Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет91/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   149
Кҥреңдену. Жапырақты ағаш тұқымдастарының жаңа кесілген сүректерін 
(әсіресе қайың, шамшат, қандығаш) сақтау кезінде жылдың жылы мезгіл-
дерінде сүрек қабығы әр түрлі қарқындылықтағы және біркелкіліктегі қоңыр 
реңге бӛленеді, кейде әлсіз айқындалған сұр немесе ақ дақтармен және 
жолақтармен. Бұл ақау күреңдену деп аталады (ескі атауы қырқылдау).
ЦНИИМОД зерттеулері (И.А. Ченцов) күреңдену бір уақытта немесе ізді-
ізімен жүретін үш үрдісті қосатын құбылыс ретінде болатындығын орнатты. 
Біріншіден, сүректен ылғалдың булануын баяулататын және оған ауаның ӛтуіне 
кедергі келтіретін, суӛткізгіш жолдардың тығындалуы. Екіншіден, сүректің 
құрғау шамасы бойынша қабықтың тірі торларының қурау үрдісі жүреді, 
олардың құрамындағы заттардың ауа оттегісімен тотығуы және сүректің қоңыр 
реңінің пайда болуы орын алады. Үшіншіден, ағаш сүрегінің келешектегі түсі-
нің ӛзгеруіне алып келетін, саңырауқұлақтар пайда болады. Ағаш сүрегінің 
күреңденуі қабық шірігінің пайда болуына ықпал етеді.
Дӛңгелек ағаш материалдарында бүйірлік және шеткі күреңденуді 
ажыратады. Бӛренелердің күреңденуі бүйір беттерден басталады және талшық 
бойымен сүрекке тереңдеп таралады, бұл кезде бірінші кезекте қабықтың 
тіршілік әрекеті әлсіз торларының ішкі қабаттары зақымданады, одан кейін 
күреңдену барлық сүрек қабығын тұтас қамтиды. Қабықтың қурағанынан кейін 
тілшелер арқылы радиал бағытта орталыққа қарай бӛренелердің шеткі беттері 
арқылы да таралады. 
Кесілген материалдар, әсіресе ірі қималы, сондай-ақ ең алдымен әлі құрғап 
үлгермеген орталық аймаққа қарай шоғырланатан күреңденумен зақымдалады. 


151 
Кесілген материалдардағы күреңдену ішкі дақтар және жолақтар немесе тұтас 
сүрек қабығының зақымдалуы түрінде байқалады. 
Күреңденуді сүрек қабығындағы саңырауқұлақтық реңдерді қолданы-
латын әдістермен ӛлшенеді. ЦНИИМОД мәліметтері бойынша, қайың мен 
шамшаттың күреңденуі кезінде статикалық жүктемелер кезіндегі беріктігі мен 
қаттылығы айтарлықтай тӛмендейді (шамшатта 30% дейін), сүректің иілуге 
икемділігі нашарлайды. Шамшатта түтікшелердің тиллдермен бітелуіне 
байланысты суӛткізгіштігі тӛмендейді. Жаңадан дайындалған жапырақты 
бӛрене кесектерін күреңденуден сақтаудың ең сенімді құралы, А.Т. Вакин 
орнатқандай, олардың ылғалдылығы бүйір жақтарын жауындатумен дымқыл-
дау немесе оларды суы бар бассейндерде сақтау болып табылады. Кесілген 
материалдар кептірілуі немесе буландырылуы қажет. Сонымен қатар, шамшат-
тың жаңадан кесілген кесілген ӛнімдерінің буландырылуы сүректің сыртқы 
түрін асылдандырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет