Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата06.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7923
1   2   3   4   5   6

Жанель МАҚАЖАН, актриса:

10

–Театрдың 

актерлік 

құрамына 

қабылданғаныңызбен 

киноматография 

саласындағы жұмысыңызды да ақсатпайтын 

боларсыз? Жақын арада сізді қандай фильм-

дерден көре аламыз?

–Алдағы  уақытта  «Тоқал»  фильмі  мен 

«Рождество  в  детском  доме»  фильмінен  басты 

рөльдерде көре аласыздар. Екі фильмнің де пре-

мьерасы күз айында. 

–  Бір  сұхбатыңызда  «болашақта 

дизайнерлік 

қырымнан 

танылсам», - 

депсіз.  Театр,  кино,  қолөнердің  жүгін 

бірге  арқалаудың  ауыртпалығы  қандай? 

Барлығына 

үлгеретініңізге 

қарағанда 

уақытыңызды 

жоспарлап 

жүретін 

болғаныңыз ғой.  

– Əже-апаларымыздан бастау алған тігін 

өнері  əулетімізде  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып 

келеді. Өзім кішкентай кезімнен қуыршақтарға 

көйлектер  тігіп  үйренгем,  ал  нақты  қолым 

жаттығып, киімдер тіге бастағанда 15 жаста бо-

латынмын. Жалпы қандай қарбалас жұмыс бол-

са да, спектакльден кейін де үйге барып іс тігу 

əдетіме  айналып  кетті.  Өзім  тігінді  анамнан 

үйрендім,  бүгінде  кішкентай  қызым  да  тігеді. 

Күніне 5-6 сағат қана ұйықтаймын. Уақытымды 

жоспарлаймын  деп  айта  алмаймын,  соған 

қарамастан, адамда ниет пен айналысатын ісіне 

сүйіспеншілік болса бəріне үлгереді екен. Алла 

қаласа,  өзімнің  жеке  кəсібімді  ашып,  өз  туын-

дыларымызды қойғым келеді. 



– Ақтоқты бейнесін жасау - кез келген 

актрисаның арманы. Кезінде Қазақстанның 

халық  артисі  Шолпан  Жандарбекова  апа-

мыз  сомдаған  Ақтоқтыны  ойнау  кім-кімге 

де осал тимейтіні анық. Осы рөліңіз туралы 

айтып берсеңіз.

– 90-маусым  Ғ.Мүсіреповтің  «Ақан 

сері - Ақтоқты»  трагедиясымен  жабылғанын 

өздеріңіз  білесіздер.  Ақтоқты,  біріншіден, 

кез  келген  актрисаның  арманы.  Екіншіден, 

мəртебелі  болғанымен  машақаты  көп  бейнені 

ойнаудың  жауапкершілігі  мен  жүгі  ауыр. 

Сахнаға  бір  рет  шығарған  кейіпкерімнің  жан-

дүниесіне  үңіліп,  табиғат,  болмысын  аша  ал-

дым деп айту қиындау болар, сондықтан алдағы 

91-маусымда дайындығымды шыңдап,  рөлімді 

сəтті шығаруға барымды саламын. Ал бағасын 

көрермендер береді.

–  Сізге  У.Шекспирдің  «Лир  патша» 

трагедиясынан  Регана  ролі  ұсынылғанын 

білеміз. 

Алайда 

спектакльдің 

тұсауы 

кесілгелі  өзіңізді  бірде-бір  рет  бұл  рөлден 

көре  алмадық.  Жалпы  бұл  бейнемен  театр 

сахнасына қашан шығасыз?

– Өткен маусымда тұсауы кесілген спек-

такльде  біздің  құрам  өнер  көрсете  алмады. 

Десе де, алдыңғы маусымда Регана бейнесімен 

сахнаға шығамын деп үміттенемін. Кейіпкеріме 

келетін болсам, Регана - шаруаны үндемей жүріп 

тындыратын жан. Ал өз басым «адамдардың ту 

сыртынан  пышақ  ұрғанша»,  бетіне  айтқанды 

жөн  санаймын.  Соған  қарамастан,  ролім  өзіме 

Өнер 

жолын 

екі 

жасы-

нан  Ғ.Мүсірепов  атындағы  Қазақ 

мемлекеттік 

академиялық 

бала-

лар  мен  жасөспірімдер  театрынан 

бастаған  Жанель  Мақажан - бүгінде 

М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік 

академиялық драма театрының басты 

кейіпкерлерін  ойнап  жүрген  актриса-

лардың  бірі.  Қарашаңырақ  театрда 

Ұлттық  өнердің  шолпан  жұлдызы, 

Қазақстанның  халық  артисі  Шолпан 

Жандарбекова сомдаған Ақтоқты ролін 

иеленген  актриса  еліміздің  киномато-

графия  саласының  дамуына  да  өзіндік 

үлесін қосып келеді. Оған дəлел, биылғы 

жылы  тұсауы  кесілген  Елбасымыздың 

өмір  жолы  жайлы  түсірілген  Сергей 

Снежкиннің  «Жұлдыздар  тоғысқанда» 

фильміндегі  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

анасы Əлжан рөлі. 

 *«Үркер»*№102016


11

ұнайды.


–  Екі  жасыңыздан  бастап  Ғабит 

Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік 

академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер 

театрында өнер көрсеттіңіз. Ата-анаңыздың 

да  аталған  өнер  ордасында  еңбек  еткенінен 

хабарымыз бар. Болашақта балаларыңыз да 

актерлік  мамандыққа  бет  бұрса  қарсылық 

танытар ма едіңіз? 

– Əкем Тимур Мақажанов - актер, режис-

сер, продюсер. Ал анам Бекзада Əбілхайырова 

Ғ.Мүсірепов  театрында  «Костюм»  бөлімі 

мен  «Тігін»  цехының  меңгерушісі  болып 

қызмет атқарған. Қазіргі уақытта зейнеткерлік 

демалысқа  шыққанына  қарамастан  еңбек  жо-

лын жалғастырып келеді. Екеуі аталған өнер ор-

дасында танысып, шаңырақ көтерген болатын. 

Өзім де Ғ.Мүсірепов театрында өстім десем бо-

лады. Екі жасымнан спектакльдерге қатыстым. 

Ал 


балаларымды 

өнерге 


жақындатқым 

келмейді, себебі қыз болсын, ұл болсын өнердің 

жолы  ауыр.  Оларды  спорт  немесе  кəсіпкерлік 

салаларынан көрсем деймін. Десе де, болашақта 

артист  боламын  деп    талаптанып,  алдарына 

мақсат  қойып  жатса,  көп  қарсылық  танытпай-

мын.

–  Елбасымыз  Н.Назарбаевтың  өмір 

жолы  туралы  «Жұлдыздар  тоғысқанда» 

фильмінде  Президенттің  анасы  Əлжан 

роліне  талас  көп  болған  шығар.  Режис-

сер  бойыңыздағы  қандай  қасиет,  қарым-

қабілетіңізді  байқап,  сізге  аталған  рөлді 

сеніп тапсырды екен?

–  Режиссердің  не  үшін  мені  таңдағанын 

білмедім, алайда маған осындай жауапкершілігі 

мол  рөлді  бергеніне    қуаныштымын.  Бұл 

фильмдегі  ең  басты  табысым,  Ресейдің  кино-

режиссері Сергей Снежкинмен жұмыс істегенім 

деп  ойлаймын.  Сонымен  қатар,  М.Əуезов 

театрындағы əріптесім Еркебұлан Дайыровпен 

серіктес  болдым.  Онымен  алғаш 2013 жылы 

Айдын Сахамановтың «Тағдыр» телехикаясын-

да бірге жұмыс істеген едік. Бүгінде М.Əуезов 

театрының  сахнасында  Ғ.Мүсіреповтің  «Ақан 

сері - Ақтоқты»  трагедиясында  ол  Ақанның, 

мен Ақтоқтының рольдерін ойнаймыз. 



–  Еліміздің,  Ресейдің  режиссерлерімен 

киноматография  саласында  болсын,  театр 

саласы  болсын  біраз  жұмыс  жасадыңыз. 

Солардың  ішінде  «мені  өзгеше  қырымнан 

ашты, 

шығармашылық 

шеберлігімнің 

шыңдалуына көп септігін тигізді» деп кімді 

баса айтар едіңіз?

–  Маған  бұл  сұрақ  бірінші  рет  қойылып 

тұрған  жоқ,  бəріне  айтатыным  бір  жау-

ап:  режиссерлерді  отандық,  шетелдік  деп 

бөліп-жарғым  келмейді.  Əр  режиссердің 

өзінің  көзқарасы,  жұмыс  істеу  тəсілдері  бо-

лады.  Əрқайсысымен    жұмыс  істегенде  жаңа 

дүниелерді  үйреніп,  өзімізді  əр  қырымыздан 

жетілдіріп  отырамыз.  Ал  өнерге  деген  жо-

лымды  ашты  деп  «Қалаға  келген  қыз» 

фильмінің  режиссері  Рүстем  Əбдірашев  пен 

«Қош  бол,  Гүлсары»  фильмінің  режиссері 

Ардақ  Əмірқұловты  айтар  едім.  Ал  Ресейдің 

режиссерлерінен  «Жұлдыздар  тоғысқанда» 

фильмінде  бірге  жұмыс  істеген  Сергей 

Снежкинді жоғары бағалаймын. 



–  Рөлдің  сəтті  шығуы  актер  мен 

режиссердің  бір-бірімен  ортақ  тіл  табысып, 

түсіністікпен  жұмыс  істеуіне  тікелей  байла-

нысты.  Режиссерлермен  ойыңыз  бір  жерден 

шықпай,  келіспей  қалған  кездеріңіз  болды 

ма?

–  Келіспей  қалған  кезім  болды.  Мен  ой-

найтын қыздың өзін-өзі ұстауы, іс-əрекеті маған 

ұнамады.  Сондықтан  режиссермен  осы  рольге 

байланысты  дауласа  бастадым.  Ақыры  ойы-

мыз бір жерден шықпағандықтан, мен фильмге 

түсуден бас тарттым. Алайда, ол режиссермен 

өмірде  қарым-қатынасымыз,  сыйластығымыз 

жақсы. Қазіргі уақытта араласып тұрамыз.

– Əңгімеңізге рахмет, шығармашылық 

табыстар тілеймін!

 

Сұхбаттасқан Мөлдір БЕКЖАН.

Жанель МАҚАЖАН. 

«Режиссерлерді отандық, шетелдік деп бөліп-жарғым келмейді»


12

Лїпіл


Əсел ОСПАН  

1978  жылы  Алматы  облысын-

да  дүниеге  келген.  Абай  атындағы 

Қазақ 


Ұлттық 

педагогикалық 

университетінің 

түлегі. 


Алматы 

қаласында  тұрады.  Өлеңдері  журна-

лымызда алғаш рет жарияланып отыр. 

К КТЕМ К ШІП 



БАРАДЫ 

К НДЕРІМНЕН...



Бақытым шығар...

Бақытым шығар, өзіңмен бірге жүргенім,

Тағдырым шығар, тағдырмен күнде біргемін. 

Паңдығым шығар, ешкімге сірə дес бермес,

Қиялым шығар, арғымақ атқа мінгенім.

Өр көңіл шығар, өрекпіп кетсе сезіммен,

Ертеңім шығар, ертегі жырым өрілген.

Еркелік шығар, назданып саған қарасам,

Жақұтым шығар, көзімде жасым төгілген.

Жастығым шығар, жанарым нұрын төксе егер,

Албырттық шығар, алқынып егер кетсе дем.

Ұяңдық шығар, сырымды көпке жая алмай,

Арманым шығар, жете алмай мəңгі көксеген.

Көңілім шығар, жиегін аңсар көктегі,

Тəтті мұң шығар, таңдайдан дəмі кетпеді.

Ақындық шығар, өрнегін салса жүрекке,

Ғашық қып жырға қойғызды сезім көктемі.

Аналық шығар, ұлымды құшып сүйсем мен,

Құштарлық шығар, құмары қанбас күй десем,

Сенімім шығар, Аллаға деген мың мəрте,

Сұлулық шығар, байқамай жүрген күнде сен.

Тамыз кеші

Тамыз кешін сезіммен мүсіндеген,

Мəйегіңдей ұйылып бүкіл денем.

Күлтесіне ілінген гүлдей көңіл, 

Көрген сəтте өзіңді үзілген ең.

13

Көңілімді гүлзарға айналдырып,

Жұлдыз куə, тұр əне ай да күліп.

Жанарымның жарқ еткен жасындарын,

Қойдың сен, жарығым-ай, қайдан біліп?!

Тамыз кеші- біз үшін арайлы шақ,

Сезім-ниет, тілекпен қарайды ұзақ.

Мен ұсынған сол алма жүрегім боп,

Айқасқанын білмедік қалай құшақ.

Тамыз кешін жаныңмен əрлендіріп,

Шұғылалы жүрекке сəулең кіріп.

Басталғандай өмірдің жаңаша əні,

Елеңдеймін келердей əнмен күліп.

Көктем көшіп барады

Көктем көшіп барады көңілімнен,

Көңілімнен қалайша жерідім мен.

Торлап алып сезімнің мұнарасын,

Гүлзар бақта тағы да егілдім мен.

Өте шығар деп пе едім қас-қағымнан,

Суарғандай жүректі жас тамызам.

Тоңып барам, тоңдырды бүгін тағы,

Көктем көшіп кеткендей аспанымнан.

Күтпес шақтың аяңы жеткендей ме,

Қарай-қарай артыма кетсем кейде.

Көңілімнен кетсе де көктем көшіп,

Шуағын тек күн нұры төксем дей ме.

Жастығымды қайтейін күнде күлген,

Айырмасы жоқ та оның күлте гүлден.

Арманымды арқандап Алатауға,

Көктем көшіп барады күндерімнен.

Көктемдеріммен біргемін мен......

Муза

Көрдім сені таулардың тастарынан,

Туған жердің ұшырдың аспанынан.

Көрдім сені балалық күндерімнен,

Көрдім сені көздерден жасқа тұнған.

Көз ілмедім сені іздеп түндерімнен,

Қайран уақыт, қайда сол күнде күлген.

Нəрсіз қалған гүлдердей жүдеп көңіл,

Муза, сенсіз айырылам  сүлдерімнен.

Өмір осы парақтай қатталынған,

Жұлқынады желменен ақтарылып.

Көкейімде қалса мың жатталып əн,

Муза, сенсіз кетердей бақ тарылып.

Муза қайда?

Мен қайда?

Шабыт қайда?

Бір мезгілде үшеуі табыспай ма?!

Сыр сандықтай ашылып, ақтарылып,

Қағаз, қалам кезексіз жарыспай ма?!

Əсел ОСПАН. «Көктем көшіп барады күндерімнен...»

14

Самғаттырып қиялдың көк пен жерін,

Кептірмеші сиясын көк дəптердің.

Адастырып арманым кетсе алдымнан,

Музам тұрды өтінде өкпек желдің.

Қайран муза!

Жаныма жақұт сепкін,

Жарқылдасын өмірім, жалт-жұлт етсін.

Шабытымды жырыммен қайтарамын,

Қайтарамын бəрін де, бақытты еткін....

Жарқырашы күндер

Жарқырашы күндер

                         санамда сəуле сілкінсін,

Аһ ұрып кеудем

                        соңғы рет қана күрсінсін.

Жұтаңын қушы

                       көңілдің мұңшыл көзінен,

Адамдығым үшін 

                          бəрі де бəрі мүмкін сын.

Жарқырашы күндер 

                      мойылдай көзге нұр сіңдір,

Тойынып қалсын

                       шуақтарыңнан құлқым бір.

Омырау еміп,

                     сүт іздеген күндердей,

Өмірге келген

                     сəбидей қайта құлшындыр.

Жарқырашы күндер

                    нөсерден кейінгі сəттей бір,

Көзі де күннің

                          ұяла қарасын пəктей бір.

Аспантаулардың

                            арыны ғана дем берер,

Қарысын мейлі,

                  жаным мен тəнді өрттей жыр.

Жарқырашы күндер 

                  жылға азық болсын, бар айым,

Лапылдап бірге

                           жалындайыншы, жанайын.

Тағдырдың барлық 

                                 сəтсіздіктерінің үстінен,

Өмірге ғашық 

                       көздермен ғана қарайын.

Жарқырашы күндер 

                      жарқырай берші, жанайын....

Мен сені күнде көрем

Мен сізді күнде көрем,

Жанымнан жыр да жазып, гүл де өрем.

Сезіміңді ақ бұлт та жасыра алмай,

Шақырайып тұрғандай күн төбеден.

Мен сені күнде көрем,

Көлеңкесі тағдырдың бүркемеген.

Сезім-теңіз, айдынның аққуы боп,

Сол теңізге аққу боп күнде келем.

Мен сені күнде көрем,

Үнсіз ғана ұғынып, үндемегем.

Қос жанарың жарқ етіп шағылғанда,

Ағып түскен жұлдызды түн бе дегем.

Мен сені күнде көрем, 

Қиялымның бағынан гүл де терем.

Сəуле шашса тұп-тұнық көздеріңнен,

Таусылмастай көрінер мүлдем өлең...

 *«Үркер»*№102016

15

Проза


Асхат ӨМІРБАЕВ    

1982  жылы  Шығыс  Қазақстан 

облысында  дүниеге  келген.  Əртүрлі 

байқаулардың  жүлдегері.  Баспасөз  са-

ласында  көптен  бері  еңбек  етіп  келеді. 

«Үркер – Үміт» бəйгесінің жүлдегері.

 

ШОЛПАНШАШ 



СҮМБІЛІ

Жоңғар Алатауы етегіндегі жайқала  өскен 

гүлдердің күлтелеріне шық тұнған шақ. Маңғаз 

таудың ту сыртынан көздерін сығырайта ашқан 

күннің  сəулесі  баурайдағы  жасыл  құрақтың 

жүзін  қытықтап  жіберді.  Əлі  ұйқысынан 

оянбаған  еңістегі  ерке  гүлдерді  салқын  самал 

баяу желпіп өтті. Осы бір табиғаттың мамыра-

жай тірлігін əйелдің ащы дауысы бұзды. 

-  Сəрби,  əй,  Сəрби!  Тұрсаңшы,  қордағы 

қой маңырап кетті. Өріске апару керек.

- Қазір мам... 

Қыз асығыс киіне бастады. Есіне ең алды-

мен төсек тартып қалған əкесі түсті. Сосын үйдің 

қоңырқай  тірлігімен  кеш  батыратын  шешесі. 

«Осы  үлкен  кісілер  қызық.  Осы  таудың  ішінде 

не бар? Ертелі кеш малдың соңынан салпақтап 

бүкіл  өмірлерін  өткізбекші  ме?  Қалада  ғой 

қызықтың  бəрі.  Ал,  мұнда  қимайтын  не  бар? 

Рас,  табиғаты  тамаша.  Басқа  ештеңе  жоқ  қой. 

Шіркін,  қаланы  айтсаңшы!  Ішің  пысса  киноға, 

болмаса би кешіне барасың. Саябақта серуендеп 

қыдырасың.  Достарың  да  көп.  Қалада  оқыған 

төрт жылым өткізген бүкіл ғұмырыма татиды-

ау!».

-  Əй,  қыз,  ұйықтап  қалдың  ба?  Неғып 



шықпай  жатырсың.  Сен  тұрғанша  сиырларды 

сауып бітіретін болдым ғой. 

- Қазір барам. 

«Осы  қыз  қалада  жүріп  əбден  ұйқышыл 

болып кетіпті» деді шешесі Айғаным өзімен-өзі 

самбырлап жүр. Сəрби ренжіп қалған шешесінің 

бетінен сүйіп, құшағына қысты. 

-  Болды  енді,  жас  бала  құсамай.  Тез 

шəйіңді іш те, малды өріске шығар. 

- Жарайды, - деді ол қуана.  Қыз жуынып

дастархан басына жайғасты. Сары самаурынның 

етегіндегі  дөңгелек  сырлы  зередегі  майыққан 

сиыр  сүтінің  қаймағына  бауырсақ  батырып 

жеді. 


-  Əкеңнің  жағдайын  білесің.  Екі  аптадан 

(Əңгіме)

16

 *«Үркер»*№102016

бері  орнынан  тұра  алмай  жатыр.  Кір-  қоңын 

жуып, денесін ысқылайын. Тəуір болып кеткен-

ше кезектесіп малды баға тұрайық. Айтпақшы, 

сен дəрігердің оқуын бітірген жоқпысың? 

- Дəрігер емес, микробиолог. 

-  Мейлі,  ендеше.  Тауға  барғанда  емдік 

шөптерді  теріп  ала  кел.  Бізге  қарағанда  көзің 

ашық қой. Дəрі жасайық. Ауруы басылсын. 

- Жарайлы, мам. Дəрігерлер не дейді?

-  Білмедім.  Диагнозын  таба  алмады  ғой. 

Не ауру екенін де білмейді. Солар бəленбай жыл 

не оқиды өзі? 

    Қызының  тұнжырап  қалғанын  байқап 

қалған шешесі:

-  Көңіліңе  алма.  Менің  салдырлап  айта 

беретінімді білесің ғой, - деді жайбарақат. Сəрби 

мырс етіп күлді де, қабағын түйе қойды. 

- Мүмкін жазылмайтын ауру шығар. 

- Жазылмайтын ауру болушы ма еді? Алла 

тағала əр аурудың емін қоса жаратқан. Жарай-

ды, бар енді, бол! Күн болса ысып келеді. Тезірек 

таудың баурына жетіп ал, қызым.   

   Бұл кезде ойдан өрге лекіп соққан сау-

мал  самал  қыздың  көйлегін  желпіді.  Сəрби 

тауларға  қарап,  бір  сəт  ойланып  қалды.  Сəл 

төменірек сағым буа бастаған жасыл кілем қалт 

еткен қарадан ада екен. Есіне құла таңның аппақ 

шапағын  жамылып  қойды  өріске  жаятын  əкесі 

түсті. Үйге қайта кіріп, əкесінің халін сұрады.  

- Тəуір болып қалдың ба, əке? – деді ескі 

төсекте  ұзыннан  созылып  жатқан  əкесінің  жа-

нына тізерлей отыра кетіп. 

- Бүгін жақсымын, қызым.  Ертең малды 

өзім бағам. 

-  Жоқ,  сіз  əбден  құлан-таза    айығып 

кетіңіз. Мен үлкен болдым ғой.

-  Үлкен  болдым  дейсің  бе?  Сен  əлі  бізге 

кішкентай  қыз  сияқтысың, - деп  Əбілсейіт 

қызының  маңдайынан  сүйді.  – Дипломыңды 

алдың.  Үлкен  қызметке  тұрасың  əлі.  Шешең 

екеуіміз сенің тілеуіңді тілеп жүрміз ғой. 

-  Əке,  қалаға  көшейікші.  Мал  бағуға 

денсаулығың да жарамайды. 

- Шешең екеуіміз осында талай жыл тұрып 

үйреніп қалдық қой. Қала кезіп жүре аламыз ба?  

-  Сіздерді  қалаға  көшіріп  əкетем. 

Қартайғанда қиын болмай ма?

  Əбілсейіт ауруы сыр беріп, зорға жыми-

ды. 


-  Сонда ауылда кім қалады? 

  Сəрби əкесін одан əрі қинамайын деген-

дей, күлімсіреп сүлсоқ қолдарын ұстады. 

- Сəрби... 

Шешесінің дауысы қаттырақ естілді.  

-  Жарайды,  əке.  Сен  алаңдамай  дем  ала 

бер. Тауды жақсы білемін ғой. Малды өзім жай-

ып келемін, - деп тысқа шықты.   

 - Болсаңшы еді, түс болды ғой. Сенің осы 

қияли мінезің-ай! Əнеу жуас атты көрдің бе?

- Қайшықұлақ па? 

-  Иə,  соны  ерттеп,  жөнел,  - деді  шешесі 

шыж-быж  болып.  Іле  жылқы  оқыранды. 

Əлі  үйретілмеген  жылқының  дауысындай. 

Қыз  жақындап  келіп  жонынан  сипамақ  еді, 

текті  жануар  бір  орнында  тапжылмай  қалды. 

Қайшықұлақты  бұрыннан  таниды.  Бұл  жорға 

шабысқа  жоқ  демесең  жылқы  желісте  дес 

берместің  нағыз  өзі.  Сəрби  алдына  жарым 

отарға  жуық  қой-ешкіні  салып,  тауға  қарай 

тартты. Сонау етекте жылан бел күміс бұлақтың 

қос қапталына қанқызыл итмұрын толған екен. 

Қалқиған тамнан қозыкөш алыстап кетті. 

Сəрбидің  бүкіл  бұлтсыз  балалық  шағы 

осы өңірде өткен. Бұлақтың еншісіндей сыңғыр 

ете  қалатын  сылдыр  күлкісі  қыздың  жайдары 

жүзін  мүсіндейтіні  қашаннан  дағды  болатын. 

Алатаудың  ертегідей  сұлу  баурындағы  шағын 

қыстақ  жанындағы  арқыраған  өзенді  сұмдық 

сүйетін.  Арнасы  бұралаң,  терең  иірімсіз  тау 

бұлақтарының  жанында  асыр  салып,  ұзақты 

күн  салқын  суына  шомылып  сырлас  болды. 

Жағалай өскен бүлдірген мен қарақатты сауып 

кететін. Дəл қазір сол балалық шағы есіне түсіп 

отыр.     

- «Шіркін-ай!  Мына  гүлдерді-ай!  Аттан 

секіріп  түсіп  теріп  алсам  ба  екен?»  деді  қыз 


17



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет