Ашықты орталары. Ашықты суы. 50-100 г құрғақ ашытқыларды 1 л суда ерітіп, 10 мин қайнатады, қағаз фильтрі арқылы фильтрлейді.
Ашықты автолизаты 200 г пресстелген ашытқыларды 1 л суда ерітеді: оған 2 г Na2HPO4 талшылап 1 н ерітінді NaОН (рН 6.1 дейін) және 5 мл хлороформ, 37°С 2 тәулік ұстайды, NaОН ерітіндісімен рН 7.4 дейін жеткізеді, 30 мин. қайнатады, фильтр қағазы арқылы фильтрлейді, ыдыстарға қуяды және 115°С 30 мин. стерилдейді.
Бұршақ агары: бұршақ қайнатпасы — 1000 мл; сахароза — 2 г; КН3РО4 — 1,0 г, MgSO4 - 0,3 г; агар - 15,0 г.
Бұршақ агарына NaHCO қосамыз рН 7,0 дейін және 120°С 30 мин. Залалсыздандырамыз.
Бұршақ қайнатпасын дайындау үшін 50г бұршақты 1 л су құйып қайнатамыз, сүземіз 1л дейін су құямыз.
Бұл қоректік орталарда түйнек бактериялары түссіз немесе сүттей ақ, кейде шырышты коллония түзеді.
Бұршақ агарында тез өсетін түйнек бактериялары тез дамиды түззіс шырышты төмен жылжитын күшті коллония штрих түзеді.
Баяу өсетін люпин және соя бактериясы мөлдір ақдап шырышты, тығыз ақ коллония штрих түзеді.
Тапсырма
1. Ыдыстарды, қоректік ортаны, ауаны және т.б. залалсыздандыруға арналған құралдардың құрылысымен танысу.(Автоклав, кептіргіш шкаф, фильтрлер, бактерицидтік лампалар).
2. Залалсыздандыру үшін Петри табақшасын, пипетканы, шпательдерді даярлау.
3. Залалсыздандыру үшін эрленмейеровский колбасын даярлау, мақта тығынмен не қағаз салфеткамен жабу және байлау.
Зертханалық сабақ№ 15. Бояғыштар мен реактивтерді дайындау әдістері
Жұмыстың мақсаты: Бояғыштар мен реактивтерді дайындау әдістерімен танысу және игеру
Жұмыс жасау барысы:Бояу ерітінділерін әзірлеу. Темір ашудасты ерітінді. 10 г темір ашудасты 100 мл дистилденген суда ерітеді. Темір ашудасының тек ашық қызғылт кристалын пайдалану керек. Сары, жасыл, ақшыл кристаллдарды қолданбаған жөн.
Гематоксилин ерітіндісі. 1 г гематоксилинді 96° спирттің 10 мл-де ерітіп, үстіне 100 мл дистилденген су қосады да, 4-5 аптаға ауа және күн сәулесі жеткілікті болатын жерге қояды. Бұл уақыт аралығында ерітіндінің түсі ашық-қоңыр түстен қою-қоңыр түске ауысады. Ерітіндіні қолданар алдында өлшеп алып, сонша дистилденген су құяды. Гематоксилин ерітіндісін тез арада дайындау үшін, жоғарыда айтылған әдіспен дайындалған ерітіндіге 0,1 г йодты қышқыл натриді (NaJO3) қосады, бұл қышқыл гематоксилинді гематейн қылып тез тотықсыздандырады және дайындалғаннан кейін 1 сағаттан соң қолдануға болады.