6.Бұлшық ет ұлпасының ісіктері Жазық бұлшық еттері: қатерсіз ісіктер – лейомиомалар. Ішкі ағзаларда
түзіледі (ішек – қарын жолында). Жатырда фибромиомалар жиі кездеседі – бұл
фиброзаға ұшырайтын лейомиомалар.
Қатерлі:лейомиосаркомалар. Жатырда, аяқтардың жұмсақ ұлпаларында
кездеседі. Ерте метастаза береді.
Көлденең жолақты бұлшық еттердің ісіктері
Қатерсіз: рабдомиомалар
Қатерлі: рабдомиосаркомалар. Бұл өте қатерлі ісіктердің бірі. Сирек
кездеседі. Ісік өте тез өеді жіне ауруды өлімге дейін әкеледі, себебі өмірлік
маңызы бар ағзалар ұлғайып кетеді.
Гистологиясы: торшалары – белдікке ұқсас – тартылған торшалар, кейде
көлденең ирек болаы. Торшалары ірі денелі және ұзын өскінді (теннис
ракеткасына ұқсас).