Риза Маней – Ақтоғай ауданының білім беру бөлімінің әдіскері



Дата24.11.2022
өлшемі32,1 Kb.
#52387
Байланысты:
Баяндама конференцияға Ақтоғай ауданы Маней Риза -әдіскер


Риза Маней – Ақтоғай ауданының білім беру бөлімінің әдіскері,
Ақтоғай ауданы
Баяндама тақырыбы: «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ұлттың ұлы ұстазының педагогикалық ой-тұжырымдарының жүзеге асуы

Қазақ халқында «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деген даналық сөз бар. Жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беру – мемлекеттің салиқалы білім беру саясатына және оны жүзеге асыратын мұғалімдердің білім-білігіне, ізденімпаздығы мен шығармашылығына тікелей байланысты. Сондықтан ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты біздің елде де білім саласы күн сайын өзгерістерге ұшылап, жаңара түсті. Әлемдік кеңістікте педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үдерісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Білім берудің мазмұны түбірімен жаңарып, білім мен тәрбие беруге деген жаңаша көзқарас пайда болды. Отандық педагогикаға Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаевтармен қатар Ахмет Байтұрсынұлының оқыту әдістемесі қайта оралды, соның негізінде 2021-2022 оқу жылында 1-сыныпқа Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесіне сүйеніп әзірленген «Әліппе» оқулығы енгізілді [1, 3-бет], Ж.Пиаже, Л.Выготский, Ли Шульман, Р.Стернберг, Дж.Хэтти, А.Маслоу және т.б. шетелдік жаңашыл теориктердің педагогикалық ой-тұжырымдамалары оқытуды белсендендірудің қадамдарын жасады.


Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай жұмыстар республикалық деңгейде жүргізілуде.
Ұлт жақсысы, Алаш рухты А.Байтұрсынұлы 1913 жылы: «...әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін ізеуден бастаумыз керек», деген екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылы «Ұлттық интеллектінің діңгегін құру қажет. Қазақстанның интеллектуалды элитасын тәрбиелеудің іргетасы болуға қабілетті мектептер құру керек» деген бастамасы бойынша облыстарда Назарбаев зияткерлік мектептері құрылды. Еліміздегі барлық мектептерде шәкірттеріміз бүгінгі таңда жаңа заман талабына сай жаңартылған мектептерде НЗМ-терінің тәжірибесі негізінде жаңартылған педагогикалық идеяларды басшылыққа ала отырып, білім алып жатыр. Мұны 20-ғасырдың басындағы қазақ ғалымының ұсынып кеткен идеясының орындалуы мен ұлт, ұрпақ мәселесіндегі үндестік деп білгеніміз абзал. Мемлекет басшысы 2009 жылы «Ұлттық интеллектінің діңгегін құру қажет. Қазақстанның интеллектуалды элитасын тәрбиелеудің іргетасы болуға қабілетті мектептер құру» деп бәсекеге төтеп бере алатын өмірге өзіндік белсенді көзқарасы бар жоғары білікті жеке тұлғаны тәрбиелеу, мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды ғылыми зерттеу және тәжірибелік қызметке қалыптастыру, қазақстандық және әлімдік білім жүйсінің озық үлгісіне сәйкес жалпы орта білімнің инновациялық моделін жасау керектігін айтқан болатын. Осының негізінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептерінің даму стратегиясы жасалды.
Оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады. [3,6-бет].
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектеп бағдарламасына енгізілген жаңашылдықтың бірі – кіріктірілген пәндердің енгізілуі. Кіріктірілген пәндердің мазмұны оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді. Пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре оқыту идеясы Я.А.Коменскийден басталады: «Бір-бірімен байланысы бар заттар, сол байланысты көрсетіле отырып оқытылуы қажет», - деген болатын.
Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында туған өлкенің еркешелігін танып білуге арналған компонент енгізілген. Арнайы кіріктірілген курс оқулығы әзірленді, бұл «Қазақстан тарихы, «Қазақ әдебиеті» (қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі және әдебиеті»), «География», «Музыка» жалпы білім беретін оқу пәндерін толықтырады және туған өлке тарихын, табиғатын, мәдениетін үйренуге ықпал етеді. [2, 5-бет]. Осы компонент 5-7-сыныптарда қазақ тілі, әдебиет, тарих, география, музыка пәндерінің оқу жоспары аясында өткізіледі (авторы Б.Құдайбергенұлы «Өлкетану», 2018). Оқулық жаңартылған білім беру мазмұнына қойылатын басты талаптарға сәйкес жасалған, әрбір бөлім бойынша күтілетін нәтиже нақты берілген, мәтіннен соң берілген тапсырмалардың балаларды дамытушылық мәні зор.
Осынау жаңа бағдарламаны басшылыққа алатын заманауи мектептердің мақсаты – терең білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. Жаңарған білім беру ортасында оқушының бойында сын тұрғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зерттеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, мұндай шәкіртті тек заманауи ұстаз ғана баулиды.
Осы орайда, жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес орта білім беру саласында мазмұнды жаңартудың көптеген компоненттері ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы үлкен рөл атқарады. Жаңа бағдарлама бойынша деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің білім беруге деген жаңаша көзқарасы қалыптасты. Жаңа бағдарлама мұғалімдерге жаңаша оқыту әдістерін бәрімізге етене таныс 7 модуль арқылы ұсынды (1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту. 7. Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық).
Әр пән мұғалімдерінің курстық даярлықтың негізінде оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген. Отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев) пән сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова) т.б технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру – мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты. Деңгейлеп оқыту технологиялары баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин, тағы басқа ғалымдар осыны түбегейлі зерттеп, оқыту мен даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған. Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы оқушылардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.
2016 жылдан бастап, Ақтоғай ауданының білім беру бөлімі барлық пән мұғалімдерінің жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өтуін және курсаралық кезеңде өзара тәжірибе алмасу үдерісін басшылыққа алып, тиімді үйлестіріп келеміз. Атап айтатын болсам, «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту» (2015), «Жаңа оқу жылындағы ерекшеліктер. Критериалды бағалау» (2017), «Сатылай кешенді оқыту» (2017), «Критериалды бағалау және белсенді оқыту әдістері» (2017), «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденістер мен тәжірибе» (2019), «Оқу мен оқытудағы белсенді әдістер» (2019), «Латын негізді қазақ әліпбиі және емледегі жаңалықтар» (2019), «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау өткізудің қағидалары» (2020), «Білім алушылардың коммуникатвтік дағдыларын дамыту жолдары» (2021) тақырыптарында мұғалімдер өзара тәжірибе бөлісті.
Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерінің біріне сабақта білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау жүйесі жатады. Семинар кезінде аталған жүйенің түйінді идеялары мен кейбір элементтері талқыланды, практикалық бөлімінде қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмалары жасалды, оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлерінің қатыстылығына тапсырмалардан мысалдар көрсетілді, дескриптор, рубрика, модерация жөнінде түсініктермен бөлісті. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері аудандық шығармашылық топтарда критериалды бағалау тапсырмаларын әзірледі. Диалог алаңшаларында, дөңгелек үстел басында жаңа жүйеден туындаған қиындықтар мен одан шығу жолдары талқыланды.
Жас мамандармен жұмыс. Мектепке келген жас маманға бірден тәлімгер бекітіліп, жас маманның кәсіптік жағынан қалыптасуына тікелей ықпал жасалады, тәлімгердің жас маманмен жасайтын жұмыс жоспары және жас тәлім алушының өз біліктілігін жетілдіруге арналған менторинг жоспары жасалып, жыл бойы осы іс-шаралар жүзеге асырылады.
Мектептегі жеке педагогке бектіліген тәлімгерлікпен қатар білім беру ұйымдарында арнайы бұйрықпен бекітілген «Жас мамандар мектебі» жұмыс жасайды. Бұл құрамға мектепке жаңа орналасқан жас педагогтер мен 1-3 жылға дейінгі педагогтер де енеді. Сонымен қатар мектеп қабырғасында жас мамандар үшін тәжірибелі ұстаздардың ашық сабақтары, тақырыптық семинарлар, жаңа форматтың ұстаздарының коучинг сессиялары, диалог алаңшалары ұйымдастырылады. Бұл іс-шаралардың бәрі мектеп әкімшілігі тарапынан бақылауға алынып, нәтижесінде талдау жасалады, оқу жылының соңында жас педагогтер мектебінің есебі өтеді. Өткен оқу жылынан бастап, аудан деңгейінде мұғалімдердің кәсіби қауымдастығын құрылды. Қауымдастықта жұмыс жасау педагогикалық құрамның кәсіби біліктілік деңгейін арттыруға үлкен серпіліс береді. Осы орайда, тек қана оқытушының кәсіби деңгейін арттырып қана қоймай, сонымен қатар білім алушыға да педагогикалық қолдау беру үшін мектептерде Lesson Study – ді жүзеге асырудамыз. Осы тәсілді қолдана отырып, мұғалімдер демократиялық түрде сабақты зерттеп, оны зерделеу барысында оқыту мен оқуды жетілдіру арқылы өзінің кәсіби шеберлігін дамыта алады. Сабақты зерттеудің бұл әдісі тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, қадағалау, талдау арқылы мұғалімдерде оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырады. Бұл жағдайда оқыту аспектілерін жеке ұстаным тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестерінің көзімен де қарастырады, соның нәтижесінде бақылаған нақты сабақты жеке жоспарлаған сабақтарымен салыстырады. 
Аудандық әдістемелік кабинет тарапынан оқу жылы ішінде 4 жас мамандар мектебінің отырысы өтеді. Әр әдіскер пән бойынша әдістемелік көмектер көрсетеді. Қыркүйекте "Жағдайың қалай, жас маман?", қарашада "Нормативтік құжаттармен танысу", қаңтарда "Тәрбиенің кешенді бағдарламасы", наурызда "Қорытынды аттестаттау тапсырмаларының ерекшелігі" атты семинар өткізіледі. Сонымен қатар, ашық сабақтар, тәжірибе алмасу семинарлары, дөңгелек үстелдерге шақырылады. Дарынды жастарды анықтауға арналған диалог алаңдары, дебаттар, сайыстар өткізіледі. Жас мамандардың біліктілігін арттыру үдерісі тұрақты бақылауда болады.
Мектептегі қай бір пәнді алатын болсақ, айталық, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың негіздері мектепке дейінгі білім беру сатысынан бастау алады. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ерте жастан бастап (1 жастан бастап), «Сөйлеуді дамыту», «Көркем әдебиет» пәндерінің, мектепалды даярлық тобында «Сауат ашу негіздері» пәндері сабақтарында тәрбиеленушілердің бойында тыңдалым, айтылым дағдыларының негіздері қаланады, танымдық қызығушылықтары артады. Жаңартылған бағдарламаның спиралды жүйесіне сәйкес бастауыш сыныпта «Әліппе», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндері сабақтарында оқу, жазу дағдыларына баулынады, пәндік білім алуға дайындық жасалады. Ал, орта буында және жоғары сыныптарда әр түрлі ғылым негіздері оқытылып, теориялық біліммен қатар оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасады, негізгі және орта мектепті тамамдаған білім алушы функционалдық сауаттылығы қалыптасқан, өмірге бейім, әлеуметтік ортада өзін-өзі ұстай білетін тұлға қалыптасады.
«Мектепке жақсы мұғалім ауадай қажет. Өйткені мұғалім – мектептің жүрегі». Көрнекті ұлт зиялысы, ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының бұл сөзі арада бір ғасыр уақыт өтсе де өзінің мәні мен маңызын әлі жоғалтқан жоқ. Ұлт ұстазы айтқандайын, ондай жан-жақты қалыптасқан оқушыны тек «жақсы мұғалім» тәрбиелеп шығатыны сөзсіз. Қазіргі білім беру парадигмасына сәйкес критериалды бағалау жүйесі, жаңа білім беру технологиялары оқушының мұғалімнің көрсеткен сара жолымен өздігінен білім алуына жетелейді. Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиет пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсын өткен мұғалімдері арасында өткізілген аудандық семинарларда критериалды бағалау жүйесінің тұжырымдамалық құрылымы және оны енгізудің жолдарын талқылап бір-бірімен пікір алмасты. Семинар кезінде аталған жүйенің түйінді идеялары мен кейбір элементтері талқыланды. Семинардың пікір талас бөлімінде қалыптастырушы және жиынтық бағалау бойынша жұмыс жасалды, оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлерінің қатыстылығына тапсырмалардан мысалдар көрсетілді, оқыту нәтижелерін модерация жөнінде түсініктермен бөлісті.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Ал оның негізі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сыныпта әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе.
Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні – баланың шығармашылықпен ойлауын дамыту, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. «Әліппе» Оқыту әдістемесі, Алматы 2021, 3-бет

  2. Б.Құдайбергенұлы «Өлкетану», «Арман ПВ» 2018

  3. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» НЗМ дербес білім беру орталығы, 2016.

  4. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстандақтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», 5.10.2018ж. 

  5. http://go.mail.ru/redir?via_page=1&type=sr&redir=eJzLKCkpsNLXT8rMycxNzMxLLK7Uy67StywtTAwsWBgMDQ1MTU1MTI3NGKYNtWqo-jTI4aUiYfXXdX7NAsANrYVGQ


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет