Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
45
анықтамасының өзі де толық емес, айтылған
пікірді қарастыра келіп, бұлтартпау шарасын
қолдануға жеткілікті негіздердің болуы, соның
ішінде қамауға алу үшін деректік мәліметтер
арқылы алынған мән-жайлар, айыпкердің
(күдіктінің) жасалған қылмыстық құқық
бұзушылық
Қазақстан
Республикасы
қылмыстық-процестңк кодексі бес жылдан
астам жаза мөлшері көзделген жағдайда,
бостандықта қала отырып тергеу мен соттан
жасырынуы, іс бойынша ақиқатқа жетуге
кедергі
келтіруі,
қылмыстық
әрекетін
жалғастырады дегенге деректік мәліметтері
бар мән-жайлардың болуы табылады. Қамауға
алу
бұлтартпау
шарасы
бұрын
басқа
бұлтартпау шарасын бұзған кезде қатаң шара
ретінде қамауға алу қолданылады. Бұлтартпау
шарасының бірін таңдап алуда негізді анықтау
қажетті, жеткілікті мәліметтер қажет. Ондай
мәліметтер
Қазақстан
Республикасы
қылмыстық іс жүргізу кодексі заңға сәйкес
алынады. Айыпкер (күдіктінің) сотқа дейінгі
тергеп-тексеруден, соттан жасырыну мүмкін
екендігі, іс бойынша ақиқатқа жетуге кедергі
келтіруі, қылмыстық құқық бұзушылығын
жалғастыруы, бұрын қолданылған бұлтартпау
шарасын қолдануға жеткілікті мән-жайлар
ретінде қарастырылады. Егер осы көрсетілген
мән жайлардың біреуі дәлелденбеген жағдайда
бұлтартпау шарасының қандай да бір түрін
таңдауға тергеушінің құқығы болмайды. Іске
қатысты ақиқатқа жету тек лауазымды
тұлғаның қылмыстық өндіріс кезіндегі барлық
әрекеттерді жасаған кезде ғана шегіне жетеді.
В.М. Корнуковтың пікірінше, бұлтартпау
шарасының бұл түрі айыпкердің жасырынған
жағдайда немесе ақиқатқа жетуге кедергі
келтіргенде, айыпкер тарапынан қандай да бір
теріс әрекет жасалған жағдайда, бұл әрекетті
жасауға қандай да бір күмән туған жағдайда,
бұл ретте тергеуші бұлтартпау шарасын
таңдаған да, толық түрде сенімді болады, яғни,
айыпталушының жасырыну мүмкіндігін, бірақ
бұл тек болуы мүмкін жорамал болса да, -
дейді [2, 195 б.].
Бұндай пікірге қосылуға болмайды. Қандай
да болмасын жорамалдың жоғары болуы,
оның деректі абсолютті болмауы мүмкін.
Әрбір жоғары дәрежеде айтылған жорамалда
қателіктер кетуі болады. Бұлтартпау шарасын
таңдау шешімін қабылдаған кезде тергеу
процессі кезінде айыпталушының жүріс тұрыс
әрекетінің теріс болуын куәландыратын
барлық мән-жайларды тексеріп, зерттеп алу
керек.
Егер
шешім
қабылдаған
кезде
бұлтартпау шарасын қолдану туралы, айыпкер
әрекетін барлығын зерттеп білсе, тек ғана
тергеушінің
субъективті
пікіріне
ғана
жүгінбей, барлық мән-жайларды толық, жан-
жақты қарастырған кезде шешім дұрыс
шығарылған болады.
Бұлтартпау шарасының түрі қамауға алу
туралы шешім мәселесі өте күрделі: тергеуші
жасалған қылмыс туралы толық мәліметтер
алу керек, жасалған қылмыстық құқық
бұзушылық туралы мәліметтер, айыпкердің
болашақта жасайтын әрекеті туралы сұрақ,
тергеуші үшін қиын мәселе, бірақ айыпкердің
жасырынуға талпынуы, жаңа қылмыс жасауға
дайындығы туралы мәліметтер
жедел-іздестіру
қызметі арқылы алуға болады. Бұл аталған
тұжырым айыпкердің (күдіктіні) қамауға алу
үшін, айыпкердің жасаған әрекеті, қылмыстық
өндірістің тергеудің жүргізуіне қарсылық
көрсеткен кезде жүзеге асырылады. Бұдан
біздің пікірімізше, жолын кесудің нақты
әрекеттер арқылы көрініс табатындығы.
Э.Ф.
Куцова
тұжырымы
бойынша,
бұлтартпау шарасын қолдануға негіз болуы
үшін, айыпкердің анықтау, алдын ала
тергеуден, соттан жасырынуы, қылмыстық іс
бойынша ақиқатқа жетуге кедергі келтіреді,
қылмысын
жалғастырады,
үкімнің
орындалуынан жасырынады деген жорамал
болған кезде қолданылады дейді [3, 147 б.].
Бірақ қай бір жорамалды бұлтартпау
шарасын қолдануға негіз болады деп айта
алмаймыз. Соның ішінде қамауға алуға
байланысты
бұлтартпау
шарасы
қарастырғанда жеке тұлғаның жеке басы
құқығының кепілдігіне нұқсан келтірер едік.
Қамауға алу бұлтартпау шарасы ретiнде
соттың санкция беруiмен ғана және заңмен
кемiнде бес жыл мерзiмге бас бостандығынан
айыру түрiндегi жаза көзделген қылмыс
жасаған деп айыпталушыға, сезiктiге қатысты
ғана қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл
бұлтартпау шарасы заңмен кемiнде бес жыл
мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi
жаза
көзделген
қылмыс
жасаған
деп
айыпталушыға, сезiктiге қатысты, егер: оның
Қазақстан
Республикасының
аумағында
тұрақты тұратын жерi болмаса; оның жеке
басы анықталмаса; ол бұрын таңдалған
бұлтартпау шарасын бұзса; ол қылмыстық
қудалау
органдарынан
немесе
соттан
жасырынуға тырысса немесе жасырынса; ол
ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы № 4 (32), 2016
47
бұлтартпау шарасы ретінде
– ерекше
жағдайларда ғана қолдану керектігі ескеру
керек.
Біздің пікірімізше, өзге де мән-жайларға
мыналарды жатқызуға болады.
а) айыпкердің (күдіктінің) келтірілген
зардапты орнын толтыруы, ерікті түрде
келтірілген залалды төлеуі;
ә) жасаған қылмысы ауыр жеке және
отбасы
жағдайларының
әсері,
яғни,
(отбасындағы
материалдың
жетіспеушілігінен);
б) жасаған қылмысы қорқытушылық, басқа
біреулердің материалдық, қызметтік немесе
өзге де тәуелділігі мәжбүрлеуінен;
в) жасаған қылмысы өте күшті жоғары жан
күйзелісі әсерінен, жәбірленушінің құқыққа
қарсы әрекетінен шықса;
г) қажетті қорғаныс шегінен асып барып
жасалса;
д) айыпкердің шын өкінуі, өз кінәсін
мойындап келсе және қылмыстың ашылуына
өз
көмегін
көрсетсе.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Асташенков В.Г., Коркунов В.М. К вопросу о применении мер пресечения в советском уголовном
процессе // Ученые записки:
Вопросы уголовного и исправительно-трудового права, уголовного процесса и
криминалистики. Ученые записки Саратовского юридического института. Вып. 16. Саратов, 1969. С.194-
199.
2.Уголовный процесс. / Под ред.: Гуценко К.Ф. М.: Зерцало, 1997. – 509 с.
3.Семей қаласының Ішкі істер басқарамасының тергеу бөлімінің 2012-2014 жылдар бойынша қылмыстық
істер бойынша статистикалық материалдары. Семей, 2014. – 240 бет.
4.Любшев Ю. Смягчающие вину обстоятельства в руках защитника. М.:
Российская юстиция, 1996. – 220 с.
Каражанов Малик Дулатович
доктор философии по праву (PhD), Казахский гуманитарно-юридический инновационный
университет, г.Семей
Ахметжанова Жанар Мухаметкановна
магистрант, Казахский гуманитарно-юридический инновационный университет, г.Семей
К проблеме правовой основы и условия ареста
Karazhanov Malik Dulatovich
Doctor of Philosophy in Law (PhD), Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University,
Semey city
Ahmetzhanova Zhanar Muhametkanovna
graduate student, Kazakh Humanitarian Juridical Innovative University, Semey city
On the problem of the legal basis and the conditions of it’s arrest
Достарыңызбен бөлісу: