Құрылысы, топографиясы, қызметі. Ас қорыту жүйесінің дамуы. Құрсақ қуысы ағзаларының ішастарға



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата09.11.2022
өлшемі4,94 Mb.
#48715
түріОқулық
1   2   3   4   5
(105, 106-
суреттер)
1) сірнелі – нәруызға толы сұйықтық бөледі: шықшыт безі және тілдің 
науашық тәрізді бүртіктерінің майда бездері; 
2) сілемейлі (шырышты) – таңдай және тіл бездері; 
3) аралас – төменгі жақсүйек асты, тіласты безі және майда бездер – ерін, 
ұрт және тілдің алдыңғы бездері. 
16-
сурет. Сілекей бездерінің гистологиялық құрылысы және бөлетін секретіне 
байланысты жіктелуі


 
17-
сурет. Сілекей және сілемей бездері 
 
9. Жұтқыншақ: қабырға құрылысы, топографиясы, қызметтері. 
Оқулықты қараңыз: 1) Әубакіров А.Б., Сүлейменова Ф.М., «Адам 
анатомиясы» атлас, 2-щі том, 2014ж, 33-42 беттер. 
Жұтқыншақ (pharynx) - асты ауыз қуысынан өңешке және ауаны
мұрын қуысынан көмейге өткізетін тақ ағза (18-сурет).Тынысалу және 
асқорыту жолдары жұтқыншақта бір-бірімен қиылысып өтеді (19-сурет). 
.
18-
сурет. Жұтқыншақ бөліктері және құрылысы: 1 — ауыз қуысының 
кіреберісі; 2 — жұтқыншақтың мұрын бөлігі; 3 — меншікті ауыз қуысы; 4 — 
таңдай миндалинасы; 5 — иек-тіл бұлшықеті; 6 — жұтқыншақтың ауыз бөлігі; 
7 — 
иек-тіласты сүйек бұлшықеті; 8 — жұтқыншақтың көмейлік бөлігі; 9 — 
көмей; 10 — өңеш; 11 — трахея 


19-
сурет.Тынысалу (көк сызық) және асқорыту (қызыл сызық) жолдарының 
сызбасы және олардың жұтқыншақ аймағында бір-бірімен қиылысып өтуі: 1-
мұрын қуысы; 2-жұтқыншақтың мұрын бөлігі; 3- жұтқыншақтың ауыз бөлігі; 
4- 
жұтқыншақтың көмей бөлігі; 5-көмей қуысы; 6-бөбешік; 7-тіл; 8-ацыз 
қуысы; 9-жұмсақ таңдай 
Бұлшықеттік қабық (tunica muscularis) – көлденең жолақты бұлшықет 
талшықтарынан тұрады, олар функциясы бойынша көтеруші және қысушы 
(констриктор) болып бөлінед (20-сурет). 
20-
сурет. Жұтқыншақтың бұлшықеттері (артқы көрініс) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет