124
таралуы мүмкін болатын, метастазаның аналық ошақтарынының түзілуін
тудырады.
Миллиарлы туберкулездік ошақтардың көлемі дәнге ұқсас.Туберкулездің
бұл формасы қан немесе лимфа арқылы көп мөлшерде туберкуллез бактериялары
енетін жағыдайда туындайды. Миллиарлы түйіндер құрылысы бойынша
туберкулез ошағының біріншілік ошағына ұқсас: лимфоидты торшалардан тұрады
немесе орталық бөлігі өлі ұлпадан тұратын типтік туберклалардан тұрады, ал
оның айналасында эпителиоидты және лимфоидты торшалар орналасады. Кескен
кезде – ортасында туберкуллездік бактериялардың түйіндері көрінеді.
Патологиялық диагнозы: Ірі қара малдардың туберкуллезі. Кескен кезде,
жиі өкпе бөлігінің ортаңғы тұйық аймағының аумағында, құрамы ірімшікті,
казеозды пролиферативтік-некротикалық пневмониялар, (гранулемалар) ошақты
пролиферативтер болады. Бронхтық, көкірек және жұтқыншақ арты түйіндерінде
ошақты продуктивтік – некротикалық, кейде, ошақты немесе диффузды
некротикалық лимфаденит (сәулелі казеоз) анықталады.
Туберкулездің генерализделген формасы кезінде: ошақты продуктивтік-
нееротикалық гептит, спленит, нефрит, желін сау, галоктофорит (бірнеше
миллиарлық және казеозды некроздалған модулярлы түйіндер) болады.
Зақымдалған ағзалардан аймақтық түйіндерінде ошақтық продуктивтік –
неротикалық, сирек ошақтық немесе диффузды некротикалық лимфадениттер
көрінеді. Зақымдалу орындарында ацинозды, ацинзды – нодозды және казеозды
лобулярлы продуктивтік – некротикалық пневмония болады. Оларға ошақты
пролуктивтік – некротикалық плевриттер, мезентериттер, нериспленит,
перигептит, перитонит, перинефрит, перикардит және
жалпы анемияның белгілері
тән.
Гистологиясы: түйіндердің ортасында (туберкулдарда) – цитоплазма және
ядро лизисінің типі бойынша некрозға ұшырайды; перифериясы бойынша –
фибробласттармен және фиброциттермен (инкапсуляция) қоршалған, лимфоидты,
эпителиоидық, гиганттық торшалардан торшалық зоналар бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: