Рылыс академиясы


Сҥрек қабығындағы саңырауқҧлақтық реңдер



Pdf көрінісі
бет90/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   149
Сҥрек қабығындағы саңырауқҧлақтық реңдер. Жаңа кесілген немесе 
құрғатылған ағаш сүрегінің қабығында қандай да бір шамада болмасын, 
саңырауқұлақ әсерімен туындаған, терең боялған аудандар жиі қалыптасады. 
Бұл кезде сүрек қаттылығы тӛмендемейді. Ең алдымен ағаш бояушы 
саңырауқұлақтардың әсерінен ақау туындайды. Ақау ағаш сүрегінің бүйір және 
шеткі беттері арқылы таралады. Дӛңгелек сортименттердің бүйір жағында ол 
радиал сына тәрізді дақтар түрінде байқалады, кейде қабықтың тұтас реңі де 
кездеседі. Дӛңгелек сортименттердің және араланған материалдардың шеткі 
жағында мұндай реңдер жолақтар немесе созылған дақтар туындатады.
Қабықтағы саңырауқұлақтық реңдердің арасында (кӛгілдір немесе жасыл 
реңдері бар сұр түс) және түрлі түсті шелқабық дақтарын ажыратады 
(қызғылт сары, сары, қызғылт, ашық-күлгін және қоңыр түсті). Егер сүрек 
саңырауқұлақтардың әсерінен ақшыл түстерге боялған және сүрек текстурасы 
жақсы кӛрінетін болса, онда мұндай реңдер ашық деп аталады. Сүрек 
текстурасын жасыратын, қою реңдер қаралтым деп аталады. 
Дӛңгелек ағаш материалдары мен кесілген ӛнімдерде, сәйкесінше 2 мм 
артық немесе тӛмен тереңдіктерге таралған беттік және терең реңдерді 
ажаратады. Сонымен қатар, сортименттің ішкі қабаттарында дамитын және 
беткі қабатқа шықпайтын қабат аралық реңдер де болуы мүмкін. 
Дӛңгелек сортименттердің қабығындағы саңырауқұлақтық реңдерді 
бүйірлік беттерден зақымдалғанған аудандардың тереңдігі бойынша, зақым-
далған аймақтың ауданы бойынша (тұтас бүйірлік беттің немесе бір қабық 
ауданының пайыздық үлесінде) ӛлшейді. Кесілген ӛнім мен шпонда 
зақымдалған аймақтың тереңдігін, ұзындығын және енін немесе ауданын 
ӛлшейді. Қабат аралық реңдердің кездесуін ағаш материалдарының іріктемелік 
бүйірлік кесу арқылы орнатады.
Қабықтағы реңдердің ішінде, барлық ағаш тұқымдастарының сүректерін, 
соның ішінде әсіресе кӛгілдірі кеңірек таралған қылқан жапырақтыларды 
зақымдайтын. Кӛптеген кӛгілдір саңырауқұлақ түрлерінің дамуы үшін тиімді 
температура 26...27
0
С, сүрек ылғалдылығы 35...80% құрайды. 


150 
ЦНИИМОД-те (С.Н. Горшин, Е.И. Мейер, И.Г. Крапивина және т.б) 
қарағай сүрегіне жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша кӛгілдір 
саңырауқұлақтарының кейбір түрлері тек тор ішіндегі заттармен ғана қорек-
тенеді, басқалары тор қабырғаларын бұзуы мүмкін. Сонымен, сүрекке әсері 
негізінен тесіктердің торусы мен ӛзек сәулелердің паренхимді торларын зақым-
даумен шектелетін Disculo brunneo – tingens H. Meyer саңырауқұлағы 6,5%, ал 
трахеидлардың екіншілік қабықтарының қатты бұзылуына және кӛптеген оның 
пробеденияларына алып келетін Ophiostoma pini саңырауқұлағы 34% соққылық 
тұтқырлықты тӛмендетеді. 
Кӛгілдірленген сүрек кӛптеген жағдайда сужұтқыштықтың жоғары 
жылдамдығымен ерекшеленеді. Кӛгілдір саңырауқұлақтардың кейбір түрлері 
мықты ағаш бұзушы саңырауқұлақтардың дамуын ӛршітеді. 
Сонымен қатар, кӛгілдір саңырауқұлақтарының сүрекке әсері, егер ол 
беріктіктің айтарлықтай тӛмендеуіне алып келмесе, пайдалы деп танылады, 
себебі сүректің антисептіктермен дымқылдануын жеңілдетеді. А.Т. Вакиннің 
(ОТА) мәліметтері бойынша, кӛгілдірленген сүрек (шпалдарды жасау үшін 
қолданылатын) зақымданбаған сүрекке қарағанда антисептиктермен жақсы 
дымқылданады.
Қабықтағы саңырауқұлақтық реңдер сүректің түрін нашарлатады, 
қаралтым реңдер шіру дамуының алғашқы кезеңіндегі оның пайда болуын 
жасыруы мүмкін. Қабықты бояушы саңырауқұлақтар желімдерді, сонымен 
қатар, сүректегі лак және бояу жабындыларын зақымдауы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет