Бақтыгүл МАХАНБЕТОВА.
«Ұлттық əдебиетімізді британдықтарша насихаттайық!»
38
* «Үркер»* №5* 2014
жырларының, шешендік сөздердің, эпостық,
лиро-эпостық жырлардың, тіпті осы күнгі
ақын-жазушылардың елеуге тұрарлық
еңбектерінің жалпы мазмұны, тіпті
автордың өзі туралы деректердің қысқаша
əрі қызықты етіп берілуі керектігіне на-
зар қоямын. Бұл орайда, қазақ елінің өмір-
деректері де кезең-кезеңдерімен қамтылады,
яғни кейіпкер сөйлеп жатқанда, бір жағынан
тарих, қоғам жайындағы бейнеролик
деректі фильм сюжет немесе фотоальманах
ретінде көрсетілмек. Аудионұсқасын дай-
ындау да жоспарда бар. Оқырман тек оқып
қана емес, тыңдай да алатын мүмкіндікті
де қарастырудамын. Айта кетер бір жəйт,
біз түпнұсқадағы көнерген сөздерді сақтай
отырып, оған сілтеме-түсіндірмелер
береміз. Анимациялық қосымша да жос-
парымызда. Оқырманмен кері байланыс
негізінде шығармалар жөніндегі пікірлері,
толғаныстарымен бөлісетін арнайы ве-
бинарлар ұйымдастыру жоспарда бар.
Қазір ғаламтордың мүмкіншілігіне шек
келтірмейміз, дегенмен елімізге келіп
жатқан туристер мен іскер адамдар көп.
Мəселен, ЭКСПО-2017 халықаралық
көрмесіне 5 миллиондай қонақ келеді деп
күтілуде. Сол келген қонақтар қазақ елі ту-
ралы мағлұмат алу үшін, өнімдерімізді өз
елдеріне сатып алып кетері анық. Өйткені,
өнімдеріміздің қазақ тілінде ғана емес, со-
нымен қатар, ағылшын тілінде де жарық
көруіне күш салуға тырысамыз. Жалпы,
бір шығарма жеті тілде ұсынылады. Қазақ
үшін жеті саны қасиетті саналғандықтан,
алдымен жеті тілде насихаттап көрейік,
алда тағы көре жатармыз деп отырмын.
Сондықтан екі-үш жылдың көлемінде
бірқатар шығарманы дайындап үлгерсек те
жаман болмас еді, себебі бір шығарманы
алты деңгейлі нұсқамен дайындау аз ша-
руа емес. Осылайша оқырманның немесе
тіл үйренушінің сөздік қорын байытып, бір
шығарманың алты деңгейлі мазмұндалған
форматымен бірге жетіншісі болып берілетін
түпнұсқаны толық оқуына қызығушылық
тудыра аламыз. Жоба өнімдерімен танысып,
қазақи болмыс қызықтырған əлемнің небір
мықтылары біздің ұлттық шығармалар
негізінде фильмдер түсірсе, спектакль-
дер сахналанса, ол да біздің абыройы-
мыз емес пе? Дегенмен, қаржылық көмек
көрсетуге мүмкіндіктері бар ұлттық жəне
халықаралық компаниялардың басшыларын
жəне жекелеген ұлтжанды кəсіпкерлерді, со-
нымен бірге шығармаларын жаңаша бағытта
насихаттағысы келетін ақын-жазушылар мен
дүниеден озған жазушылардың мұрагерлерін
жобаға серіктес болуға шақырамын.
Бұл жобада негізгі шығарманың таныс-
тырылымынан кейін ұсынылатын қазақтың
ұлттық киімдерін, əшекей бұйымдарды, киіз
үй жабдықтарын, ұлттық аспаптарды жасап
жүрген шеберлердің өнімдерін жарнамалау
мақсатымен «Мен қазақпын» атты түрлі-түсті
қосымшасы қамтылатынын қолөнермен ай-
налысып жүрген шеберлерге де құлаққағыс
жасағым келеді. Осы мақсатта журналистер
қауымына да айтарым бар. Бойларында
қаламгерлік қабілеттері жақсы қалыптасқан,
орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген
қазақтың дарынды ұл-қыздарымен жобаны
іске асыруда бірге жұмыс жасасақ, біз ал-
майтын қамал, бұзбайтын шеп болмас, сірə.
Істі жалтақтамай жүзеге асырайық.
39
Хатќа тїскен сґз
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе»
дейді атам қазақ. Осыған орай халық
қаһарманы, Ұлы Отан соғысының даңқты
командирі, қазақтың көрнекті жазушы-
сы Бауыржан Момышұлының нақыл сөзін
айтып кеткен жөн болар. Ол: «Мен үш
нəрседен қорқамын. Бірінші, өзінің сəбиіне
бесік жырын айта алмаған анадан; екінші,
немересіне ертегі айтып бере алмаған ата-
əжеден; үшінші, екі қазақтың бір-бірімен
орысша сөйлесіп тұрғанынан» деген екен.
Расында да, кешегі күнге дейін
балаға деген ана махаббаты «Бесік жыры»
арқылы берілген. Ана сəбиін бесікке
Динара МАСАҚОВА
1989 жылы Алматы қаласында дүниеге
келген. 1996-2007 жылдар аралығында
М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гим-
назиясында, 2007-2011 жылдар аралығында
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде
оқыды. Қазіргі таңда «Ана тілі» газетінде қызмет атқарады.
ҚАЗАҚ ДЕСЕҢ,
ӨЗІҢЕ ТИЕДІ...
бөлерде бесік жырын айтып, сол арқылы өз
сүйіспеншілігін:
Əлди, əлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Аққұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін, – деп білдірген.
Ал қазір сəбиіне бесік жырын айта-
тын аналарды кездестірмейсің. Бесік жы-
рын айтпақ түгілі, сəбиді бесікке бөлеуді де
қойдық. Ауылдық жерде бұл дəстүр бірен-
саран үйде сақталған, ал қалалық аналар
қазіргі медицинаның талаптарына сүйеніп,
40
* «Үркер»* №5* 2014
сəбилерін құндақтамайды. Келіншектер
өздерінің дене-бітімін сақтау үшін, сəбилерін
6-7 ай ғана емізіп, сəбиді бесікке бөлеудің
орнына қоларбада тербетіп ұйықтатады. Ол
аздай ата мен немере теледидардан небір
жантүршігерлік фильмдер мен əдепсіз
көріністерді қатар отырып көретін болды.
Ұйықтар алдында немересіне ертегі
айтатын ата-əжелеріміз жоқ емес, бар. Бірақ
санаулы ғана. Ертегі біздің бəрімізді, мейлі
ол жас болсын, мейлі ол ересек адам бол-
сын, үлкен əсерге бөлейді емес пе?!
Отбасында сəби өмірге келіп, ес
кіре бастаған кезден-ақ үйдегілер қазақша
сөйлеуі керек. Қазір көбісі орысша сөйлеуге
құмар, орысша сөйлеп тұрғанымен мақтана
ма?! Əлде оны сəн деп ойлайды ма?!.
Отбасында қазақтың салт-дəстүрін
сақтап, баланы сəби кезінен бесікке бөлеп,
бесік жырын айтып, ертегілер əлеміне
бөлесе, əу бастан қазақ балабақшасына,
қазақ мектебіне берсе, жастайынан ел на-
мысын қорғаушы азамат болуға баулып,
үйде тек қазақша сөйлесе, міне, сонда ғана
еліміздің нағыз патриотын тəрбиелеген бо-
лар едік. Сондықтан Елбасының: «Қазақ
қазақпен қазақша сөйлессін» деген ұлағатты
сөзін, ең алдымен отбасымызда іске асыру-
ымыз керек.
Жалпы, қазақтардың басқа жұртқа
қарағанда асыра сілтеушілігі бар ма деген
ой келеді. Бірінен-бірі асырып той өткізу
арқылы өзінің байлығын көрсетіп, атын
шығарғысы келеді. Қазақтың тойына бір-екі
жылқы жетпей жатса, сол тойды өзбектер
бір қойдың етімен өткізіп жатады. Бізде
мақтампаздықтың шектен шыққаны сон-
ша, демалыстарда ауыл жаққа жол түскен
кезде, ауылдардың тұсындағы бейіттерді
көріп, таңғаласың, өлілерге арналған
мазарлардың кереметтігі сонша, бірінен-
бірі асып түседі. Оның өзі қаншама шығын.
Байлар мен бизнесмендердің бейітін
күзетіп отыратын ақылы күзетшілер де
көбейіп кеткен. Мысалы, Алматы қаласында
қайтыс болған қоғам қайраткерлері мен
танымал тұлғаларды жерлеуге арналған
мұсылман зираты – «Кеңсай зираты» бар.
Олардағы белгілер бірінен-бірі асып түседі,
əрқайсысының бір-бір күзетшісі бар.
«КТК» телеарнасының жаңалықтары-
нан Қарағанды қаласындағы «Айжан»
ЖШС-і зиратын көрсетті. Ол зиратта
45 сантиметрлік жер 70-80 мың теңгеге
сатылатындығын айтты. «О дүниеге кеткен
жақындарымызды жер қойнауына да ақша
төлеп тапсыратын болдық» деп ашынған
жұрт шағым айтуда. Жеңіл жолмен ақша
табуды көздеген осы зираттың басшысы,
бұл ісін кəсіпке айналдырған. Бұл не деген
сұмдық?!
Қаншама ақшасы асып-тасып жатқан
бай болсын, мейлі қарапайым жұмысшы
болсын, біз бəріміз Алланың алдында
теңбіз. Басқа елдерде мұндай сұмдыққа жол
берілмейді. Өйткені, оларда тəртіп қатаң.
Ал неге біз оған жол беруіміз керек,
ұят қайда, ар-намыс қайда? Қазақ десең
өзіңе тиеді...
41
Хатќа тїскен сґз
Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ
1951 жылы Қызылорда облысы-
ның Қармақшы ауданында дүниеге
келген. ҚазМУ-дың журналисти-
ка факультетін бітірген. Қазақстан
Жазушылар жəне Журналистер
одағының мүшесі. Қазір «Қазақ газеттері» ЖШС-не қарасты
«Экономика» газетінде қызмет істейді.
Ақынның əр жылдары «Шапағат», «Сағымсары», Сыр
мен Арқа саздары», «Жүрегімнің шуағы», «Жарық сəуле»,
«Арыстанбай батыр», «Тұрымбет жырау, «Қасиетті мекен»
жыр жəне дастан кітаптары жарық көрген. Бірнеше жыр
мүшəйраларының жеңімпазы əрі жүлдегері.
СЕКСЕУІЛГЕ БАРҒАНДА
Сүйек өтер суық жел ызғып алдан,
дене жаурап, кетеді мазаң қашып.
Сексеуілді «ЗИЛ» тартып мызғымаған,
отыншылар енді отыр қазан асып.
Қара қазан бұрқылдап ошақтағы.
жас ет исі барады мұрын жарып.
Арқа-басы бəрінің босап қалды,
бойларына керемет жылу дарып.
Майы кілкіп піскен ет балбырайды,
оққа ұшқан киік тым семіз тегі.
Жас баланың жүзі оттай албырайды,
кім түсінген қаяуды сезімдегі?..
...Жолай бұлар бір үйір киік көрген,
бара жатқан жазықта оқтай ағып.
«Құдай бізге несібе үйіп берген»,-
дед і біреу атпаққа оңтайланып.
«Зил» киіктің алдын кеп орағанда,
жібермейді көздеген жан қапысын.
Қос қарудан қанды оқ борағанда,
қасапшылар жалаңдатты бəкісін.
Беу, дүние атқан оқтар дөп тиіп,
жануарлар тұяқ серпе ышқынды
Қанға бөгіп қала берді көп киік
көздерінен ытқытып от ұшқынды...
Бұдан артық содыр, сойқан бола ма,
соны көріп көңіл мүлдем шошынған. .
Бауыр десе – бауыр етім езіліп,
Жїрем ылєи нўр сезімге шомылып...
42
* «Үркер»* №5* 2014
Қанды қасірет.орны əсте тола ма,
түсінбей-ақ қойған бала осыған?!
***
Жылдар жылжып, жыл артынан
жыл ақты,
өмір-өзен толқынына көміліп.
Адам –керуен сол ізбенен зыр қақты,
байлық, олжа сарқылмастай көрініп.
Құм суырған жазық жатыр мұң шағып
сексеуілі сиреп, семіп, жұтаған.
Табиғатқа қатыгез боп мұншалық ,
құрта берсе не қалады бұтадан?
Қай қиырда ақбөкендер жүр екен,
сұрау салсам даусым сірə, жете ме?
Зымыраннан запы болған бұл мекен,
ғұмыр бойы үрейленіп өте ме?!
Сексеуілдің жігеріндей серт қайда,
жетпей даусым,
қарлығады өр демім.
Ауыл барсам... өршіп жанған өрт сайда,
ал, жазықтан жалғыз киік көрмедім.
Кім жұбатар жүдеу тартқан сезімді,
сыртым- бүтін, ішім-түтін, келемін.
Сексеуілге барған сол бір кезімді,
жиі неге еске ала беремін?
Түсінбей-ақ жүрмін осы өзімді,
түсімде де ылғи киік көремін.
БӨРІ ТІРЛІК
Тағдырына назалы,
өкпелі ме,
Айға қарап көк бөрі ұлып отыр.
Қаша-қаша өкпенің өшкені ме,
Дөң үстінде діңкесі құрып отыр.
Көп иттерге таланған дене быт-шыт,
Жарақаты жан қоймай сыздар тегі.
Кеше сап –сау,
жабысты бүгін қырсық,
Қанталаған көзінде ызғар лебі...
Байғыз ұшқан бейуақта туды қауіп,
Көкжал жатты қансырап,
əлі қашқан.
Азу тісін қайрайды ауық-ауық,
Бөрі тірлік қалпынан жаңылмастан.
Өлді ақыры...
Басына байғыз қонған,
Қарға, құзғын олар да шұқып жатыр.
Бөрі еді-ау тірлікте айызы қанған,
Енді орнында қу сүйек тұқыл жатыр.
Бөрі тірлік осы ғой,
қайбір оңған?!
БАУЫР
Бауыр деген—
дүние ғой бір бөлек,
Бауыр деген—
үлкен сезім керемет.
Осы сөзде—
құдіретті күш барын,
Бауырым өзің,
ойлап көрші зерделеп.
Бауыр десе—
намыс бойын кернеген,
Бабаларым
жауға найза сермеген.
Жау қолына жазатайым
түссе де,
Өзін тосқан—
бауырын оққа бермеген!
43
Көне кезден—
ел аузында жүр аңыз,
Аңыздағы
сөзге еріксіз тұрамыз.
Жау қолына
тұтқын болып түсіпті,
Отбасымен
бір ақылды анамыз.
Жау мейірімсіз
жасайды өз дегенін,
Не тұрады—
оған қаны өзгенің?.
Ханы тұрып
шарт қойыпты əйелге,
Кім біліпті,
нені ойлап, сезгенін?
Бұлар-- төртеу:
əйел, ері, баласы,
Бауыры бар,
соңына ерген қарасы.
Əйел содан---
тек біреуін таңдайды,
Қалғанына
бола алмайды арашы.
Хан бұйырды:
«Таңда ,-деді,-біреуін!»,
Екеуіне—
бұйырғалы тұр өлім.
Қайсар ана
көп ойланды,толғанды,
Бірақ, бұрды--
бауырына жүрегің!
Дұшпан ханы—
бұған бір сəт дағдарды,
Жоғалтты деп,
мына əйел бағдарды.
Бірақ, ана
бауырын аман қалдырып,
Қиды өлімге-
баласы мен жан жарды.
Хан сенбестен:
«Не үшін?!»-деді, сұстанды,
Бірақ, əйел,
айтты сөзін ұстамды.
« Күйеу өлсе,--
тием тағы күйеуге,
Сəбилі боп,
ұмытам ғой құсамды...».
«Ал, бауырды,—
қайдан табам бауырды?»,
Мына сөзге—
ханның жаны ауырды.
Ақылына--
тəнті болып əйелдің,
Азат етті--
бір үйлі сол қауымды.
Сан көрсе де
сан құқайың азаптың,
Бауыр десе—
Жөні бөлек қазақтың!
Қасиеті ғой,
қаныңда бар ең үлкен,
Оның сыры,
сиқыры да ғажап мың.
Балалы үйдің базарында—
мол үміт
Көргеніміз –қоңыр тірлік,
қоңыр құт.
Бауыр десе--
бауыр етім езіліп,
Жүрем ылғи
нұр сезімге щомылып!
Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ. «Бауыр десе – бауыр етім езіліп,
Жүрем ылғи нұр сезімге шомылып»
44
«Їркерде» шыќќан...
«Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты жастардың
қоғамдық-саяси «Үркер» журналының сайттағы жас
оқырмандарының белсенділігі қуантады. «Үркердің»
сайтына келіп түскен пікірлер саны біршама артқан.
Бүгінгі таңда «Үркерге» 2 мыңға жуық оқырман кіріп, ой-
толғамын білдірген. Біз үшін əрбір оқырманның пікірі мен
ұсынысы маңызды болып табылады. Алдағы уақытта
да оқырмандарымызбен орнатқан байланыс одан əрі
жалғасады деген ойдамыз.
«ҚҰРТ» (Əңгіме) №9, 2013 ж.
Авторы: Бекзат Алтынбек
Бауыржан Бердібай
Университет – зообағым (сатира) Табиғатта
түрлі мекен орындары бар. Олардың бірі Сарыарқада
ғана кездесетін дөңгелек шыны илеу. Ең алдымен,
ол университеттің пішіні студенттерден жасалған
«консерві» іспеттес. Əсіресе, бұл əсер сессия жəне
емтихан кездерінде жақсы байқалады. «Консервінің»
құрылыс сапасы — сараптамадан өтпестей-ақ.
Сондықтан болу керек, 60 пайыз студент «саумын»
деп айта алмай, параларға қатыспайды… Құрамында
элиталы маркировкасы бар ұстаз-балықтар кездеседі.
Алайда, өндірілген жер шетел болмағандықтан, құны
жоғары, алайда құнарсыз студент-шабақтар да табылады.
Тіпті, тылсым бірақ дəстүрлі заңдылық бойынша,
кем дегенде 30 пайыз студенттер мүлде жараспайтын
банкілерге сұрыпталынады. Жолы болмағандары…
дер кезінде, тиісті банкісіне секіріп үлгермей, сапасы
жоғалады. Студенттер екі түрге жіктеледі: стипендиямен
қоректенетіндер жəне оқуақы бөлетіндер. Біріншілері
екіншілерінен білім жағынан құнарлылау. Студенттер
үйір-үйір болып 25 секторлы торда тіршілік етеді.
Бұл – мəжбүрлік. Себебі, табиғи мекендері тым алыс.
Ол жаққа жеткенше уақыт пен нəр тым көп кетер еді.
Үн шығарушы студенттердің кең тараған тұқымы –
шертушілер. Олар уылдырық кезінде ауылдық аймақта
болғандықтан, орыс үндеріне тиісті жауап қайтара
алмайды. Сонымен қатар, тарсылдатушылар, басушылар,
шиқылдатушылар, үрлегіштер барлығы бірігіп, торды
да, консервіні де у-шуға толтырады. Бұл құбылыс
қыс ортасында жəне жаздың басында жиі кездеседі.
Одан басқа интеллект жағынан жоғары топ жəне ин-
теллект жағынан төмендеу топтар бар. Біріншілерінің
сыртқы көрінісі ДНК-жағынан идеалды болмаса да, да-
рын деген ген арқылы дүние тудыра алады. Екіншілері,
ДНК-жағынан сəтті жаратылса да, тек қайталау қабілетіне
ие. Мысалы: драматург – актер, композитор – вокалист.
Хореографтар – сұлу, дені сау, мықты құрбақалар іспеттес.
Ең саналы топ – сыншылар-шағушылар. Одан
басқа, бояу жағушылар, ұйымдастырушылар да бар.
Барлығының ортақ қасиеті – көсем-апай-ағайдан үрку.
Жүз балл деген пұтқа табыну. Мен барлық тіршілік
иесін сүйемін!
«Пілте шам» №11, 2013 ж.
Авторы: Айнұр Базарова
Жеңісбек
Айнұр, бұдан да əрі іздене түсіп, жаза бер.
Құттықтаймын, жарайсың.
«Қара жолға қарайлап жанарым жүр»
№4, 2013 ж.
Р.Əлқожа, жырларың жүрекке жетті. Керемет…
Арамызда осындай таланты тасыған бауырларымның
барына Аллаға шүкір! Аллам жар болсын! Жазатын
жырың таусылмасын.
«Ең ұзақ түн» №1, 2014 ж.
Авторы: Асхат Өмірбаев
Серікжан, студент
Асхат Өмірбаев қазіргі жас прозашылардың
ішіндегі өзінің оқырмандары бар мықты жазушы. Оның
əңгімелері бірқатар белді басылымдарда жарияланып,
оқырмандардың ыстық ықыласына бөленіп үлгерді.
«Жастықтың жігерін жаныған журнал»
№12, 2013 ж.
Авторы: Динар Нөкетаева
Күнсұлу, «Үркердің» оқырманы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университеті көп жылдық тарихы бар оқу ордасы. Бұл
оқу орны ең керекті де ең маңызды мамандық иелерін
оқытып, тəрбиелеп шығаруда. Қыздардың тəлім-
тəрбиесі мен шығармашылығына көп көмегін тигізуде.
Дайындаған Үміт ЖҰМАДІЛОВА
45
Жаѕа кітап
Ырысбек Дəбейдің «Қазақ əдебиеті»
газетіне шығып тұратын қысқа əңгіме,
эсселерін оқығанымда ішкі дүниемнің
қатпарында көптен бері қозғаусыз жатқан
асыл бір дүниемді қайта тапқандай ма,
əлде көптен бері көрмеген бауырыммен
жүздескендей ме, əйтеуір бір ішкі байланыс,
бауырға тарту, жақындық сезімі пайда
болған. Осы баланың сырттай тілектесіне
айналып, не жазса да шұқшия оқитын
болдым. Қазақтың жанына жақын етіп
жазады, оның қоржынынан қазаққа керекті
дүниенің бар сөзі табылатындай көрінеді.
Мен соған өзімді сендіріп тастаппын.
«Стиль» деген шағын шығармасынан сəл,
құйтақандай қасаңдық сезіп қап, біраз уақыт
«бұл бала да зымиян қоғамның жатырынан»
шыққан еді-ау, осы біздің тез алданатынымыз
қалай?» деп күйгелектенгенім бар. «Бəрі
алтындай жарқырап тұруы керек» деген
жалған ойға жабысып қалғаным өзіме дұрыс
болып көрініп жүрген тұстарда «Кебінсіз»
деген өлеңін оқыдым. Екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде қызы үйінен қуып шыққан
ана көзінен жасы тарамдана ағып тұрып:
«Менің жасым жуып Амал дəптерін,
Кетсе қайттім кесір неме
кебінсіз» – деп қатыгез қыздың жазасын
тым ауырлатпауын Алладан сұрайды.
Екінші бөлімінде тоналған ен даланың
иесі Шимұрын – елестің адамдары
Құдайдың алдында тыр жалаңаш, кебінсіз
аттандыратындығы жайындағы аңызды
өлеңге айналдырған. Шаһид кеткендер үшін
ғана болмаса, мұсылман баласына кебінсіз
кету сүйекке таңба. Сонда жарып ас ішіп
көрмеген Баймұраттың кінəсі не? Ақыретсіз
кетер не қақысы бар? Ақынның басы ой
қорытатын зауыт секілді. Оның шығаратын
«өнімін» əркім өз бойына өлшеп сіңіреді.
Творчестволық тұлға өзінше бітім, оның
ойы, құбылысты көріп, ой қорытуы өзінше.
Оқырман ретінде біз оған өз көзқарасымызбен
қараймыз. Ал қазақтың көзімен қарасақ ше?
Салмақты сөзді көтеретін түйсік көзі не
дейді бұған? Өзек өртер қасірет, күрсініс.
Осының бəрін Ырысбек сөзбен жақсы
айтқан, жүрекпен айтуы жеткіліксіздеу.
Өлеңде ширығу, бұлқыныстан гөрі сабырлы
ырғақ басым. Айтылар сөз аяғына дейін
ақтарылмай қалған.
Əр ақын өзінің болмыс-бітімін
алдыңа жайып салады. Ырысбектің
табиғаты салмақты. Оның мінезі лапылдап,
жалындап тұрған жоқ. Сақа адамдай өмір
туралы толғайды. Бұған қалай қарайсыз?
ӨЛЕҢ ДЕГЕН
ӨМІРДІҢ ӨЗІ
(Ырысбек ДƏБЕЙ. «Шық тұнған жолдар» – өлеңдер жинағы.
«Ан-Арыс» баспасы, 2013 ж.)
46
* «Үркер»* №5* 2014
Сендірсе, сіңсе несі бар, айтсын. «Кебінсіз»
автордың жанына ең жақын өлеңі шығар,
оқырман ретінде оны көкірегімізге дəл сол
қалпында көшіре алмадық. Ақын мен оқиға
арасындағы ішкі тіндегі бір осалдық, əлсіздік
өлеңге жұтылуымызға, сіңісіп кетуімізге
кедергі келтірді.
Қолымызға Ырысбектің «Шық тұнған
жолдар» деген өлеңдер жинағы тиді. Шап-
шағын. Екі бөлімге бөліп, «Сүрлеу», «Із» деп
атапты.
Қатыгездік пен Ұлы мейірімнің
мəңгілік су бетіндегі суреті –
Үзілген тамырларыммен жабылған
Түйіршіктеріме бастар жалғыз із...
Мүмкін, тасжүректерге айналып,
Тас дəуірлерге аяқ басқанда
Біз тұрған жағалаудан біржола
Кетіп қалдыңыз – дейді.
«Жұмбақтас» деген өлеңінде ішкі
беймазалығын, ішкі ырғағын үнсіз бойға
сіңдіреді. Бала кезде кесте тігеміз. Көбіне көп
құстың, гүлдің суретін салуға тырысатынбыз.
Сонда кесте жіппен бедерлейтін тұстың
бірін кішірейтіп, бірін үлкейтіп, суретке
қимыл беруге əрекеттенетінбіз. Ырысбектің
өлеңдерін оқып отырып, оның ұйқасты
бұзып, ырғақты кедір-бұдыр жолға салып
жіберетіндігі сол бала кезімді еске түсірді.
Сөздері қысылмай-қымтырылмай қатар
түзеп, өз орындарын тауып сурет жасауға
талпынады. Жаңғыруға, жаңаруға ұмтылыс.
Ырысбек солай істейін деп күшенбейді,
өзінен өзі солай шығып тұрады-ау.
«Кертолғау» деген өлеңінде:
Тоқтап қалған
Мəңгілік тоқтап қалғаны рас.
Жанарда қатқан сарғыш тартқан
Жапырақ дірілі.
Өтіп барамыз.... кімді,
қайда қалдырып...
Қолымда үзіліп түскен уақыттың
бұрымы.
Талқылап, таратып жатпай-ақ
Өлең дегеніміздің кəдімгі өмір екенін
ұқтырып тұр.
Жаңалық деген не? Айтылмаған
тақырып па? Айтылып кеткенді өзгеше етіп
айту ма? Əлде көркемдік шешім бе? Ізденіс
пе? Жоқ, жан дүниеңнің терең иірімінде
жатқан көненің көзі мен сөзі ме?
Үркітті кімдерді
Ойыңның салмағы?..
Сол жылы өшкен шам ұзақ жыл
жанбады.
Құлагер сүрінген далада мертігіп,
Ақсады аңдаусыз Алаштың арманы...
Жарасын жасырып жалайтын
күн ұзақ,
Жаралы бөлтірік тауға қарап ұлымақ.
...Далалар төсінде Құлагер – Қазақты,
Елестер қуады қолына құрық ап.
Ұйқастан жаңылыспайын, ырғақтан
мүдірмейін деп сақтанбайды. Қалай төгілсе,
солай құяды. Табиғи, шынай шыққандығы
да содан болса керек.
Ырысбектің лапылдаған махаббат
тақырыбын айналып, оған соқпай
өтетіндігіне əрі таңқалдым, əрі ойландым.
Бұл əлемге кіруге неге өзіне шектеу қойған?
Егіліп, езілуге, шоқтай өртенуге ақынның
нəзік жүрегі шыдас бермейтін болды ма екен.
Мен Ырысбек Дəбейдің болашақтың
ақыны болатынына сенемін. Оған оның ішкі
қуаты жетерлік.
Ділдəр МАМЫРБАЕВА
Редакция мекен-жайы:
050009. Алматы қаласы.
Абай даңғылы, 143, 6-қабат.
Телефондар:
бас редактор – 394-41-34,
бөлiм
– 394-37-27,
компьютер
бөлiмi
– 394-37-87
www.urkerkaz.kz
E-mail: Urker_2010@mail.ru,
Журнал Қазақстан Респуб-
ликасы Мəдениет жəне ақпарат
министрлiгiнде 06. 04. 2009 ж.
қайта тiркелiп, № 10017-ж куəлiк
алған. Айына бір рет шығады.
***
Басуға қол қойылды: .03.2014
Қағазы офсеттiк. 4,2 баспа
табақ. Таралымы . Тапсырыс
№1000. Бағасы келiсiмдi.
***
Редакцияға түскен шығарма-
лар рецензияланбайды. Қолжазба
қайтарылмайды. Көшiрiп басқан
жағдайда «Үркерге» сiлтеме жа-
сау мiндеттi.
***
Жарияланған дүниелердегi
деректердiң
нақтылығына
авторлар жауап бередi.
***
«Үркер» журналында жар-
ияланған материалдардың ав-
торлық құқы «Қазақ газеттерi»
ЖШС-не тиесiлi.
***
Журнал «Қазақ газеттері»
ЖШС-нің компьютер ор-
талығында терiлiп, беттелiп,
«Дəуір» ЖШС-нiң Республикалық
полиграфиялық баспа комплек-
сінде басылып шықты. Алматы
қаласы, Гагарин даңғылы 93.
***
Тел. 394-39-22, 394-39-24
«Үркер», №5 (69), 2014 ж.
« АЗА ГАЗЕТТЕРІ»
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
арасты басылымдар:
Газеттер: «Ана тілі», «Экономика», «Уйғур авази»
Журналдар: «Ақиқат», «Мысль», «Үркер»
« АЗА ГАЗЕТТЕРІ»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты
газет-журналдарға берілетін
жарнама-хабарландырулар ақысының
баға мөлшері
ТТЫ ТАУ
ЕСКЕ АЛУ
К
ІЛ АЙТУ
Суретімен - 10000-15000 теңге
Суретімен – 10000-15000 теңге
Қолма-қол төлегенде
Суретсіз – 8000-12000 теңге
Суретсіз – 8000-12000 теңге
5000-8000 теңге
(көлемі шектеулі)
(көлемі шектеулі)
Ақша аудару арқылы
10000-15000
теңге
АЗАНАМА
20000-25000 теңге
Ша ын хабарландыру – 2000-6000 теңге
Ша ын ма алалар – 20000-60000 теңге
Кәсіпорындар, банктер және өзге де құрылымдар газет бетінің
әр шаршы сантиметріне тг/см² есеп айырысады
4,5,... соңғы бет – (келісім/шарт бойынша) 700 теңге
Журнал бетіндегі т рлі-т сті сурет ба амдары
(әр шаршы сантиметріне - тг/см² )
Бірінші бет – 300 тг.
Екінші бет – 300 тг.
Мақалалар
Соңғы бет – 300 тг.
Фотоочерк – 360 тг.
5000 - 10000 тенге
Ішкі беттердегі әр сурет 3000 – 6000 тг.
Бұған ҚҚС (НДС) қоса есептелген
Мазмұны
Айгүл ƏБДІҒҰЛОВА
Қазақ тілі – барлық ұлттың ана тілі............................................................................................. 1
Айзат РАҚЫШЕВА
Ауыл ашықауыздары ......................................................................................................................... 4
Айдын БАЙЫС
Балқашта ақын бар шығар менен асқан,
Сенен асқан ару жоқ бұл əлемде ...................................................................................................... 8
Ербол БЕЙІЛХАН
Бір əнім бар еді – өзгенің аузында... ................................................................................................. 11
Тұрсынбек БАШАР
Күзден кейін, қыс келмек ................................................................................................................... 17
Шашубай МАЛДЫБАЕВ
Е.Белғозиевті түсінемін... ................................................................................................................ 20
Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ
Сен қазақты мендей сүйші алдымен... ............................................................................................ 14
Нұрлан ҚҰМАР
Əлемдегі жүздің бірі ......................................................................................................................... 22
Батырлан САҒЫНТАЕВ
Торғай ақындық мектебінің дəстүрін жалғастырушы ............................................................ 25
К. МƏЛІКОВА
Гүлнар Міржақыпқызының қымбат бейнесі мəңгі жүрегімізде... .............................................. 30
Дəулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
Мейірім, махаббатқа жүрем шөлдеп... ........................................................................................... 32
Бақтыгүл МАХАНБЕТОВА
Ұлттық əдебиетімізді британдықтарша насихаттайық ......................................................... 36
Динара МАСАҚОВА
Қазақ десең, өзіңе тиеді... ................................................................................................................. 39
Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ
Бауыр десе – бауыр етім езіліп,
Жүрем ылғи нұр сезімге шомылып .................................................................................................. 41
Үміт ЖҰМАДІЛОВА
«Үркерде» шыққан... .......................................................................................................................... 44
Ділдəр МАМЫРБАЕВА
Өлең деген өмірдің өзі ....................................................................................................................... 45
Достарыңызбен бөлісу: |