3.Пастереллезбен асқынған шошқаның африкалық обасы. (ШАО) –
шошқаның классикалық обасының өткір формасына ұқсас клиникалық –
анатомиялық белгілері мен өлімнің жоғарылығымен (98-100%), тез өтуімен
сипатталатын шошқаның жоғары контагиоздық, өткір, вирустық ауру.
Патогенезі: Шошқаның африкалық обасының вирусы шошқа ағзасына
негізінен жоғары тыныс жолдары, өкпе, конъюктива, зақымдалған тері және ас
қорту жолының кілегей қабықтары арқылы енеді. Ағзада вирус лимфа және қан
тамырлары арқылы тез тарайды. Токсико-инфекциялық қасиетке ие бола отырып,
бірінші кезекте лимфоидты ұлпаға, кемік майына және қан тамырларына тез әсер
етеді.Тамырлар зақымдалу жолына тәуелсіз зақымдалады, олар үшін эндотелия
торшаларының альтерациясы болатын қабырғаларының некрозы және
фибриноидты ісінулер тән.
Нәтежиесінде олардың күресу функциясы бұзылады, тамырлардың
өткізгіштігі көтеріледі және іркілген құбылыстар, тромбоз, плазморрагия,
геморрагиялық диатез, гипоксия, паренхиатозды ағзалардағы некробиотикалық
және дистрофиялық үрдістер дамиды. Бұл өзгерістер вирус әсер етуіне ғана емес,
сондай-ақ ұлпалардағы зат алмасудың бұзылуы нәтежиесінде түзілген токсинді
өнімдердің әсеріне негізделген. Шошқаның африкалық обасына тән перивериялық
қандағы, кемік майындағы, паренхиатозды және лимфоидты ағзалардағы
эозинофильдердің мөлшерініі ұлғаюының пайды болуықан айналымының ауыр
бұзылуына сәйкес аллергия ретінде қарастырылады. Бұл шошқаның африкалық
обасына тән өзгерістерді көрсетеді: мукоидты ісіні, тамыр қабырғаларының
фибриноидты ісінуі, серозды-геморрагиялық гломерулонефрит және басқалары.
Лимфоидты ұлпалар мен басқада ағзаларда қайтымсыз өзгерістердің дамуы
жануардың
өліміне
және
қорғаныс
–
компенсаторлы
механизімнің
жеткіліксіздігіне әкеп соқтырады.
Патологиялық ашып сою: Өлік тез сіресіп қалады. Терісі диффузды немесе
ошақты түрде қобю қызыл, күрең түске тез боялады. Геморрагия көрінісінде жеке
және көптеген қан талаулар кездеседі (жиі құрсақ қуысы аумағының
қабырғаларында) . Көрінетін кілегей қабықтары цианозды. Кеуде және құрсақ
қуыстарында көп мөлшерде күңгірт немесе лайлы сұйықтық табылады, оның
141
құрамында қан қоспалары немесе фибрин ұйындылары болады.
Геморрагиялы диатез
Өкпенің өткір венозды гипермиясы. Гистологиясы: альвеолалық және
дәнекер ұлпасының серозды немесе серозды – геморрагиялық ісігі,
альвеолалардың қанталауы, жиі өкпелік веналардың гиалинозы мен тромбозы,
катаральді бронхопневмония, крупозды – некротикалық плевропневмония. Эпи-
және эпикардта, миокардта таңбалы және дақты қанталаулар. Гистологиясы:
тамырлардың тромбозы, түйіршікті және майлы дистрофия.
Геморрагиялық лимфаденит (лимфа түйіндері ісінген, күңгірт түске әрқалай
боялуы, ол оларға мраморлы көрініс береді). Гистологиясы: геморрагиялық
құбылыстар, тамыр қабырғаларының дистрофиялық және некробиотикалық
өзгерісі. Ядросы ыдырайтын (карирексис) лимфоидты ұлпа торшаларының
некрозы.Геморрагиялық спленит (кілегей қабығы 2 есе ұлғайған, қатты қанға
тоысқан. Пульпасы жаппай бүртіктенеді. Капсула астында ұсаққанталаулар).
Гистологиясы:
іркілген
құбылыстар,
пульпаның
эритроциттермен
инфильтрациялануы, лимфоциттердің лексисы. Миокардтың, бауырдың венозды
гиперемиясы және түйіршікті дистрофиясы. (Бауыры ісінген, іркілген қанға толу
салдарынан ұлғайған, кейде капсула астында қанталаулар болады.) Гистологиясы:
синусоидты капиллярлардың қанға толуы және кеңеюі, бауыр торшасының
атрофисы және некрозы, гиперхраматоз және кариорексис. (Өт қабы кеңейген, қан
аралас өтке толады, қатты ісінген, қапшығынң қабырғасы жуан және шығарушы
тармақтары болады). Бүйректе іркілген гиперемия (бүйрегі ісінген, капсула
астында, қабықшалы қабатта және бүйрек астушасында қанталаулар болады).
Гистологиясы: Бүйрек каналдары эпителилерінің некрозы және дистрофиясы.
Серозды – геморрагиялық гастроэнтерит және уроцистит (25 пайыз
жағыдайларда асқазанда ошақты некроздар, эрозия және жаралану пайда болады,
жіңішке ішекте гиперемия, ісінулер, серозды және кілегей қабықтардың астында
қанталаулар, дифтериялық энтерит). Жуан ішек жиі зақымдалады: тік ішектің
гемтомасы, серозды ісік, геморрагиялық және дифтериялық колиттер.
Шошқалардың африкалық обасының диагнозын бірінші кезекте тілмеден,
пастереллезден және классикалық обадан ажырату қажет.
Классикалық обаның африкалық обадан айырмашылығы геморрагиялық
диатез әлсіз байқалады, көкбауыры ұлғаймайды және онда жиектік инфарктідер
орын алады, Ішектегі ошағы дифтериялық қабынуға ұшырайды – бутондар мен
ойық жаралар.
Пастереллез кезінде негізгі ерекшелендіретін белгілері: жұтқыншақ, мойын,
аумағындағы тері асты клечаткаларының серозды немесе серозды – геморрагялық
ісінуі, екі жақтық крупозды-некрозды плевропневмония (кеуделік формасы
кезінде), серозды лимфаденит, көбауыр сәл ұлғайған.
142
Шошқа тілмесі кезінде: серозды дерматит, серозды лимфаденит, өткір
катаральді гатрит, эндокарлит, артриттер, тері некрозы (созылмалы ағымы
кезінде). Шошқаның африкалық обасын ажыратып балау кезінде ақырғы
диагнозы эпизоотологиялық мәліметтер, вирусологиялық зерттеулер негізінде
қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |