Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата16.02.2017
өлшемі0,8 Mb.
#4190
1   2   3   4   5   6

Мама...

Мама!

Сен десем,

Бойымды билейді күй тылсым,

Жаратқан жаныңды ұғуды сый қылсын!

Əлемді əлдимен тербеткен

Сөзің де ,өзің де сиқырсың!

Мама!

Жүректің «мен» деген дүрсілін ұғам шын,

Құшақта кел мені, сол жүрек қуансын.

Қорғаным өзіңсің қауіп пен қатерден

Қорыққан сəттегі киелі дұғамсың!

Мама!

Шабытты оятқан құдірет əміршім!

Күрең күз өмірдің көктемдей сəнісің.

Жеті қат ғаламның тартылыс заңымен

Махаббат өзіңе бас иген тəңірсің!

Мама!

Көңілім күлімдеп айтатын сөзімсің,

Мен үшін-Сенімсің! Үмітсің! Төзімсің!

Жұмақтың төрінде періштем сыйлайтын

 *«Үркер»*№72014

17

Жақұтты тəжімнің иесі өзіңсің!

Мама!

Күн болып жарқырар сен менің көгімсің,

Өзің деп кеудемде жыр моншақ төгілсін.

Тоғыз ай көтеріп, қараңғы қапастан

Жарыққа əкелген

Мен үшін Өмірсің!!!

Ей, пе ріште

Тілекті қабылдауға жатқан іште

Аспаннан бір періште жерге түссе,

Бақытты болу үшін өмірімді

Бояуын тілер едім аппақ түске.

Көңілім бірде тасып, мас болса да,

Жанарыма тағы да жас толса да,

Бірге болар жанымда жұбайыммен

Аттағым-ақ келеді ақ босаға.

Серігім көтерсе деп басын биік,

Тəтті мұңның тəп-тəтті жасын сүйіп...

Ақ көйлегім үстімде ақ фатамен

Аппақ арым алдында басын иіп...

Қызы-ы-ы-қ!

Жүрегімнен қа-а-а-ншама сыр төгілді!

Мейлі, тағы қаншама сыр көмілді.

Ғажайыпты сезінем мен өйткені

Құрсағыма көтерсем бір өмірді.

Қолымда жатса ораулы ақ жаялық

Бақытты жүрер едім мен сая ғып.

Білер ем босқа өткенін ұйқы өмірдің

Үнінен «ана» деген енді оянып.

Назары Жаратқанның маған түссе

Аспаннан келген іздеп, ей, періште!

Бақытты болсам дедім сол себепті

Бояшы өмірімді аппақ түске!

Ғазиза ЖҮСІПБЕКОВА. «Бақытты болсам дедім...»

Айтулылар айтқан сөз

Ұзын Орал – Күн мен түннің арасы

Арғы жағы жын-шайтанның ордасы, 

Бергі жағы – Ер Түріктің даласы. 

                                                                                         Мағжан.


18

Замандас бейнесі

Өмірде тағдыр-талайы театрмен біте 

қайнасып кеткен, оны тұрақты екінші үйі 

еткен артист деген халықтың, яғни, осындай 

құрметті  мамандық иелерінің бар екендігін 

білеміз де, олардың сахнадағы жəне сахна-

дан тыс тірлігіндегі іс-əрекеттерін, мінез-

құлықтарын, рухани жан дүниелерін жіті 

біле бермейтініміз бар. Өйткені, артист əлемі-

-күрделі жəне оның біз білмейтін жұмбақ 

қырлары да көп.

Қазақстанның халық артисі,ҚР енбек 

сіңірген қайраткері С.Қожамқұлов атындағы 

Жезқазған қазақ музыкалы-драма театрының 

директоры əрі көркемдік жетекшісі Досжан 

Əбдірəлімұлы Жанботаевтың бүкіл əулеті: 

өзі, əйелі, үлы-қызы жəне келіні  бір  театрда 

үздіксіз жұмыс  жасап, оның ыстық, суығына 

бəрінің бірдей көніп,төзіп келе жатқандығын 

біреу білсе, біреу біле бермейді.Олардың 

өзін бір театр десе де болғандай.Шетінен 

сахнаның майын ішкен шеберлер екендігі еш 

күмəн тудырмайды.Бұл да бір əулеттің басы-

на берілген тағдырдың ерекше сыйы шығар!

Арқа өңірінде көзі тірі халық артисінің 

бірі де, бірегейі Доскең екендігіне қазір ешкім 

де дау айта алмайды. Бұл кісінің ізбасарларын 

республикамыздың əр өңіріндегі өнер 

ұжымдарынан жиі кездестіруге болады.Ал, 

əке жолын, ана жолын қуған өз ұрпақтары 

жайлы əңгіме мүлдем бөлек.Шынайы өнерге 

шынайы құрмет керек! Осындай мақсатпен  

алаш жұрты ерекше қадірлейтін халық 

артисінің сенімді ізбасары актриса əрі ре-

жиссер болып, туған театрында  жастық жа-

лынмен, шығармашылық ізденіспен  тер төге 

еңбек етіп жүрген Мируана Досжанқызы 

Жанботаева жайлы  сыр тиегін ағытқанды 

жөн көрген едік.

Қанша дегенмен, артистің баласы ғой. 

Көзін тырнап ашқаннан Мируананың көргені-

театрдың есігі мен төрі.Əкесі Досжан,анасы 

Райхан бұл жарық дүниеге келгенде (1984 

жылы)  С.  Қожамқұлов  атындағы  Торғай 

облыстық музыкалы-драма театрының белді 

артистері еді. Ол екеуі де 1972 жылы біртоп 

құрбы-құрдастарымен  бірге Мəскеудің М.С. 

Щепкин атындағы Жоғары театр училищесін 

бітіріп келіп,Арқалық қаласында ашылған 

жаңа театрдың іргесін қалап, шаңырағын 

тіктеуге қызу атсалысады. Бұл тұста ерлі-

зайыпты сахна  шеберлерінің  атағы  өз  

республикамыздан тысқары алыс-жақын 

ХАЛЫҚ 

АРТИСІНІҢ ҚЫЗЫ



Жас актриса əрі режиссер Мируана Жанботаева 

жайлы бір үзік сыр

19

шетелдерге  де  кеңінен  таныла  түскен-ді, 

Ол-олма,  Досжан  Жанботаев  1976  жылы 

(Торғай театрында) небары жиырма жеті 

жасында «Құрмет белгісі» орденінің иегері 

атанған еді.Ал, 1984 жылы дүниеге келген 

Мируананың тұсауы бір жылдан кейін осы 

театр қабырғасында кесілгені сол кездегі 

ұжым мүшелерінің əлі есінде болар.Өйткені, 

ол кезде актриса келіншектер емізулі баласы-

мен жұмысқа шыға беретін. Сөйтіп, жүріп те 

Райхан сияқты актрисалар  талай  образдар-

ды орайын тауып, құлпыртып жіберуші еді 

ғой, шіркін!

Мируана      төрт      жасқа      толғанда              

(1988 ж.) Торғай облысы  жабылып, театр 

ұжымы алғашқы дүрмекпен Ұлытаудың 

 

бөктеріндегі Жезқазған қаласына қоныс 



аударады. Кеңгірдің жағалауындағы  мыс 

шаһарының халқы  театр ұжымын құшақ жая 

қарсы алғаны-ол бір бөлек хикая. Мируананың 

бұлдыр-бұлдыр есінде қалғаны—жаңа 

пəтердің кілтін алғандары,сосын театр 

есігінен алғаш қадам басқандары ғана...

Содан кейінгі өмірі Жезқазған театры-

мен    мəңгілік    біте    қайнасып  кеткені  шар 

айнаға түскен бояуы қанық  түрлі-түсті сурет-

тей көз алдында айнадай жарқырап тұрған жоқ 

па?! Сол бір кездерді ұмытудың өзі мүмкін де 

емес. Анау өзі асыр салған аула,балабақша...

Өзі оқыған мектеп...Осы аралықта театрдың 

көпшілік  сахнасында  ойнаған  жəне  кейбір 

эпизодтық рөлдерді сомдаған балауса 

Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ. «Халық  артисінің қызы»

К. Ахметов,  «Шырақ» реж. М. Жанботаева


20

кездері,  студенттік  алабұртқан  шақтары  да 

құлдыраңдап өте шығыпты....Соны ойласа 

Мируананың жанарына сағыныш тамшысы 

да ұялайтын секілді!

Бəрі ойламаған жерден басталды. 

Қыздары Жезқазғандағы Орталық Азия 

университетін бітіріп, диплом алу сəті 

жақындаған тұс болатын. «Біздің де отбасы-

мыздан бір заң қызметкері шығатын болды!» 

деп қуанып жүрген əке-  шешесінің көтеріңкі 

көңілін Мируананың тосыннан қабылдаған 

шешімі су сепкендей басып тастады.

-Қызым-ау, соншама жыл заң оқуын 

оқып, актриса боламын дегенің қалай? Біз де 

жетпейміз бе?!—деді Райхан тұтығыңқырай 

сөйлеп.

-Иə, мама, актриса болу-менің де бала 



арманым еді... Өздерің ғой,мені заң оқуына 

итермелеген... Шынымды айтсам, мен 

 

Жанат көкем сияқты режиссер де болғым 



келеді. Диплом алуын алдым, бірақ, мен бұл 

мамандық бойынша қызмет істегім келмейді. 

Бітті!

-Бітті... Қызым айтса-бітті! – деген сон-



да  Доскең    Мируананың  ыңғайына  қарай 

жығылып.


Сахнаның бір керемет сиқыры бар 

ғой. Тура бұдан он бір жыл бұрын қайсар 

мінезді, алған бетінен қайтпайтын ару 

қыз  Мируана  Жанботаева    С.  Қожамқұлов 

атындағы Жезқазған қазақ музыкалы-драма 

театрына  қарапайым актер болып жұмысқа 

қабылданған еді. Ол кезде театр жанында 

өнерге құштар жастарды актерлікке баулитын 

студия жұмыс істейтін. Мируана уақытын 

текке өткізбеді. Қызмет істей жүріп, дəріс 

алудан жалыққан жоқ. Сахна шеберлерінің  

тəлім, өнегелеріне көбірек зер салды.Халық 

артисінің қызы екенмін деп, асқақтаған жоқ. 

Өзінің табиғатына тəн  қарапайымдылығы 

мен биязылығынан айнымады. Өмірде де, 

сахнада да өзін-өзі  мəдениетті, ұстамды 

ұстауға тəрбиеледі.Ата-ананың ақылын да өз 

қадесіне жаратты. 

Актерлік қадамның алғашқы 

жылдарында    жас    сахнагер    Мируана  

Жанботаева          Р. Ибраеваның    «Махаббат 

пен кесапатындағы» – Əсем, С.Оспановтың 

«Мұңлық-Зарлығындағы» – Мұңлық, 

Б.Ұзақовтың 

«Үмітіндегі» 

– 

Əлия,                                 



Т.  Нұрмағамбетовтің  «Бес  бойдаққа  – 

бір тойындағы»-Шүйкетай, т.б. бірнеше 

қойылымдардағы  тағдырлары əр қилы қыз-

келіншектердің  жағымды, жағымсыз образ-

дарын  ішкі жандүниесінің нəзік  иірімдері 

жəне сахнаға лайық іс- əрекеттері арқылы 

шынайы бере білуімен ерекшеленді.

Сахнада – В.Шекспирдің «Гамлет» тра-

гедиясы. Дүниежүзі сахнасының жауҺарына 

айналған бұл  туындыны  Жезқазған 

театрының сахнасына сонау бір  жылдың 

жазында Қазақстанның еңбек сіңірген 

қайраткері, Тəуелсіз «Тарлан» сыйлығының 

иегері, əйгілі режиссер Жанат Хаджиев 

сахналаған еді. Тереңнен ойлап, кең пішетін 

сахнаның хас шебері,қоюшы-режиссер 

Ж.Хаджиев сонда аталмыш трагедияның 

бас қаһарманы – Офелия бейнесін сомда-

уды Мируана қызына  сеніп тапсырған  бо-

латын.Бұған дейін ірілі-ұсақты ондаған 

нəзік жандар бейнесін сахнаға өзіне тəн 

машықпен сəтті сомдап  шығарған жас ак-

триса мына жаңа рөлдің олардан  ерекше, 

тіпті, табиғаты мүлдем бөлек екендігін 

бірден түсінді.Түсінгені сол, сонда ол өзін 

де,труппаны  да  жерге  қаратпас  үшін  жа-

нын салып, терін сығып дегендей, аянбай 

еңбек етеді.Нəтижесінде Гамлеттің сүйген 

қызы,жүрегі нəзік Офелия тағдырдың қатаң 

сынағына тап болса да,өзінің жандүниесінің 

тазалығы арқылы адал махаббатқа деген 

пəктігін жоғалтпай,сақтап қалады.  Мируана 



 *«Үркер»*№72014

21

үшін Офелия бейнесін сомдау классикадағы 

бір биік шыңды бағындырумен бірдей үлкен 

жетістікке айналғаны даусыз.

Бұл 

туралы 


кезінде 

көрнекті                                   

режиссер  əрі  театр  сыншысы,  марқұм                        

Р. Сейтметов: «Жезқазғанның жас актри- 

сасы Мируана Жанботаева сомдаған Офелия 

өзінің нəзіктігімен, сыршылдығымен, ең 

бастысы, шыншылдығымен  «Гамлет» 

трагедиясының шоқтығын тағы бір биікке 

көтеріп тастағандай болды» деп кезінде ақ 

адал  пікірін ағынан жарыла айтқан да бола-

тын.

Мируана Досжанқызының соңғы 



он жылдың бедеріндегі сомдап шығарған 

бейнелерінің  бірқатары республикалық те-

атрлар фестивальдерінде əділқазылар мен 

сыншылардың назарына да ілікті.Оларға 

К.Əбдірахманның «Кетбұқасындағы» 

–  Рымкүн, К.Ахметовтің «Қанда бар ғой, 

қандағы»  –  Майра,  С.Жүнісовтің  «Жаралы 

гүлдеріндегі» – Балшекер, М.Каримнің «Ай 

тұтылған түніндегі»-Зүбаржат бейнелерін 

жатқызуға болады. Сондай-ақ,қазақ 

 

драматургиясының классикалық үлгідегі 



шоқтығы биік туындысы-  «Қозы Көрпеш-

Баян сұлудағы» – Баян сұлу бейнесін бір  

кездері Торғай театрында Райхан Ибраева 

асқан шеберлікпен сомдаса, араға отыз бес-

отыз алты жыл салып, оның қызы Мируана 

Баян сұлуды Жезқазған сахнасында басқаша 

қырынан мүлдем құлпырта ойнап,көрермен 

көзайымына айналады. Ұрпақтар 

сабақтастығы дегеніміз міне, осы емес пе?!

Мируана-қазіргі өркенниетшіл 

ұрпақтың өкілі. Жаңалыққа, өршіл 

бастамаларға  жаны  құмартып  тұрады. 

Отандық жəне дүниежүзілік драматургия мен 

режиссураның озық үлгілеріне жіті үңіліп,оны 

күнделікті жұмысына енгізуге ден қойып 

отырады. Ұлттық рух, патриоттық тəрбие, 

жастар тұрмысы мəселеріне де актерлік 

жəне режиссерлік ой көзімен, көңіл таразы-

сымен барлау жасайды. Содан режиссерлік 

оңтайлы шешім іздейді..Айтпақшы, Мируана 

екі мыңыншы жылдардың жуан ортасында 

театрдан қол үзбей жүріп, Бішкектің өнер 

институтының режиссерлік бөлімін сырттай 

оқып бітіріп алады. Жанат Хаджиев көкесі 

сияқты  режиссер  болу  арманы  содан  кейін-

ақ, өз жемісін бере бастайды. 

Қазір С. Қожамқұлов атындағы 

Жезқазған қазақ музыкалы-драма 

театрының репертуары жас қоюшы-

режисер М. Жанботаеваның  бес-алты 

қойылымдарымен байытылған. Олардың 

қатарындағы «Бəйтерек» (Р.Ибраева) 

спектаклі  2012 жылы Тəуелсіздік тойына 

орай Қарағанды қалаласында өткен «Театр—

балалар көзімен» аймақтық фестивалінде 

«Режиссерлік дебют» номинациясына ие бол-

ды. Сондай-ақ,  Д.Исабековтің  «Актриса», 

К.Ахметовтің «Шырақ», А.Волковтың 

«Меруерт 

шаһарының 

сиқыршысы»,                                                                                    

Э. Шмидтің « Оскар и Роковая дама»  ( «Тəңірге 

хат» инсценировкасы)  қойылымдары жас ре-

жиссер Мируана Жанботаеваның болашағы 

зор екендігін байқатады.Бұған оның қазіргі 

жарқын қолтаңбасы айқын дəлел.   

Мируана мен Айбектің Əди, ал, ак-

тер аға-жеңгесі Теміржан мен Рауанның 

 

Əлимансұр  есімді жас бүлдіршіндері  бар.



Кім біледі, алып бəйтеректің жас өркен 

бұтақтары түбінде тегіне тартпай қоймайды 

ғой. Негізде  бар нəрсеге не жетсін!

Олар болашақтың үкілі үміттері емес 

пе?!

Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ,                                                                                                                                     

   Қазақстан Жазушылар одағының 

мүшесі.


Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ. «Халық  артисінің қызы»

22

Біздіѕ сўхбат



Айжан: 

Тұңғышбай ағамен бірге 

киноға түстім

 - Сəлеметсіз бе, Айжан өзіңіз өмірге 

келген, кіндік қаныңыз тамған, желмен  

жарысып жүгірген, жусан иісі аңқыған 

туған жеріңіз жайлы баяндасаңыз?

- Мен Қызылорда облысы, Шиелі ау-

даны, Жаңатұрмыс ауылында туылдым. 

Үйдің тұңғышымын.Атам – Сəрсенбай, əжем 

– Бибіайшаның тəрбиесін бойыма сіңірдім. 

Бала кезімнен өнерге құштар болып өстім. Би 

ӘКЕЛІ-


БАЛАЛЫ 

ЕКЕУ


билеп, əн шырқағанды жаным сүйетін. Менің 

қылығыма сүйсінген əжем : «Осы қызым 

жұлдызы биік өнерпаз болады, əлі алдына 

есік қағып кіресіңдер!» - деп, үлкен үміт ар-

тып отыратын. 

Мен үшін ауылымның орны бөлек жəне 

оны балалық шағымның аспаны дер едім.

Ауылға жазғы демалыста барып тұрамын, 

Алматыға келген соң ауылдан алған əсерімді 

қыл қаламның көмегімен қағаз бетіне 

түсіремін. 

- Бала кезіңізде бейнелеу өнеріне деген 

қызығушылық болды ма?

- Анамның айтуынша мен үш жасымда 

үйде ешкім жоқтығын пайдаланып, əкемнің 

салып бітіріп қойған портретіне майлы бо-

яуды жағып, ойыма келген суретті салып-

пын. Бұл «кереметті» көрген əкем не істерін 

білмей: «Мынау не?! Суреттің бетіне ши-

майлап не жасағансың? Бұл портретті кеш-

ке иесіне беруім тиіс еді, енді не деймін?!» - 

деп ашуланса керек. «Сен салған суретті бұл 

қыз да салағаны да. Менің Айжаным, сенен 

артық сурет салмаса кем салмайды. О, несі – 

ей! Баланың меселін қайтарып! Кетер кезіңде 

Əкелі – балалы суретшілер Əбілқасым Сəрсенбаев 

жəне Айжан Сəрсенбаевамен сыр – сұхбат


23

салған суретіңді қол жетпес жерге қойып 

кетпейсің бе, ықтияттап», - деген əжем мені 

бауырына басып араша түседі. Өсе келе мен 

қолымнан қаламымды тастамай табиғат тыл-

сымдарын бейнелеп жүрдім.



- Ұядан не көрсең, ұшқанда соны 

ілерсің деген сөздің жаны бары екен ғой 

онда...

- Əжемнің аузы дуалы екендігі араға 

біраз жылдар салып ақиқатқа айналды. 2002 

жылы Алматы көркем-сурет колледжіне 

оқуға түстім.Қасиетті өнер табалдырығында 

оқығанда бойымдағы актриса боламын де-

ген балалық арманым қатар жүрді.Үш жылда 

колледждің алғашқы сатысын бітірдім. Басқа 

мамандықты таңдап баруыма ерік болды.

Алдымда өнердің екі тармақ жолы 

тұрды,  біреуі  –  қиялымда  жүрген  арманым 

актриса болу, екіншісі – суретші болу.Мен 

суретші болуды таңдадым. Алматы көркем-

сурет колледжінде киім- дизайн мамандығы 

бойынша білім алдым. 2007 жылы өте жақсы 

деген бағамен бітірдім. 2006 - 2012 жылдар 

аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ 

Ұлттық Өнер академиясына сəндік өнер жəне 

дизайн мамандығы бойынша білім алдым.

- Алғашқы көрмелеріңіз жайлы 

əңгімелеп берсеңіз?

- Колледжде оқып жүріп Алматы 

қаласының көрме орталығында «Көктем» атты 

көрмеге «Тау шыңдары», «Айзаттың портреті» 

сынды шығармашылық еңбектеріммен 

қатыстым.Ол еңбектерім колледждің шығарған 

каталогына енді. «Өнерпаз болсаң арқалан», - 

деп Абай айтқандай, академия қабырғасында 

оқып жүріп, еңбектен қол үзбедім. 2009 жылы 

Қызылорда облысы, Шиелі кентінің мəдениет 

орталығында  «Туған жер тылсымы» атты 

көрме жасап, туып- өскен елдегі халқымның 

батасын алдым.Келген көрермендер алғыс 

тілектерін  білдірді.Бұл  туралы  аудандық 

«Өскен өңір» газетінде көлемді мақала жа-

рияланды, облыстық телеарнадан көрсетілді. 

Бұл елімнің маған деген құрмет-қошеметі еді. 

Халықтың шын  ыстық ықыласы мені суретші 

болуға шабыттандыра түсті.2010 жылы ҚР 

Тұңғыш президенті қорында өткен Т.Жүргенов 

атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының 

оқытушылары мен студенттерінің «Нəурізек» 

атты шығармашылық көрмесіне қатыстым. 

«Аңшылар», «Ботагөз», «Барыс жылы» атты 

еңбектерім суреттерімен катологқа енді. 

2010 жылы 11-қыркүйекте ашылған Алма-

ты орталық көрме ғимаратында «Алтын 

күн» атты көрмеге қатысып, жүлделі бірінші 

орынға ие болдым.2010 жылы 17-25 қарашада 

Алматы орталық көрме ғимаратында  «Ай-

жан Сəрсенбаеваның жеке шығармашылық 

көрмесі» деген атпен үлкен көрмем ашылды. 

Ең  əсерлісі,  2011  жылдың  1-15  мамыр 

аралығында Түркия Республикасының Стам-

бул қаласындағы Мимар Синан атындағы 

өнер университетінің Топханэ-и-Амира көрме 

орталығына  «Тəуелсіздік тынысы» атты 

бірнеше шығармашылық еңбектерімді алып 

бардым.2012 жылы Əл-Фараби атындағы 

Қазақ Ұлттық университетінде «Тəуелсіз 

Қазақстан»  атты  көрмеміз  өтті.  2013  жылы 

Париж қаласында «Ұлтқа қызмет» атты жеке 

шығармашылық көрмемізді өткіздік.

-Бала кездегі арманыңыз орындалды 

ма?

-Менің ой-қанатымда бірге ұштасқан 

өнердің бір саласы актриса болам деген арма-

нымда сəтімен орындалып келеді.2012 жылы 

көрсетілген «Жалаңтөс Баhадүр» деректі 

фильмінде мен Айтолының ролін сомдап, 

атақты актер Тұңғышбай Жаманқұловпен 

бірге киноға түстім. Сонымен бірге, «Бала – 

бауыр  ет»,  т.б.  қысқа  метражды  фильмдерге 

түсіп,бағымды сынадым.Оны да өнердің бір 

қызықты да қиын сəттеріне бағалаймын.

Ақнұр СЕРІКҚЫЗЫ. «Əкелі-балалы екеу»


24

Ə.Сəрсенбаев: 

Ауылымның табиғаты Шоқай 

бейнесімен тұтасып кеткендей 

-Аға, сөздің төркінін «Сыр-Алаштың 

анасы», киелі мекен, талай жыр сүлейлері 

мен ақын, жазушылар туып өскен, сіздің 

де шығармашылығыңызға арқау болған 

туған өлкеден бастасақ?

- Ия, дұрыс айтасың Сыр елі өзі өнерге 

болсын, батырлыққа болсын, ізгілікке болсын 

барлық жағынан бай ғой... « Сыр елі – жыр елі» 

-деп бекер айтпайды.Өзім Сыр елінде туып 

өстім. Мектептегі жылдарым Жаңатұрмыс 

ауылдындағы сегіз жылдық мектепте, одан 

əрі №149 «Қызылту» мектебінде өтті.Бала 

кезімнен бейнелеу өнеріне деген құмарлық 

пайда болды. Əлі есімде, оқушы кезімде үлкен 

үзіліс уақытында қолыма қалам мен сурет 

дəптерімді алып, табиғаттың суретін сала-

тынмын. Аспандағы бұлттың қара қоюланып, 

ерекше бір өзгерістер жасағаны маған қатты 

əсер ететін. Содан соң шығармашылығымның 

бастауы болған – ауыл көріністері десем 

қателеспесім анық.

-Сөзіңіздің жаны бар, бойыңыздағы 

осы бір талантыңызды шыңдамаққа, арман 

қуып Алматыға келдіңіз ғой?

-  10-сыныпты бітірген соң Алма-

тыда Н.В.Гоголь атындағы көркем сурет 

училищесіне түстім.Аталған білім ордасын 

тəмамдаған соң, Т.Жүргенов атындағы  Қазақ 

Ұлттық Өнер академиясында білім алып 

шықтым.Осы оқу орындарын бітірген соң елге 

оралдым.

-Аға,осы елге келген кезіңіздегі 

атқарған маңызды қызметтеріңіз туралы 

баяндап берсеңіз?

- Туған жерге келген соң Шиелі 

ауданының білім бөлімінің меңгерушісі 

Жағыппар Зермұхамбетовке Аудандық көркем 

сурет мектебін ашу туралы ұсыныс жаса-

дым. Ол кісі бірден ұсынысымды қабыл алды. 

Жəне де Жағыппар ағамыз, көптеген мекеме-

лер қолдау білдіріп мектепке керекті құрал-

жабдықтармен қамтамасыз етті. Сонымен 

біз жұмысты «Біссміллə» деп бастап кеттік. 

Көркем сурет мектебінің аяқ алысы жаман 

болмады. Араға 2-3 жыл салып көркем сурет 

мектебінің бөлімшелері ауылдарда жұмыс 

жасай бастады. Атап айтсам, Жаңатұрмыс, 

Жеміс-жидек,  Алғабас,  Жақаев  т.б.  ауылда-

ры еді. Сөйтіп, жас балаларды сурет салуға, 

өнерге бейімдедік.  Оның ішінде тек сурет 

салу сабағы ғана болған жоқ, сонымен қатар 

қарындашпен сурет салу, кескіндеме, майлы 

бояуды қолдану арқылы сурет салу, мүсін, 

композиция сияқты сабақтар өтті.10 шақты 

жылдың ішінде тобымыздағы оқушылар 

саны  жүзден  асты  жəне  осы  жылдар  ішінде 

мен көркем сурет мектебін басқардым. «Елде 

жүрсең ісің берекелі болады» деген сөз рас 

екен.Содан соң бұйрық болып, отбасыммен 

Алматы қаласына қоныс аудардым. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет