Құрметті ата-ана! (6-8 сынып)
Сіздің ұлыңыз /қызыңыз/ «Байтерек School» «Baiterek School» мектебінде тәлім-тәрбие алуда. Сонымен қатар, сіздің ұлыңыз /қызыңыз/ білім алатын мектепте психологиялық қызмет жұмыс жасайды.
Психологиялық қызметтің мақсаты білім алушылардың психологиялық денсаулығын, хал-ахуалын, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасын реттеуге және сыныпқа, жалпы мектеп өміріне бейімделуіне ықпал жасайды.
Сол себепті, әр оқу жылының басында және оқу жылының өн бойында сіздің ұлыңыздан /қызыңыздан/ диагностикалық мақсатта кешенді тесттер немесе сауалнамалар алынады. Диагностикалық тесттер мен сауалнамалардың сіздің ұлыңыздың /қызыңыздың/ денсаулығына немесе жеке басына кері әсері жоқ. Оқушылармен психологиялық қызмет орталығының жұмыс жоспарын негізге ала отырып, тренингтер, топтық түзету-дамыту сабақтары, оқу процесіне кедергі келтіретін мәселелер болған жағдайда сынып жетекші сұранысы негізінде жеке түзету жұмыстары жүргізіледі.
Білім алушының психологиялық саулығын бағалау шкалалары
Топпен жүргізілетін түзету-дамыту сабақтары
Сұраныс бойынша жеке түзету-дамыту жұмыстары/қажет болған жағдайда/
Ұлыңыздың /қызыңыздың / заңды өкілі және жауапты тұлға ретінде, Сіздің келісіміңізді сұраймыз.(келісемін, келіспеймін)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Мектеп психологы: Қуанышбек Назым
Достарыңызбен бөлісу: |