Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата06.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7923
1   2   3   4   5   6

Дінмұхамед АЯЗБЕКОВ. «Мен – Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың өнімімін»

26

қызметімнің біраз кезеңінде əртүрлі ұлттық 

жəне  халықаралық  бағдарламалар  мен 

ұйымдарда  сарапшы  болдым,  шетелдерде 

сынақ  мерзімінен  өттім.  Басқаша  айтсақ, 

қоғамда белгілі бір мəртебеге жеттім. Ғалым-

əйелге бұдан басқа не керек деген сұрақ туын-

дауы  мүмкін.  Дегенмен,  шынымды  айтсам, 

менің  бойымнан  бейсаналық  түрде  маған 

тағдыр  дайындаған  белестерге  жетпедім, 

менің əлі бар əлеуетім қолданылмады, бəлкім 

жоғары білім мен ғылымның дамуына неме-

се соған байланысты салада үлес қосамын де-

ген ой кетпейді. Адам өмірден өзінің жердегі 

миссиясы мен міндеттерін толық орындадым 

деген қанағаттанған сезіммен өту керек қой.



-«Менеджмент»  пен  «Маркетинг»  

–  кез  келген  елдің,  кез  келген  алпауыт 

кəсіпорынның  жанды  тұсы.  Əл-Фараби 

атындағы  Қазақ  Ұлттық  университетіне 

дəл  осы  екі  мамандық  бойынша  түскен 

студенттер қай деңгейде білім алып шыға 

алады?  Жалпы,  өзіңіз  басқарып  отырған 

кафедра 20 жылдығын атап өтіп жатыр 

екен. Осы жайлы айтып берсеңіз...

- «Менеджмент  жəне  бизнес» (бұл 

оның алғашқы атауы) кафедрасы 1995-жылы 

құрылды,  кейіннен  мен  басқарып  отырған 

кафедра  «Менеджмент  жəне  маркетинг» 

деген  атауға  ауысты.  Кафедрамызда  про-

фессорлар  мен  ұстаздар  құрамы 40-тан 

астам  адамды  құрайды,  дəреже  алғандар 

айтарлықтай  жоғары: 80 %-дан  астам,  яғни 

ұстаздардың  көбісі – докторлар,  экономика 

ғылымдарының кандидаттары жəне PhD. 

Ғалымдардың  ұстаз  ретіндегі  ғылыми 

қызметтері əртүрлі – негізінен грант берілетін 

жобалар экономиканың  əртүрлі салаларына– 

əлеуметтік  секторға  (еңбек  жəне  жұмыспен 

қамту  нарығы),  нақты  сектор  (агроинду-

стрия),  аймақтық  экономика  жəне  басқару 

(мемлекеттік жəне жергілікті дəрежедегі ме-

неджмент).  Жыл  сайын 150 студент, 30-дан 

астам магистрант, 4-5 докторант шығарамыз 

(соңғы сандар көрсеткіші əр жылы гранттық 

орындарға  байланысты  болғаннан  кейін 

өзгеріп  тұрады).  Қосдипломдық  білім  алу 

жүйесі  бар – шетелдік  университеттер-

мен  тығыз  қарым-қатынастамыз  (РУДН, 

Новосібір  мемлекеттік  университеті,  Страс-

бург университеті жəне басқалары). Аталған 

шетелдік  білім  ордаларымен  əріптестігіміз, 

ғылыми қарым-қатынасымыз жылдан-жылға 

артып келеді.

«Менеджментжəне  маркетинг» – эко-

номика  кафедраларының  ішінде  ғана  емес, 

ұлттық  университет  көлемінде  де  өзінше 

бір ерекше кафедра. Кафедрада 6 мамандық 

жұмыс істейді, бірақ үш деңгейлі дайындау 

(бакалавриат,  магистратура,  докторантура) 

жүйесімен санасақ – 4 мамандық. Негізінен, 

«Менеджмент», «Мемлекеттік 

жəне 

жергілікті  басқару», «Маркетинг», «Логис-



тика», «Инновациялық  менеджмент», «Жо-

балармен  басқару»  сияқты  мамандықтары 

жайында сөз болып отыр.

  Осыншалықты 

мега-кафедраны 

құрудың қаншалықты қажеті бар деген сұрақ 

бірден  туындауы  мүмкін.  Менің  пікірімше, 

(ресейлік  композитор  Игорь  Николаевтың 

атақты əнінде айтылатындай)оның бес түрлі 

себебі бар. Бірінші – аты аталған мамандықтар 

бір-бірімен  өте  тығыз  байланыста  жəне 

маңыздысы – басқару  ғылымын  зерттеу 

негізінде  құрылады.  Оған  қоса,  кішкентай 

ұжымдарды  үлкен  ұжымға  біріктіру,  маман 

ретінде айтарым, үлкен басымдылықтарға ие: 

ұстаздар  кафедра  құрылымдарының  алдын-

да тек қана өз мамандықтарында мықты бол-

 *«Үркер»*№102016


27

са,  бүгінгі  таңда  ұстаздардың  іргелес  білім 

саласына  ығысып,  кеңею  үрдісі  байқалады. 

Ол  ұстаздардың  интеллектуалды  тұрғыда 

əмбебап болып қалыптасып, кəсіби деңгейде 

өсіп  жəне  басқа  іргелес  салада  сұранысқа 

ие  маман  болуына  ықпалын  тигізеді.  Басқа 

бір  басымдығын  айтар  болсақ,  əлеуметтік-

экономикалық  дағдарыс  кезеңінде  жəне 

соған  сəйкес  қысқартулар  кезінде  «Менед-

жмент  жəне  маркетинг»  кафедрасының 

жұмысшылары табысы мен жұмысынан айы-

рылу қаупінен сақталған. Біздің кафедраның 

ерекшелігі  де  осында.Демек,  бір  қарағанда 

кішкентай  ұжымды  басқару  оңай,  ал  үлкен 

ұжымның  жұмысы  көп,  басқарылуы  қиын 

болып  көрінгенмен  жоғарыдағы  айтылған 

дəлелдер ұжымға осындай жақсы тұстармен 

еселеніп келеді.

Кафедрамыздың 

студенттерінің 

əлеуметтік      тəрбиесі  –  ұстаздық  

қызметіміздің  ажырамас  бөлігі  болуы  тиіс. 

Менің  ойымша,  тəрбие  жұмысына  салғырт 

қарауға, яғни белгілі нұсқамада айтылғандай, 

мұхитта  қалған  бала  өзі  жүзіп  шығу  керек 

деген болмайды. Онымен мүлде келіспеймін. 

Əрине,  бұл  тұста  ұстаным  жағы  дау  туды-

ратын  мəселе:  батыс  университеттерінің 

ұстанымын  қолданып,  тəрбие  жағына  мəн 

бермеу  керек  дейтіндер  де  бар.  Деген-

мен,  біздің  қоғамның  даму  тарихы,  батыс 

елдеріндегі жастардың тəрбиесі басқа екенін 

естен  шығармау  керек.  Бұл  жерде  шек-

тен  шығып  кетпеу  маңызды,  неге  десеңіз, 

жастардың  өмір  сүру  салтына  мəдениетті 

түрде, сөзсіз, еркіндік сақталуы керек.

-Бүгінде 

кез 

келген 

мекеменің, 

кəсіпорындардың  жетістікке  жетуінде 

«ұжымның  бірлігі»  аса  мəнге  ие  болу-

да.  Бірлігі  мықты  ұжыммен  көптеген 

жетістікке  жетуге  болатынын  «менед-

жмент»  ғылымында  да  дадəлелденіп  жа-

тыр. Жалпы, кафедра ұжымының құрамы, 

олардың  бірлігі  қандай?  Кім,  қандай 

бағытты 

зерттеп 

жүр?Əріптестік 

орталарыңыз туралы айта кетсеңіз...

Кафедрада 



Жоба 

менеджмент 

орталығы жұмыс істейді. Көбіне қол босамау 

себепті  (ұстаздардың  ең  қасиетті  міндеті – 

оқу жүйесін жүргізіп, оның сапасын арттыру 

болғандықтан) біздің кафедра елімізге таны-

мал профессор  Цеховой Алексей  Филиппо-

вич басқарып  отырған  Қазақстан  жобалар 

менеджер одағымен бірігуді  жоспарлап отыр. 

Бұл академиялық біліммен қоса практикалық 

білімге 

ие 


бизнес-құрылымдардың 

сұранысынан  туындап  отыр.  Айтпақшы, 

жоғары  білім  беру  мəселесіне  тоқтала 

кетіп  айтарым,  ұлттық  университеттерде 

бизнес-білімді жұмыс берушілер мен жұмыс 

нарығының  сұранысына  қарап  белсенді 

дамытуды  қарастыруды  талап  етеді.  Оны 

іске  асыру  бізге – ұстаздар  мен  индустрия 

серіктестерімізге  байланысты.  Сол  арқылы 

бизнес  ортамен  тығыз  қарым-қатынаста  бо-

лып,  білімді  коммерциялап  жəне  жұмыс 

берушілерді  оқу  жүйесіне  белсенді  тарту-

ымыз  тиіс.  Кафедра  бұл  тұрғыда  аз  жұмыс 

атқармады – біздің  тұрақты  жəне  «онша 

тұрақты емес жұмыс берушілеріміз» (соңғы 

аталғандар студенттер мен магистранттарды 

жыл сайын тəжірибе алуға жіберер кезде  та-

былады) оқу  жоспары  бекітілгенде,  аттеста-

циялау жəне байқау комиссиясына (мысалға, 

жыл  сайынғы  Республикалық  студенттер 

Олимпиадасына),  ғылыми  жəне  демеушілік 

қызметтерге тартылады.



-Елбасы  Н.Назарбаев  «Қазақстан 

Дінмұхамед АЯЗБЕКОВ. «Мен – Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың өнімімін»

28

жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, ре-

формалар,  даму»  атты  биылғы  жолдау-

ында  Қазақстанның  сыртқы  экспорты 1 

жылдың  ішінде 45%-ға  кеміп  кеткендігін 

атап  өтті.  Бұл  еліміздің  менеджменті 

мен маркетингінің əлсіздігінен емес пе? Сіз 

қандай баға бересіз?

-  Экспорттың  азаюы,  менің  ойым-

ша,  еліміздегі  жəне  бүкіл  əлемдегі  жалпы 

экономикалық  жағдайға  байланысты.  Экс-

порт  көрсеткішін  көтерудің  басты  шешімі 

–сапасы  əлемдік  стандарттарға  сай  келетін 

отандық  өнімдерді  дамыту  керек.  Сапа 

стандарты  КСРО  кезінде  қатаң  сақталатын, 

десек  те  айта  кететін  жайт,  сол  кезеңдегі 

тауарлар, əсіресе халықтың тұтыну тауарла-

ры  əлемдік  сапа  стандартына  жəне  қызмет 

көрсету  жағына  толықтай  жауап  бермейтін. 

Тартымдылығы  жоқ,  яғни  отандық  сатып 

алушылардың сұранысын да өтей алмады де-

сек болады. Бірақ, жабық экономикалық сая-

сат пен дефицит кезінде əлемдегі тауарлардың 

сапасы жайында кеңес үкіметінің кейбір аза-

маттары ғана білетін. 

  Бүгіндері  қарбалас  «сəт»  туды  –

қазақстандық  менеджерлер  (кез  келген 

деңгей  мен  саладағы)  бағыттарын  өзгертіп 

отандық тауарларға көшу, қанағаттандыруы 

жəне  бағындыруы  қиын  əлемдік  нарықты 

толтыру  керектігін  саналы  түрде  түсініп 

отыр.  Тағы  бір  ескеретін  жайт:  менеджмент 

пен  маркетингтің  агрессиялық  емес,  раци-

оналды  құралдарына  жүгінуіміз  тиіс,  яғни 

заманауи ғылыми жетістіктерге сүйене оты-

рып,  əрдайым  серпінді  түрде  өзгеріп  оты-

ратын  сұраныстар  əлемінде  тауарлардың 

құрамы  мен  сапасын  өзгертіп,  экспорттың 

құрылымын  зерттеу  керек.  Бұның  бəрі  ин-

вестицияны,  көлемді  ресурс  бөлуді,  сосын 

əрине, тиімді мемлекеттік менеджментті та-

лап  етеді.  Мұндай  жағдайда  кəсіпкерлерге 

тек өздеріне сенулері қажет, ал мемлекеттік 

менеджмент – бұл  бизнестің  дамуына 

ыңғайлы жағдайлар жасау. Бастысы – мемле-

кет кедергі келтірмей, көмек бергені. Əрине, 

оңай мəселе емес, дегенмен терең тəжірибеме 

сүйеніп  айтар  болсам,  шешімі – кəсіби 

білікті  кадрлар  мен  сапалы  қызметкерлерді 

таңдау.  Бəлкім,  бұрынғы  уақыттарда  айты-

латын ұранды естулеріңіз бар шығар (мектеп 

қабырғасында естігем) – «Кадрлар барлығын 

шешеді!» деген. Ол рас.



-«Экономиканың  ғылыми  зерттеу 

əдіснамасы»  атты  еңбегіңізге  ғалымдар 

жақсы  баға  беріп,  тіпті  Түркия  сияқты 

кейбір елдер өз тілдеріне аударып алыпты. 

Көптің көкейінде жүрген дəл осы еңбегіңіз 

туралы айта кетсеңіз?

-«Экономикадағы  ғылыми  зерттеулер-

дің  əдіснамасы»  шынымен  де  түрік  тіліне 

аударылған.  Ол  ғылыми-əдіснамалық  ба-

сылым  еді.  Кейінірек  ол  кітапты  түбегейлі 

өзгертіп, көлемін көбейтіп, орыс жəне қазақ 

тілдерінде  оқу  құралы  ретінде  шығардық. 

Бұл кітапты жазуға деген ынтам қарапайым 

нəрседен туындады: ҚазҰУ-дың доктаранту-

расында оқып жүргенімде маған бір ой келді 

–  əртүрлі  зерттеулерде  (дипломдық  жұмыс 

немесе  диссертация  болмасын)  белгілі  бір 

деңгейде  зерттеу  кезіндегі  нақты  ғылыми 

құралдар  аталып  өтіледі.  Осы  мəселеге 

байланысты  бар  ақпаратты  жинап,  жүйеге 

келтіргеннен  кейін,  əдістемелік  құралдарды 

бір  топқа  келтіріп  кітап  жазу  өте  жақсы  іс 

екені  белгілі  болды.  Бірақ,  оны  шығармай 

тұрып,  барлық  қазақстандық  универитет-

терге  өтінім  жіберілді,  ал  ректорлар  бұл 



 *«Үркер»*№102016

29

басылымға рұқсаттарын берді. Сонымен, тек 

қана  маркетингтік  зерттеу  жүргізілгеннен 

кейін  ғана  кітапты  баспаға  жібердік. 

Соңында  тек  түрік  серіктестері  ғана  емес, 

отандық  ЖОО-лар  да  жақсы  пікір  айтқан 

кезде  қуанышымда  шек  болмады.  Кейінірек 

оқулықтың  атымен  сəйкес  университеттің 

оқу жоспарына соған ұқсас пəн кіргізілді.

-11  ғылым  кандидатын, 5 экономика 

PhD  докторларын  дайындап  шығарыпсыз. 

Шəкірттеріңіз кімдер? 

-Иə,  шынымен  де,  менің  қолымнан 

біраз  экономика  ғылымдарының  канди-

даты  жəне PhD докторлар  тəрбиеленіп 

шықты.  Олар  əртүрлі  бағытта  істейтін – 

ғылыми  жəне  банк  саласында,  индустрия, 

мемлекеттік қызметте, қоғамдық ұйымдарда 

жұмыс  істейтін  беделді  жəне  сұранысқа  ие 

маман иелері деп мақтанышпен айта аламын. 

Менің  студенттерім – белгілі  бір  дəрежеде 

менің  ұстаздарым,  себебі  менің  де  олардан 

үйренерім  болды.  Қалай  тосын  көрінсе  де, 

қанша  дегенмен  бұл  өмір  мектебі:  аралас-

құралас  болған  шəкіртерден  үйренген 

қасиеттер – жасы мен дəрежесі үлкенге деген 

құрмет, төзімділік, сабырлылық, қысылтаяң 

жағдайларда қыңқ демеу (себебі менің кейбір 

шəкірттерім  ғылымның  соқпақ  жолына 

қарамайтын,  қарапайым  зиялы  отбасыдан 

шыққан адамдар).

Осы орайда, өзімнің ерекше мақтанып 

айтар  «мерейтойлы» 10-шы  шəкіртім,  қазір 

мемлекеттік  хатшы  қызметін  атқаратын 

(есіңізде болсын, əйел адам!) – Əбдіхалықова 

Гүлшара  Наушақызын  атап  өтпеске  бол-

майды.  Төзімділік,  кəсіби  дипломатия, 

жұмыстағы  жинақылық  пен  тəртіп,  əртүрлі 

жағдайларда  ақылға  салып  басқарушылық 

шешім  қабылдаулар  менің  еңбек  жолымда 

үлгі  болып,  өмірлік  тəжірибемді  молайта 

түседі. Басқа аты аталмай кеткен шəкірттерім 

ренжімес, дегенмен мен олардың бəрін жақсы 

көрем  əрі  құрметтеймін  жəне  өзімді  əзіл-

шыны  аралас  «ғылыми  ана»  деп  атаймын 

(күлді).

-Сіздің еңбекқорлығыңызға, табанды-

лығыңызға əріптестеріңіз өте жақсы баға 

беріпті.  Əрине,  жетістікке  жеткен  кез 

келген  адам  үлкен  қиындықтарды  бас-

тан  кешіреді.  Өмір  жолыңызда  көздеген 

мақсатыңыз 

орындалмай, 

күйзеліске 

түсіп,  қатты  қиналған  кезіңіз  болды  ма? 

Оны қалай жеңіп шықтыңыз?

-Əрбір  адамның  өмірінде  самғау  мен 

құлдилау  болады.  Менің  өмірім  де    бұл 

жағдайда  өзгелерден  ерекше  емес.  Бастысы 

күйзеліс кезеңінде өз өзіңді жіберіп қоймау, 

ақылыңды,  адамгершілігіңді,  физикалық 

күшіңді  жоғалтпау,  ары  қарай  маңызды  əрі 

пайдалы шешімдер қабылдау, ар ұятың мен 

адалдығыңды  сақтап  қалу.  Күйзелістер – 

біздерді үйрететін, ақылдырақ жəне күштірек 

қылатын,  біз  жеңуге  тиіс  одан  да  маңызды 

оқиғаларға  дайындайтын  белгілер.Жəне,  ең 

бастысы,өмірде еш нəрседен қорықпау керек, 

позитивті өмір сүруге дағдылану керек.



  -Позитивті  сұхбатыңыз  үшін  рах-

мет!

Сұхбатты жүргізген 

Дінмұхамед АЯЗБЕКОВ

Дінмұхамед АЯЗБЕКОВ. «Мен – Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың өнімімін»

30

Жырлайды жїрек



Еркебұлан ƏБДІРАХМАН

1994  жылы  дүниеге  келген. 2016 жылы 

Абылай  хан  атындағы  Қазақ  Халықаралық 

Қатынастар жəне Əлем Тілдері Университетінің 

«Халықаралық  Журналистика»  мамандығын 

бітірген. 2011 жылы  «Өлеңім – Алламның 

сыйы», 2014 жылы  «Ғұмырымның  тамшысы» 

атты өлеңдер жинағы жарық көрген.

БАҚАНЫҢ БАҒЫН 

ҚЫЗҒАНБАЙ 

СҰҢҚАРДЫҢ СОРЫН 

ҰНАТТЫМ...



ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНА

Сауық-сайран, бос бедел, жүлдеге еріп,

Ауып барад батысқа мүлдем ерік.

Қазағымның жастары жайлы бүгін,

Ойым менің барады күрделеніп.

Жанарынан қазақтың жасты ұрлаған,

Қайда менің кешегі қасқыр бабам?

Қайда біздің кешегі жастарымыз,

Кеңеске де кеудесін бастырмаған?

Жүрегі - от, намысы - өр-алдаспан,

КСРО-ның қаһарын солар басқан.

Төс қағамыз батырдың ұрпағы ек деп,

Ал өзіміз олардай бола алмастан.

Еліктегіш арылмай құр індеттен,

Қайран жастар, құрдымға құның кеткен.


31

Ұят болды-ау Қайрат пен Лəззаттардан,

Мəскеудің де тізесін дірілдеткен.

Бірақ та арзан бізге ұғым «ұят» деген,

Қарағашқа айналған сияқты емен.

Тілімізден тізгінсіз төгілуде,

Қазақша емес, шетелше «күй», əттеген.

Етіп жүрген əрдайым тəнін əйгі,

Əміре емес, əумесер əні ұнайды.

Майкл Джексон деп ұран салатындар,

Майқы биді кім десең, танымайды.

Əлихандар жүрсе де сағы сына,

Кеткен жоқ па сара жол нақ ұсына?!

Рухымызды талаттық азғындыққа,

Ақпараттың ағумен ағысына.

Жүре алмасақ қолға біз шырақ ұстап,

Бақыт құсы байқамай, жырақ ұшпақ.

Ғаламтормен ғаламға жақындаумен,

Қазақтықтан барамыз тым алыстап.

Сене берме, замандас, шамаңа құр,

Мейлі, сөккін айттың деп жаман ақыл.

Бұл күндері өзіме сезіледі,

Заулап келе жатқандай заман ақыр.

Ащы өлеңді төкпесін қалам қалай?

Қыздар тəні сұқ көзге таланғаны-ай!..

«Мода» қуған сылқымдар сылаң қағар,

Моладағы жағдайға алаңдамай.

Айыра алмай, жүзбенен нөлді егіз деп,

Ұсақталып, қиынға көнгеміз кеп.

Білім іздеп, ел қамын ойлар ұлдар, 

Шылым іздеп жүр жəне шөлмек іздеп.

Арбап алар батыстың «сүйкімі» не?

Күннен-күнге тартуда ұйқы ініне.

Бізді біреу «Маса» боп оятпаса,

Мағжан сенген жастардың сиқы, міне.

Оң-терісті жүрмесек саралап біз,

Жазылмайтын ешқашан жара-дақпыз.

Қалай біздер дəл осы түрімізбен,

Болашақтың бетіне қарамақпыз?

Іргеде тұр аңдумен жау да бізді,

Шалыс бассақ, бітірер саудамызды.

Тазалықты өзіңнен бастамасаң,

Сыпырмайды ешкім кеп ауламызды.

Мен тізбектей бергенмен наз-əнімді,

Емдемесім анық қой аза-мұңды.

Бүгін жуып, достар-ау, қою керек,

Ертеңгі күн ас ішер қазаныңды.

ТАБЫЛДЫ АҢСАУ 

Жалаң əннің жаюда жорықтары у,

Сыр-сазың жүр сондайда болып дəру.

Ажарына Аралдың мұңы тұнған,

Алматыда маған да жолықты ару.

Мүмкін емес əн болып оралмауың,

«Аңсау» дейтін сарайға толар қауым.

Сен – бір ұлы мектепсің!

Сол мектептің

қасірет қой түлегі бола алмауым.

Сағынышым санамда жатыр аунап,

Тырналар да жүр көкте «Атыраулап».



Еркебұлан ƏБДІРАХМАН. «Бақаның бағын қызғанбай

 

 

 

 

   Сұңқардың сорын ұнаттым...»

32

 *«Үркер»*№102016

Мəңгі жасар жырларың,

Өмір-отқа

жанып кетер ақын көп хаты лаулап.

Дей алмайсың ажалға кешеуілде,

«Қалғып кеттің қырықтың бесеуінде».

Түлкі өмірге бар еді түкіргенің,

Сол түлкінің тұр, əне, нешеуі інде.

Деп ойлап ем сен жоқта мұң тұнады,

Жоқ. Елге эстрада ұлты ұнады.

Əтештер де өздерін əнші санап,

Жұлдызсымақ жылтырлар жұлқынады.

Сол əтештер дəметіп жатыр дəннен,

Атақ-даңқтың сорпасын сапырды əнмен.

Бірі де «Еңбек сіңірген қайраткердің»,

Бард бола алмас қаншама бақырғанмен.

Ессіздерден қайтпайды ер меселі,

Бағалар жан аз қалды терді еселі.

Тек əйтеуір үзбестен əніңді айтар,

Саған тартқан Дендердің дербес елі.

Алаңдаймын, сен жаққа аласұрып,

Үрейленем, үндердің наласы үріп.

Сірə, «елеусіз бұрышта қала қоймас»,

Сырқатыңа ем болған «Қара сүлік».

Гитара, иə, сен үшін құт тұрағы,

Боп тұрсың-ау төбемде нық қырағы:

Əуеніңді естісем əнұрандай,

Жүрек дейтін патриот тік тұрады.

***

Жүректің қалсын кіршігі кетіп,



Сезінсең, Алла көп ырыс төкті.

Құдайға пенде ҚҰЛШЫЛЫҚ етіп

тұрғаннан көркем көрініс жоқ-ты.

Қаза етсем намаз, мазам да қашқан,

Құлшылық - көңіл бұлағым дер ем.

Жағымды əуенді АЗАНнан асқан,

Естісем, болсын құлағым керең.

Пайдасыз жиған ілімнен сұқтан,

Жанменен тəннің - ар-иман емі.

Ең ұлы сөз бар тілімнен шыққан,

Əрине, ол да КƏЛИМАм еді.

Ұқпадым көптің ұрандарын кей,

Жалған сөз тұрар тарап қашанда.

Əсер етпеді ҚҰРАН КƏРІМдей,

Қаншама кітап парақтасам да.

Жүргізбейтұғын зұлым əмірін,

Ғаламға білім таратқан дана.

Төге алатұғын құлына нұрын,

Ең əділ патша - ЖАРАТҚАН ғана.

***


Мені ұнатқандарды елемей мүлдем мен,

Сезем биік екендігін талғамым. 

Талайларға ғашық болып жүргенмен, 

Сен ғанасың - көрмей сүйіп қалғаным. 

Сенен іздеп жүрем жылу, ықты да,

Қарсы алдымда тұрар сенсіз күліп кім?

«Періштелер» пері болып шықты да,

Қарғаларға «ханшайым» деп жүріппін.

Енді сезім үшін қайғы жемей-ақ,

Ақ арыңның боп өтейін қорғаны.

«Күнім, айым», «күйем, сүйем» демей-ақ,


33

Күмісбек пен Айнұрды ұқсаң, болғаны.

Қу тірліктің қажытты үйдек-түйдегі,

Піспей, шала болды сенсіз нан, асым.

Келсеңші енді, мен түгілі үйдегі,

Балалар да сағынды ғой анасын.



ЖЫЛАМА, АЛМАТЫ 

АСПАНЫ!

Əр тіршілік иеге керек-ті бақ,

Таба алмадым мен бұған себепті нақ.

Күлімдеп-ақ тұр еді күн көктегі,

Жылай салды Алматы кенет, бірақ.

Құрғағанын жолдардың қаламайсың, 

Əр тамшыңа құшағын қала жайсын.

Біреу қатты сөйлесе, жылай салар,

Өзің де бір жас сəби баладайсың.

Нөсеріңнің білемін текті нəрі,

Пенделердің пана іздеп кетті бəрі.

Барлығына, əттең-ай... қолдан келсе,

Мен де пана болғым-ақ кеп тұрады.

Тамшы ішінде жүзумен жүр мұңдарым,

Үнсіз ғана бақылап тұрдым бəрін.

Алматының аспаны, жыламашы!

(...Жылап жүрген аз емес

тұрғындарың).



КӨЗ ЖАСЫМ ҒАНА 

КҮНƏСІЗ

Кетсе де, мейлі, құт қашып,

Жалғыз емеспін мүлде мен.

Жалғыздығыммен жұптасып,

Сүремін өмір, гүлденем.

Санамда мұңдар домалап,

Мəңгіге мені дос етпек.

Өлеңіме де обал-ақ,

Мен жайлы жүр ғой өсектеп.

Ғайыптан, шуақ, төгіл бір,

Өңменнен өтті мына сыз.

Жүрегім - қара, көңіл - кір,

Көз жасым ғана күнəсіз.

Дегенмен, жасы жанардың,

Жууға жетпес күнəмді.

Түн сайын жəне таң алдын,

Тұмшалар ойлар тұманды.

Артымда қалар із қандай?

Мазалар осы сұрақ тым.

Бақаның бағын қызғанбай,

Сұңқардың сорын ұнаттым.

***


Түндер көп құлшылықсыз таң атырған,

Бекер ғой деп ренжуім «сорым қалың».

Пендемін ет-сүйектен жаратылған,

Ендеше, ұмытпайын өлім барын.

Айтқанмен бөлендім деп нұрға қанша,

Көңілге əр кез ауыр түсті уайым.

Бар боғын дүниенің жырлағанша,

Жұмаққа жеткізетін іс қылайын.

Қарасам дүниеге оятып үн,

Алланың сыйы - өмір, ауа мына.

Қабірде Мəңкүр-Нүңкір қоятұғын

сауалдың сай болайын жауабына.

Сынақты көп көрумен бес күндегі,

Жүреміз түнек емес, жарық тілеп.

Ол жақта еркелетпес ешкім мені,

Өлеңнен қолы тимей қалыпты деп.

Болмаймын босқа өмірден түңілгендей,

Тартқызбай əзəзілге етектен еш.

Тірлікте кеткен жаман түк үлгермей,

Құр өлең жұмақ жаққа жетектемес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет