Препараттарды фиксациялау. Фиксациялау барысында төмендегідей мақсаттар қарастырылады:
1) микробтарды өлтіру;
2) мазоктың заттық шыны бетінде бекуін қамтамасыз етеді;
3) боялуға қажетті мазок дайындау, өлі жасушалар тірі жасушаларға қарағанда жақсы боялады.
Фиксациялау үшін жоғары температура қолданған жөн. Осы мақсатта заттық шыныны мазокты жоғары қаратып үш рет жалынның үстінен өткізеді. Бояр алдында препаратты салқындатады.
Препараттарды бояу. Фиксацияланған препаратқа қандай болмасын бояу ерітіндісін тамызады. Таза препарат алу үшін бояуды препаратты жабатындай етіп сүзгіш қағазға тамызады.
Жай бояу әдісінде бір ғана бояу қолданылады.
Күрделі бояу әдісі микроорганизмдер құрылысын және олардың жіктелуін анықтау үшін қажет.
Күрделі бояу әдісінде екі және одан да көп бояулар қолданылады.
«Жаншылған тамшы»препаратын дайындау.
Заттық шыны ортасына бір тамшы су тамызады.
Оған зерттелетін микроорганизмді орналастырады.
Тамшыны ақырын ғана жабындық шынымен жабады.
Тамшы заттық шыны мен жабындық шыны арасындағы кеңістікті толтырып тұруы қажет.
Жабындық шыны сыртына шығып кеткен суды сүзгіш қағазбен сорып алады.
Бактериялар мен ашытқылар 40 объективпен, ал саңырауқұлақтарды 8 және 40 объективтермен көруге болады.
Микроорганизмдердің құрылысымен танысу.
8. Суретін салу.
«Жүзгінді тамшы» препараттарын дайындау.
Заттық шынының ойыс ортасына зерттелетін микроорганизмі бар сұйықтықтан бір тамшы тамызады.
Тамшыны ақырын ғана жабындық шынымен жабады.
Заттық шынының шетін алдын-ала вазелинмен майлау керек.
Бактериялар мен ашытқы 40 объективпен, ал саңырауқұлақтарды 8 және 40 объективтермен көруге болады.
Микроорганизмдердің қозғалысын немесе спора түзуін бақылау.
Суретін салу.
11-сурет. Препараттар дайындау:
Тапсырма 1. «Жаншылған тамшы» препаратын дайындау.
2. «Жүзгінді тамшы» препараттарын дайындау.
3. Препараттарды бояу.
Бактерияларды Грам әдісімен бояу.
Бұл әдіс бактерияларды бір-бірінен ажырату үшін қажет . Грам әдісімен бояу бірнеше сатыдан тұрады:
Заттық шыны үстінде мазок дайындалады.
Мазокқа 2-3 тамшы генцианвиалет ерітіндісі тамызылады. 2 минуттан кейін бояуды сумен жуады.
2-3 тамшы Люголь ерітіндісін /йодтың йодты калийдегі ерітіндісі/ тамызып, 2 минуттан кейін сумен жуады.
Мазоктың үстіне 96% спирттің 1-2 тамшысын тамызып, 30 секундтан кейін сумен жуып тастайды.
Грам /+/ бактериялар күлгін түске; грам /-/ бактериялар қызыл түске боялады.
Бактериялар спораларын М.А.Пешков әдісімен бояу.
1. Дайын мазокты от жалынында фиксациялайды.
2. Фиксацияланған препаратқа Лиффлер метилен көгі ерітінді сін тамызады және оны жалынның үстінде қайнағанша ұстайды (15-20 секунд).
3. Сумен жуып, 0,5% нейтралды қызыл бояудың судағы ерітін дісімен бояйды. Дистилденген сумен жуып, кептіріп, иммер сионды май арқылы микроскоппен көреді. Споралар көкшіл немесе көк түске боялады. Жас споралар – қара-көк түсті, ал протоплазма қызғылт түске боялады.
Тапсырма Bacillius subtilis. Pseudomonas aeruginosa. Micrococcustis. Proteus vulgaris бактерияларының Грамм бойынша бояу, тексеру үшін грамм /-/ Escherichia cjli және грамм /+/ Sarcina flava бактерияларды қолдан.