Соғым кезінде
Қария қаладан қайтарында немерелерін
емірене еске алды.
- Əділжанға - ағаш ат, Нұрымжанға -
паровоз. Қомақты сыйлығына қараған сайын
миығынан күледі. Денесі де жеңілденіп кеткендей.
Кəусар қуаныш қойын - қонышын аралап, жанын
жадыратты. Балдай тəтті балғындардың мəре-
сəре боларын біледі.
Бəрі де ойлағанындай болды. Үй ішінде
«тұлпар» кісінеп, ауыздықпен алысты. «Паровоз,
ысқырып, пойыз тербелді».
Соғым мезгілі болғандықтан, кешкілік
үлкендер басқа үйге арнайы шақырылған еді. Өзге
немерелері Айдана мен Айбек те ойыншықтарын
арқалап, атасының үйіне жетті. «Балалы үй –
базар» деген осы-ау.
Таңертең қария өз көзіне өзі сенбеді. Ағаш
ат бөлек-бөлек боп сыныпты. Паровоздың
батареясы бітіп, қозғалмай қалған. Толған
ыдыс-аяқ. Екі- үш қуыршақ кірпіктерін жаппай
қақшиып қалыпты.
- Есіл ақша, желге ұшқаның ба? Шалдың іші
удай ашыды. Тым болмаса бір аптаға жеткізбеді-
ау. Кемпірі де күрсініп қойды. Шəйді ықыласпен
ішсе де, көңіл қалыпты емес. Бұрышта үйіліп
жатқан ойыншықтар көңілсіздіктің көлеңкесін
ұзартып жібереді.
Бірақ, немерелер ұйқыдан өте көңілді
оянды.
- Ата, маған құлақ əкелдіңіз бе?
- Маған кəмпит бар ма? Айбек құшақтап,
Айдана қалтасын тінтті.
Сол-ақ екен Əділ де шат түрегелді.
- Ата, сіздер қонаққа кеткенде, біз де қонақ
шақырдық.
- Пойызбен Астанадан көп-көп кісі келді.
Сосын мен жылқыны сойдым. Еті өте дəмді
болды. Қазы жасадық.
- Соғым шүйгін болды.
- Əзер кестік. Ат асау екен.
Ұлдар бірінің сөзін бірі тоспай, жағдайды
жарыса айтты.
Үй ішіндегі шат қылық шаңыраққа шуақты
күлкіні үйіріп əкеле береді...
Ойын
Есіктің алдында құлдыраңдап Айбол
əрі-бері шапқылайды. Зырылдауық ұшақты
биікке көтеріп алыпты. Онысы өкпек желмен
шырқ айналады. Жылтырақ қағаздан жасалған
қанаттары самалмен желігіп, көзді қариды.
Сəлден кейін аула ішінде басқа ойын қызды.
Шіреніп келіп, ақсары, толық қыз ағаштың
түбіне келіп, қаздиып тұра қалды. Велосипед
теуіп, қиқаңдап келе жатқан Мақсатты қолындағы
ала таяғымен тоқтатты. Жəне де қарап тұрмай,
қасынан өтіп бара жатқан екі бүлдіршін қызға
айқай салды.
Мені – Бұлбұл демеңдер, мен – МАИ-мын!
– Сен неге сəлем бермейсің ? Ей, Мақсат, əлде
айлығың өсті ме ?
- Бұлбұлдың болмысы шынында да өзгеше.
Үстіндегі тері тон қүртешесі, көзқарасы, қимылы,
айбары керемет-ақ. Одан кейін Сағиды кідіртті.
- Білем, араб тілін оқып жүрміз. Сағи –
арабтың сөзі, «жүгіру» деген мағынаны білдіреді.
Солай екен деп, тəртіпті бұзуға бола ма ?
Сағи расында да Бұлбұлдың тексерісінен
кейін терлеп кетті. Біраз қипақтады, болмады.
Ақыры қағаз толтырды.
Айыппұлды төлеп кел, сосын аласың
жүргізушілік куəлігінді.
Əрі-бері сапырылысқан қағаздар.
Енді бір сəт Бұлбұл Айболды да бөгеді.
Екі көзің аспанда, неге бағдаршамға
қарамайсың ?
Нұрлан ҚҰМАР. «
Бала шақтан – болашаққа»
34
Иығын қомдап, шикілсары Айбол қызарып
коя берді. Өз жəйын айтқан болады. Бəрібір МАИ
қызметкері қатал. Айболдың арманшыл жанын,
көкте ұшып жүргенін қайтсін ! Құжат іздеп
жатып, қалтасынан кітапша суырды. Іші толы
сурет екен, шеттері көрініп тұр.
- Мынау не , көрейік те,- деп, Айдын, Əди
жабыса кетті.
Əрі тұрыңдар, сосын көрерсіңдер. Бұларды
доллар, марка, франк, сом, теңге деп ойлап
қойыңдар.
Ол сан алуан темір-терсектерді алақанына
салды. Бұлбұл да үңілді.
Екеуі де көңілді...
Ырымшылдық
Мейрамбектің шашын көкесі алып та,
түзеп те беретін. Сондай кезде қарындасы
Меруерт те қабаттаса қалады. – Менің ағам бай
болады. Қараңдаршы, қолында жүн көп, əрі
қалың. Мойыны мен арқасы да түк-түк. Демек,
ақшасы көп болады. Маған – «Ауди» əпереді, өзі
«Джип» алады. Сосын үлкен үйде тұрамыз. Оның
бөлмелері көп, кең екенін көресіңдер.
- Осының аузына періште келіп, түрлі-түрлі
сөз салады, сірə.
Білмейтіні жоқ,- деп апасы таңырқайды.
Жыл сайын Меруерттің ырымшылдығы да
қырланып, көбейе түсетіні қызық.
Кешінде əке-шешесі балаларын көкөніс
сатып əкелуге жұмсады. Байқаусызда Мейрамбек
қарындасының аяғының ұшын басып кеткені...
- Кəне, тұра тұршы, сенің аяғыңды басуым
керек қой.
Мейрамбек қырсықты. Алысырақ жүріп,
адымын тездете берді.
- Тоқта деймін. Баспай қоймаймын, бəрібір.
Неге түсінбейсің.
- Əрмен кетші. Алдымен аяқ киіміңе қарап
алсайшы. Шаң басып тұрған секілді. Мейрамбек
мұрнын тыржитып, Меруерт жыларман болып,
іркес-тіркес дүкенге жетті.
Ақыры, жұрттан қысылмай, жолын тауып
қарындасы аяғын басып та үлгерді. – Немене,
бойымның мыртық болғанын қалаймысың?
Қарындасым деп, бір тұтам етіп, күні ертең
қасыңа ілестіріп жүрер ме едің ? Өзің ойлашы, ол
кезде сен-байсың, үлкен бастықсың делік, сонда
мен үшін үялар едің ғой.
Сұрақ қоятын да, жауап беретін де Меруерт,
бұндай жəйға Мейрамбек үйреніп алғаны анық.
Арада бір апта өткен-ді. Мектепке бара
жатса, алдарынан қара мысық өте шықты.
- Туф !
Мейрамбек тісінің арасынан шырт түкірді.
Ал, Меруерт оның қолын тас қылып ұстай алған.
180 градусқа бұрылайық. Е-е, осылай !
Яғни, артымызбен жүре тұруға тура келеді,
өстіп. Екеуі мысық жүріп өткен жолдан біраз
ұзаған соң ғана бағыттарын түзеді.
- Енді «жол кескіш-қара ниеттің» күші
бізге дарымайды. Алақай, ағатай ! Біз жеңдік.
Қарындасы қолдарын шапалақтап, қатты қуанды.
– Ана тілінен тақпақты онша жаттамап едім,
жүрегімнің зырқ ете қалғанын білсең ғой.
Ия, ырымшыл қыздың жанын ұғу оңай ма
екен?
Айырбас
Таңертеңгілік əжесінің дауысы қатты
естілген.
- Орнын сипап қалдық қой. Өреге жайған
құрт қайда кеткен? Қолына дəке-мəрліні ұстап,
Саяға төніп келеді.
- Айырбастадық. Сағызға, сосын шарға.
Інісі Сырым екеуінің түрі қызарып барады.
- Бəрін бастайтын Сая. Сұрамай енді бір
нəрсе алып көр, шашынды жұлайын!
- Еңдігəрі сұрамай ешнəрсе алмаймыз,
əжетай!
Алайда, уəде тез ұмытылды. Сол күні
кешкісін ауылдың шетінде тұратын Ажар ойнауға
келді.
- Халуа жепсің ғой. Мен тіптен дəмін де
ұмытып қалыппын.
Түрі аянышты-ақ.
- Сен маған не бересің,- деп сұрады Сая,
уыстаған дəмді тағамды оның алақанына салып.
- Күшік беремін.
*«Үркер»*№7* 2014
35
- Қашан əкелесің?
- Əлі туған жоқ. Таяуда болып қалар.
Содан бері қыздардың қарым-қатынасы
көбейді. Бірте-бірте бүйірі шыққан Ажардың
итіне де ерекше назар аударылды.
Бірде ас ішіліп болған соң, сүйек-саяқтың
түгін қалдырмай Сая орап жатқан.
- Қайда барасың? Не істеп жүрсің?- деп,
əжесі сұрақты көбейтіп жіберді.
Сөйтсе, əжесі көп жайды біліп қойған.
Саяның сұғанақтығының шектен шыққандығы
сөз болды.
- Мұздатқыштан шұжық жоғалады.
Тəттілерді таппайсың. Тек шыныңды айт...
- Мен Ажарға көп-көп қарыз бердім. Енді
оның итінің амандығын тілеп жүрмін. Өйткені,
ең əдемі күшік менікі болады.
Шынайы көңілмен айтқан əңгіме қарияның
жанын толқытты.
Мейірімді сəби жүрегінің бүлкілі-ай!
Немересінің күнəсін кешірген əже сондай
мейірімді-ақ!
Күшік
Есік алдынан төбесі көрінсе болды,
Табысты сұр күшік күтіп алатын болды. Екеуінің
шапқыласып, айналаны шаңға айналдыратыны
бар. Бірі - қашады, бірі - қуады. Табыс жүгіруден
титықтап, отыра кетсе, күшік те қасына келіп
жата кетеді. Аяғын көтереді, басынан сипатады.
- Апа, сүйек керек!
- Көршінің күшігін қашанғы асыраймыз?
Жоқ деген соң, жоқ!
Табыс үйден бəрібір құр қол шықпайды.
Сыртта көздері жəудіреп күшік күтіп тұрса, оның
көзіне қалай қарайды?
Көктем шыға үйдің маңына бір дəу машина
келді. Шиқ-шиқ еткен тауықтың балапандарын
тор-тор жəшіктерге толтырып алған.
- Бір айдан кейін тауық сорпасы дайын.
Шөже сатып аламыз, шөже. Ертеңгі - көже.
- Көтерме саудаға келіссеңдер, қырық
теңгеден бере салам.
Дудар шашты курдтың жігіті əр үйге келіп,
жар салып жүрді.
Табыстың апасы жиырма балапанды санап
алды. Сол күні Табыс дарбазадан əрі аттамады.
Əкесі тақтай кесіп, үйшіктің іргесін жасады.
Оны ескі керуеттің шаршы торлы бетімен жауып
қойды. Сары ауыз балапандар болса ұйма- жұлма
шүпірлейді.
Су құю, жем салу Табысқа жұмыс болып
па?
- Шөжеге алаңдап, мені ұмыттың-ау,-
дегендей, көрші үйдің күшігі Табысты іздеп келді.
Ойынға аса қызықпай, шиқылық естілген жаққа
ентелей жүгіреді.
Табыстың апасы күшікті таспен қуды.
Қуған сайын сұр күшік құлағын көтеріп, тың
тындайды. Балапандармен танысқысы келеді.
Арада бір апта уақыт өткенде балапандар
көрер көзге қомақтанып қалды. Əр мезгіл жем, су
берген сайын Табыс оларды санайды.
- Мəссаған, неге он тоғыз? Темір торды
кім ысырып, ашуы мүмкін? Зыр жүгіріп іздеп,
бір балапанды қылжиып жатқан жерінен тапты.
Қол созым жерде: - Ойнайын деп едім, өлтіріп
алдым,- деп сұр күшіктің көздері мөлдірейді.
Табыс күшіктің теріс қылығын кешірмесін бе?
Ертесінде тағы бір балапан жоқ болып
кетті.
Күзет пен бақылау күшейтілді. Сұр
күшіктің ұрлана басып, дарбазаның астынан
кіретіні белгілі болды. Опыр - топыр, құжынаған
шібилердің күн өткен сайын біреуі кеміп барады. .
- Тəтті уыз етке дəніккен неме, күні ертең
тауықты жейді! Апасының айтқаны аймандай
келді. Табыс өлген балапанды тістеп қашқан сұр
күшікті көріп қойды. Қимастық пен қиянат бірге
жарысып, жүрегін дүрсілдетті.
- Балапандарды сақтай алмадым-ау! Соңғы
шөжені ағаштың түбіне көміп, Табыс кəдімгідей
өксіп жылады. Сұр күшік алыстан сақтық
көзқараспен қарап тұрды.
Табыс оны енді ойынға шақырмас. Ілестіріп
жүгірмес, еркелетпес.
Сұр күшік те соны білді..
Нұрлан ҚҰМАР. «
Бала шақтан – болашаққа»
36
Поэзия
Қашқын
Бар үмітін сенімге ұдайы арнай,
Кетті аттанып, көрсетпей жасық белгі.
Қиындыққа алғашқы шыдай алмай,
Ғабит ағай əскерден қашып келді.
Сол сəттен-ақ өзгеден жырақтанып,
Сəл сүрінсе налыды, жаси берді.
Жүректегі арманы құлап қалып,
Үміттері біртіндеп бақиға енді.
Жəлел ШАЛҚАРОВ
1986 жылы Қарақалпақстан
Автономиялық Республикасы, Беруний
ауданына қарасты Алғабас ауылында
дүниеге келген. 2009 жылы Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды Мемлекеттік
Университетінің филология факультетін
бітірген. Өлеңдері «Өмірге келер əлі та-
лай Қасым» жинағына, 2011 жылы «Қасымнан – ғасырға»
атты аудио антологияға, 2012 жылы Алматы «Қазақ энци-
клопедиясы» баспасынан шыққан республикалық «Жаңа
ғасыр жырлайды» атты жас ақындар антологиясына,
2013 жылы «Дала дарыны» атты сериямен жарық көрген
«Сарыарқа сазы» жыр жинақтарына енген.
Жігер өшті өзегін өрт жайлады,
Тілдеспеді бір жанмен бар ес солды.
Сынды сағы, өткінші дерт айғағы,
Ішімдікке осылай əуес болды.
Көре қалсаң ағайды сөз етпегін,
Еске салма өткеннің бекер сырын.
Ол сынақпен жең түріп күреспеді,
Ұға алмады өмір сынақ екендігін.
Ол кезде сен аппаќ
гїл едіѕ...
37
Екі ойлымыз ежелден астар сөзге,
Адаспаспыз бұл түйсік ашса алқымын.
Екіленбей əскерден қашқан кезде
Білмеген-ді өзінен қашқандығын.
Мен өмірді өкшелеп жүріп келем,
Тағдырыңа жан аға тосын кірдім.
Мəңгілікке қоштас та күдік пенен,
Өзің қойшы нүктесін осы жырдың...
Əке
Қайран əкем есімде əлі іс үлгің,
Біздер үшін от кеудеңді үсірдің.
Мен жыласам безек болғандығыңды,
Өзім əке болған кезде түсіндім.
Он баланы қалай жалғыз жеткіздің,
Жағаңнан да алған болар кесір күн.
Сонша сырды жұта - жұта ішіңе,
Əкең жаққа асықтың ба, есілім.
Əке саған ұқсағаным шамалы,
Сен тұйық ең, заманыңа бағалы.
Мен сырымды тек қағазға айтсам да,
Көп ұзамай халқым біліп алады.
Бірақ əке үлкен менің жүрегім,
Ол да болса көктен сенің тілеуің.
Тірі болсаң біздер түгіл былдырлақ,
Немереңді жылатпаушы ең білемін.
Қазір өзің жыламайтын жердесің,
Өміріңді ұл-қызыңа бергенсің.
Тағдырыңның қаталдығын сезгендей,
Мына өмірге сен де жылап келгенсің.
Əке, маған мəңгілікке серік ең,
Мен емеспін сан сынақтан жеріген.
Қос құлыным туылғанда шырылдап,
Жылатпауға бекем лебіз беріп - ем...
Бала деген періште ғой тұлымды,
Періштелер жасамайды зұлымдық.
Əкем байғұс күліп тұрсын көктегі
Жылатпаспын ұлымды...
Мен
Шырқалардай жанымның сор əндері,
«Мен» дегізбей келеді қоғам демі.
Мен дей алмай келемін арпалысып
Содан бері.
Жүйткігенде жеткізбей түлкі жалған,
Пəрменімнің кетердей кілті қолдан,
«Мен» дегенім мен емес əуел баста
Түркі болған.
Күлімдемей көз тартып көгінен күн ,
«Мен» - демесем мен сірə жеңілермін.
Мен дегенім мен емес көкке ұлыған
Бөрілер-тін.
Кейіпкерін нұсқасам ертегі үннің,
Адалдыққа арналған кең,керім күн.
Теңдік үшін қан терін қатар төккен
Ерлерім мың.
Жанына желеу болған байсалды өмір ,
Олар жайлы əңгіме айтам не бір.
«Мен» дегенім мен емес даламдайын
Жайсаң көңіл.
Арбай алмас арымды қу күндерім,
Соны ойласам шапшиды у дүрмегім.
Бабамның аманатын сақтап тұрған
Рухым менің.
Елдігімнің еңсесі бек те батыл,
Бірлігімнің кестесі беске татыр.
«Мен» дегенім ол менің қанымдағы
Текте жатыр.
Барымның шырқау шегі ,аза кегі
Енді ғана құрғаған жаза тері.
Жəлел ШАЛҚАРОВ. «Ол кезде сен аппақ гүл едің...»
38
Мен дегенім мен емес, «Мен» - дегізген
Қазақ еді!!!
Түнгі аялдама
Тырбың тұрмыстан тынысым тарылып,
Күйбең күндерден көңілім зарығып,
Қараңғылықты қақ жарып қайта,
Түнгі аялдаманы келемін сағынып.
Жіпсіз желкенмен жер үсті жолығып,
Түпсіз түнектен жүрегім толы үміт.
Көк теңіздегі қалқыған кеменің –
Аппақ нұрына отырмын шомылып.
Ал мен қағазбен сырласып отырмын,
Майқұдық төрінде, қараңғы жамылып.
Бағын аралап бұлыңғыр елестің,
Дертке шалдықтым сағыммен кеңестім.
Сол түнгі бақты күнде бір барып,
Кезіп тұрмасам жазылар емеспін.
Қара түнектің бозарып жанары,
Қалғып қатыгез сағатын санады.
Ауысым тапсырған қарауыл сынды,
Қара жейдесін əкетіп барады...
Думанға
Сен бастығынды айттың,
Мен жастығымды айттым.
Өмірзақ Қожамұратов.
Сен о баста тағдырға батыл едің,
Ал мен жай ғана ақын едім.
Сен оңай əрі осал жолмен самғадың,
Мен ауыр əрі адал жолды таңдадым.
Сен менің жүдеулігіме жұбандың,
Мен сенің толықтығына қуандым.
Мен сені садық досым деп бекіткем.
Ал сен болсаң кекеткенің кекеткен.
Сен болмашы нəрсеге терлеп бердің,
Ал мен арыстай ағамды жерлеп келдім.
Сен өмірде талтаң басуға еліксің,
Мен өмірге өлең жазуға келіппін.
Салқынжан мизам басы екен күздің,
Айырмашылығымыз осы екен біздің.
Амал мен адал санаспай бекем,
Ешқашан жанаспайды екен.
* «Үркер»* №7* 2014
Иісін іздеумен сілпі жаңбырдың,
Қара бұлттардың қаласын қаңғыдым.
Сыршыл жапырақпен қосыла теңселіп,
Сыршыл жапырақпен шырмала қалғыдым.
Түнгі шаттықпен арақты жары ғып,
Болашақ жүр тағы күнəға малынып.
39
Соңғы...
Соңғысына жетпей-ақ дамыл легі,
Соңғы вагон , соңғы орын бағым ба еді?
Ардан қуат алатын пойызымда ,
Соңғы бекет болмайтын сарында еді.
Соңғы қармен қоштасып мұңды сүйреп,
Соңғы ақшаға алынған соңғы билет.
Жыр ғұмыр бұл есеппен өлшенбейтін,
Гүл көктемі келетін тоңды түйреп.
Соңғы бағыт белгісіз соңғы нүкте,
Сан күдікті жеңдіріп жанды үмітке,
Есениндер өлмейді мəңгі тірі ,
Соқыр қоғам маталған соңғы жіпке...
Мазасыз мансұқ ойдан еңсем жүдеп,
Таңсық күндер қол бұлғар,келсеңші деп,
Музам маған соңғы рет қанат беріп,
Жыр жазғандай боламын ,ең соңғы рет...
Кəлима
Неше түрлі ой мазалап көмескі,
Қайран жүрек шығардың-ау көп есті.
Қара жағы басым мынау өмірде,
Аттадық па, жоқ па əлде бір белесті.
Байлық іздеп жүдемеппін бір уақыт,
Сəл түнерсем ақ парақпен сырласып.
Осы менің барым менен жоғым ғой,
Өзі іздеп табар мүмкін бір бақыт.
Достық жайлы айтып жүр ғой жан-жақты ел,
Досы көпті қай жау келіп алмақ – деп.
Менің дағы достарым көп, алайда
Шынайысын санап берем бармақпен.
Мүмкін сенде таң қаларсың мұныма,
Немқұрайды қарай көрме шыныма.
Мен ешкімді теріс тепкен емеспін,
Маған қабақ түйе қоймас құбыла.
Тағдыр деген таусылмайтын толғақ - шер,
Тұнығына тереңірек бойлап көр.
Қара бастың зары тағдыр емес қой,
Мықты болсаң ел тағдырын ойлап көр.
Мықты болсаң жер тағдырын ойлап көр.
Майырылмай алып елдің ожданы,
Қашаннан да халық ақтың қорғаны.
Адамзатқа ортақ тілім өлерде,
Кəлиманы көп көрмесе болғаны.
Алматы
Жеті өзен тұнған тарих арнасы жыр,
Алатау арынды елге арда тұғыр.
Көгершіні іспеттес жүрегімнің,
Ұшақтары тынбайтын Алматы бұл!
Кəріге қуат сыйлап, жасқа сабыр,
Көрігі көрер жанға əпсана бір.
Мұқаңның мұңы сіңіп көшесіне,
Төлегенін тербеген бас қала бұл!
Алыстардан шертетін пəк дала сыр,
Махаббаттан маңғырған маңға дабыр.
Арсыздардың зарынан заһар жұтып,
Пəктігінен айырылған жас қала бұл!
Қатар қонып қойынына бақ нала бір,
Сел сезіммен серттесіп ақ-қара кіл.
Қайратын қайта беріп қара жерге,
Заманбегін жоқтаған тас қала бұл!
Ежелден ерсі болмай баспана жыр,
Жай отының жарқылы Һаққа жəбір,
Жұматайын жылатып жас балаша,
Қасымдарын қаңғытқан Астана бұл!
Жасындарын қаңғытқан Астана бұл!
Жəлел ШАЛҚАРОВ. «Ол кезде сен аппақ гүл едің...»
40
Ұлы шығарма
Пəктігім ұлым бір кие,
Бірер сəт саған арнайын.
Онсыз да шолақ дүние,
Жақыннан басым шалғайым.
Еркеле жанды жылытып,
Маңғаздығына тоймайын.
Бірер уақ бəрін ұмытып,
Сəби кейпіне бойлайын.
Жасқанба, асыл мойныма,
Бар тамырынды иіп кеп.
Еркелігіннен ой тұна,
Жаным бір қалсын биіктеп.
Жыр бесігіммен тербеймін,
Басқалай көңіл толмай тым.
Менің ұлым бол демеймін,
Халқыңның ұлы болғайсың.
Тағдырдың тарам өткелі,
Шегіндіре алмады тең өстім.
Сен бақыттысың өйткені!
Мен сəби болған емеспін.
Саналы жанға ар уайым,
Бір майыспасын дүр арқан.
Маңдайына күйе жағайын,
«Сен менің ұлы шығармам.»
Қаңтардағы балмұздақ
Тасынып өлеңге құмарым,
Күшейіп келеді бір ағын.
Жанымның қалауын ұққандай,
Сен менен балмұздақ сұрадың.
Осы еді маған да керегі,
Пəк сезім көңілдің емі еді.
Балмұздақ сұраған жанарың,
Кеудемде жыр нəрін егеді.
Балмұздақ салқындық сыр емес,
Екі жақты өмір бұл шын елес.
Сыз тартқан жүректі жылытқан,
Бал менен мұз ғой ол өрелес.
Ол кезде сен аппақ гүл едің,
Мен болсам басталған жыр едім.
Балмұздақ əперіп үлгермей,
Соныма өкініп жүр едім.
О бастан өш едім сандарға,
Уақытты женгенде жан бар ма.
Жарығым сен қандай батыр ең,
Балмұздақ сұраған қаңтарда.
Оралып келер ме жастығым,
Көзімді қайтадан ашты үнің.
Көп сөйлеп уақытыңды алмайын,
Шөліңді бас күнім.
*«Үркер»*№7* 2014
41
Этнопедагогика
Қазақ отбасындағы көптеген ырымдар
мен тыйымдар діни дəстүрлермен байла-
нысты.
Халық мəдениетi жөнiнде толық
түсiнiк алуда дiни дəстүрлердi ғылыми
түрде ой елегiнен өткiзудiң маңызы зор.
Оның үстiне қазақ отбасының көптеген
дiни дəстүрлерi этникалық педагогиканың
элементтерімен тығыз астаса келе халықтың
тұрмыс-тiршiлiгiне терең бойлап, оның
ажырамас бөлiгiне айналып кеткен.
Егер археологиялық жəне өзге де
Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ,
Қазақстанның құрметті журналисі,
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент, ҚР білім беру ісінің құрметті
қызметкері
ескерт
кiштер мəлiметтерiнiң негiзiнде
қазақтардың дiни наным-сенiмдерiнiң
генезисiне тарихи тұрғыда ой жүгiртсек,
мəдениет сияқты, оның да қат-қабат қыр-
сыры бар.
Ислам дiнiнiң қазақ жерiнде таралуы
жөнiндегі əдебиеттерде, зерттеулерде əр-
түр лі пiкiрлер айтылады. Тарихи деректер
ХIХ ғасырдың басына дейін Ислам идеоло-
гиясын көшпендi қазақтар санасына сіңіру
əрекеттерi болғанына куə. Қалай дегенмен
де, қазақтардың көшпендi тұрмыс-тiршiлiгi
ХАДИСТЕРДЕГІ
ЖАС ҰРПАҚ
ТӘРБИЕСІ
42
* «Үркер»* №7* 2014
Исламның кеш таралуына негiзгi себеп
болғаны анық. Себебi, көшпелi халықтың
тыныс-тiршiлiгi, дүниеге көзқарасы
олардың өмiр сүру тəсiлiне байланысты
қалыптасты. Бұл қазақтардың арасында
мұсылман дiнiне дейiнгi дiни нанымдардың
берiк орын алуына жағдай туғызған едi.
Осы себептi де көшпелi шаруашылық ша-
ман дiнiн де ұстауға негiз болып, кейiннен
ол ислам дiнiмен қатар араласып кеттi.
Қазақ отбасындағы діни дəстүрлердің,
ырымдар мен тыйымдардың қалыптасуына
аса көп ықпал еткен хадистер бар.
Хадистердiң жас ұрпаққа берер
тəлiм-тəрбиесi аса мол. Олардың жаны
таза, салауатты адам болып қалыптасуына,
жүректерiнде мейiрiм-шапағат нұрының
ұялауына тигiзер ықпал-күшi орасан зор.
Айталық, ата-ананы құрметтеу, бағып-
қағу əрбiр перзенттiң парызы. Қасиеттi
Құранда (Əл-Исра сүресi 23-25 аяттарда):
«Жаратқан иелерiң өзiне ғана құлшылық
етудi, əке-шешелерiңе жақсылық етулерiңдi
шешiп бердi. Егер екеуiнiң бiрi немесе екеуi
де кəрiлiкке жетсе, оларға тұр деп кетiс
бiлдiрме, сол секiлдi екеуiне зекiме, сы-
пайы сөйле. Екеуiне де кешiрiммен қарап,
құшағыңды жай да: Жаратушы ием! Бұл
екеуi менi кiшкентайымнан мəпелегендей,
ол екеуiн де есiркей гөр! – де. Жаратушы
ие лерiң iштегiлерiңдi жақсы бiледi, сали-
қалы болыңдар. Шынында да Ол тiлек
тiлеушiлерге кешiрiмдi» делiнген. Сөйтiп,
Алла тағала əуелi өзiне ғана құлшылық
етудi, содан соң əке-шешеге қызмет етудi
бұйырады.
Иə, ата-ана «Перзентiмнiң табанына
кiрген тiкен маңдайыма кiрсiн» деп, бала-
шағасына өбектеп отырады, «Балам адам
болсын» деп тiлейдi. Хадистердегi ата-ана
ақысын ақтау жөнiндегi өсиет-мiндеттердiң
мəн-маңызы айрықша жарқырай көрiнедi.
1. Алла тағала ахирет күнi адам-
дардың үш түріне мейiрiм-шапағатпен қара-
май ды:
-ата-анасын ренжiткендерге;
-iшiмдiкке салынғандарға;
-iстеген жақсылығын айтып, басқаны
табалайтындарға.
2. Ата-анасы тiрi кезiнде жұмаққа
кiре алмаған баланың соры қайнасын, соры
қайнасын жəне соры қайнасын.
3. Ата-анасына тiл тигiзген, сондай-ақ
Алланы ауызға алмай құрбандық шалған
адам Тəңiрi қарғысына ұшырасын!
4. Алланың ризалығы – əке-шешенiң
ризалығында, Алланың ашуы – əке-
шешенiң ашуында.
5. Ата-ана – сенiң жəннатың не
тозағың. Олардың ықыласын алсаң –
жəннатқа, қарғысын алсаң- тозаққа енесiң.
6. Ата-ана ризалығын ала алмағандар
қор болсын, қор болсын жəне қор болсын!
7. Үш дұға мiндеттi түрде қабылданады:
зұлымдыққа ұшырағандардың, мүсəпiр
жолаушының жəне ата-ананың дұғасы.
8. Күнəнiң ең үлкенi: Тəңiрге серiк жа-
сау, ата-ана қарғысына қалу, нахақтан қан
төгу жəне өтiрiк куəлiк беру.
9. Ата-анаға бағыну – Тəңiрге бағыну,
қарсы шығу – Тəңiрге қарсы шығумен бiр-
дей.
10. Ата-ананы қорғағанды Тəңiр де
қорғайды.
11. Хаттаб ұлы Омар айтыпты: «Бiр
күнi Мұхаммедке бiреу келiп, «Мен бiр
зор күнə iстедiм, ендi мен үшін тəубе ету
мүмкiн бе?» – дедi. Сонда Мұхаммед (ғ.с.):
43
«Ата-анаң бар ма?» – дедi. Ол адам: «Иə,
анам бар» – дедi. «Тездеп анаңа бар да соған
қызмет ет» – дедi.
12. Анаңа, анаңа жəне анаңа жақсылық
қыл, содан кейiн əкеңе.
13. Атаң мен анаң бiрдей шақырса, ал-
дымен анаңа жауап бер.
14. Бiреу: «Ия, Расул Алла, əке-
шешенiң өлiмiнен кейiн оларға iстей алатын
қызме тiм бар ма?» дегенде, Ол: «Иə, олар
үшін жарылқау тiлеп, дұға оқы, өсиеттерiн
орында, достарымен сыйлас» – дептi.
15. Күнə ризықты жоғалтады,
тағдырды тiлек қана тоқтатады, өмiрдi ата-
анаға iсте ген жақсылық қана ұзартады.
16. Адамның төрт түрін Алла ғана
жəннатқа енгiзбеуге хұқықты: ата-ана-
сына қарсы келген, өлiмқоршы, жетiм-
жесiрдiң ақысын жеушi жəне маскүнемдер.
Қазақтарда: «Ата-анаңа не қылсаң, алдыңа
сол келедi», «Ата қарғысы – оқ, шеше
қарғысы – боқ» (өйткенi, шеше мейiрбанды),
«Атасы бардың батасы бар» – деген мақал-
мəтелдер бар. Ата-ана «iштен шыққан шұбар
жыланды да» қимайды. Тiлегiн тiлейдi.
Бұрын қазақ қоғамында ата-анасын
ренжiткендер қара есекке терiс мiнгiзiлiп,
бетiне күйе жағылып, мойнына құрым iлiп,
бүкiл ауылды айналдырған. Көргендер
бетiне түкiрiп, басқаларға сабақ еткен. Ал,
ата-анасына қол жұмсаушылар өлтiрiлген.
Ата-ананың парызынан артық ештеңе
де жоқ. Перзент ешуақытта да ата-ана қары-
зынан құтыла алмайды. Сондықтан да ата-
ананы сыйлап, құрметтеп өтуi тиiс.
Хадистерде жас ұрпаққа айтыла-
тын өсиеттер терең ойларға жетелейдi.
Ұлт тəр
биесiнiң қайнар көзi, мөлдiр
бастауы саналатын Хадистердiң əр
жолы қымбат, айрықша маңызға ие.
Айтулылар айтқан сөз
Толып жатқан әкімдер халыққа
бағынсын. Мұжықты ешкім қорлауға
бата алмайтын болсын.
Чернышевский.
Достарыңызбен бөлісу: |