7.Тіл, құрылысы, қызметі.
Оқулықты қараңыз: 1)
Адайбаев Т.А. және т.б., «Адам анатомиясы»,
2-щі
том, 2017ж, 85-86 беттер. 2) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 15-19 беттер.
Тіл
(lingua) (грекше -
glossus) – сілемейлі
қабықпен қапталған
бұлшықетті ағза (13,14,15-суреттер). Ол
тағамды араластыруға, жұту
актісіне, дәм және жалпы (ауыру, ыссы, салқын, қатты, жұмсақ ж.т.б.)
сезімдерді қабылдауға және сөйлеуге қатынасады.
13-
сурет. Тілдің макроскопиялық құрылысы.
8.Үлкен сілекей бездері: шықшыт, жақсүйекасты, тіласты сілекей
бездері, орналасуы, құрылысы, шығару жолдары.
Оқулықты қараңыз: 1) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 20-22 беттер.
Сілекей бездері көлемі жағынан екі топқа бөлінеді:
1) кіші бездер – бұл шырышты қабықтың
қалыңдығында орналасқан
бездер:
ерін бездері (glandulae labiales);
ұрт бездері (glandulae buccales);
таңдай бездері
(glandulae palatinae); үлкен азулық бездер
(glandulae molars);
тіл бездері
(glandulae linguales).
2) үлкен бездер – шықшыт безі
(glandula parotiedea); төменгі жақсүйек
асты безі
(glandula submandibularis); тіласты безі
(glandula lingualis).
Бөліп шығаратын секретінің сипатына қарай
келесі топтарға бөлінеді
Достарыңызбен бөлісу: