Гематейннен бояу ерітіндісін дайындау. Бұл бояу екі бөліктен тұрады:
- 50 мл 96° этилді спиртте 1 г гематейнді ерітеді.
- 1 л дистилденген суда 5 г (химиялық таза) калий ашудасын ерітеді. Екі ерітіндіні де химиялық ыдысқа құйып, сүзеді және 1-3 тимол кристалын қосады. Ерітінді мықтап жабылған ыдыста жақсы сақталады.
Эозинді дайындау. 100 мл дистилденген суда 0,1 бояғыш затты ерітеді.
Вейгерт темірлі гематоксилинін дайындау: Бұл бояу екі бөліктен тұрады:
- 1 г гематоксилинді 100 мл 96° этилді спиртте ерітеді.
- 4 мл 1,5 хлорлы темірге 1 мл тұз қышқылын және 95мл дистилденген суды қосады немесе 1,16 хлорлы темірге 1 мл тұз қышқылын және 98 мл дистилденген суды калий ашудасын ерітеді. Екі ерітіндінің мөлшерін бірдей (1:1) етіп, бір химиялық ыдысқа құйып қолдануға болады.
Гроат гематоксилинін дайындау: Бұл бояу да екі бөлімнен тұрады:
- 1г гематоксилинді 100 мл 96° этилді спиртте ерітеді.
- 50 мл дистилденген суға 1 г (химиялық таза) темір ашудасын, ерітіп оған 0,8 мл байытылған күкірт қышқылын қосу керек. Екі ерітіндіні сүзіп, мөлшерін бірдей қылып (1:1), бір химиялық ыдысқа құйып бір сағаттан кейін ғана қолдануға болады. Сақтау мерзімі үш айдан аспау керек.
Массон бояуын дайындау: 1. Массон А (фуксин-пунц) - 0,1 г қышқыл фуксин +0,2 г пунц S + 300 мл су. Барлық қоспа ерігенде 0,6 мл мұздық сірке қышқылын қосу керек.
2. Массон В (Оранж G және фосфорлы молибден қышқылы қоспасы), оранж G 2 г 1-5 г фосфорлы молибден қышқылы +100 мл дистилденген су қосу.
3. Массон С (ашық көк). 0,1-0,2 г ашық көкке 200 мл 2% сірке қышқылын қосу керек.
Караци гематоксилины. Кейбір жазбаларда және орыс транскрипцияларында Карачи деп жазылады.
Дистилденген су 400мл
Алюмокалийлы ашудас 25г
Кристалды гематоксилин 0,5г
Глицерин 100мл
Йодты қышқыл калий (KJO3) 0,03г
+25° температурада 1-2 сағаттан бірнеше күнге дейін қолданбай сақтаса, бұл қоспа мөлдір емес, шие-көк түсті бояуға дайын сұйықтық болып шығады. Сақтау уақыты ұзарса, оның бояу шамасы да көтеріледі. Бояуы бар химиялық ыдысты дәкеге оралған мақта тығын жасап жауып қойса, өте көп сақталады. Бояу көгеріп кетпеу үшін аздап тимол кристалын қосу керек.
Тапсырма 1. Ыдыстарды, қоректік ортаны, ауаны және т.б. залалсыздандыруға арналған құралдардың құрылысымен танысу.(Автоклав, кептіргіш шкаф, фильтрлер, бактерицидтік лампалар).