Жеңіс БАҺАДҮР. «Соғады жүрек»
демеп, үйге бастады.
--Əй, Бағила! Қайдасың? Қонақ келді алыс-
тан. Алдынан шығып, қарсы ал,- деп үйдің есігін
ашып жатып, ішке дауыстады. –Е-е, Бағила
деп апаңды айтып жатқаным ғой. Үйде екеуміз
ғанамыз. Кешігіп жатқанына қарағанда апаң
əлдене шаруамен əлек болып, естімей қалды-ау,
осы. Əйтпесе көрші-қолаң бас сұққанын, мейман
келгенін білсе, алдынан құрақ ұшып, елбелеңдеп
шығар еді. Біздің Бағила сол əдетінен ешқашан
жаңылмаса керек-ті,- деген үй иесі самбырлай
сөйлеп келеді.– Міне, апаң да шықты, балам.
Алдымен төрлет. Анау диванға жайғас. Мен
киімдерімді ауыстырып келейін. Апасы, сен дас-
тархан қамда. Содан кейін құдайы қонақпен шай
іше отырып, кең-мол əңгімелесейік,- деп Жақан
залдың бір қабырғасындағы есікке еніп кетті.
Отағасы киімін өзгертіп келіп, мейман
бозбаланың қарсы алдына жайғасты. Отанасы
қаздаңдай жүріп, ортадағы үстелге дастархан
жасау қамымен екеуі отырған бөлмеге кіріп-
шығып жүр.
--Е-е, балам, атым сөйтіп, Ақберен дегін.
Сонау қиырдағы Қостанайдан Оңтүстікке
жолың түсіпті. Бірақ, қазір Қазақстанның алысы
не, жақыны не, жол жүремін дегенге түк болмай
қалды емес пе. Ұшағың баратын жеріңе көзді
ашып-жұмғанша жеткізеді. Пойызың да діттеген
тұсыңа зуылдатып тез- ақ апарады. Ал, қарғам,
жайыңды айта отыр. Өзің сол солтүстіктенсің бе?
Қай туған боласың?- деді қонағын асықтырмай
байыппен, сабырмен сөйлеп.
--Иə, түбіміз – қостанайлық. Руым –
арғынның қаракесегі, аға.
--О-о, айналайын, Мəди ақынның, Мəди
батырдың ұрпағы екенсің. Бүкіл қазаққа мəлім
текті тұқымның баласы болдың онда. Бəрекелді,
балам. Мектепте оқитын шығарсың?- деді
Жақан бейтаныс жасөспірімді жаңа ортаға
бойы үйренсін дегендей көтермелей сөйлеп.
Əрі уыздай түріне қарап, соңғы сыныптардың
оқушысына балағанын да білдіріп.
--Колледжде оқимын, аға. Бірінші кур-
сын бітірдім жақында ғана. Каникулға шыққан
бетте осы жаққа мамам екеуміз келуді жыл ба-
сында жоспарлап қойып едік. Оның жол жүруге
денсаулығы көтере алмайтын болған соң өзім
келдім. Менің сіздерге сапарлауымның себебі...-
деп мейман бала күмілжіді. Жас түлектің енді
бастап келе жатқан əңгімесінің аяғын жұтып, əрі
қарай жалғастыруға батылы бармай кібіртіктеп
қалғанын сезді. Көкөрімнің көкейінде кілкіткенін
емен-жарқын жұтып жіберуін құп көрмеген
отағасы:
--Қымсынба,
қарағым.
Мұнда
өз
шаңырағыңда
отырғандай,
бізді
өз
туысқандарыңдай көр. Қазақ баласы бір-біріне
қаны бір бауыр емес пе. Ұялма, сөзіңді ірікпе. Не
айтпақ едің? Жаңа құлаққағыс еттім ғой, үйде
апаң екеумізден басқа ешкім жоқ. Бұйымтайың
болса, оны да бүкпей ашық айта бер, айнам,- деп
қолымен жеткіншекті іш тарта иығынан жайлап
қаққылады.
--Аға, менің сіздерді іздеп келгенім...
Бұдан он жыл бұрын Алматыдағы Сызғанов
атындағы хирургиялық аурулар институтында
емделіп едім. Барлық жағдайды мамам былтыр
түсіндірді. Мен сіздерге алғыс айтуға келдім.
Ұлдарыңыздың басына барып, рухына құран
бағыштасам деген тілегім бар еді, аға. Рұқсат,
мүмкіндік болса, қазір Жеткергеннің аруағына
білген аятымды оқысам деп едім.
Отағасының күтпеген қонақтан қапелімде
естіген əңгімесінен жүрегі ток соққандай солқ
етіп, тұла бойында лықсып-лықсып ала жөнелген
ыстық қан ағыстан көз алды бұлдырап жүре
берді.
Осы сəтте ас бөлмеден залға ене берген
отанасы да бейтаныс жігіттің əлгі сөзін құлағы
шалып селк етіп, состиып тұрып қалды да,
кептірілген жеміс-жидек салып əкеле жатқан
ыдысы қолынан түсіп, еденге тарс ұрылды.
Сөйтіп, ішіндегісі жан-жаққа тарыдай шашы-
рады. Іле «И-и, жарыққанам-ау» деп күйеуінің
қасындағы орындыққа сылқ етіп отыра кетті.
Тосын жайдан əп дегенде санасы тұңғиыққа
тарта бастаған Жақан есін тез жиды.
--Алда, жарығым-ай! Сол бала сен екенсің
36
ғой... Өй, айналайын-ай... Оқы, жарқыным, оқи
ғой...
Даңғарадай
бөлме
ішін
құдіретті
əуезге бөлеген сүренің қасиетті сөздері үй
иелерінің көңілдерін ұйытты. Келгелі бері
көкқауырсындығына қарамай сыпайылығымен,
көргенділігімен тəнті еткен бозбаланың сон-
дай жағымды, жұмсақ, əуезді үні бойла-
рын ерітіп бара жатты. Нақышты даусымен,
келісті мақамымен үйлескен киелі əуен күші
егде жастағы ерлі-зайыптының жандарын
шамырқандырып, тербетіп, бəрібір шыңырауға
шым батырып еді.
***
Сол бір зар илеткен ауыр қайғылы
күндерден бері бақандай он жыл өтсе де, бəрі
де екеуінің көз алдарында қаз-қалпында, айна-
қатесіз тұр. Жарты өмірлерін опырып кеткен-
дей болған сол қасіретті оқиғаның əрбір сəті
дəл кешегідей көрінеді, бастарынан тап жаңа
өткергендей сезіледі. Баяғылар «Уақыт- емші»
деп жатушы еді. Бұлар үшін бұл жұбату үшін
ғана айтылған құр сөз. Əйтпесе жүрекке беріш
болып қатқан бітеу жара осы кезге дейін жазылар
болмас па. Ал қос мұңлықты он жыл бұрын шар-
пып өткен алапат өрттің табы əлі бір мысқалдай
да өшер емес. Төтеннен запыран жұтқызып,
тақсірет тартқызған, содан бері бітпес күйікке
айналған сол бір зардапты жағдай бүгінге шейін
жандарын қабырға астына біткен сыздауықтай
сыздатып,
саналарын
сансыратып
келеді.
«Жүрек дертін тəңірі де жаза алмайды» дейтін
көнеден қалған тəмсілдің растығын жұбайлар
мойындағалы қашан.
Отағасы қанша дегенмен шаңырақтың
егесі. Қақпақыл сынын оқыстан тосқан қатал
өмірдің басқа салғанына барынша сабыр сақтап,
өзін-өзі қайрап, белді бекем буып көтеруге
тырысып-ақ бағады. Өзін осалдыққа жеңдірмей,
болған іске бекем болу жағын да ойлайды.
Əйткенмен жұбайы, иə, заты əйел емес пе, қатігез
тағдырдың төтеннен төндірген талқысына төтеп
бере алмай, ішқұсалыққа бой алдырып, көзде
–жас, көңілде –шер, өзін-өзі іштей мүжіп бітті.
Қыз кезінен жайдары, мінəйім мінезді, жастайы-
нан құдай қосқан қосағы сол оқыс жайдан кейін
қатты есеңгіреп қалып, ұнжырғасы мүлдем
түсіп, суға шыланған бордай езіліп, айықпас
дертке ұшырады. Отанасы отағасының əңгімеге
қанша тартқысы келіп, əр нəрсенің басын шалып,
көңілін аулаған сұрақтарына қысқа қайырады.
Бұрынғыдай жарқылдай сөйлесіп шүйіркелесу
жоқ. «Құдайға шүкір делік, Бағила, басқа ба-
лаларымыз бар. Енді солардың амандығын
тілейік, тəубе ет» деп тілдесуге шақырып, уай-
ымын уатады, төзімге шақырады. Мұндайда
зайыбы: «Неғыл дейсің маған. Өзгелері бөлек,
өзегімді жарып шыққан соңғы Жеткергенімнің
орны ерек еді ғой. Үйде ойнап жүрген бала-
ны сен де ойда жоқта əкете қалып...» Əрі қарай
сөзін жалғастыра алмай «аһ» ұрып, булығып-
тұншығып өксіп қоя береді. Басу айтамын
деп, қайта қанталаған жараның аузын тырнап
алғандай бола бергесін, Жақан бұл тақырыптың
туындап қалуынан мейлінше сақтанатын, абай-
лайтын, қашқақтайтын болды.
Иə, əйтеуір əрқайсысы өткеннің өкінішін
қаузап, жан азаптарын қоздырып алмаудың
қамын
жасап,
бір-бірінен
жасқаншақтап,
шеркөкірекпен, ішқұсалықпен томаға тұйық күн
кешіп жүрген жайлары бар.
Қалай десе де бала-шағасының ортасын-
да біреуден ілгері, біреуден кейін ел қатарлы
тіршілігін күйттеп, өздеріне бақ қондырып,
бақытқа бөленген өмірлеріне бұлтсыз күнде
найзағай түсірген сол жойқын жағдайдың жалы-
нына əрқайсысы əйтеуір өз хал-қадерінше шар-
пылып келеді.
Он жыл бойы ерлі-зайыптыны күндіз
күлкіден, түнде ұйқыдан айырып, жүректерін
шаншытып, өзектерін удай ашытқан сол өкінішті
оқиға көздеріне елестеген сайын еңселері езіле
түседі.
Сондағы барлық қасіретті көріністер
жанарды жарқ еткізіп, көктей өтіп, жадыны
жаңғыртып, құдды бүгін болғандай арқаларына
аяздай батып, жандарын шырқыратады-ай.
*«Үркер»*№8* 2016
37
Не де болса шүкіршілік.
***
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған
жылдың күзі еді Жеткергеннің. Қаршадай болса
да қатарынан алғыр, ерекше зерек, құймақұлақ
зейінді, тілі бал. Отағасының қырық үшінде
көрген кенже ұлы, құдай бере салған несібесі еді.
Бетіне жел тигізбеді. Аспандағы жұлдызындай,
маңдайдағы құндызындай санап, аға-əпкелерінен
бөле-жара мəпеледі. Жігіттік желең шақтан асып,
ел ағалығына қадам басқанда құдай жеткізген
сүйкімдісінің ныспысын да азан шақырып Жет-
керген деп атап еді.Əкесі мен шешесі, үлкен
бауырлары түгел алақанда аялаған, өлердей
жақсы көрген сол ерке құлыны бірінші сыныпқа
барғанына ай толғанда кенеттен жазымға
ұшырады...Жауқазындай жайқалып, жайнап өсіп
келе жатқанда кездейсоқ мертікті...
Отағасы
жексенбідегі
демалысында
ауылдағы туған-туыстарында бір шаруасын тын-
дырып қайтуға шығып, қасына Жеткергенін де
ала кетіп еді. Даланы таспадай тілген асфальтта
су жаңа жеңіл машинасымен жүйткітіп келе жат-
ты. Күре жолдың қиыршық тас төгіліп, жаймала-
нып жөнделген тұсына жеткенде жылдамдығын
баяулатты. Осы мезетте төбедей «КамАЗ» жаудан
қашқандай азынаған арынының күшті екпінімен
бұлардың көлігін шайқалтып, апшыны қуырған
қара құйындай оң қабатынан зу етіп өте шықты.
Іле қасындағы баласы оқыстан отқа түскендей
«папалап» шар етті де, басын қос қолдап ұстаған
бойы сол жағына қисая кетіп, үнсіз қалды. «Ой,
ой! Не болды, балам? Не болды?» деп қапелімде
ештеңеге түсінбей сасқалақтап қалған əкесі «Той-
отасын» тарта тоқтатты да, ұлының басынан екі
қолымен демеп көтермек болып еді, алақанына
жып-жылы қоймалжың сұйықтық білінді.
Жүрегі тарс төбесіне шығып, зəресі ұшып, қолын
тез тарта қойып қараса... қан! Қиыршық тастың
басына қаншалықты дендеп енгені белгісіз,
қарауытқан, үңірейген тесігінен бүлк-бүлк аққан
қан баланың мойнын, омырауын, иықтарын
шылқытып, көйлегін қызыл жоса етіпті.
Жақан қас-қағымда тап болған сұмдық
жағдайды бірден аңғарып, жаны түршікті.
Қастарынан жер-дүниені қақыратып, төңкеріп
тастардай ағызып өткен əлгі дөңкиген дəу
машинаның доңғалағынан ыршып, оқтай
атылған ноқаттай түйір тас баласының тура
құлақ шекесінен тесіпті. Аяқасты кесірге
байбаламдап, бебеу қақты да қалды. Бұрын
мұндай əлеметті көрмеген əке байғұс асып-
сасып əбжіл қимылдап, орындық арқалығын
астындағы тетігінен босатып жіберді де, артқа
қисайтып, ес-түссіз былқ-сылқ еткен ұлын
соған шалқалатты. Өзі жалма-жан кабинадан
атып шығып, қалбалақтап автокөліктің алдын
айналып келіп, жандəрмен баласына көмекке
ұмтылды. Автокөліктің оң жақтағы есігін
ашып, артқы қалтасынан беторамалын сопаң
еткізіп суырып алып, ұлының қан шапшыған
басына басты. Содан жылдамдатып машинаның
жүксалғышындағы аптечканы абдырап жүріп
ақтарып, қобыраған көп ем-дом заттары ішінен
иод пен дəкені алды. Өң мен түстің арасын-
да өзінің білгенімен жөпелдемелетіп құтыдағы
қарақошқыл сұйық дəріні бір уыс мақтаға та-
мызып, қып-қызыл қан шым-шым сорғалаған
жараның аузын сүрткіледі. Иод ашытқан болу
керек, баласы көзін ашпаған күйі қиналып,
ыңырсыды. «Қап! Атаңа нəлет-ай! Қап, ит-ай!
Қатты тиген екен-ау!» деп, бір пəсте байғұс бо-
лып қалған жан бармағын тістелей берді.
Баласының əлі есін жинай алмай
жатқанына аяғы жерге тимей жаны шырылдаған
əке бейшара қолдары дірілдеп, жаралы басты
дəкемен орап тастады. Өзіне əлі келе қоймаған
ұлын көтеріп, артқы салонның орындығына
ұзынынан сұлатып жатқызды. желкесіне өзінің
костюмін шешіп, екі бүктеп төседі де, енді сəл
де аялдауға болмайтынын түсініп, көлігін кел-
ген жағына шарт бұрып, жазымға душар болған
перзентін қалаға жедел жеткізуге асықты.
Бір тəуірі, əлгінде өздері шыққан шаһардан
көп ұзаған жоқ еді. Құстай ұшып, жаушы-жалам-
да облыстық ауруханаға жетті. Обалы не керек,
мұндағылар зыр жүгіріп қызмет етіп, оқыс жа-
Жеңіс БАҺАДҮР. «Соғады жүрек»
38
зым болған балғынды дереу доңғалақты зембілге
салды да, жансақтау бөліміне ала жөнелді. Сол
жерде жан-жақты тексеруге алды. Бір сағат бойы
есі кіресілі-шығасылы баланы жабыла қараған
əртүрлі маман дəрігерлер «Көлемі ноқаттай
тас тереңдеп кіріп, дəл мидың қабатына тақала
тиіп тоқтағанын рентгеннен көрдік. Бұған ота
жасауға біз дəрменсізбіз. Бұл тек Алматыдағы
Сызғанов институтының нейрохирургтерінің
қолынан ғана келеді. Уақытты ұтқызбай,
облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы
науқасты сол жаққа тез жеткізу керек. Біздің
қорытындымыз дайын» деп кеңес берді.
«Ауру кірді, əлек кірді». Жаппар құлда жан
бар ма, қажетті құжаттарды зыр жүгіріп жүріп
əзірлеп, ұлын арнайы бөлінген санитарлық
авиациямен сол күні-ақ Алматыға шұғыл алып
ұшты. Көзді ашып-жұмғанша жер тарпып қалған
жұбайы да ілесті.
Басынан шып-шып қан тамшылаған,
кірпігі зорға қимылдаған шалажансар бала-
ны оңтүстік астанадағы дəрігерлер дереу ота
жасауға ұйғарды. Алдымен жөпелдеме кон-
силиум өткізді. Нейрохирургия бөлімінің
меңгерушісі əкесімен əңгімелесіп, бар ахуал-
ды баян етті. Науқастың халі өте ауыр, мүшкіл
екенін, отаның да аса қауіпті жəне жасамаса тағы
да болмайтынын, мұндай жағдайда сəттілігі жүз
пайыз сеніммен шыға бермейтіндігін де қоса
ескертті. Əбден болып қалуы мүмкін осындай
қатерге мойынұсынып келіссе, кешіктірмей
отаға жедеқабыл кірісетіндерін мəлімдеді.
Бар тілеуі баласының үстіндегі əкенің
хирургтер шешімін қабылдамасқа амалы бар
ма. Алладан медет сұрап, баяғыда сүйектері
қурап кеткен ата-бабасының, əке-шешесінің
əруақтарына сыйынып рұқсатын берді.
Шүкіршілік.
***
Ота ұзаққа созылды. Бір... екі... үш... төрт
сағат өтті. Іштен хабар жоқ. Ота жасау блогы мен
жан сақтау бөлімшелерінің есіктері алдындағы
түйіскен алаңда Жақан мен зайыбы, олардың
қасында жасы өздерімен қарайлас бейтаныс əйел
мен оған əлпетінің өте ұқсастығына қарағанда
сіңлісі болса керек, тағы бір жас келіншек əлде
бойжеткен тұрды. Аты-жөндерін сұрасып, таны-
сып жатуға көңіл хошы қайда! Олардың шыбын
жандарын шүберекке түйіп, бір қолдауды тəңірден
жалбарынып, көз жастарын парлатып тұрып,
бұларға шаққан мұңдарынан білді. Бастарына
қою уайымның қара бұлты төніп, осында соңғы
үміттерін жалғап жетіпті. Əңгіме арасында еміс-
еміс естігені - екі əйелдің өздері құралпының жар
дегенде жалғыз, əкесі жоқ, жеті жасар ұлының
туғаннан дімкəс жүрегінің сырқаты соңғы кез-
де асқынып кетіп, Алматыға əкелгендеріне бір
апта болыпты. Қазір аппараттың күшімен ғана
ілдалап жұмыс істеп жатқан көрінеді. «Бірден
отаға алмай əзірге байқап бағамыз. Емдеудің
жолдарын ойластырып, қарастырамыз. Бірақ, əй,
қайдам, дерт əбден меңдеген əлсіз ағза жазылып
кете қоюы неғайбыл» деп дəрігерлер өздерінің
дүдамалымен күдікті қалыңдатыпты. Содан бері
тағдырлары шырғалаңға түсіп, балаларының
маңында бастары қатып, шырмалып жүр екен.
Ал енді баласының жүрегі осы жатысында алда-
жалда жасанды жолдан ажыратылса, одан табан-
да айырылатынын айтып, зар илегенде онсыз да
уайым жұтып, «О, құдіретті Раббым, рақым етіп,
кішкентай ғана бейкүнə періштемізді есіркей
гөр»деп, «е-е, құдайымдап» əзер тұрған ерлі-
зайыптының сай-сүйегін сырқыратты.
Иə, кемедегінің жаны бір. Екі отбасының
да басына түскен тауқыметтері өте ұқсас.
Перзенттерінің өмірлері қыл ұшында тұр.
Мүсəспір күйде бір-бірлерінің қиын-қыстау
жағдайларын көзбен көріп, іштей ұғысады.
Əрқайсысылары
əр
шалғайдан.
Бұлар-
оңтүстіктен. Олар – солтүстік жақтан. Бейта-
ныстарды кездейсоқ қатерге душар болған, енді
ажал қармағын салғалы тұрған балаларының
мүшкіл халдері тоғыстырды. Екі əулеттің де
бар үміті – өрімтал көзайымдарының өмірлерін
қолдарына үлкен үмітпен үздігіп тапсырған
дəрігерлерде. Соларға Алладан жəрдем сұрап,
«емдерінің шипасын бергізсін» деп жалынады.
Бұлардың
Жеткергеніне
таңертеңгі
* «Үркер»* №8* 2016
39
тоғызда күрделі ота жасау басталды. Əрбір ми-
нуты сағатқа, сағаты күнге созылды. Жақан ха-
барын тосып, пұшайман күй кешіп, өзін қоярға
жер таппай, тар жерде əрі-бері сенделіп, теңселіп
жүр. Ал қостанайлық қайғыластар да тынысы
жасанды құралға қосылып, хал үстінде жатқан
ұлының қайырын тілеп, дегбірлері қашып отыр.
Күтушілер іштен біреу шығып қалар ма екен
деп, операция залының тарс жабылған есігіне
тықырши телміреді. Табандап тұрған орындары-
нан бір елі ұзауға дəттері жетер емес.
Жан күйзелісіне түсірген азапты уақыттың
жылжуы да əсте қиын. Өзара сөйлесуге де
зауықтары жоқ. Өз дерттері өздерінде. Лəм-
мимсіз тұншығады. Бір орында байыз таппай,
олай-бұлай тынымсыз сандалған Жақан шы-
дамы таусылуға шақ, үнсіз жылап, көз жасын
көлдетіп отырған жұбайының қасына оқтын-
оқтын жақындап: «Қорқа берме. Бəрі дұрыс бо-
лады. Жақсылығын, сəттілігін тосайық» деп
қайта-қайта басу айтып қояды. Балапандарының
қылға ілінген жанына байланып тұрған ата-ана-
ны күйіп-жандырған мүшкіл сəттер бітіп болар
емес. Бір ұшын ұстатпай тым алыстап барады.
Өзімен-өзі арпалысып аласұрған Жақанның
жаны мұрнының ұшындағы Бағилаға ақыл
қосып, қарқарадай болып, ес танытқаны да
əйтеуір демеу.
Тығырыққа тіреген осы бір қысылтаяң
мəурітте талай күн мен түнді асырғандай маза-
сыз алаң көңілді дəмелендіріп əрі үрейлендіріп
бір заматта саңыраудай мелшиген есік жайлап
ашылып, дəрігер де шықты-ау, ақыры. Бір орын-
да байыз байырқалай алмай санасы сансыраған
Жақан да, сары уайымға батып, кеудесі өртеніп,
ебіл-дебіл болып отырған Бағила да өлген
əкелері тіріліп келгендей, ақ желеңді жанның ал-
дына құстай ұшып барды. Қос қолын қалтасына
салған жас хирургтің аузынан өздерін қуантатын
жақсылық сөз күтті. Бір қуанышты тағатсыздана
тосып тұрған екеуі бірдей қосарланып: «Қалай
болды? Не болды? Шырағым, садағаң кетейін!
Айтсаңшы, тезірек!» деп күндері түскен дəрігердің
жүзіне ентіге емінді. Алайда ... шаршаңқы,
қабағы салыңқы дəрігер басын шайқап алды да:
«Бекем болыңыздар. Қолдан келген бар амалды
қолдандық. Амал не, бар мүмкіндік жасасақ та,
аман алып қалуға мүмкін болмады. Клиникалық
ауыр халге түсті. Өмірінің санаулы минуттары
қалды. Бөлім меңгерушісіне жолығам десеңіз,
екінші қабаттағы бөлмесіне барыңыз. Жаңа ғана
өзіне кетті» деп, суық кескінмен сұмдық хабарды
жеткізді де, ішке қайта кіріп кетті.
Ерлі-зайыптының басына қара бұлт
үйірілді.
Орындыққа сылқ құлап түскен ана:
«Құлыным-ау!.. Жарығым-ау! Қапияда қыршын
кеттің-ау, ботақаным! Жаратқан ием-ау, титімдей
баланың не жазығы бар еді, көктей солатын?
Бесік табы арқасынан кетпеген күйі қара жерді
төсек қылатын болды-ау, қошақаным!» деп да-
уыс салып, ботасын жоғалтқан бозінгендей боз-
дады.
Қақ төбесінен бір ұрып, қолқасын суырып
əкеткен жаманаттан есеңгіреген əке: «Қарғашым-
ау! Бəріне мен... мен... кінəлімін... Ойнап жүрген
жеріңнен нем бар еді сені жолға алып шығып.
Е-е, Жаратқан ием, қызығы енді басталған ба-
лауса құрақты қайтіп қана қидың. Сол атаңа
нəлет таспен күнаһар мені атпадың ба? Ай,
Құдайым-ай! Не жазып едім саған мені сорлата-
тындай!» деп опық жеген өкінішпен қабырғаны
жұдырығымен соққылай берді. Көзінің ағы мен
қарасынан қапыда айырылып, күңіреніп жоқтау
айтып еңірегенде етегі жасқа толған қосағын
тарс құшақтап алып, өзі де аңырап ағыл-тегіл
жылады-ай келіп.
Бір шамада жанарынан жаңбырдай сел-
деген жасты алақанының сыртымен сүртіп
тұрып, көршілеріне назары түсті. Қан жұтқан
жұптың зарына өз балаларының да көрер
таңы қылмойынға тақаған пұшайман халіне
қобалжып тұрған қостанайлықтар да үнсіз, қоса
егіліп тұр еді. Осы сəтте топ əйелдің ортасында
ес танытар жалғыз еркек жəне жасы үлкені де өзі
екенін түсінді. Дел-сал күйдегі Жақан бұдан соң
тез серпіліп, өзін-өзі ұстамдылыққа шақырды.
«Қайтейік, шадыман шағында төтеннен судай
Жеңіс БАҺАДҮР. «Соғады жүрек»
40
тартылып, гүлдей солды. Бір жұлдызымыз ке-
неттен сөнді. Жоқ жерде пайда бола кеткен дүлей
дауыл бəйтеректің бір бұтағын жұлып жерге
түсірді.
Бордай езілгенмен жоғалтқанды қайтарар
лаж қайда. Бұрынғылар: «Пендеңіз не жазса
соны көрер, ешкім де тағдырынан басқа бол-
мас» деп бекер айтпапты-ау. Естілердің ескірмей
келе жатқан бұл сөзі, міне тура менің отбасыма
айналып соққанын қарашы. Е-е, Жасаған ием,
аяқастынан жазатайым пұшайман жеп қалған біз
бейбақтарды сабырға жеңдіре көр... Құдайдың
бұл да бізге салған бір сынағы» деп іштей
ширықты. Көзінен парлаған жастан көзалды бу-
алдыр тартқан отағасы бір мезетте солқылдап,
өксігіне шашалып, қайта-қайта деміге берген
отанасының қатты қиналғанынан шошып кетіп,
өзіне-өзі тез келді. «Қазаны аза тұтып, аурухана
ішін азан-қазан еткенмен, өкініштің өртімен бас-
ты тоқпақтай бергенмен Алланың əміріне қарсы
жасар қауқар мен айла қайсы. Тағдырдың тосын
талқысына көнбегенде қайтеміз!? Елден алыста-
мыз. Енді алда не істемек керектігін қамдайық.
Жетпесті қума, келмеске жылама. Ей, жалған
да қатал дүние-ай! Қайтейін-ай, қайтейін. Бес
батпан сорын біздің маңдайға жапсырыпты да.
Егіліп, есеңгіреп отырған Бағилам мынау. Екі
ортада қасірет азабын көтере алмай белі опыры-
лып, əлдеқалай майып болып жүрмесін. Күйреп
қалмасын. Алдын алайын. Өткенге салауат ай-
тайын...»
Анадай тұста үнсіз шерленіп тұрған
келіншек пен қыз бұларға тақап, қайғыларына
ортақтасып қолдарын ұстап, көңілдерін білдірді.
Олардың да көздерінде мөлтілдеген жас.
Қайғыға уланып, ойы онға, санасы санға
бөлініп, өзімен-өзі арпалысып тұрған Жақан бір
мезетте: «Бағила, өзіңді-өзің ұста, болды енді.
Ертеңіңді ойла... Ал мен... мен... дəрігерге ба-
райын... Сөйлесейін... Мен қазір...» деді де, ой-
ына əлдене оқыс шешім келгендей, жұбайын
қысқан құшағын жазып, арқасынан бір-екі
қақты да, шалт бұрылып, екінші қабатқа қарай
баспалдақпен тездетіп көтеріліп кетті.
Баласын осында кеше əкелгелі бері
танысып-білісіп қалған бөлімше меңгерушісінің
бөлмесіне кіргенде, ол ақ желеңін шешіп, киім
ілгішке енді іліп жатыр екен. Əлгінде ғана
қолынан бақилыққа аттанған баланың қаралы
əкесіне дəрігер ілтипат көрсетіп:
--Кіріңіз, кіріңіз. Біз қолдан келген амалдың
бəрін жасадық. Баланың миы... - деп келе жатыр
еді, оның лебізін бөлген Жақан:
--Бəрін
түсінемін...
Доктор!-
деді
салғаннан. – Егер менің ұлымның жүрегі қажет
болса, Қостанайдың хал үстінде жатқан бала-
сына салыңдар. Керек құжаттарыңа қолымды
қойып берейін.
Жасы өзі құралыптас дəрігердің көзі
бұлаудай болып ісіңкіреген бұның бетіне
аңтарыла тесілді. Жүзіне бірауық барлай қарап
тұрып, оның бір тосын əрі нық шешімге келгенін
байқады да:
-Солай ұйғарсаңыз, онда бұл əрекетіңіз
үлкен парасаттылық. Рахметтен басқа айтары-
мыз жоқ. Олай болса, біз шұғыл іске кірісейік.
Екі баланың да анализдері дайын. Салыстырып,
қаншалықты сəйкестігін тексеріп көрейік. Əзірге
бара тұрыңыз. Хабар бізден болады. Ал, жігіттер,
тез төмен түсіңдер ,- деп бөлмедегі əріптестерін
асықтырды.
***
Иə, иə, иə... Бейсауат келіп, қарсы алдында
отырған бұл сүйкімді бозбала жайы белгілі бол-
ды. Ботақаны Жеткергенінің жүрегін салдыртқан
сондағы балақай болып шықты.
–Алда, айналайын-ай! Сол сен екенсің
ғой... бар екенсің ғой... Ау, Бағила! Бағила деймін!
Естимісің!.. Міне, қарашы! Жеткергеніміздің ба-
уыры келіпті. Кірсеңші енді бермен!..
Өлгені тіріліп, өшкені жанғандай, жүрегі
жарыла жаздап қуанғаны соншалық, Жақан
орнынан жас баладай атып тұрып, жасөспірім
қонақты айқара құшағына алды...
«Ой, жарқыным менің! Ой, балапаным
сол!..»
Қарт өзін қоярға жер таппай балаша мəз-
мейрам.
* «Үркер»* №8* 2016
41
Бұдан бақандай он жыл бұрын...
Иə, иə... сол жолы өзінің аяулы
көгершінімен түйдей жасты екенін естігенімен,
бұл жасөспірімнің өзін көрген жоқ еді. Жағдайдың
артын тосуға мүмкіндік қайдан болсын. Сол аза-
лы мезетте мұны біліп жату тіпті, қаперлеріне
де кірді ме. Ұлдарының жүрегі алынған мəйітін
елге зəуметте алып кетпеді ме.
Сондағы өзінің қоңыр қозысымен тағдырлас
болып, бір ауруханада қатарлас жатқан бейта-
ныс бала енді, міне, қараса көз тоятындай сүп-
сүйкімді, бойшаң болып ер жетіпті.Өзі қандай
ибалы тағы. Аққұба ашық жүзінен ізеттіліктің
ізгіліктері, имандылық шапағаты төгіліп тұр.
Өн бойынан жақсы тəрбиенің, көргенділіктің
жұпар иісі аңқиды. Өзінің əне-міне үзілуге шақ
тұрған жүрегін тірілтіп, өмірін жалғастырған
өзі тақылеттес бейкүнə балғынның жұртын,
əке-шешесін, туған-туыстарын сонау алы-
стан... қияннан іздеп келіпті. Ақылыңнан,
мейірбандылығыңнан, кісілігіңнен айналдым,
жарқыным. Зекетің кетейін де болмысыңнан.
Оң-солыңды танып, ат жалын тартып мінуге жа-
рап қалған деген əне осы...»
Қос қария бейтаныс мейман бозбаланың
келісіне еңсені езген қою бұлт арасынан күнді
көргендей, жоғалғаны қайта оралғандай шат-
танды. Қайғылы оқиғаға өзін күнəһар санап
тұйықтау болып кеткен отағасы да шешіліп,
қонақты əңгімеге тартып, аяқастынан сөзшең
болып кетті. Əншейінде ыңқыл-сыңқылы
көп, қозғалысы шабандаған отанасы да ке-
нет сырқатынан құлантаза айығып кеткен-
дей, жайраң қағып, жүзі жадырап, алғаш көріп
отырған жеткіншекке жүрегін ашып өбектей
берді.
***
Арнайы келген қостанайлық жолаушы
Жақан мен Бағиланың үйінде екі күн болды.
Ақберен ата-анадан жалғыздығын, əкесінің ерте,
өзінің сəби кезінде дүние салғанын, қазір шешесі
екеуі тұратынын, осында бірге келуге жиналғанда
жол жүруге денсаулығының жарамағандығын
айтты. Ал Жеткергеннің қандастық сырын
шешесінен естігенін, бірақ оның əке-шешесінің
аты-жөнін, тұратын облысын білгенімен, қай
қала, қандай мекен-жай екенін тап басып айта
алмағандықтан, бар мəліметті ғаламтор арқылы
тапқанын да жасырмады.
Үшеуі жарасты бір отбасындай емен-
жарқын шүйіркелесті. Ашықтығы, мінезі құдды
Жеткергеніне ұқсайды.
Жас жігіттің қалауымен Жақан оны
Жеткергеннің зиратына ертіп апарып, ұлының
аруағына зиярат етіп қайтты.
***
Ақбереннің еліне қайтатын кез де келді.
Екі қарт қысқа уақыттың ішінде-ақ өздеріне де,
өздері де өз ұлдарындай болып бауыр басып кет-
кен бозбаланы қимай пойызға шығарып салды.
Алма-кезек маңдайынан иіскеп, бетінен сүйіп,
құшақтарына қайта-қайта қысып, қоштасар
сəтте:
--Жортқанда жолың болсын, жолдасың
қыдыр болсын, балам. Жайлы жүріп, жақсы жет.
Дəйім алдыңнан жарылқасын. Хабарласып тұр,
айналайын,-деп отағасы тамбурға көтеріле бер-
ген Ақберенді қолтығынан сүйемелдеді.
--Алла жар болсын, жарқыным. Тіл-көзден
сақтасын өзіңді Жаратқан ием. Қайда жүрсең
де аман-есен бол. Шығар тауың биік болсын,
шырағым! Апаңа сəлем айт. Хабарыңды үзбе,-
деп отанасы шыланған көзін орамалының
ұшымен сүртті.
--Қайыр-қош, менің көкетайым мен апа-
тайым! Мен... мен міндетті түрде келіп тұрамын.
Бауырларыммен əлі танысатын боламын. Сау
болыңыздар. Мен келемін... Сіздерге... келемін...-
деді тамбурда тұрып қол бұлғаған Ақберен.
Пойыздың доңғалағы сарт етіп қозғала
берді.
Жүрек соғып тұр...
Достарыңызбен бөлісу: |