Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет92/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   149
Байланысты:
АҒАШТАНУ

Сҥрек қабығының шірігі. Қылқан жапырақты және жапырақты ағаш 
тұқымдастарының кесілген немесе құрғатылған сүрек қабығында ағаш бұзушы 
саңырауқұлақтардың әсерінен қалыпты емес рең пайда болады. Бұл кезде 
сүректің қаттылығы сақталады немесе тӛмендейді. Сүрек қабығының шірігі 
дӛңгелек ағаш материалдарын, сонымен қатар, кесілген материалдарын ұзақ 
уақыт бойы дұрыс емес сақтаудың нәтижесінде пайда болады. Шіріктер дақтар 
және жолақтар түрінде байқалады, ал кейде ол тұтас сүрек қабығын қамтиды. 
Қылқан жапырақты ағаш тұқымдастарында зақымданған аймақтар күрең-сары 
түсті болады. Жапырақты ағаш тұқымдастарында шірік кӛбінесе мрамор 
кескініне ұқсас келетін ала-құла реңге ие (6.25, а-сурет), ақ-жағал аймақтар 
күрең аймақтардан жіңішке қара сызықтармен бӛлінген. Әдетте шірік 
күреңденуден кейін жүреді. Зақымдану аймағы кейде ядроны және пісіп 
жетілген сүректі (әсіресе жапырақты ағаш тұқымдастарында) де қамтуы 
мүмкін. Бірінші шіру кезінде сүрек тек реңін ӛзгертеді, ал шірік жұмсақ бӛлікке 
ӛткенде сүрек әлдеқайда ақшыл, жеңіл, кеуек бола бастайды және жүктеме-
лерге қарсылық қабілетін толықтай дерлік жоғалтады. 
Сүрек қабығының шірігін күреңденуде қолданылатын әдістермен ӛлшейді. 
Қылқан жапырақты ағаштарда (қарағай, шырша) сүректі талшық бойымен қысу 
кезінде беріктік шегі 25...30% дейін тӛмендейді (ЦНИИМОД-тың мәліметтері 
бойынша), ал статикалық ию кезінде – 22% дейін (ЛТА мәліметтері бойынша); 
судыжұту және суӛткізгіштік қабілеттері артады. Жапырақты ағаш тұқымдас-
тарының сүрегінде де механикалық қасиеттері айтарлықтай тӛмендейді (қайың, 
шамшат, қызылқайың), әсіресе соққыға тұтқырлығы. 
Сыртқы шірік. Бұл шірік (6.25, б-сурет) барлық ағаш тұқымдастары 
материалдарының сүрек қабығы мен ядросында сүректің қатты ағаш бұзушы 
саңырауқұлақтармен оны ұзақ уақыт бойы сақтау нәтижесінде пайда болады. 
Осындай шірік, құрылымдар мен бұйымдардың ағаш элементтерін дұрыс емес 
жұмыс жағдайларында пайдалану кезінде де орын алады. Шіру ең алдымен 
сортименттің немесе бӛлшектің қабығының сыртқы бӛліктерінде, сондай-ақ 
ядролық аймағында да байқалады. Ол барлық кӛлденең қиманы немесе оның 
бір бӛлігін қамтиды және сүректі тереңдей таралады. Кейбір жағдайларда, 


152 
зақымдану саңырауқұлақтар спораларының терең сыртқы жарықтар арқылы 
еніп сүректің ішкі аймақтарында басталуы мүмкін. Сүрек алдымен әртүрлі 
реңдердің ашық-күрең түсіне боялады, содан кейін қарая бастайды, күрең 
немесе қою қара түске айналады. Сүректе бойлық және кӛлденең жарықтар 
пайда бола бастайды, олар призмалық бӛлшектерге бӛлінеді, оңай үгітіледі 
және ұнтаққа айналады. Зақымдалған сүректің бетінде саңырауқұлақ жіпшелері 
мен жеміс денелері жиі байқалады. Толық кептірілмеген сүректі сақтау кезінде 
оның бұзылу үрдісі әрі қарай жалғасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет