64
Лейкоздар. Анықтамасы, этиологиясы және патогенезі
Лейкоз, лейкемия, ақ қан, қан рагы – қан түзуші және лимфоидті ұлпалардың
ісіктік зақымдалуы (гемобластоз). Аданың лейкозын бірінші рет өткен ғасырдың
ортасында Р.Вирхов (1845ж) сипаттады және бұл ауруды лейкомия (грек.leukos –
ақ, haima – қан) деп атады. 1858 жылы Лейзеринг алғашы рет жылқылардың
лейкозын сипаттады, 1871 жылы Сидамгрлдский ірі қара малдар мен ет қоректі
жануарларда лейкоздың бірінші жағыдайын сипаттап жазды. Азіргі уақытта
лейкозбен барлық үй және жабайы жануарлар, құстар аурады. Бұл созылмалы
инфекциялық ауру, жиі симптомсыз өтеді және қан түзуші ағзалардың және
басқада ағзалар мен ұлпалардың жүйелі ісіктік зақымдалуымен сипатталады.
Аурудың пайда болуы С-типінің вирусымен негізделген, онкоронавирус
атауымен қысқартылған (онкогені, РНҚ-лы вирус). Ірі қара малдың лейкоз вирусы
бас әріптермен жазылады – ВЛКРС. Вирустың таралуының негізгі жолы –
горизонтальді (жануардан жануарға), бірақ инфекцияның анадан ұрыққа
планцентарлы, вертикаль берілуі мүмкін.
Вирус сезімтал жануарларда В-лимфоциттердің геномына енеді және бұл
торшалардың трансформациясына әкеледі. Бұл торшалар өзінің жетілуі мен
ажырауына жетпей жатып
үздіксіз бөлінеді. Осылай лейкозда дамиды.
Инфекцияланған жануарлардың белгілі бір бөлігі ұзақ уақыт бойы, ал кейде өмір
бойы өнімділігін сақтап,
клиникалық жағынандені сау болып қалады. Жануалар
вирус таратушылар болып табылады және онкоронавирусының инфекция көзі
ретінде қауіптілік танытады.
Инфекцияланған жануарларда аурудың болмау себебін түсіндіру қиын.
Әлбетте, бұл жерде иммуногенетикалық, дара және салалы (тұқымдық) төзімділік
бар.
Лимфомалар
Лимфо -
гранулематоз
1.Лимфосаркома
2.Ретикулосаркома
3.Плазмоцитома
(миелома)