Құрылыстық бас жоспар
Ішінде негізгі құрастыру және жүк көтеретін механизмдердің, құрылыс кезеңінде салынып, пайдаланылатын уакытша үймереттер мен ғимараттардың, жабдықтардың орналастырылуы көрсетілген құрылыс алаңының бас жоспары құрылыстық бас жоспары деп аталады.
Ол құрылыс шаруашылығы объектілерінің құрамын аныктау және оларды орналастыру үшін пайдаланылады. Бас жоспарда құрылыс мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану және еңбекті корғау талаптарын камтамасыз етудің жолдары да мұқият карастырылады. Ол техникалык кұжаттардың өте маңызды күрамды бөлігі және алаңды ұйымдастыру мен уақытша құрылыс көлемін реттейтін негізгі кұжат болып есептеледі.
Құрылыстык бас жоспар жалпы аландық және объектілік болып екі түргебөлінеді (1-сурет). Біріншісін жобалаушы ұйым жұмыс жобасы деңгейінде құрылысты ұйымдастыру жобасының (ҚҰЖ), ал екіншісін құрылыс ұйымы жұмыс құжаттары деңгейінде жұмыс өндірісі жобасының (ЖӨЖ) құрамында жасайды.
Объектілік құрылыстык бас жоспар жалпыалаңдық құрылыстык бас жоспарға кіретін барлык салынып жаткан үймереттер мен ғимараттарға арналып, бөлек жасалады. Күрделі үймереттер үшін объектілік құрылыстық бас жоспар түрлі кезеңдерге (даярлык, негізгі, т.б.) және жұмыс түрлеріне (жер жұмыстары, жерасты ғимараттарын немесе жерасты бөлігін салу, жабын жұмыстары және баска) арналып жасалуы мүмкін.
1-сурет. Тұрғын үйдің объектілік құрылысының бас жоспары
Құрылыстык бас жоспарды жасау үшін пайдаланылатын бастапкы кұжаттар:
құрылысты ұйымдастыру жобасының құрамындағы құрылыстық бас жоспар шешімі;
кешенді торкөзді (сеттік) график немесе жұмыс өндірісінің мерзімдік жоспары;
технологиялык карталар, үймереттің немесе ғимараттың жұмыс сызбасы.
Объектілік құрылыстык бас жоспарды мердігер немесе оның тапсырмасымен бірлестіктің немесе ведомствоның жобалау-технологиялык ұйымы жасайды.
Жұмыс өндірісі жобасының құрамындағы объектілік құрылыстык бас жоспардың графикалык бөлігі әдетте 1:500, 1:200,
1:100 және 1:50 масштабымен орындалады және ол негізінен құрылысты ұйымдастыру жобасындағы құрылыстык бас жоспар әлементтерінен құралады.
Құрылыстық бас жоспар құрылысты ұйымдастыру жобасында кабылданған принципті шешімдерді дәлдей, анықтай түседі және онда жобалық шешімдерді нақтылы жүзеге асыруға қажет егжей-тегжейлі талданған және мейлінше жанжакты қамтылған мәліметтер бар. Құрылыстык бас жоспарда нақтылы үймеретті немесе ғимаратты салумен тікелей байланысты және объектіге жалғаскан территорияны қамтитын құрылыс шаруашылығы алаңын ұйымдастыру жөніндегі ойластырылған шешімдер көрсетіледі.
Құрылыстық бас жоспар құрылыс алаңының шекаралары, оның коршауларының түрлері, пайдаланылып жүрген және уақытша жерасты, жерүсті және әуе жүйелері мен коммуникациясы, тұракты және уакытша жолдар, көлік құралдары мен механизмдердің қозғалыс үлгілері, құрылыс және жүк көтергіш машиналарды орнататын жерлер мен олардың жүріс жолдары және пайдалану аймағы, тұракты, салынып жатқан және уақытша үймереттер мен ғимараттар, кауіпті аймақтар, жоғарғы кабаттарда жұмыс істейтіндерді жұмыс орындарына жеткізу жолдары, осы сиякты үймереттер мен ғимараттардың өткіндері, энергия куатымен камтамасыз ететін көздер, мен құралдардың орналасуы, жерге қосылған контурлары, материалдар мен құралымдарды үйетін қоймалар мен алаңдар, жұмысшыларға санитарлық-тұрмыстык қызмет көрсететін үйлердің орналасуы, ішетін су қондырғылары, демалыс орындары, кауіптілігі жоғары аймактар, белгіленген құрылыс алаңын игеру жолдары көрсетіліп жасалады.
Есептеу-түсініктеме - жұмысшы кұжаттардың деректері бойынша анықталған жұмыстардың физикалык көлемі негізінде уақытша құрылыс шаруашылығында косымша құрылыстар салу кажеттілігінің дәлелдері мен дәлелденген есептеулері келтіріледі, осы сиякты механикаландырылған жабдықтарды орнатудың уакытша үймереттер мен ғимараттарды, жолдар салудың, куаттар және жарык жүйелерін арттырудың, су және жылумен камтамасыз етудің, телефондандырудың нақтылы техникалык шешімдері көрсетіледі. Осылардың кайсысының қажет екендігін анықтағанда да, салуды жоспарлағанда да мердігерлік ұйымның нақтылы мүмкіндіктерін есепке алу кажет.
Жобалау тәртібі. Құрылыс шаруашылығының уакытша объектілерін орналастыруды құрастыру және жүк көтергіш механизмдерден бастау керек, өйткені құрылыстык бас жоспардың калған барлык шешімдерінің орындалуы ең алдымен, солардың қалай орналастырылуына байланысты.
Құрастыру крандары мен жүк көтергіштерді орналастыру мен объектіге байлау, құрылыс алаңындағы жұмыстарды тежеу және кауіпті аймактарды анықтауға байланысты мәселелерді жұмыс өндірісінің әрбір нақтылы жағдайын, кауіпсіздікті сактаудың техникалык талаптарын, жұмыс өндірісінің картасын ескере отырып жобалау керек.
Құрастыру крандары жүретін жолдарды, әдеттегідей үймереттің өн бойымен салу кажет. Машиналарды топырағы алынған жерлерде (ор, шұңкыр, канау және баскаларда) еңістен кауіпсіз кашықтыкта пайдалануға рұксат етіледі.
Объектілер жанындағы коймалар құрылыс ішіндегі жолдар мен негізгі тасымал магистральдары аркылы жеткізілетін материалдарды түсіріп, кабылдап алуға жеңіл боладыау деген жерлерге салынады. Құрама құралымдар, материалдар, жартылай шикізаттар коймалары кран жұмыс істейтін аймакта орналасуы керек.
Қоймаларды орналастыру кезінде өндіріс жұмыстарынын технологиялык карталары мен үлгілерінде кабылданған шешімдерді басшылыкка алу керек. Осымен бірге механизмдердің жұмыс істейтін аймағындағы койма аландарының габаритті үлгілерін аныктаумен ғана шектелмей, құрастырудың технологиялык реттілігін есепке ала отырып құрама құралымдардың түрлері мен маркаларына қарай сұрыптап, реттеп орналастыру кажет.
Объекті жанындағы механикаландырылған койманың ені тиеу-түсіру жұмыстарының параметрлеріне байланысты белгіленеді және ол әдетте 10 метрден аспайды. Мұнаралы кран жұмыс істейтін ірілендірілген құралымдар коймасының ені кран жебесінің ұзындығынан аспауы керек. Егер мұнаралы кран койманың ортасынан жүретіндей етіп орналастырылса қойманың ені кран жебесінің ұзындығынан артык болмауы керек.
Бұйымдарды, құралымдарды және жартылай шикізаттарды ашық коймаларға үйгенде қойманың он бойымен және көлденеңінен ені 0,7 метрден кем емес өткін калдырылады және көлденең өткіндер әр 25-30 метр сайын болуы керек.
Өрт каупі бар және шаң-тозаңды материалдар сакталатын ашык коймалар баска үймереттер мен ғимараттардың ық жағына орналастырылады және олардың 20 метрден кем кашықтыкта болмауы керек. Барлык коймалар жол шетінен кем дегенде 0,5 метр жерде орналастырылады.
Құрылыс алаңындағы ішкі құрылыс жолдары коймалар мен механикаландырылған жабдықтардың жұмысын токтаусыз камтамасыз етуі тиіс. Уакытша жолдардың ені және олардағы козғалыс катарының саны автомобиль түрлеріне, жолдардың категорияларына байланысты аныкталады және көлік бір бағытта жүрсе жол ені - 3,5 метр, ал екі бағытта жүрсе 6 метр деп кабылданады.
Ені 3 және 4 метрге дейінгі автомашиналарды пайдалану кезінде (МАЗ-525, МАЗ-530) жолдың жүргінші болімінің ені тиісінше 4 және 8 метрге дейін үлкейеді. Құрылыс ішіндегі жолдар жүйесі шеңберленуі керек.
Қоймалар мен құрылыс ішіндегі автомобиль жолдарын орналастырғаннан кейін уақытша құрылыстарды салуға кошеді. Уақытша (негізінен инвентарлық) ендірістік, санитарлық-тұрмыстық, әкімшілік үймереттері жұмысшылардың жұмыс орындарына кауіпсіз және ыңғайлы откіндермен баруын және үймереттердің озара тұруын камтамасыз ететіндей орналасуы кажет. Бұл үймереттерді коммуникацияға косуға кететін және пайдалану шығындарын азайтуға көмектеседі. Егер жалпы алаңдық құрылыстық бас жоспар бар болатын болса, онда объектілік жоспарда тек салынып жатқан объектіге жалғас территориялардағы уакытша үймереттер, ғимараттар мен жабдықтардың орналасу жағдайы ғана аныкталады.
Объектілік құрылыстык бас жоспарында техника кауіпсіздігі талаптары нақтылана түсіп, жұмысқа қауіпті деп коршалған механизмдер орналаскан және жоғары кернеулі электр желілері отетін аймактар, темір жол өткелдері, көлік қозғалысын реттейтін белгілердің қойылған жерлері, тағы баскалар көрсетіледі. Осы сияқты құрылыс шаруашылығының баска да элементтері аныкталады.
Достарыңызбен бөлісу: |