Рылыс академиясы



Pdf көрінісі
бет89/149
Дата03.11.2022
өлшемі7,3 Mb.
#47271
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   149
 
 
 
 
6.24-сурет. Ӛзектік шіріктер: 
а – Шұбар-елеуішті, б – Қоңыр жарықшақ шірік 
Қоңыр жарықшақ шірік (6.24,б-сурет) ағаш жарақатының әртүрлі реңктегі 
қоңыр және жарықшақ құрылымымен анықталады. 
Кӛптеген жарықтар, талшыққа бойлай және кӛлденең бағытталған, кейде 
ақшыл қабыршақтар жиналған саңырауқұлақ жармасын құрайды. Ағаш 
жарықшақпен призматикалық бӛліктерге ыдырайды және саусақ арасында 
ұнтаққа тез айналады. Бұл деструкциялық шірік жалпақ жапырақты және 
қылқан жапырақты тұқымдыларда кездеседі.
Ақ талшықты шірік ашық-сары немесе тіпті ақ түсті болады, кейде ағашта 
жіңішке иір қара сызықтар кӛрінеді. Мұндай алабажақ бояулар мәрмәрді еске 
салады. Жарақаттанған аймақ қатты бұзыл кезінде жұмсақ, талшыққа тез 
жарылатын және үгілетін болады. Бұл коррозиялы-деструкциялы шірік жалпақ 
жапырақтыларда кездеседі.
Ақауды ӛзектік дақтармен жолақтардағыдай ӛлшейді. Кесілген ағашта 
алабажақ-елеуішті шіріктің ары қарай дамуы тоқтайды, қоңыр жарықшақ ақ 
талшықты шіріктің дамуы кейде жалғасады.
Шіріктің дамуының 3 кезеңі бар: 1) ағаштың тек түсі ӛзгереді; 2) ағаш 
құрылымы мен қаттылығы аздап ӛзгереді; 3) ағаш толығымен қаттылығы мен 
тӛзімділігін жояды. 
Шірік ағаштың күшке қарсыласу қабілеті толығымен жойылады. Оның 
тығыздығы 2...2,5 есе азаяды, ылғал сіңіргіштігі мен ылғал ӛткізгіштігі 
жоғарылайды. Шірік ағаш кебу кезінде дӛңестенеді. Деструктивті шіру кезінде 
коррозиялыққа қарағанда механикалық қасиеті қатты тӛмендейді. 
Шірігі бар сүрек сапасы шіру кезеңі мен ақау ӛлшемдеріне байланысты 
сүрек толықтай пайдалануға жарамсыз деп танылғанға дейін тӛмендетілуі 
мүмкін. 
Ағаш қуысы. Сүректің толықтай бұзылуының нәтижесінде пайда 
болатын, ӛсіп тұрған ағаш діңіндегі тесік осылай аталады. Бұл негізінен, бір 
немесе жиі бірнеше ағаш бұзушы саңырауқұлақтардың әсіренен қалыптасатын, 
шірудің тӛртінші кезеңі деп есептесек те болады. Ақауды, ядролық шіру сияқты 
ӛлшейді.
Ағаш зеңі ӛңезденген саңырауқұлақтардың мүшелерімен саңырауқұлақ 
жіпшесімен қалыптасатын ӛңездік беттік рең түрінде болады. Рең жиі ағаш 


149 
материалдарын сақтау кезінде шикі сүрек қабығында пайда болады. Зең ағаш 
тұқымдастарының барлық түрлерінде кездеседі. Ол ағаш беттерінде бӛлек 
дақтар немесе споралар және саңырауқұлақ жіпшесіне, сонымен қатар
бӛлінетін пигментке байланысты кӛгілдір-жасыл, ашық кӛк, жасыл, қара, 
қызғылтым және басқа да түстерде болатын тұтас ӛңез түрінде байқалады. 
Кебуден кейін ӛңез тез сүртіледі, кейде бетте лас орын немесе түсті дақтар 
қалдырады.
Кесілген ӛнім мен шпондағы зеңді ұзындығы және ені немесе ақауланған 
аймақтың ауданы бойынша ӛлшейді. Әдетте зең сүректің физика-механикалық 
қасиеттеріне әсерін тигізбейді, алайда белгілі бір жағдайларда ӛңезденген 
саңырауқұлақтар ұзақ уақыт әсер ету кезінде сүректің айтарлықтай маңызды 
бұзылуларының орын алуына ықпал келтіруі мүмкін. Зеңделген саңырау-
құлақтар малдық заттан жасалатын желімдерді бұзады. Азықтық ӛнімдердің 
ыдыстарын жасау үшін қолданылатын сүректерде зең рұқсат етілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   149




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет