10. Өңеш: қабырға құрылысы, топографиясы, қызметтері. Өңештің
тарылулары.
Оқулықты қараңыз: 1) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 42-45 беттер.
Өңеш (
esophagus) (грек.
oesaphagus) – астың жұтқыншақтан асқазанға
өтуін қамтамасыз ететін тақ ағза.Өңештің ұзындығы 23-25 см, ал алдыңғы
күрек тістен есептегенде оның жалпы ұзындығы 40-42 см болады (21-23
суреттер)
21-
сурет. Өңештің скелетотопиясы
1) Өңештің бөліктері (22, 23 суреттер):
-
мойын бөлігі (
pars cervicalis);
-
кеуде бөлігі (
pars thoracica);
-
іш бөлігі (
pars abdominalis);
2) Өңештің 3 анатомиялық тарылған (жіңішкерген) жері болады (22, 23
суреттер):
-
жұтқыншақтық тарылу – көмейдің сақина тәрізді шеміршегінің
деңгейінде, VI және VII мойын омыртқаларының аралығында немесе күрек
тістен см қашықтықта орналасқан;
-
бронхтық тарылу – IV және V кеуде омыртқаларының аралығында,
солжақ басты бронхпен айқасқан жерде түзіледі;
-
диафрагмалық тарылу – сәйкесінше диафрагманың өңештік тесігіне сай
келеді (X-XI кеуде омыртқаларының деңгейі)
3) Сонымен қатар, 2 физиологиялық (функциялық) тарылуы болады:
-
қолқалық тарылу – аорта доғасының жанасуынан III кеуде омыртқасы
деңгейінде түзіледі;
-
кардиалдық тарылу – өңештің асқзанға өтер жеріне, XI-XII кеуде
омыртқалары деңгейіне сәйкес келеді.