163
Бұлай шошқа аскаридасының дернәсілдері және жыртқыш аскаридалар жануар
және адам ағзасында тіршілік ететіндер("visceral larva migrans"феномені), ішектің
қабырғасын, қантамырларын, бауырды, өкпені, көзді зақымдайды. Bunostomum
және Strongiloides туысының нематод дернәсілі жануардың терісіне ене отырып,
дерматит пен өкпенің зақымдалуына шақырады.
Гельмитозалардың патогенезінде айтарлықтай рөлді маңызды интоксикация
үрдісі ойнайды. Тіршілік әрекеті үрдісінде гельминттер жүйке жүйесінде,
метаболизм және т.б.теріс әрекет көрсететін, зат алмасу өнімдерін шығарады.
Токсиндердің үлкен бөлігі тек ағзаның сезімталдық аймағында және аллергиялық
немесе анафилактикалық көрінісінде әсер етеді. Жануарлардың сезгіштігі
гельминттер түрлерінен кез келген аллергеннің аз және жоғары дозасында пайда
болады. Аз дозалы сезімталдық - гельминтоздың патогенезіндегі бірінші кезең. Ол
жануардың теріішілік, аллергиялық және басқа реакцияларға қабілеттілігінен
болуы мүмкін. Сезімталдық кезеңі дозаға байланысты, оның биологиялық
белсенділігі, гельминттің даму сатысына, жануар түріне, сезімтал жануарларда
осы кезеңнен кейін(7-18күндей) аллергеннің қайталау көрінісінде аллергиялық
реакциялардың дамуы нашар жүреді. Сезімталдық үрдіс клиникалық белгілерсіз
айлар бойы сақталуы мүмкін.
Гельминттардың патогенезінде аллергиялық реакциялар қабыну сипатымен
маңызды рөлге ие. Олар өздерімен торшалы иммунитет формасын көрсетеді,
бірінші кезекте антиген өзара әрекет етпей, сезгіш кіші лимфоциттер әрекет
етеді(Р.Шульц,Е.В.Гвоздев, 1976). Қабыну реакциясының түрі жануарлардың
гельминттермен зақымдануының бірінші күнінен бастап дамиды. Бұл реакция
ғалымдармен арнайы емес қорғаныс механизмі ретінде қаралады.
Достарыңызбен бөлісу: