Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата15.03.2017
өлшемі2,51 Mb.
#9461
1   2   3   4   5

Батырлан САҒЫНТАЕВ. 

«Торғай  ақындық  мектебінің  дəстүрін  жалғастырушы»  

28

əрідегі Шалкиіз жыраудың «Би Темірдің 

тұсында көкке жетті бұ мүйіз» деп жырла-

уы, Марқасқаның Есім ханды мадақтауы, 

берідегі Марабай, Қадірбайлардың Жəңгір 

сарайында болуы, Балта ақынның Алшын-

бай жанында жүруі осы бір жайдың айқын 

дəлелі болса керек. Мəтібайда осы дəстүрден 

аса алмаған. Бірақ ол өзі:

Əй, Көпжан: ірі қараң жүзге жетті,

Өлмесе əкең Мəнтен қайда кетті?

Жұмабай сенен кейін емес еді,

Енсіз тай, сансыз қойын тастап кетті 

– деп сынаған надан да сараң Көпжандар 

емес, еліне «алтын қазық, жаяуға – ат, 

жалаңашқа - азық» болған Бірəлідей көзі 

ашық, көкірегі ояу жандардың жанында бо-

лады. Бір айта кетерлік жайт ақын өлеңінде 

аталған Бірəлі бай тек Мəтібай ғана емес, 

өз тұсында елге аты шыққан Сейдахмет, 

Есенжол, Ақмолда сияқты ақындардан да 

өз қамқорлығын аямаған кісі. Мұнысы бір 

жағынан ақын өнерін сыйлағаны болса, 

екінші жағынан жағымсыз қылықтарын



Қыз алдың Құлан, Жиенбет, 

Қоңырбайдан,

Затсызды  жинап  алдың  əлдеқайдан.                                                                              

Бірəлі  дəулетіңе  көп  мақтанба,                                                                                                            

Ел ұстар бала тумас жадағайдан    – 

деп ойындағысын жасқанбай айтып сала-

тын ел еркесін жанына жақын тартқаны деп 

түсінгеніміз жөн болар. Мəтібайдың да 



...Бірəлі, Сейіткерей асқан шынар,

Көңілін  дұшпанының  басқан  шығар.                      

Күн шалған Ұлытаудың шыңдарындай, 

Жын-шайтан маңайынан қашқан 

шығар  – деп мадақтауы да осыдан бол-

са керек.Жоғарыдағы өлеңде аты аталған 

Сейіткерей Бірəлінің інісі. Өз əулетіне 

қиянат жасаған Рахмет болыстың қызын 

алып қашқанда осы – Сейіткерей. Бұл 

Торғай өңірінде үлкен дүрбелең туғызған 

оқиғалардың бірі. Қызға құда түскен қалың 

Найман көтеріліп ел іші жік-жікке бөлініп 

шырғалаңға түседі. Бұл жайды Мəтібай бы-

лайша суреттейді:    



Кетіпті Рахметтің қызы қашып,     

Маржанның жатырында сідігі ашып.

Кешегі  Ерден,  Берден  кеткеннен  соң,       

Найманның кеткен екен құты қашып.     

    

Тартыстың екі қызды пайда қылып,      

Бір түрлі кедейлікке қайла қылып.     

Түсінен Сейіткерей шықпаған соң,

Қыздарың жайдақ қашты тайға 

мініп...

Өкінішке орай бұл өлең толық 

сақталмаған. Бірақ бізге жеткен аз ғана 

шумақтардан-ақ  ақынның бұл өлеңінің 

үлкен мазмұнды шығарма болғанын, 

Мəтібайдың өзі өмір сүрген тұстағы ел 

ішіндегі маңызды оқиғаларға өзіндік пікірін 

білдіріп отырғанын байқауға болады.  

Сөз соңында Мəтібай өлеңдерінің 

құрылысына  тоқтала кетсек. Бізге жеткен 

Мəтібай өлеңдерінің барлығы дерлік 11 бу-

ынды қара өлең үлгісіндегі ұйқасы шымыр 

төрт аяғын тең басқан туындылар. Сөзіміз 

дəйекті болуы үшін ақын өлеңдерінен мы-

салдар келтірейік.

Атаңыз ат бермеген, ас бермеген,

Ат беріп, ас беруді қош көрмеген.

Бұл Ерден, Берден қайдан оңсын,

Əкесі Кендірбайға бас келмеген.

Тай менен Досмағанбет ақылың жоқ,

Бір құлды осыншама қастерлеген.

Құлыңнан сары табан биемді əпер,

Кетейін бөлек жайлап басқа елменен.  

            



 *«Үркер»*№52014

29

немесе:


Ибрахим пайғамбарым малды болды,

Мал біткенде жандының алды болды.

Жүз түйе тауға шығып құрбан қылып,

Жалғыз ұл Смағұлға салды қолды. 

Мысалға келтірілген  шумақтардан 

 

ақынның өлең құрылысын жетік меңгергенін 



көреміз.

 «Ас бермеген, қош көрмеген, бас кел-

меген, қастерлеген, басқа елменен» деген 

сияқты 4 буынды ұйқас Мəтібай өмір сүрген 

дəуірдегі кез келген ақынның жырлары-

нан кездесе бермейді.  Бұл Торғай ақындық 

мектебін өзге ақындық мектептерден 

ерекшелейтін құбылыс.. Мəтібай болса осы 

ақындық мектептің белді бір өкілі. Торғай 

ақындық мектебінің тағы да бір белгілі өкілі 

- Əбіқай Нұртазаұлы  өзінің «Өлең туралы 

ойлар» атты қара сөзінде өлең ұйқастары 

жөнінде: «Өлең көркі – ұйқас. Ұйқассыз 

өлең болмайды. Өлеңнің түбірі төрт жол, 

сол төрт жолдың мағынасы бір-бірімен 

қабысып келуі шарт. Ол қабыспаса өлең 

емес. Абайдың « бөтен сөзбен былғанса 

сөз арасы, ол ақынның білімсіз бейшарасы 

дейтіні де осы. Өлең ұйқасып келуі керек.» - 

дей келе, «Төрт буынды ұйқас – балталасаң 

бұзылмайтын, көкірегіңнен сызылмайтын 

ойлы өлеңнің көркі. Қазақтың қара өлеңі 

үшін жаралған ұйқас осы - төрт буын. Онсыз 

ұзақ жолды, шұбыртпалы ұйқасты өлеңіміз 

ыдырап, іріп, өлеңдік қасиетінен айырылып 

қалады»[5] - деп құнды пікірлерін келтіреді. 

Мəтібай бұл мүддеден толық шыға білген 

ақын. Оның өлеңдеріндегі сөздер талғамалы 

да таңдамалы да орындарын таба білген 

шебер үйлесімділіктің үлгісін көрсетеді. 

Ақынның ел арасына кеңінен тараған тағы 

да бір өлеңі «Масайраған байларға» деп 

аталатын толғауы.  Аталмыш толғаудың 

құрылысы  11 буынды қара өлеңнің 3 бу-

ынды ұйқаспен келетін «түрікпен ағымы» 

үлгісінде.



Табын-табын мал жиясың байеке,

Осы бақыт мəңгі болмас тиесі.

Өмір бір күн жауар бұлттай өзгеріп,

Біз болармыз сол байлықтың иесі...    

Бұл үлгі қазақ жазба поэзиясы 

дамығанға дейін сирек қолданылғанымен 

Торғай ақындық мектебінде жиі ұшырасады. 

Бұл осы өңірден шыққан Сейдахмет, 

Əбіқай, Күдері, Файзолла, Əлмұхаммед 

ақындардың өлеңдерінен көрініс береді. 

Аталған ақындардың бір дəуірде, бір өңірде 

өмір сүргенін ескерсек бұл əдеби дəстүрдің 

Мəтібай өлеңдерінен де көрініс табуы 

таңқаларлық жай емес. Қайта бұл Мəтібай 

ақынның аты аталған Торғай ақындық 

мектебінің көрнекті бір өкілі екенін дəлелдей 

түседі.


Батырлан САҒЫНТАЕВ. 

«Торғай  ақындық  мектебінің  дəстүрін  жалғастырушы»  

Əдебиеттер:

1.Сыздықова Р.  18-19 ғ.ғ. қазақ əдеби тілінің тарихы. Алматы: Мектеп, 1984.-248 б.  

2.Əубəкіров Қ. Мəтібай қажы Сарбасұлы. // Ақжол. 1992, 19 шілде.

3.Бектемісұлы Н. Ахмет ұшқан алтын ұя. Астана: Елорда, 20017 -200 б.   

4.Əлмағанбет Б. Торғайдың топжарғандары. Алматы , 2005 -240 б.

5.Оспанов С. Əбіқай ақын. //  Торғай таңы. 1991, 5 қаңтар.           

30

Ірілерден ќалєан із

Ұлтына  ұран    салған  көрнекті  қоғам 

қайраткері    М.  Дулатовтың    шығарма-

шылығын  дəріптеу,  ақынның өмірі мен 

қоғамдық көзқарастарын, халқына арналған 

шығармаларынан жан-жақты мағлұмат 

беру,  жас  ұрпақтың    шығармашылық      да-

рынына шабыт, серпін беруде алтын-

нан ардақты, күмістен салмақты Гүлнар 

 

 

апамыздың Міржақып қызының еңбегі зор 



еді. Өкініштісі апамыз өткен жылы орта-

мыздан  кетті.  Бұл    қайғы    əрқайсымыздың 

жүрегімізді  қынжылтты.  Оған  еш  шара-

мыз жоқ...  Бірақ мектебіміздің аты ардақты 

атамыз Міржақыптың есімімен аталуына 

байланысты алтын ұямыздың мерейін тек 

аудан, қала, республика көлемінде ғана 

емес халықаралық деңгейде де үстем ете 

берсек, апамыздың атын ұмыттырмай, қоса 

шарықтата берерміз... 

Міржақып Дулатовтың өмірі  мен 

қызметі, қайраткерлік еңбегін бүгінгі 

ұрпаққа жеткізгенін  оның туған қызы 

Гүлнар Дулатова мектеп оқушыларына 

келген сайын əңгімелеп беруші еді. Сол 

күндер бізге енді елес болып қалды. Алайда 

мектептің Міржақып атындағы мұражайы 

осы тарихи көріністерді сақтап, келер 

ұрпаққа бұлжытпай жеткізері сөзсіз.

Гүлнар 


Міржақыпқызының 

қымбат бейнесі 

мәңгі 

 жүрегімізде...



31

Дулатова Гүлнар Міржақыпқызының 

қымбат бейнесін əр уақыт есте сақтауымыз 

керек.


Дулатова Гүлнар: «Менің əкем ба-

уырмал, ақкөңіл, балажан адам бола-

тын.  Шешендігі  де  таңғажайып  еді. 

Мінезінде қайсарлық та, бірбеткейлік 

те  бар.  Өзінің  айтқан  сөзінен,  ұстанған 

бағытынан таймайтын. Түрмеде оны 

жалғыз ұстағанда да мойынсұнбады. 

 

Ол  түрмеде    қара  наннан  шахматтың 

мүсіндерін жасап, қағазға тақта сы-

зып, екі жақ болып өзімен - өзі шах-

мат ойнаған ғой. Қағаз бермесе, кітап 

ұстатпаса,  олай жасамай қайтсін. 

Түрменің сақшылары есіктің құлып са-

латын тесігінен оны көріп  таң қалатын 

көрінеді. Тоғыз ай түрмеде отырғанында, 

ату жазасына бұйырылғанында күйзелген 

шағы да болыпты. Оны көршілес камера-

да отырған Махмади Мамаев деген кісі 

елге оралғанында жыр қылып айтқан-

ды. Мен əкемнің тұңғышы болғандықтан 

жəне басқа перзенттері қалмағандақтан 

əкемнің фамилиясын алып жүрдім. 

Сол үшін көрмеген қиындығым жоқ. 

Қазақстанда жоғары оқу орындары 

мені  қабылдамаған  соң,  Томскіге  барып 

медициналық институтқа оқуға түстім. 

– деген еді. 

Абыз анамыздың өлмес өнегесі мен 

өшпес үлгісі келешек ұрпақтан ұрпаққа 

жететіні анық.

Күлпаш МƏЛІКОВА, 

М.Дулатов атындағы №136 мектеп 

гитмназиясы  директорының тəрбие 

жұмысы жөніндегі орынбасары,

 Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің 

«Құрметті қызметкері»

Алматы қаласы  

  

К. МƏЛІКОВА. 



«Гүлнар  Міржақыпқызының қымбат бейнесі мəңгі жүрегімізде...»

32

Поэзия


САБЫРҒА ҚҰЛДЫҚ

Өткен күндерді өксітіп,

Қырманын қайтем сапырып,

Аязда жүрек өтті үсіп,

Ышқынып боран ақырып.

Дəулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ 

1964 жылы 8 наурызда ҚХР Іле қазақ облысы, 

Тəңір тауы бөктерінде дүниеге келген. 1981 жылы орта 

мектепті, 1983 жылы Педогогикалық техникумды, 

1988 жылы Шыңжаң оқу-ағарту институтының физика 

факультетін бітірген. Монғолкүре аудандық №1 орта 

мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, Құлжа қаласындағы 

Саяси мектепте бірліксап жəне зиялылар мəселесі бойынша ұстаз болды.

1994 жылы тəуелсіз Қазақстанға біржолата көшіп келді. 1996 жылдан 

Қазақстан Республикасының азаматы. 1994 жылдан жазушылар одағының, 

2006 жылдан журналистер одағының мүшесі. «Халық кеңесі», «Ислам жəне 

өркениет» газеттерінде жұмыс істеді. Қазақстан Жазушылар одағының жанынан 

шыққан «Əдебиет айдыны» газетінде тілші, жауапты хатшы, Бас редактордың 

орынбасары болып қызмет атқарды. 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, «Алматы» телеарнасы ұйымдастырған 

жыр мүшайраларының жүлдегері, Түркияның Елазық қаласында өткен түркі 

мемлекеттерінің халықараалық «Һазар чиір акшамлары» фестивалінің дипломаты.

Қазіргі таңда халықаралық мəдени-интеллектуалды Диалог-Еуразия 

Платформасы «da Қазақстан» журналының Бас редакторы болып қызмет 

 

атқарады. 



«Мейірім, махаббатќа 

жїрем шґлдеп...»

Таңдайда тəтті  дəмі бар,

Ғашықтық күндер шұғыла.

Сезімге селдей малынар,

Қарамай сырт көз сұғына.

Ұмытып, сызып тастауға,

Адамдық арым көнбейді.



33

Бас қойған мөлдір бастауға,

Ғажайып шақты көмбейді.

Таң сайын жүрер тіріліп,

Дидары жарқ-жұрқ етеді.

Көрсеткеніммен ірілік,

Əкетер жастық жетегі...

Демеймін жүрек сағынба,

Көңілім кейде көсіл бір.

Идіріп басын Сабырға,

Нəпсінің алам өшін бір.

Қамаймын торға қиялды,

Ұшырман енді қызықтап.

Қорғаймын жылы ұямды,

Келмесін қайтып бұзық шақ!

***

Асып тұр дəрежемнен осы құрмет,

Иə, Алла, кешірім ет, кешірім ет!

Өзімнің зорға таптым лашығымды,

Өмірдің адастырар есігі көп.

Ешқашан айта алмаймын кендемін деп,

«Сыйла!» – деп жүктемеспін елге міндет.

Тəнімді, жанымды да кірге малып,

Күні ертең енгім келмес жерге кірлеп.

Сөзіңді тойтармаймын тоң мінезбен,

Ғұмырда қиын-қыстау жолды кезгем.

Өрнектеп өмірімнің ізін салып,

Өткіздім өзім жазған томды көзбен.

Ұрпағым, жақтыр мейлің жақтырмағын,

Көрдің бе, мəңгі бақи бақ тұрғанын?

Шертілген шежіремді шимайлама,

Танымай тарихымды лақтырмағын!

Нəпсінің əміріне жүгірмедім,

Сендердің көңіліңе жүгінгемін.

Ойымның омыртқасын үздім талай,

Айтуға тілім жетпес бүгін менің.

Көп жерден бой көрсеттім сескену жоқ,

Жалындап жандым жəне сексеуіл боп.

Құм құйдым көмейіне көкігеннің,

Тоқтаттым тоғышарды ессе гулеп...

Алланың нығыметі бөлеп мені,

Артымда қалды қайқаң, он өткелі.

Кездескен алдымдағы кедергілер,

Жидітіп жігерімді бор етеді.

Ұрпағым ұялмасын күні ертең деп,

Қолымды көп алдында күлем сермеп.

Қабағын адамдардың көтеруге,

Мейірім, махаббатқа жүрем шөлдеп!

***

Жасын бұлдайды, басын бұлдайды,

Бірақ айтпайды адамдық құн жайлы.

Иманға келмеген кəрі тарлан көп,

Қабылдай алмадым өз басым мұндайды.

Жаттаған сөз бен ақыл айтады,

Тұрып айтады, жатып айтады.

Ақсақты тыңдай, өтірікті шындай,

Суқитып, көзді бақырайтады...

Бір сөзден бір сөз шүпірлетеді,

Тəкаппар, паңдық, күпір кетеді.

Талай тағдырды таразыға салып,

Омыртқасын үзіп күтірлетеді.

Ызғарын шашып ықтырып айтады,

Қисайған жаққа нық тұрып айтады.

Жеткізер ойдың жүйесін таппай,



Дəулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ. «Мейірім, махаббатқа жүрем шөлдеп...»

34

 *«Үркер»*№52014

Сабырды сақтап күттіріп қайтады.

Иманы жоқтар іріген бүгін,

Шашады көпке шіріген жынын.

Өнегесі жоқ өсектің қабы,

Жауластырады бірімен-бірін.



***

Қалауын жанның іздедік,

Үміттен күдер үзбедік.

Ауаны салқын меңдетті,

Сұр бұлттар көшті күз келіп.

Солай да солай... аунар күн,

Шежіре бетін аудардым.

Жыр болып тұнып таңдайға,

Нұр болып қашан саулармын?

Адамдық өмір, ей, іргем,

Басталар ықылас, пейілмен.

Кісілік кілті сезімде,

Ашылар мəнің мейірмен.

Жағымсыз сөзден жақ сынған,

Лəззатты таны, тап шыннан.

Жаратқан бізге тілдерді,

Табысу үшін тапсырған.

Маусым да маусым, маң басып,

Даланы жатыр шаң басып.

Түскенше алға тартайық,

Тағдырдың керіп шалмасын...

Кеудеде жүрек дүрсілдеп,

Өзгермей өтсін бір сурет.

Құбылтқан сыртқы ғаламды, –

Ішіңде көктем тұрсын деп!

***

Барады дүн-дүние дөңгеленіп,

Бəрі тез уақытта қысқарғандай.

Отырар қария қалмай төрге келіп,

Арзандап ортамызда мыс қалғандай.

Адамдар өнегеге ұмтылмайды,

Құмартқан формасы мен құбылысқа.

Сөз бар да, əрекет жоқ ұлтым жайлы,

Би болар ер қалмады бір ұлысқа.

Жек көрген бірін-бірі шабардайын,

Пенделер шамырқанып өштеседі.

Сілтейтін құрығы бар саған дайын,

Жау болып шыға келер дос кешегі.

Тіл шіркін найза болды, қылыш болды,

Сипаған алақандай мейірі жоқ.

Əдепсіз ожар мінез қырыс болды,

Үйлесіп сыйласуға бейімі жоқ.

Жайлаған айналаны бұл не сұмдық,

Айқасар құшақ болса қайтер еді?!

Жайнаған заман қайда іргесі құт,

Елдіктің теңселеді бəйтерегі...

***

Хат жазған қайран достар бір кездегі,

Бұл күнде бара жатыр жатқа айналып.

Елесі сəби шақтың жүр көздегі,

Хал-жайын сұрамаймыз, жақ байланып.

Сезімнің дəмін ойлап тамсанамын,

Тумайды көкіректен күмбір əнім.

Қарсы алған қайран күндер таң самалын, –

Өткен шақ өкініш боп бұлдырадың!..

Бөліскен шаттығымды, сырларымды,

Бала кез бақытымның нұр шүлені.


35

Арнаймын осы күнде жырларымды,

Көңілім мұңға батып күрсінеді.

*** 


Аллаға құлмысың, жаннатқа құлмысың?

Жұмақ Оның бір сый етер мүлігі.

Ұмыт қалмасын Раббы Құддысың,

Нəпсіден туады құлдардың бүлігі.

Мақсат – ризасын алуға бас тігу

Қайда қоярын Өзі біледі.

Тұрпайылықтардан барынша сақсыну,

Сабыр мен мінез – төзімің еді.

Құранды жаттау аздық етеді,

Амалың болмай, білімің болса.

Қаншама «мұнафиқ» жазды қатені,

Қаныңа сіңіп, нұр-ілім қонбаса.

Орын таппайды нəпсі ішіңнен,

Жүрегің түзу, болса ми-есің.

Көрінсе құран көркем ісіңнен,

Муслим атқа мінсіз иесің. 

Ұмтылу жұмақ-рахат шақтарға,

Ол да – пенделік, нəпсінің шыңы.

Сөзің мен формаң үмітті ақтар ма?

Сөйлеуден тұрмайды жақсының сыны.

Қайтарым аңсау қалақ санадан,

Алламен саудаласқаның қалай?

Жан тыныш таппас жалақтағаннан,

Болмай ма таққа таласқаныңдай.

Аллаға аян, көріп тұр, əне,

Жұмысың – миың, жүрісің – күйің.

Нəпсі таудай боп төніп тұр дəме,

Хадис қалпың боп, жібісін иің.

Жан сұлулығы көркем сипатың,

Көмбеңе сені көтеріп қояр.

Патшадан аңсау мəртебе сый-тасын,

Құлдың бағынған ықыласын  жояр.



Айтулылар айтқан сөз

Дəулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ. «Мейірім, махаббатқа жүрем шөлдеп...»

Мемлекеттік тіл – кез келген 

мемлекеттік ұлт саясатының өзегі болып 

табылатыны жақсы мәлім. Қазақ тілі – 

Қазақстан халқының басын біріктіруші 

бірден-бір фактор. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ


36

Бақтыгүл МАХАНБЕТОВА, 

тіл жанашыры 

Шет тілдер институтын ағылшын тілі пəні 

бойынша тəмамдаған. Абайдың 150 жылдығына 

арналған республикалық мұғалімдер сайысында 

үздік мұғалім атағына ие болған.   

Арбаныѕ алдыѕєы дґѕгелегі

Еліміздегі кəсіпкерлікті да-

мыту саясатының аясында ұлттық 

құндылықтарымызды дəріптеу мақсатымен 

тілдерді дамыту бағдарламасына қосар 

үлесім ретінде елімізге берер пайдасы мол, 

сауабы күшті ұлттық жобаны бастауға 

ниеттеніп отырмын. Тəуелсіздік алған 

жылдары үлкенді кішілі жиындарда, түрлі 

дөңгелек үстелдерде айтып келе жатқан 

тілді əдебиетпен бірге насихаттау туралы 

ұсынысымды соңғы уақытта бірді екілі ба-

сылымдарда айтқанмын. Əлі де күрмеуі 

шешілмеген қазақ тілінің қолданыс аясын 

барынша кеңейту мүмкіндіктерін көбейтіп 

жатқан қазақтың ұлтжанды азаматтарының 

игі істері мені де жігерлендіріп, бүгінгі күні  

құр сөзден іске көшу қажеттігін сезіндім. 

Бүгінде  ағылшын тілінде жазылған 

шығармалардың əлем жұртшылығына 

мазмұндау əдісімен ұсынылуы ағылшын 



а

а

а

а

қт

қ

қ

қт

ыг

ыг

үл

үл

М

М

АХ

АХ

АХ

Х

АХ

АН

АН

А

А

А

БЕ

БЕ

БЕ

Е

ТОВА, 

ті

ті

ті

ті

і

л 

л

л

л

л

жа

ж

на

на

шы

ш

ры 

ти

ти



ти

ти

ту



т

ту

ту



у

ты

ты



ы

н 

н



ағ

ағ

ыл



ыл

ыл

ыл



ы

шы

ш



шы

ш

н 



н

н

ті



ті

лі

л



 пəні 

Аб

Аб



Аб

Аб

б



ай

ай

а



й

ды

ды



ң 

ң

ң



ң

15

5



15

15

15



5

0



0

жы

жы



жы

ж

лд



лд

лд

д



ығ

ы

ы



ына

л

л



л

л

л



л

ық

ық



ық

ық

ық



м

м

м



м

ұғ

ғ



ал

л

а



л

ім

ім



ім

ім

ім



де

де

де



де

д

д



р 

р

р



са

са

са



са

йы

йы



йы

сы

с



нда

и

и



ие

ие

ие



и

ие

и



ие

и

и



и

б

б



б

б

б



б

б

ол



ол

ол

ол



о

ға

ға



н.

н

.



   

ы

ы



ѕ

ѕ

ѕ



є

є

ы



ы

 д

д



д

д

ґ



ґ

ґ

ґ



ѕ

ѕ

ѕ



ѕ

г

г



г

е

е



л

л

л



е

е

е



г

г

г



і

і

і



Ұлттық  

әдебиетімізді 

британдықтарша  

насихаттайық



37

тілінің үстемдік құруына тікелей үлес 

қосып отыр. Мен ұсынып отырған жоба 

да  ұлттық құнды шығармаларымыздың 

əлемдік жауһарлар қатарынан орын алу-

ына септігін тигізетініне сенімдімін. 

 

«Абай жолына» кез келген оқырманның 



тісі бата бермесі анық. Өте күрделі, астар-

лы оймен берілген сөз тіркестерін қазақ 

тілін үйренушілерге мағыналары ұқсас 

жеңілірек сөз тіркестерімен алмастырып, 

ұғынықтырақ берілсе, шығарманы оқу 

қызығырақ болады. Оның ең алдымен қазақ 

тіліндегі мазмұндау əдісімен жасалған 

нұсқасын деңгейлі түрде дайындап, содан 

кейін ағылшын тіліне аударып оқыту, бұл 

— мен қолға алып отырған игі бастаманың 

негізгі атрибуттарының бірі. Негізі, тек 

ағылшын тілінде ғана емес, əлемнің бірнеше 

тілдеріне аударуға ниеттеніп отырмын. Осы 

жəне өзге де жауһарларымызды насихаттау 

арқылы халыққа бүгінгі заман талап етіп 

отырған еліміздегі оқырманға ағылшын 

тілін меңгертумен қатар, оқырманның 

əдебиетімізге деген қызығушылығын 

арттыруға себі тисе, шетелдік оқырманға 

əдебиетіміз бен мəдениетімізден, тарихы-

мыз бен салт-дəстүрімізден мағлұмат беру 

мүмкіндігін молайтамыз. Бүгінде қазақ 

тілін үйрету курстарының олқы түсіп келе 

жатқан тұсы да осы əдебиетіміздің кемшін 

насихатталуынан, əдістемелік жобалардың 

дұрыс пайдаланылмауынан деп ойлай-

мын. Нəтижесінде қазақ тілі орыс тілінің 

шаңына ілесе алмайтын халде, яғни 

əдебиетіміздің белсенді насихатталуы 

жетіспейді. Есесіне, көпшілік жастарымыз 

ақын-жазушыларымыздың аты-жөндерін де, 

олардың еңбектерін де білмейді. Сондықтан 

мен шетелдік озық тəжірибелерге сүйене оты-

рып, əдістемелік құрал ретінде алдымен жа-

зушы шығармасының деңгейлік мазмұндау 

тəсілі арқылы иллюстрациялы жəне элек-

тронды кітап нұсқасын, сонымен бірге 

 

ролигін жасаймын. Роликте шығарманың 



басты кейіпкері оқырманмен ой бөліседі, 

пікірлеседі, яғни моноспектакльдік көрініс 

табады. Театр жəне кино актерлерін тартуда 

жоспарда бар. Қаржылық қолдауды дұрыс 

ала алсам, тəрбиелік маңыздылығы басым 

қысқаметражды фильмдер түсірсем деген 

де арманым бар жəне жоспардағы кітаби 

нұсқасын шығару үшін де көп қаражат ке-

рек екен.  Мен бұл жобаның авторы ретінде 

жазушылармен, режиссерлармен, өзге 

де мамандармен кездесіп, шығын құнын 

анықтаудамын. Ұлттық жəне шетелдік 

компанияларға да ұсыныс жасамақпын. 

Идеямды қолдап, көмек қолын созуға даяр 

кəсіпкерлер де табылып жатыр. Тіпті, 

мемлекеттік қолдау ретінде тендер алу да 

ойда бар.  Алғашқы  нұсқаларын сайт арқылы 

таныстырамыз. Еліміздегі орта жəне жоғары 

оқу орындарының кітап қорына бір данадан 

үлестіріп, таныстырып болғаннан кейін, 

жеке тапсырыстарды қабылдау жұмысын 

бастаймыз. Ел-жұрт, оқырман жобаның 

тиімділігіне көз жеткізсін. Содан кейін мем-

лекеттен де тапсырыстар түсе бастайтын бо-

лар. Өйткені, бұл жоба мектептер мен жоғары 

оқу орындарында таптырмас дидактикалық 

құралға айналмақ. Мен  бұл жобада қазіргі 

күні қаптап кеткен жазушылардың сапа-

сыз дүниелерін емес, жоғарыда айтқандай, 

əдебиетіміздің жаухарларының, яғни «Абай 

жолынан» бастап, барлық классиктеріміздің 

шығармаларының, жырауларымыздың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет