Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4



Pdf көрінісі
бет107/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126
3. 
Актиномикоздар 
(Actinomycosis)- 
сәулелі 
саңырауқұлақ 
шақыратын(Streptothirix 
actinomyces) 
үй 
жануарларының 
созылмалы 
инфекциялық  ауруы.  Анатомиялық  ауру  инфекционды  түйіршік  түрінде  пайда 
болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Этиологиясы,  патогенезі:  St.actinomyces  қоздырғышы  өсімдіктерде 
сапрофилденеді.  Жануар  ұлпасында  друзалар,  табақшалар  түзеді,  олардың 
орталығы  түйнекте  өрілген,  жіңішке  мицелия  жіпшелерінен  тұрады,  түйнектен 
периферияға  тартпадан  шегінеді,  босаңқыраған  соңында  колба  тәрізді 
қалыңдануға ие болатын, друздарға радиальды(сәулелі) құрылым береді. Жануар 
ағзасында саңырауқұлақ зақымданған кілегей қабықтары арқылы немесе қылтық 
астық тұқымдастарындағы жарақат кезінде, аэрогенді жолмен жұғады. Зақымдану 
орнында мүшенің ұлпасы бұзылады, оның орнын гранулема басады, секундарлы 
инфекция  нәтижесінде  күрделі  іріңдену  болып,  ерекшеленген  түйіндердің, 
ісіктәрізділердің  көбеюіне  немесе    әртүрлі  қалыңдықтар  мен  жаралардың 
эрозиясының  дамуына  алып  келеді.  Ағзадағы  саңырауқұлақтың  өрістеуіне  сөл 
тамырлары,  саңылаулы  ұлпалар,  гематогенді  жүруі  мүмкін.  Тікелей  әсер  етуден 
бөлек(мүшелердің  қызметтік  бұзылулары  олардың  ұлпаларының  құрылымының 
бұзылуы  нәтижесінде:  тіл,  жақ  және  т.б.)жүдеуге  және  хрониосепсиске  алып 
келетін қабыну ошағынан ағза өнімдерінің интоксикациясын қарастырған жөн.  
 
Актиномикозды гранулемалардың гистогенезі мен микроқұрылысы.  
 
Балғын  қабынған  үрдіс  жас  грануляционды  ұлпалардан  -  эпителиодты 
торшадан,  лимфациттерден,  фибробласттардан  және  полиморфтыядролы 
лейкоциттердің  аз  мөлшерінен  тұрады,  кейде,  алып  торшалар  кездеседі.  Содан 
соң,  гранулема  орталығында  полиморфтыядролы  лейкоциттердің  басым 
ошақтары  пайда  болып,  дәнекер  ұлпалы  элементтер  дегенерацияланып  және 
ыдырайды,  іріңді  денешіктер  саны  көбейіп  және  іріңді  жібулер  басталады. 
Осындай  түрде  гранулема  орталығында  саңырауқұлақтың  сәулелі  друздарымен 
іріңді  фокус  дамиды,  ал  іріңнің  айналасы  -  мол  торшамен  жас  грануляционды 
ұлпа:  гранулеманың  перифериялық  шекарасы  фибробласттар  мен  дәнекер 
ұлпасынан  тұрады.  Ескі  ошақтарда  тығыз,  тыртық  талшықты  ұлпалары 
байқалады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Патологиялық ашып сою:    
 
 
 
 
 
 
 
Продуктивті-іріңді  қабыну  бас  аймағының,  бадамша  безінің,  өкпенің, 
бауырдың, желінің тері асты өзегінің түйіншектерінде дамиды. Кілегей қабықтың 
продуктивті-іріңді  қабынуы  жараның  дамуымен.  Диффузды  продуктивті-іріңді 
глоссит, периостит, остеомиелит. Түгесілудің белгілері, жалпы анемия.  
 
 
Гистологиялық  өзгерістері:нейтрофильді  лейкоциттермен,  эпителиоидты 
лимфоидті  торшалар  және  фиброциттермен  қоршалған  друз,саңырауқұлақты 
гранулемалар.  


154 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет