Айзат РАҚЫШЕВА. «Ауыл ашықауыздары»
8
Поэзия
ҚҰСТАРЫМ МЕНІҢ
Ақ семсер қанат құстарым менің,
Құс тілі көне құштарым ба едің!
Қауырсынынан қара өлең тамған,
Қоримын құс боп пұшпағыңды елім.
Мұнтаздай мөлдір сағыныш əні,
Аспанға мені алып ұшады.
Сəт сапар!
Үш ақын – үш түрлі мінез, яғни, шығармашылық тілмен айтқанда үш
түрлі стиль. Айдын, Ербол, Жанат жырларының маған ұнайтын тұстары,
оларда авторлардың өздері бар. Бұл деген сөз аталған жас ақындардың
қалыптасып, өлең өлкесінде өз қолтаңбасын табу барысындағы жетістіктері.
Ал, кетік-кемшілік болса ол жүре келе түзелетін қасиет. Ең бастысы, бұлар
Алла берді ақындық құбылысқа тəн қасиеттерін сақтап қалғандығы. Ендеше,
жас ақын əріптестерім үміт пен күдікке толы шығармашылық өмірде
сапарларың сəтті болсын!
Ізгі тілекпен, əріптес ақын ағаларың Аманхан ƏЛІМҰЛЫ.
Айдын БАЙЫС
1994 жылы Қарағанды облысы,
Балқаш қаласында дүниеге келген. Өлеңдері
«Балқаш аймақтық ақындар антологиясына»
енген. Қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық университетінің Көлік-
Энергетика факультетінің 2-курс студенті
Балќашта аќын бар шыєар менен асќан,
Сенен асќан ару жоќ бўл əлемде!
Елеңдей берем көкке мен осы
Кетпеген мұңның табы шын əлі.
Тағдырдың тосын қиылысында əр
Таразылайды қиын ісімді Ар!
Арыма балап, аялап баққан
Қара өлең - құсым
Биік ұшыңдар!
9
Айдын БАЙЫС. «Балқашта ақын бар шығар менен асқан,
Сенен асқан ару жоқ бұл əлемде!
Демегін құр бос құмартқан-ау бұл,
Жанымды ұғатын жырақ па дəуір?!
Құстарым менің – тағдырым шығар,
Жүрекке мына жүк артқан ауыр!..
СОЛ БІР ШАҚ...
Сүйгісі келе берер сүйген ерін
Мұқағали
Іңкəрліктің мөлдіреткен тұнығын,
Сүйісу ғой сезімдегі ұлы ұғым!
Жаным менің!
Сол сүйісу...
Сол бір кеш...
Тіл-ерінді тістелеген қылығың!..
Тана көзден тағдырымды таныдым!
Таныдым да, аз уақытқа налыдым.
Енді ешқашан ешкім баса алмайды,
Ернімдегі ерініңнің жалынын!
Əрбір секунд өзіңменен бірге өткен
Қызғандырып, жарылардай
Күн көктен.
Ең бақытты шақтарымның бірі боп,
Сол бір бақта
Сол бір көктем,
Дүр көктем!
Сен де он сегіз, мен де он сегіз
жастамын,
Армандардың шарлап сол күн
аспанын!
Сол бақ түгіл дөй əлемде,
Біздерден
болып еді айтшы Жаным, басқа кім?!
Жүректер-ай, бірге үндесіп соғатын,
Сырға бай қыз!
Жаны жырға мол ақын!
Ұзақ-ұзақ сол сүйісу, сүйіктім,
арадағы алғаш сүйіс болатын...
Бал татыған тіл-еріннің дəмінен,
Əсерінен айықпадым əлі мен!
Мен өзіңнен тапқандай боп,
Таптым да!
Ғұмыр бойы іздеп жүрген жаныма ем!
Мойыныма оралған сəт білегің,
Демім шықпай, күйдіріп ед гүл ерін...
Ұмытпаймын!
Ұмытпасқа дəлел бір –
Сенің де ұмытпасыңды білемін!
Сол бір күні бақытымды таныдым!
Таныдым да, əн салғанмын жарығым,
Естімедің.
Баса бердің тек ыстық
Ерініме ерініңнің жалынын!
...Ынтықтығым мөлтілдейді мөлдір,
шат,
Көкейлерге қиял құсын қондырсақ.
Махаббатттың мөрін басып мəңгіге,
Жүректерге жасырынды сол бір шақ!..
АҚПАН ЖЫРЫ
Февраль. Достать чернил и плакать!
Б.Пастернак
Ырғағына елтіп жұмбақ тəтті əннің,
Еңкіштетпек зəу еңсемді батпан мұң.
Əйнегіне ентелеткен əлемді,
Адамзатқа айтары бар ақпанның!
10
* «Үркер»* №5* 2014
Сауласа көп сонау көктен сұрақтар,
Тауып бірден бере алады кім ақпар?
Көзі бардың көрінбестен біріне
Кеңістікке нұр сіңеді тұрақтар.
Өлең болып түсе бермес хатқа анық,
Көк аспаннан қалқып түсер ақ мамық.
Титтей ұлпа арқалайды ауыр мұң,
Жадымызға (жарықтық-ай!)
жатталып.
Жүрегіңді қытықтаса иісі аңқып,
Əн төгеді кеудеңдегі күйсандық.
(Жаным, мені мұңдарымнан оят та,
Иығыма қос білекті сүйші артып!)
Келсе көктен құдіретті күш – көндік,
Ұйқысыз-ақ талай ғажап түс көрдік.
Керемет қой ақпаны бар сиқырлы
«Қыс» дейтұғын Құдай жазған
үш томдық!
СЕН, МЕН ҺƏМ КӨК ТЕҢІЗ
Толқындары жататын жартасты ұрып,
Тереңіне тартады Балқаш тұнық.
Көк Теңіздің құстары көп шулады
Сен алдымнан шыққанда алғаш күліп.
Гүлдестесін батқанда бұлғай күнім,
Жан сырымды тұңғиық тыңдайды
кім?!
Су бетінде сыланған аққу-арман,
Суретің де жаным, ол бір байлығым!
Шыны суға шағылған шуақ өңі,
Жағалауын жанымның жуады өрім.
Жүрегіме жұтылған Көкше теңіз
Саған деген сезімнің куəгері!
Жыр кəусары кілкіген бұла демде,
Көк теңіздің баласы мына мен де!
Балқашта ақын бар шығар менен
асқан,
Сенен асқан ару жоқ бұл əлемде!
Толқын мініп тəтті үміт тағынса арай,
Арайланып нала-мұң арылса оңай,
Бір тулайды Көк теңіз!
Көк теңіз боп
Сені шексіз сүйемін Жаным, солай!!!
ЖАЛҒЫЗЫҢДЫ ҚАДІРЛЕ
Арай жүзген аспан біреу!
Күн жалғыз!
Жалғыз тамшы арыла алмай
мұңнан біз,
Өмір жалғыз екендігін сезеді-ау
Күлімсірей көкке қарап тұрған қыз.
Ақ айдында шалқалаған Ай жалғыз,
Жалғыздыққа жаны құштар
қайран күз.
Ғұмыр жалғыз екендігін ұғады-ау
Күнге еркелеп кең құлашын
жайған қыз.
Себезгі нұр... көрінеді көзге ыстық,
Көкіректе көзі соқыр сезбес түк.
Жалғыздыққа бағына ма жүрегің
Жалғызыңнан Жаным деген
сөзді естіп!
Көңіліме селкеу түсіп не түрлі,
Ауыр ойды бойламауға бекіндім.
Жүректі аяп...
Ол да менің жалғызым –
Қаршадай-ақ қарындасым секілді!
11
Поэзия
Ербол БЕЙІЛХАН
Моңғолияның Бай-Өлке аймағының Үш
Ойғыр елді мекенінде туған. 1993-1998 жылдары
Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік
Университетінің филология факультетін, 2002-
2004 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
Ұлттық университетінің Қазақ əдебиеті сала-
сы бойынша магистрлік акедемиялық дəрежесі
оқуын бітірген. «Алтын Қазына» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы.
Біздің жақта бұлт ауыр...
Біздің жақта бұлт ауыр,
Өркеш-өркеш шөгеді.
Ойлы жанға күлкі ауыр,
Шын күледі, себебі?!..
Өркеш-өркеш атан бұлт,
Сейілер ме, жел қуса?
Құт болар ма, қасаң жұрт,
Қайта оралып ел қонса?..
Бура-бура бұлт көшіп,
Бұйығады тауларым.
Елден-Елге жұрт көшіп,
Құлазиды бауларым...
Ей, қара бұлт, жауа кет,
Жыла, бұлтты тағдырым!
Бір əнім бар еді –
ґзгеніѕ аузында...
Жүрегімде жара көп,
...Көкіректе жаңбырым...
Түбіт – бұлт ой, тұнғиық,
Түн баласы – ұйқы ауыр!..
Тау тағдырым тым биік,
Біздің жақта бұлт ауыр...
Күз –Егізім...
Бұрын күнім батпайтын қой баққанда,
Қой баққанда қиялда ой жатқанда,
Қараңғыны індетіп сай–салаға,
Шаңырақты күлімдеп Ай жапқанда...
Қəзір күнім сағымдай зуылдайды,
Шегіртке – өмір, мазамды ап шырылдайды.
Шідерінен үріккен асау уақыт,
Құр–құрласам артына бұрылмайды!..
12
* «Үркер»* №5* 2014
Өкініш көп... өксік жоқ, Көңілімде,
Өлең балқыр – ой теңіз көрігімде.
Қош–қош айтып, сергелдең сері күнге,
Күзді құштым, жазымнан жерідім де...
Күз – Егізім, кісінеп мені іздеген,
Бейіт – пейіш бет бұрдым көне ізбенен...
Сен бір дəруіш – сағынып мені іздеген,
Мен диуана – адасып ел іздеген...
...бар еді...
Бір жаным бар еді – өзгенің жанында,
Бір бағым бар еді – өзгенің бағында,
Бір əнім бар еді – өзгенің аузында,
Бір сырым бар еді – көздегі мұңымда?!
Дəрменсіз дəруішпін, бəрі сол өзгеде,
Іске де ығым аз, ебім жоқ сөзге де...
Көрмей-ақ қойғаным жақсы еді көркіңді-
Өкпелеп қоямын қырағы көзге де...
Өкпелеп қаламын, өлеңге, өзіңе,
Биіктеп кетемін бір жылы сөзіңе!
Жырыңды ұнатып жүруші ем жай ғана,
Ғашықпын бұл күндер ой толы көзіңе!
Тағдыр ма кінəлі, жоқ əлде өлең бе,
Сен жайлы жыр жаздым қайыңға, еменге.
Ақ жаңбыр құшақтап аспаннан құладым,
Кешірші, бұдан соң түспеймін төменге!..
Меңді қыз
Өң мен түстен шықпай қойдың, Меңді қыз,
«Жолықпайық, сағынбайық, енді Біз!..»
Қайтқан қаздың қанатынан хат оқып,
Мұң кешпесін күрең торғын – өңді Күз!
Екеуміз де – ой қамаған шерліміз,
Екеуміз де – сөз ұғатын сорлымыз...
Енді көрсек ыстық құшақ айқаспай,
Бейтаныстай жыбырласын ерніміз.
Мен дегенде желбіремей кекілін,
Күзет қалқам, адалдықтың есігін!
Бұраң жолда мың қатемді кешіріп,
«Жаным сол»,- деп жасай салма кешірім!..
Қойшы солай! Жүрегіңді тыңдамай,
Маған түнде гүл сезімін бұлдады Ай...
Қоштасу деп өлең жазып отырып,
Меңді қызды, сағынамын, бұл қалай?..
...арман барда, қанат жоқ...
Күз бейнесі – қара суық, қара жел,
Күзеу суып, қыстау жаққа тарады ел.
Бұлдыраңдап бұлтқа сіңген тырналар,
Қалқатайдың бір хабарын ала кел!
Ел мен жердің тастан оқып дерегін,
Құстар қайтты өзіне алып керегін?!
Сұрағанға үнсіз қалды дерсіңдер,
Жырсыз қалды, мұңсыз қалды демегін.
Жел толқыса - тартылады қурай күй.
Құстар, құстар туған жерін қимай жүр!
Əттең бізде... арман барда, қанат жоқ,
Сағынышым жер бетіне сыймай жүр!
Бұлт көшеді, шуда-шуда ұйысып,
Тағдыр ма бұл, кете алмадық, қиысып!?
Көлден ұшқан көкала үйрек секілді,
Өлеңіміз барады ұшып сүйісіп...
Күздің демі – қара суық, қара жел,
Ал, Қара Күз, қарайлама, бара бер!..
13
Бұлдыраңдап бұлтқа сіңген тырналар,
Қалқатайдың бір хабарын ала кел!
Қайрақ...
Енді азаймас шынар – мұң,
Не болса да шыдармын!
Сағынамын шу еткен,
Ысқырығын ұлардың.
Шалдардың сап мақамын,
Домбыра алып жатамын.
Тарап қойып отырам,
Таутеке ойдың сақалын.
Елеңдетіп Айдағы үн,
Жерде жоқпын, қайдамын?
Қанжығаңа Ай ару,
Құлжа өлеңді байладым.
Ербол БЕЙІЛХАН. «Бір əнім бар еді – өзгенің аузында...»
Іріп жатыр іркіт – күн,
Құзғын шудан үркіппін.
Түлеп ұшқан қыранмын,
Ұясында бүркіттің.
Мені аңсайды Елігім,
Құмар қылған серімін!
Сөзден олжа салатын,
Жалғыз жортқан бөрімін.
Елеңдеме, елеңде,
Өрелі де, терең де.
Аттарыңды қамшыла,
Осындаймын өлең де…
Енді азаймас шынар – мұң,
Тірлік саған құмармын!
Тəутеке ойдан алжысам,
Құздан ғана құлармын!..
Айтулылар айтқан сөз
Ана тілі – жүректің терең сырларын,
басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы,
жанның барлық толқындарын ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын
қазына.
Жүсіпбек АЙМАУЫТОВ
14
Поэзия
Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ
Қарқаралы ауданы, Сарыобалы
ауылында 1987 жылы туған. 2009 жылы
ҚарМУ-дің журналистика бөлімін
тамамдаған. Өлеңдері облыстық,
республикалық басылымдарда жария-
ланып тұрады. «Тəңір таңбасы» атты
кітабы шыққан. Дəуітəлі Стамбеков атындағы сыйлықтың
иегері. Қарағанды аймағында шығатын «Арқа ақшамы»
газетінің бас редакторы
Ақынбыз біз,
Іші жалын, сырты аңыз,
Көңілдерді кейде құрап, жыртамыз.
Ұйқаспаған өлең емес, өмір ғой,
Бармен досым, бір тамыз.
Өмір-Өлең!
Қайсы ғажап түсіндір?
Баспау керек ақындардың ішін кір.
Өмірімнің авторы Алла, өлеңнің –
Авторы анау ішіп жүр.
Егілеміз,
Сен ќазаќты мендей
сїйші алдымен...
Неге жырға жерік боп,
Тəңір бізге өшпейтұғын беріпті от.
Өлең жазсам өлмес ғұмыр жайында,
Жүргім келер Періштеге серік боп...
Айтшы өзің,
Тəңірімнің дастанын,
Өмірім деп түсінеді басқа кім?
Ұйқаспаған күндеріме мұң айтып,
Мен Құдайға хаттар жаза бастадым.
Ескере ме, арызымды тыңдар ма,
Суалды да, соқыр болып тынды арна.
15
Адамзатқа ақын жасап бермесе,
Күзетші қып қояр еді кімді арға?
Құдай мен Құл!
Біз Тəңірдің бөлшегі ек,
Өмірімді өлім ғана өлшемек.
Тілеймін-ау,
Өзім жазған өлеңді,
Өлмейтіндей Құдай өңдеп берсе деп.
Қаһан
Археологтар қорымнан арғымағы қоса
жерленген қаһан мүрдесін тапты. Олар
олжаларды сыртқа шығармақ болғанда, қорым
ішінен мына бір дауыс шығып, шошытқан
еді...
Тарт қолыңды, түздің тарпаңы,
Атқан ба жерде құзғындар таңы?
Тариқат еткем тарғыл əлемді,
Тыныштығымды бұздыңдар тағы.
Тимеңдер менің арғымағыма,
Тағдырым тұлпар салды бағыма.
Жаяулап емес, құлдардай өңшең,
Тəңірдің атпен бардым алдына.
Қаһанға ғана сай ғұрып қылып,
Жерлеген жұртым қайғырып тұрып.
Қаратабанды соңыма тастап,
Кеткенмін жерден сəйгүлік мініп.
Дəуренім өтті, əттең білемін,
Барлығып қалды-ау, ақ тер күреңім.
Тарт қолыңды, тексіздің ұлы,
Тарихыңа да атпен кіремін!
Тозаңға көміп жаһанамыңды,
Танытам елге ата-қанымды.
Мұражайыңа атыммен барам,
Білсем де бұзық атанарымды.
Дүбірмен жердің түріп етегін,
Шеңгелге түссе бүріп өтемін.
Арғымағымнан айырма мені,
Көрінсін елге Түрік екенім.
Тарт қолыңды!
ҚУЫРШАҚ ҒҰМЫР...
Балалық шақ, бал күнім...
Жинап алып ойыншықтың барлығын.
Ойнаушы едім шимайлап,
Маңдайына тағдырын.
Амалы жоқ, арыз айтар тілдері,
Сұралмайтын қалайды деп кім, нені?
Жазылатын сойдақ-сойдақ əріппен,
Жан тапсырар күндері.
Біреуіне байлық жазып, біреуге,
Əмір еттім, əкім болып жүруге.
Ақын еді азалысы ішінде,
(Сол қуыршақ көрем ылғи түсімде).
Ағым алғыс, ал қарғысым қара-тын,
Өзім едім, өмір жолын салатын.
Байлық жазсам маңдайына шайырдың,
Бақыт симай қалатын.
Құдіретті болса дағы қаламым,
Жасын қылып жаға алмадым жанарын.
Бақыт сөзін жаза берсем болғаны,
Ақынымды адастырып аламын.
Шындықты іздеп жалғаннан,
Аңғалым-ай, арманына алданған.
Ақынымды көретін ем кейін мен,
Шарап толы барлардан.
Жазғанымды өшіремін шимайлап,
Содан бері ол сорлыда ми қайнап.
Жыр жазады. Өзі жазған өлеңге –
Қиналады, Бақыт сөзі сыймай қап...
Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ. «Сен қазақты мендей сүйші алдымен...»
16
* «Үркер»* №5* 2014
Қайдан келді, дəл осындай ой маған?
Соным үшін сыпыртқымен сойды анам.
...Ойыншықты ойран қылып үйдегі,
Балалық-ай, Құдай болып ойнаған.
Бақыт жайлы ертегіге сенбеген,
Бақытсыздау ақынмын ғой мен деген.
Қасіретім – қайғы жұтқан қара нар,
Қазағымның қара өлеңін теңдеген.
Сен бақытты етесің бе, сұрақ тұр...
Күрсінеді кеуде шерін бұлап құр.
Менің бабам қазақ деген қария,
Содан туған мен секілді пырақты ұл.
Махаббатқа қабындырған өкпесін,
Ащы жасын жүрек енді төкпесін.
Сезіміме бас игенмен құрметтеп,
Құлы емеспін, сөкпесін!
Періште ғой, керемет сыр айтады,
Пендеміз ғой ұқпаймыз əттегені.
Суретші монологы
«Ауыздан шыға өңі қашатын көңілдегі
көрікті ой...»
АБАЙ
Ей, Тəкаппар, маң таулар,
Тыңдашы мені...
Шын ғашық едім, жүректі мұң басып еді.
Суретші болып салғаным,
сандалып менің,
Құдайдың сұлу сұлбасы ме еді?
Күллі əлем осы кеткендей бояуға сіңіп,
Картинамды алғанмын ой ауласы ғып
Мен салып берген Музаның мінсіз суретін,
Шабыт ала қашады бояуға асығып.
Басым айналып,
Баса алмай күй аптығымды,
Тұрғанда тасып, кеудеме ұят тығылды.
Лəйлəнің сұлу келбетін салдым,
Сол мені Мəжүнүн сияқты қылды.
Қиял көрмесі,
Суреттерім тұр заманның көш іргесінде,
Өресіз болсам, Құдайым өсірмесін де.
Ойымдағы сурет қой керемет нағыз,
Не құн болушы еді көшірмесінде?
Ұйқасын құрап жазғанмен жан ғазалымды,
Бере алмай келем бойдағы таңғажабымды
Суретшінің ойында қалған суреттей –
Өлең де қалды,
Өмір де қалды жанға жағымды.
Жолы болмаған жалғанда жандай егілсем
Лəйлə тағдырға есімнен танбай жеңілсем...
Күнəміз көп-ау жалғанда, Жаратқанның
Ойындағы Адамзат қандай едің сен?
Аққу құсым,
Қыран құстай қалғып ем,
Бақыт жайлы ертегі айттың бал күрең.
Мен бақытты болу үшін сүйіктім,
Сен қазақты мендей сүйші алдымен!
Өзі ғана əмір боп сарайда осы,
Біз таңырқап қараймыз арайға осы.
Болса екен деп тілейміз тірлікте бұл,
Талай туыс, пікірлес талай досы.
Таңдайында таусылмас тəтті өлеңі,
Уілдейді ұқтырып дəтке нені?
17
Ґмірдіѕ ґзі – новелла
Ол осылай ұрлық жасағалы көп болған.
Адамдардың көзін ала бере бес-оннан, кейде
жүздеп тығып кетеді. Қорапқа тоғытып жа-
тып:
«Атасына нəлет, қу дүние! Осылай
тірнектеп жимасаң тентіретіп жібереді.
Менің Сымбатым кімнен кем? Айдосым
ше?! Оларда ел қатарлы ас ішіп, киім киюге
хақысы бар! Мектеп уақыты да таяп қалды.
Олардың қалам-қағазын, киім-кешегін қай
КҮЗДЕН КЕЙІН,
ҚЫС КЕЛМЕК
ақшама алып берем?! Осылай құмырсқаша
жимасам...»
Иə, ол АНА еді. ОТАНАСЫ! Оның
ұрлайтыны əрине АҚША болатын. Ақша
ұрлағанда ол – біреудің қалтасына қолын
сумаңдатып немесе тастан ұрған тасбақадай
алаяқтықпен ұрламайтын. Үйіне келген
адал несібені, не өзі жұмыс істеп тапқан
маңдай тер нəпақаны шетінен жырып ала-
тын. Бар жазығы сол ғана болатын.
Тұрсынбек БАШАР
1988 жылы 22 шілдеде Өзбекстан
Республикасы Науаи облысы Қызылқұм
елді мекенінде туылдым. 2003 жылы ата-
мекенге көшіп келіп, ОҚО, Мақтарал
ауданы Ырысты аулындағы № 108 С.
Торайғыров атындағы мектепті бітірдім. Бүгінде əл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-дің филология, əдебиеттану жəне əлем тілдері
факультетінің 1-курс студентімін. 2012 жылы ҚазҰУ-де студент-
тер арасында өткен «Мемлекеттік тіл, Мемлекеттік Рəміздер»
атты жыр-мүшəйрасының 2-орын, ҚазҰУ-дегі «Көкжиек» ұйымы
1-курс студенттер арасында ұйымдастырған «Ана тілдің мерейі»
атты жыр-мүшəйрасының 3-орын, ҚазҰУ-де өткен «Біз талант-
тар» өнер-фестивалінде «жас ақын» номинациясы бойынша
3-орын иелендім. Өлеңдерім облыстық, республикалық баспасөз
беттерінде жарияланып жүр.
18
* «Үркер»* №5* 2014
Отанасы! Ала жаздай бір тыным жоқ
оған. Егістікке шығып, біреудің мақтасының
шабығын шабады, біреудің қауын-қарбызын
жинасады, тағысын тағылар. Қолына
ақша түскен күні ерекше көңілді. Қолын
қалтасына салып, түсіп қалмасын деп
сығымдап ұстап алады ақшаны. Сөйтіп ылғи
өзімен-өзі сөйлесетін:
«Біздің ОТАҒАСЫ да қызық адам. Үй-
жай, бала-шаға керек еместей. Мен таңертең
жұмысқа кеткенде ұйықтап жатады. Сол
ұйқысы түрік сериалындай кешке дейін
жалғасады. Кешке тағы жалықпас тірлік:
карта ойнау, сыра ішу. Маскүнем деуге аузым
бармайды. Жаратқан өзі бір жағынан қысса,
бір жағынан береді екен үйіп-төгіп. Тəубə-
тəубə! Құлыншақтарым дін-аман, ауру-
сырқаусыз өсіп келеді, тұлымдары желбіреп.
Қызым – Сымбат 6-сыныпқа, ұлым – Айдос
2-сыныпқа барады. Сабақтары үздік. Айдо-
сым:
«Апа-апа! Мен өскенде етікші бола-
мын», – дейді. Бала екеш бала да сезеді
екен. Оның мəнісі мынау:
Қызым мектепке қысты күндері аяғына
артық 3-4 шұлық киіп, менің етігімді киіп
барады.
– Апа, мен кимеймін, аяғым ауырлап
кетті, нəскилерді шешем, – деп мұрнын
тартқылайды.
–
Ештене етпейді! Қайта аяғың
тоңбайды, қызым, – деп кигізіп жіберем. Ки-
мегенде ше?! Жалаңаяқ бармайды ғой енді.
Қатарластары мазақтайды екен мектепте.
«Дəу етік киген қыз келді» деп. Қызым сан-
рет жылап келді мектептен. Айдосым осы
жайттарды көріп жүріп айтады ғой: «етікші
болам» деп. Тым болмаса əпкесіне етік тігіп
беруді ойлайтын болар. Жас жүрегімен
сезеді ғой, құлыным! Биылғы қыс олай бол-
майды, балапандарым! Биылғы қыс көмір
де, етік те, киім де аламыз. Қорапта жиған-
терген 45 мың тұрғанда, биыл қызым мек-
тепке ең əдемі, ең көрікті етік киіп барады,
ал, ұлым қатарластарындай костюм-шалбар
киіп барады. Мектепте костюм-шалбар киіп
алған сыныптастары: «біз депутатттармыз»,
– деп, – сенің киімің жаман! – деп ойынға
қоспайды екен. Киімде тұрған не бар екен
əдірем қалғыр! Осыдан қара да тұр, ең
қымбатын, ең əдемісін əпермесем бе ұлыма!
Менің ұлымда сосын депутат болады. Несі
бар?! Болса болсын, тым болмаса ұйқысы
қанып жүреді ғой!»
Қолы ыстыққа күйіп, бір қабат терісі
түсіп, жарылып –жарылып кеткен ана үйіне
осындай ойлармен жақындап қалған-ды.
Егістіктен жаяулатып тартып келе жатқан
беті еді.
***
Отағасы! Əдеттегідей кеш тұрды. Бұл
əдеттің қашан қанына сінгені есінде жоқ.
Түнімен сілтейді, күнімен тұяқ серіппей
ұйықтайды. Бұл да алғашқы жылдары
өмір қамытын мойнына киіп, өз арбасын
өзі сүйреуге кіріскен. Сүйреді де! Бірақ
көп емес. Арбасы батпаққа батып, қайта-
қайта тоқтай бергесін, жолы болмағасын,
олай тартса арба сынар, былай тартса өгіз
өлердің керін келтіріп: «арба сынса отын
болар, өгіз өлсе ет болар» деп қолын бір-
ақ сілтеді де, «ахаң», «сəкеңдерді» серік
етті. Айтпақшы «тəкеңде» қалтасынан
түспейді. Байғұс əйелі... жұбайының жаны
сірі екен. Талғажау болар тамақ тауып шиет-
тей балаларын асырап, мұны бағып-қағуда.
Жұбайы тепе-теңдігін жоғалтқан жылдары
қорқытты, үркітті, кетемін деді, өлемін деді,
|