86
Қазіргі таңда сүрекке радиоактивті сәулеленудің әсері жақсы зерттелген.
Альфа-сәулелердің сүрекке енуі тӛмен, жоғары ӛткізгіштік қабілетке бета-
сәулелер және одан да жоғары қабілетке гамма-сәулелер ие.
Орал орман техникалық институтының (ОЛТИ), ЦНИИМОД-ның және
басқа да ұйымдардың мәліметтері бойынша сүректің бета-сәулелермен
ӛткізгіштігі
оның тығыздығының, ылғалдылығының және ӛлшемдерінің
артуымен тӛмендейді.
Б.К. Лакатоштың қарағай, шырша, емен, шамшат, қайың сүректерінің
гамма-сәулелермен (негізгі кӛзі – кобальт-60) ӛткізгіштіне жүргізген зерт-
теулері гамма-сәулелер талшық бойымен бағытталғанда едәуір жеңіл ӛтетін-
дігін кӛрсетті (әсіресе еменде). Сүрек тығыздығының артуымен байланысты
энергияны жұту жоғарылайды; бұл факторлардың
арасындағы тәуелділік
сызықты. Пропорционалдылықтың ең үлкен коэффициенті тең тығыздықтағы
шамшат сүрегіне тән. Ылғалдылықтың артуымен жұтылатын энергияның
мӛлшері күрт ӛседі; ол жарықтандырылатын материалдың қалыңдығына тура
пропорционал.
Гамма-сәулелер сүректің дефектоскопиясы үшін,
оның ылғалдылығын
және тығыздығын анықтауда, сонымен қатар, үздіксіз ӛндірістік ағында
бӛлшектердің ӛлшемдерін контактысіз тәсілмен бақылау үшін пайдаланылуы
мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: