сынау әдістері
туралы жалпы ақпарат
Жалпы ережелер. Ағашқа механикалық қаситеттерін бұзылуға қарсы
қасиет – қаттылық, ӛлшемі мен формасының ӛзгеруіне қарсы қасиет-
деформациялану және механикалық, эксплуатациялық механикалық қасиеттер
деп бӛлуге болады.
Ағаштың механикалық қасиеттері оған статикалық (ақырын және баяу
күшейгіш), ұрмалы (кенеттен және толық әсер етуші), вибрациялық (ұзын-
дығын және бағытын ӛзгертіп отырушы) және ұзақуақытты (ӛте ұзақ уақыт
әсер етуші) күштер әсер еткенде байқалады.
Ағаштың механикалық қасиетінің кӛрсеткіштерін әдетте созылу, сығылу,
иілу, жылжыту кезінде анықтайды. Ағаш – анизотропты материал болып
табылатындықтан, оған әсер ететін күштер бағыты кӛлденең және талшық
бойымен (радиалды немесе тангентальді бағыт) деп кӛрсетіледі.
Басқа материалдардағы сияқты ағашта да сыртқы күштердің әсерінен ішкі
қарсылық күші пайда болады. Ағаштың бірлік ауданына келетін бұл күштерді
қысым деп атайды және ол
немесе МПа (1МПа=
=
Н/
=1
). Күштердің әсерінен дененің ӛлшемінің, формасының ӛзгеруін
деформация деп атайды. Денедегі қысым мен деформация сыртқы қысымның
әсерінсіз-ақ кептіру, ылғалдандыру, ысыту және т.б. әсерінен пайда бола береді.
Дене қимасына нормаль бойынша әсер ететін қысым дұрыс деп аталады және
ζ(сигма) әріпімен белгіленеді. Қима жазықтығына әсер етуші қысым жанама
деп аталады және η(тау) әріпімен белгіленеді. Дененің қирауына әкеліп соғатын
максимал қысым беріктік шегі деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: