Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Асқар Алтайдың «Альпинист»



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата15.11.2023
өлшемі347,99 Kb.
#124000
  1   2
Байланысты:
Альпинист Асқар Алтай



Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Асқар Алтайдың «Альпинист» әңгімесінің осы электронды нұсқасын 
таратуға рұқсат бермеймін. Бұл шығарма kitapjaris ұйымдастырған кітап 
сайысында оқытылды. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа 
қиянат жасамайсыз деп сенемін. 
 
 
 
 
Шың басына шығыпты… 
Шың басы — шыңылтыр аяз. Қар беті — қабыршақ мұз. Кӛк пен жердің 
арасы — кілкіген кілегей мұнар. Сол мұнар дүниеде таутекедей сексиіп 
жалғыз ӛзі қалыпты. Сол мұнар әлемде кеменің желкенсіз жалаңаш 
мачтасындай жетім шың жүзіп келеді. 
Кӛлкіген мұнар ішінде, шаншылған шынар ұшында қарақшыдай қалқиып 
тұрған мұны мұң иеледі. Іле үрей биледі. Бойын суық тер басты. Ұлы биікте 
ауа жетпей, қос ӛкпесі қысылды. 
Бұғалық түскен жылқыдай бӛбежігі буындырып, жанары жарылардай 
шатынай бере оқыстан оянып кетті. 
Қараңғы бӛлмеде қара терге түсіп жатыр екен. Демін тереңнен тартып, кӛз 
үйретіп ұзақ жатты. Әлгінде ғана шың басын торлаған шаңыт әлем 
сансыраған санасынан жалқаулана сейілді. 
Таң қараңғысы селкеу тартып, балкон жақтан бозғыл сәуле білінеді. 
Барыстай жымып балконға шықты. Кӛктемнің таңғы ызғары тәнін қарып, 
сергіп сала берді. Ол әлден уақта ас үйден апыл-құпыл ауқаттанып, тысқа 
шықты. Алматы ояныпты. Бір сәтке кӛк мұнар ішінде кемедей жүзген мұзарт 
шың мен шың басында жетімсіреген жұмбақ күйін есіне алды. ―Бұл қай 


шың? Неге жалғыз? Түске де түрлі жайлар кіреді-ау!‖ деп автотұраққа қарай 
асыға адымдады. 
Кӛктем туғалы, кӛңіліне жеңілтек қыздай жел кіргенді. Алғашында жаз 
шықпай алаңдағанына жол болсын деп, ӛз-ӛзін тыйып тастауға тырысса да, 
алаң кірген сезімі асаусып, бастықпай-ақ қойған. Мамыр туып, жер 
жылысымен қарғын судай лықсып, алып-қашпа алапат сезімге ұласты. 
Бүгінде жар тӛсегін суынтқан таңғы сезім кешікпей байырқалы ойға бекіді. 
Ӛзін таудың шақырғанын түйсінді. Түйсінді де тіксінді… 
Тап қазір құз кесіп, шыңға шырға салар мезгіл емес. Мазаң мамыр. 
Жылдың бұл айында күн қақтаған Африканың Килиманджаро тӛбесіне де 
адам атаулы аяқ баспайтын. Ал мұның асық кӛңілі қайда тартып тұр? Жер 
ананың тӛсіндегі Монблан мен Эверест тектес қос анарына да, ақ жал мен 
қара жал түсті жылқының шоқтығындай Аляска мен Кавказдың жалама 
жондарына да табаны тиген еді. Перғауынның пирамидасы іспетті 
Алатаудың Хантәңірісі мен боз бӛрінің иесі текті Алтайдың Ақтауына да 
қонышы қажалған. Ендігісіне не жорық? 
Күні бойы құла тасқын кӛлікті қала кӛшелерін таксиімен арылтқан 
Тайшынды қала халқының қыбырлаған тіршілігі алдаусыратқанмен, белгісіз 
биікке деген құштарлық жан дүниесін суыртпақтап тарта берді. Қай тауға, 
қай шыңға сапарлау керек екенін біле алмай дал болды. 
Екі иінінен қорғасындай басып тұратын бетон үйіне кіріп келгенде: 
―Күршімнің сулары, Құзғынды шыңдары… Қайыңдай қыздары, қарағай 
ұлдары‖ деп, тақпақтаған сегіз жасар ұлының әуеніне елең ете қалды да, 
жарқ еткен оқыс ой санасын осып ӛтті. Состиып кіре берісте тұрып қалды. 
―Құдай-ау, Құзғынды екен ғой түсіме кірген! Құзғынды екен ғой шақырған… 
Тәңірім, тілегімді бере гӛр! Осы уаққа дейін қалай сезбей келгем?‖ 
Іле кішкене Мұқан да жүгіре шығып: 
— Кӛке, келдіңіз бе? — деді қуанып. — Мен бүгін үш алдым… Маған үш 
жүз теңге бересіз! Ертең компьютер ойнаймын. 
— Жарайсың, ұлым! Бес алғаның жақсы, тек ақша сұрағаның жаман… Сен 
сабақты ақша үшін оқымауың керек, ӛзің үшін оқуың керек, — дей салды. 
Сол күні түнде-ақ Тайшын әйелінің ―дем алсаңшы‖ дегеніне қарамастан, 
аздап ―таксилетіп‖ келейін деп, таксистер тұратын әуежайға емес, қашанда 
тау басында табысатын ―таулық достары‖ альпинистердің үйді-үйін аралап 
кетті. Түнделетіп жүріп біреуін үйінен тапса, біреуін таба алмады. 
Тапқандары Құзғынды шыңын кӛктейік деген сӛзін күліп қарсы алды. 
―Құзғынды — Алтайдың атақты Мұзтауымен деңгейлес, жалғыз шаншылған 
жетім шың‖ дегеніне сенсе де, ешқандай альпинистің табаны тимеген дегенге 
күдіктене қарады. 


Амалсыз кері бұрылды, бірақ адуын сезімін, құмар кӛңілін баса алмады. 
Ол жалғыз да болса, Құзғындыға кӛтерілуге іштей бел байлады. Сонда ғана 
кӛңілі жай тапқандай болды. Дегенмен былтыр Гималайға бірге барған әлгі 
бір студент жігіт ойына орала берді. 
Ертеңіне кештетіп студент Сұңғатты жатақханасынан тапты. Ол да мұны 
күтпеген-ді, бірақ ұсынысты албырттықпен қабыл алды. Тайшын да қуанып 
кетті. Студенттің тәжірибесі аз болса да, тауда серік керек. Оның үстіне 
Құзғынды да Гималай шың-құздарынан бір кем емес екені бұған белгілі. 
Баяғы бозбала күнінде, тап Сұңғаттай студент кезінде барыс атам деп, 
Құзғындының қар-мұз құрсанған құзарының алқымына шейін арқанмен 
кӛтерілгені бар… Сӛйткен Құзғындыға тұңғыш рет соқпақ салмақ, сына 
қақпақ. Бұл Құзғындыны, Құзғынды бұны ұмытқалы да не заман?! 
Осы бір қуанышты кешті екеуі оңашалау, тыныш кафеде отырып атап 
ӛтті. 
— Аға, — деді Сұңғат, — мен кейде мына қалаға сыймай кетем. Ондайда 
жападан-жалғыз Алатауға тартып отырамын. Тау ауасын жұтып, сергіп 
қайтам. Ӛзім жазықта тусам да, тау арасын аңсаймын да тұрамын… Тау 
туралы ойласам, жүрегім тулап қоя береді. 
— Міне-міне, сен де түбің, тегің — тау ұлысың… Сен екеуіміз ұқсаспыз, 
— деп қуанып кетті Тайшын. 
— Аға, мен таусыз тұра алмайтын секілдімін. Ӛзімді кейде жетім қалғандай 
сезінем… 
— Мен де жетіммін, бауырым, менің әке-шешем — тау… Тау менің егізім. 
— Мен кейде жылаймын… кӛзімнен жас шықпайды, бірақ ішім қан жылап 
жатады. 
— Е-еһ, бауырым! Таулар да толқиды, таулар да жылайды. Ең ғажабы — 
таулар да аңсайды, таулар да жоқтайды… Иә, жоқтайды! Сен сенбей 
отырсың ба? 
— Жо-оқ, неге сенбеймін? Сенемін! 
— Сенсең — солай, бауырым! — деп Тайшын қызынып кетті, мінезі де тау 
адамына тән қызуқандылау еді. — Тау да адамды аңсайды. Аңсағаннан да 
ӛзіне шақырады, ыңғайы келсе, бауырына басып қалады. Ал бауырына 
жазатайым басып қалса, бар мейірін тӛге әлдилейді. Бар зарын тӛге 
жоқтайды… О-о, сен ондай күңіренген үнді естіген жоқсың. Ғажап үн… 
Міне, мені сол зарлы үн шақырады да тұрады. Сен бірақ оған беріліп кетпе! 
Егер ести қалсаң… Ол — қатерлі сарын. Оған бой алдырдың бар ғой, 
имандай шыным, онда мына түтін кӛмген ойдағы қалаға оралам деп ойлама! 
Тау басында қалғаның. Талай альпинист қалды ғой… Жә-ә, алып қоялық! 
Екеуі де қағыспай қағып салысты. 


— Сіз ӛзіңіз философ екенсіз ғой… 
— Бауырым-ау, біз де бірдеңе оқығанбыз. Қазір ғой керексіз боп 
қалғанымыз. Философ мен емес — тау… Тау — философ. Менің айтып 
отырғаным – тау сарыны. 
— Тау сарыны — ажал сарыны… демексіз ғой. 
— Ол, бір жағынан, күрес сарыны… Жекпе-жек сарыны. Тау басында не ол 
жеңеді, не сен жеңесің. Басқа жол жоқ. Тау басы — тығырық. Сен ӛскен 
Оралдың сағымды сахарасы емес, тұманды тӛскей. Адасуың қиын, ажалың 
жақын. 
— Аға, сіздің сӛзіңізден қорқайын дедім. 
— Ха-ха-ха, бауырым, қызып қалған ағаңның сандырағына кӛңіл аударма! 
…Құзғынды сапары сабылыссыз, сандалыссыз жалғасты. Студент Сұңғат 
та университетінен оңай сұранып шықты. Ӛз-ӛзіне қожа таксист Тайшын да 
қалада құнжыңдай қоймады. Асай-мүсейлерін, азық-түліктерін қамдасып 
алысымен, ұзын жол үсті аялыссыз жүрді. Күршімнің ӛткеліне түнделетіп 
жетті. Амалсыз аюдай дӛңкиген қара ―Тойота‖ джипінің ішіне түнеуге тура 
келді. Ӛткел аузына таспиықтай тізіле кезекке тұрған тӛрт-бес ―КамАЗ‖ 
кӛлігін жанамалай ӛтіп, паром кемесі иек артар табалдырық темір үстіне 
шығып тоқтаған. 
Бұлар таң әбден ағарып атқанда ғана дүрілдеген машина дауысынан 
оянды. Тоңазып қалыпты. Сұңғат басын кӛтергенде алғаш кӛргені – кӛлкіген 
кӛкпеңбек Ертіс, ұшан теңіз судың бетінде ӛздеріне қарай оймақтай боп 
жүзіп келе жатқан аппақ кеме-паром мен бұлдыраған арғы жағаны кӛмкере 
қоршап жатқан бурыл таулар еді. Таңғы сұлулыққа аңтарыла қалып, тысқа 
атып шықты. Жүзін тау мен даланың ауасына қанығып, ұлы ӛзеннің буына 
шомылып шыққан дымқыл леп жалап ӛтті. Сарайы ашылып қоя берді. 
Тайшын да кӛкірегін кере тыныстап, керіліп-созылып алып, су бойына 
барып бетін шайды. Екеуі Ертіс жағасының жан жадыратып, кӛңіл толқытар 
сиқырлы күйіне елтіп жүргенде, алып ақ кеме де темір табалдырық текшеге 
жеткен. Паром үстіне алдымен екеуінің кӛлігі шықты. 
Найза тұмсықтанған ақ кеменің үшінші қабатына кӛтерілген Сұңғат 
бесіктей тербелген паромы мен ұлы ӛзеннің жайыла аққан мол суын, анда-
санда ызғарлы желі су бетінде желпи қуалаған буалдыр тұманы мен 
жағалауындағы шұбар құмын ӛзі ӛскен Жайық бойымен салыстыра қарап 
тұрды. Арнасы тӛрт шақырымнан астам алып астау ішінде толып аққан 
ӛзенді Жайықтай үшеу-тӛртеу шығар деп ойлап, айран-асыр қалды. Паром 
ағысы ауыр ӛзенде әрең жылжиды. 
Арада сағатқа жуық уақыт ӛткенде жағаға қайырлаған кемеден жылжып 
түскен кӛлік кӛк бұйра кӛкке малынған бурыл тауды бауырлап, Күршімге 


қарай заулап берді. Күршім ӛзені ойынан Маралды биігіне кӛтеріле бергенде, 
Жайдақтың қарлы жоны қапсағайлана барып, қима еңісі құлдилап кетіп, 
кенет қасқыр азуланған Құзғындының қар-мұзды оқшау шыңы жарқ ете 
қалды. Сол сәтте мамыр күнімен күлтелене кӛтерілген Бурабайдың кӛк 
алабын, Қойтастың қыртыс-жыртыс қатпарлы тауларын қызықтап келе 
жатқан екеуі ―Аѕ!‖ десіп қалысты. Кӛкке қадалған сынадай сүйір шың солаң 
етіп, жүректерін суырып алды. 
— Сұлу екен, — деп Сұңғат сүзілді. 
— Сүйріктей ғой, шіркін! — деп Тайшын сүйсінді. 
— Аға, бұған қалай шықпай жүрсіз? Дүниенің талай шыңын 
шылбырлағанда… 
— Ой, бауырым-ай, ақымақ болған соң қайтесің? Біздікі баяғы қағынан 
жеріген, жатырын жатсынған құланның аяғын құшу ғой… Әйтпесе адам қияр 
жер ме осы?! Мен шықпайтындай шың ба? Бәрін де кеш ұғып жатамыз ғой. 
— ―Ештен — кеш жақсы‖ деуші ме еді. Алла бұйыртса, асуды табанға 
таптармыз! 
— Тәйт! — деп зекіп қалғанда, Тайшынның қолы оқыс бұрылып қап, 
ортекедей ойнақтап келе жатқан ―Джип‖ те жалт беріп, қия жолдың 
құламасына қайқаң етіп барып қайтты. — Тек, бауырым, бейпіл сӛйлеме! 
Асылық болмасын, таудың да киесі бар. 
Сұңғат та әбес сӛйлеп қалғанына қысыла берді. 
Керік мойын Құзғынды ғана кекірейген қалпы… 
Мамырдың маңған күні, таудың тұнық ауасы, табиғаттың сұлу сесі 
кӛңілдерін алып ұштырады. Жазда да сүрі қардан ақтандақтанып жататын 
Жайдақтың сауыры ақ жолақ киттей жондана түсіп, Құзғынды құз-шыңына 
шейін созылған қапсағай қабырғасы барыстай шұбартып, кӛздің жауын 
алады. Орманды ӛзен бойлары мен арша-шыршалы тау сілемдері, кӛкала 
кілемдей күреңшелі алқаптары мен құж-құж жартасты жаламалары жанға 
жайлы сезім ұялатып, бойына бір ерекше күш-қуат құяды. Алтайдың алқам-
салқам біткен әсем табиғаты арқа-жарқа күйге ендіреді. Әлденеге ӛрекпіп, 
әлдеқайда асыға түсесің?! 
Бесін белден аса қысаң қолаттың ішіне, Жайдақтың жылан бауыр етегіне 
үйме-жүйме орын тепкен ежелгі қоныс Маралдыға жетті. Мұнар таудың 
мұңсыз ауылы манаурай қарсы алды. Кӛріспеген ағайын — туған ағыла 
келісіп, қауқылдаса құшаққа алысты. 
Тайшын туған ауылы Маралдыда бір-ақ күн аунап-қунап жатты да, келер 
таңды құланиектен күтіп алып, үш жігіт боп жолға шықты. Астарында — 
тоқжарау аттар. Алдарында — асқақтаған Құзғынды. Бӛктергілері — орамды, 
қоржындары — қоңды. Кӛңілдері — алаңсыз, сапарлары — соқпақсыз. 


Белдерін бекем буысқан. Тау арасында танау суытар ызғар бар. Шымырлаған 
ызғардан аттар да пысқырынып, танау желбіршегін пырылдатып қояды. 
Кейде аяңмен, кейде желіспен жүрген салт аттылар жылқының кетпен 
тұяғымен кӛтеріле алар Құзғындының қырық қатпар кезеңінен кештетіп 
асты. Белді күліктерінің шаптары шабыла кӛбік атып, бауырларының қан-
сорпасы шықты. Қаладан келген екеуді салт аттың жүрісі соғып тастады. Қас 
қарайғанша үшеуі жіті қимылдап, ықтасындау жер шоқысына шатырларын 
тігіп, астарын қамдасып үлгерді. 
Аттарды ауылдан ере шыққан жігіт тықыр отқа қойып келсе, екі альпинист 
жатып қалыпты. Әлгі жігіт ай туғанша тыста созалаңдап жүрді де, ол да 
ұйқыға бас қойды. Енді қарауытқан құз-қия, үңірейген жарық-жартас ішін 
тӛмендегі су сарыны, жел суылы тербеп, аласарған аспаннан жарық 
жұлдыздар бадыраяды. Түнгі ызғар күшейіп, тау самалы кӛкайылданып, 
ұйқыдағы шатыр маңын ториды. Тау іші аруақтай суына түскен. 
Олар салқын шатыр ішінде кешегі ерсоқты жүрістен құлантаза арылып, 
Құзғындының алып тұлғасынан таң шапағы шашырап үлгермей, аса бір 
сергектікпен оянды. Түстіктің мамық айындай емес, тӛскейдің мамырында 
мұңсыз оянысып, ат үсті астанып, ат ұстар жігітке ―үш күннен кейін кел‖ 
десіп, шаңыт шыңға бӛгеліссіз бет түзеді. 
Бар үміт, бар күдік — биікте. Кӛк шаңырағын дара кӛтерген бақандай 
шың шоқтығында. Құдай жар болғанда, күн ашық. Әзірге кӛңілге кірбің 
түсірер теңгедей бұлт жоқ. Бүгін биіктің бел ортасынан асып, кӛк мұз қашар 
қиялы беткейге ―тірек шатырын‖ тігулері тиіс. Ертең ертемен мұз сыналап, 
құз қиялап шың шынарына ӛрлемек. Тірек мекендеріне күнбе-күн қайтып 
оралулары керек. 
Бұл жайды екеуі де айтпай-ақ білетін. Студент жас болса да, Гималайға 
сына қаққан жігіт. Оның қуатты қимылына, жастық жігеріне бәрі де дән риза 
болысқан. Ол жолы бұлар жетеутұғын. Бүгін екеу. Әзірге жалама жартасқа 
темір сына қағып, шығыршық іліп, арқан тарта қойған жоқ. Жартастың 
жықпыл-жықпыл қуысымен, қақпа-соқпа қалақша қыртыстарымен құндызша 
қуалап, енді келген ернеулерін еппен басып, бүрлі табандары мен әлді 
саусақтарына сенген. Арқаларына асынған рюкзактары мен мойындарына 
ілген, белдеріне байлаған темір сына, ілмешек, шығыршық заттары, ораулы 
қос-қос арқан зіл тартып, тұла бойларын тер басады. Оған бірақ кӛңіл 
аударар емес. Бар ниеттері – биікке ұмтылу. Албаты сӛз қағысу, сыр тартысу 
да жоқ. Ӛз істеріне берік, ӛз жүрістеріне жетік. 
Жел басылған. Жанға жайлы мамыр самалына ойысқан. Күн де шың 
иығына шыққан. Бұлар бет қойған теріскей кӛлеңке. Анда-санда салқын 
самал шымырлаған ызғар әкеледі. Ызғар қар-мұз қатып жатқан құз-қия 


қуыстарынан, шұғылалы шың басынан шымырлап жетеді. ―Шың басы — 
үскірік, — деп шешті Тайшын. — Күнгей — күйік… алдамшы жібуімен 
қауіпті. Кӛктемгі кӛшкіні бар. Мына самал сол ӛңірден. Кӛп альпинист 
күнгейде қапы қалады‖. 
Жүк — ауыр, жол — жалтаң. Құзғындының қиясынан анда-санда 
кӛздерімен шолып қалғанда, кӛк бұйра орман мен кӛк балауса жасаң жапқан 
таулы ӛңір тӛменде қалып, алақанға салған суреттей кӛз тартып қоя береді. 
Ондайда аңырып қалған Сұңғатты алдыға салып келе жатқан Тайшын: 
―Бауырым, босаңсыма! Алда әлі ұзақ жол бар… Биікке кӛтеріліп алайық, 
сосын кӛзің қарыққанша қарарсың‖ деп селт еткізіп, терін бір сыпыртып 
алып, тоқтаусыз жүріп кетіседі. Тауға шығып келе жатқанда аяқ суытып, бел 
сындырып алу — альпинист үшін ауыр. Ширығып келе жатқан тән шау 
тартқандай босап, жанығып келе жатқан жан жайлылық билеп байсал тартса, 
жол ортада жамбастап қаларың анық. Сұңғат әлі жас қой, тәжірибе де 
кемшін, кӛңілі де кӛрінгенге кӛрсеқызар, кӛгергенге іңкәр. 
Екеу елеусіз ғана иек қағысады. Иек астынан ащы тер тамшылайды. Бірін-
бірі кӛздерімен ұғысады. ―Нағыз адамдық асыл қасиет тау басында ғана 
оянады…‖ деген ой келді Тайшынға. Таудағы достық — бәрінен биік. Таудай 
биік, таудай қатал, таудай тӛзімді. Таудан тӛмен түскен жерде пендешілік 
бой кӛтереді. Тӛменде ―достық‖ дегеннің ӛзі ―қастық‖ дегенмен қатар жүреді. 
Ойда достыққа да, қастыққа да орын бар. Тауда орын жоқ. Тау — тарпаң. 
Тайшынға бұл таңсық ой емес. Құз қиясында қырандай қанаттасып қатар 
жүрген, бар қиындықты қара нардай бірге бӛліскен альпинистер етекке 
түскенде бұзаубас кесірткедей құбылап сала береді. Қар құлайтын, мұз 
жылайтын жалама беткейлерде адамдық жанашыр сезімдеріне сызат 
түспестей, сына қағылмастай боп кӛрінгенімен, қалаға кіре бере бұлғақсыз 
бауырмалдығы қорғасындай суынады. Адам атаулы бір-біріне суық қана 
жымиып, ішін бермейтін қаланың қалың қатпарлы тіршілігімен беттескен 
сәтте бәрі де әдіре қалып, тау тӛсіндегі сәбидей пәк сезімдері лезде ластанып 
қоя береді. Шың басындағы кешегі қара тастай берік достық, альпинистік 
адал сезім сынған хрустальдай шыл-шыпыры шығып, әрқайсысы бӛтен 
біреулерге айнала жӛнеледі. Тайшын осыны түсінбейді… Ойға түсе кӛңілі 
күңгірт күздей құлазиды, жапанда қалғандай жалғызсырайды. Ал бозбала 
Сұңғат оны қайдан білсін?! Ол — әзірге әсершіл. 
Сӛзбен емес, сынақты іспен іштей серттескен екеу Құзғындының кӛксір 
мұзына да ілікті. Қалыңдығы құлаш-құлаш кӛк мұз арасынан кейде қара 
жартастар жарып шығып, кейде құрық бойламас жарықтар ырсиып, қия 
беткей тік беткейге ұласты. 


Күн де екінтіге еңкейіп кеткен еді. Кӛлеңке басы ұзап, бұлар түстенбестен 
үздіксіз ӛрмелеп келе жатқан батыс бетке шуағын тӛккен. Күн әукесі ұзын 
аққан Ертіске еңкейіп те қалыпты. 
Құзға шалқая бітпей, бұларға еңкейе біткен кӛкқасқа алаптан құтылу керек 
екенін екеуі де түсінді. Тайшын ―оңға қарай қырындай кӛтерілейік‖ деп иек 
қағып, тағы да ту сыртына қарады. Қарады да жүрегі зу ете қалды. ―Япыр-ай, 
кӛкжиектен бұлт кӛтеріліп келеді-ау! Түн ортасына жетпей-ақ Құзғынды ақ 
бурадай шабынбаса етті‖. 
Адам алақаны ғана жанасқан шың жаламасында тұрып, кӛкжиекке кӛз 
салған Тайшынға нарттай табақ алдымен шалынды. Ол күллі құбыланы 
қызыл мұнарға бӛлепті. Күрең күннің астында жылқы жалданған қою бұлт 
кӛтеріліпті. Бұлт түсі де талақ тигендей күрең. Бауыр күрең кӛкжиектен бері 
бұлдыр-бұлдыр қызыл мұнар кеулепті. Жай күнде сағым сырғыр Ертіске 
еңкейген кең ӛңір – құба жон, қожыр тау, кӛк орман, шұбар жартас – қызғылт 
мұнар әлемінің бауырында балқиды. 
Бауырдай балқыған сиқырлы ӛңірдің бәрі Құзғынды қиясын қырқалап, бір 
табан биік тұрған Тайшынның қарашығына сыйып кеткен еді… Күреңіткен 
кӛкше шың шынардай шаншылыпты. Ал кӛк тәңірісінің кӛзіндей кӛрінетін 
күн де кӛкжиекке салбырап, қу мойын Құзғындыға басын иіпті. 
Құзғындының кеудесін бермес тәкаппар асқары мұның кӛкірегін мақтаныш 
сезіміне суғарды. 
Сыналы соқпақпен арқан саумалап бара жатып: ―Ең үрейлі, ең күшті сезім 
де тау басында туады…‖ деп түйді. Тау басынан түскен соң, осының бәрі сап 
тыйылады. Баяғы бір ӛгіз аяң, жорға сылаң тіршілікке енесің. Ӛлгенше 
ӛкшелеген ӛмірдің ұсақ-түйегіне алданып, алдамшы ағыспен жүзесің. Тау 
тӛсінде ғана ӛзіңді нағыз адам сезінесің, сол сенімнің ӛзін де тау арқылы 
түсінесің. Қияда қыл арқанға ілініп тұрып, ӛзіңнің соншама әлсіз, соншама 
қуатты екеніңді бағамдайсың. Бір сәтке болса да биіктің бұлалығын 
түсінесің. 
Сұңғат та әзірге сыр берер емес. Сусыма беткейде сабырмен қиялайды. 
Желім тұяқты таутекедей сырғып барады. Ол бұған, бұл оған сенген. Қайла-
балғамен де қапысыз қимылдайды. Екеуі де барын салған. Күн кӛзін 
құбыладан кӛтерілген қызыл шобыр бұлт басқанда, еңкіш қия мұз беткейінен 
құтылып, сәл ғана шалқайыңқы жылтыр құз жалына темір істікті табандарын 
тіреді. Сонда ғана жоғарыдан әлдеқандай қошқыл белдеу кӛрінді. 
— Ана белдеуге жетіп жығылайық, — деді Тайшын. 
— Жартас шығар, — деді Сұңғат. 
— Баламысың деген… Ол белдеу — ―Барыс белдеу‖. Барыс жазда осы 
белдеу тұсқа дейін кӛтеріледі, одан әрі бармағын да баспайды. Жоғары жақ 


— кӛксір мұз. Бізге кешкі күн сәулесімен қошқыл жартас секілденіп 
кӛрінгені ғой. Бұл белдеу — граниттей боп қатып қалған мыңдаған жылғы 
мұз түйіршіктер. Мұны альпинистер ―шың шапкасы‖ деп те айтады. 
— Түсіндім, аға! 
— Солай, бауырым! — деді екеуі бусанып тұрып. — Шың шӛкпей, шың 
―бӛркі‖ де жоғалмайды. Қазір сонда жетіп, шатырды сонда тігеміз. Бӛрікте 
ернеу бар. 
Мұз жалын жондап, шыңның қаракӛк түсті ―бӛркіне‖ екеуі еркін жетті. 
Қос қабат боп қатқан кӛк мұздың бауыздау алқымы әжептеуір ернеу екен. 
Осы мұз қабаттың алқымы астында арқанға салбырап тұрып, болат сүңгідей 
сыналар мен қадаларды қағып, арқалап жүрген қызыл шатырды екеулеп 
жүріп тікті. Қос қабат қалың шатыр ернеу кертпе астында құрқылтайдың 
ұясындай салбырап, бір жақ қабырғасы мұз жаламасына жапсырылып, биік 
үйді белдеулеген бітеу балкондай боп шыға келді. Не кӛкте емес, не жерде 
емес күйде асылып, керіле тартылып тұр. 
Қалжырап шаршағандарын шатырға кіргенде ғана аңдады. Бесіктей 
жайлы шатыр ішінде кішкене газ баллонымен пешін жағып, мұз салынған 
шәйнегін қойып, су қайнатты. Қайнаған шәйнек ішіне піскен қазы-қартаны 
салып, ысытып алды. Ашқарақтана кешкі астарын ішісімен, қалың 
киімдерімен қисая кетісті. 
Шатыр іші — май тоңғысыз. Ысытылған ас-су мен адам демі қосылған соң 
қос қабат жібек шатыр түнгі суықты не қылсын. Оның да сыры бар: Тайшын 
алғаш альпинистік сапарға шығып келісімен, анасы үстіндегі киім-кешегіне 
кӛңілі толса да, баспаналық шатырына ―биттің қабығындай‖ деп баға берген. 
Сынына толмаған шатырды сӛгіп, ішіндегі синтефонын алып тастады да, 
тӛрт қабырғасына түйенің жүнін тартып, қар-мұзға тӛселетін табанына жұқа 
киіз басып тастады. Ұлына тағы бір шатыр алғызып, оның тысқы қалың 
қабатын сыртынан және сырып берген. Содан бері Тайшын табиғаттың талай 
құқайын қасқая қарсы алып, қос қабатты қалың шатырымен талай 
альпинистің таңдайын қақтырып келеді. Қазір де екеуі қар үстінде жатқан 
қасқырдай қыңқ деместен ұйқы құшағына еніп кеткен. 
Оларды түн ортасында ырғай тербеген жел оятты. Ернеу асты ықтасын 
болса да, шыңды қозғардай гуілдеген қарлы боран құтырып тұр. Ұйқыдан 
маза кетті. Теңіз толқынындай тербеліске бұлардың қаққан темір қадалары 
мен болат сыналары шыдаса жарар еді. Сұңғаттың ойында түк жоқ, теріс 
қарай бүк түсіп жатыр. Тайшын бойында ―Тым шығандап кеткен жоқпын ба? 
Қатты мұз үсті де емес, аспанда ілініп тұрғанымыз қалай болар екен?!‖ деген 
күдік басым. 


Қос қабат шатырын ыққа тіксе де, Құзғындының үскірікті дауылы тӛрт 
бұрышынан тартылған жібек арқанды ырғап-ырғап қояды. Шатырдың ұзына 
етегін мұз қабырғаға жанастыра жапсырып тастаса да, суыра соққан жел 
үйіріп кеп, бұл екеуін қаңбақ құрлы кӛрмей, қараңғы кӛр шыңырауға тастап 
жіберетіндей жұлқиды. Тайшын қазір ӛзі үшін емес, бүктісіп жатқан Сұңғат 
үшін уайым жеулі. 
Шатыр іші қараңғы. Сырты суық, іші жылы лақат секілді. Тайшын ӛзін ӛлі 
мәйіттей сезінді. Қараңғы кӛр түбінде жатқандай оқыс аунап түсті. Тас 
қараңғылық құшағында қайсы бір соқпа сезім жанын жылымдай тартады. 
Тәуекелшіл басын қарлы борандай қаптай жеткен ойлар тұтқындап алған. 
Тайшын альпинист болайын деп болған жоқ. Альпинист қылған да 
қаланың қажытқан тірлігі. Құла түсті халқы атқыдай ақтарылған, құба түсті 
кӛлігі тасқындай жӛңкілген мекенін кейде тастап та кеткісі келеді. Тастап та 
кӛрген, университеттің философия факультетімен қосып… Бірақ қайда 
барады? Ауылды адасқан қаздай айналып-айналып ақыры Алматыға тартқан. 
Алматының бір сарынды ӛмірінен жалыққанда, Алатауын аралаймын деп 
жүріп альпинист жігіттерге жолыққан. Оның соңы тау-тас кезіп, қар-мұз 
қиялап, құз-шың шарлап, түз адамына айналды. 
Қу жаны таумен ауырады, құлазыған кӛңілі таумен жазылады. Кіндігін 
кескен де тау, кӛзін ашқан да тау. Тау ішінде туды, тау ішінде ӛсті (Әй, тау 
ішінде ӛлетін де шығар!). Таусыз адам — жансыз. Тау мұның анасы еді. 
Алтайдың бұл баласы еді. Құзғынды деп қияға кӛз тіккені де сол анаға деген 
сағыныштан екен. Ал сағыныштың сүрленгеніне де сан жылдар ӛтіпті. 
Сағынбасаң – қас қағым сәт, сағынсаң — бағзы бабаларыңды да бұлдыратып 
алар, сағымға сіңген ұзақ сарын. 
Құрым қараңғылық құшағында ойға батып, Құзғындының қарлы-боранды 
буырқанысына құлақ түріп қояды. Жел ырғаған шатырдың сықырына сана 
салмай, ӛз ойымен ӛзін қажап жатыр. Сұңғат болса ұйқылы-ояу дӛңбекшиді. 
Талай тау басында түнеп, талай қансоқтаны кӛрсе де, Тайшын бүгін түн 
әлдеқандай жүрексінулі… Тәкаппарсыған талай таудың кеудесін басыпты, 
менменсінген талай шыңның ұшарын таптапты. Бірақ туған жеріндегі 
шаңсыз шыңына жолы түспепті… Пендеге тән менмендігі, тау ұлына тән 
тәкаппарлығы. Әйтпесе Күршімнің Құзғындысы бұл ұмытатын жер ме? 
Алтайдың аңызға айналған Мұзтауына анадайдан андағайлап тұрған құзтауы 
— Құзғындыға қайырылмапты. 
Құзғындының бүгінгідей кәрін тігуіне ӛкпе жоқ. Бәрін де осы жерден 
бастау керек еді. Ал бүгін ӛткенін ұмытқан сыңаймен бұлғыр биікке 
кӛтеріліпті. Құзғындыдай ақиықты емес, ӛзін ұмытып келіпті… Қуықтай ғана 
аспалы шатырдың ішінде Тайшынның жаны қинала түсті. Қап-қараңғы түнек 


ішінде кӛңілі де күңгірт тартты. Таң атпай қойды. Ұлы құзды орап алған 
қарлы үскірік ысқырып-ақ тұр. Түнек ішінде тыпыр ете алмай бұлар жатыр. 
Дәрменсіздікке мойынсұнған сыңайлы. ―Таулар ғана ӛз болмысын бұзбаған, 
таулар ғана тәңірі алдында таулық мінезін сақтап тұр. Таулық миссиясын 
адал атқаруда‖ деп сендірді ӛзін Тайшын. Тау табиғаты адам сияқты 
ластанбаған. Ай астындағы, күн кӛзіндегі әлемде пенделерден иығы биік 
таулар тәңіріні еске түсіреді. 
Шулаған жел ӛтінде, шіренген шың бетінде шайқалған шатыр тұңғиық 
теңіз сияқты. Тайшын сол тұңғиық түбінде малтығып жүрген секілді. Ол 
тіпті кӛзге түртсе кӛргісіз дүниеде қасында жатқан Сұңғатты да есінен 
шығарып алған. Бар ойы шың мен ӛзі туралы толғанулы: адам шыңның таз 
тӛбесіне табаны тиіп тұрып, шыңға басын иіп тұрады. Тұңғиық тӛменге 
қарап тұрып, таңырқап тұрып — табан астыңа табынасың. Табына тұрып 
шағынасың: адам шыңды бағындырмайды, шың адамды бағындырады. 
Ол — асқақ шың мен аспалы шатырдың, ұйтқыған боран мен ұйлыққан 
ойдың тұтқыны. Кӛк пен жердің арасында асылып қалған абақтыда азалы күй 
кешулі: жарық жер бетінде бәрі де тұтқын. Шаншылма шың да, құлама құз 
да… Бәрі де бедерін бұзады. Адам да болмысын жоғалтады: қояндай қорқақ, 
қарсақтай жортақ, түлкідей бұлтақ. Бағзы замандарда мұндай емес болатын. 
Бӛрідей бұрқақ еді… 
Бір қырына аунап түсті. Кӛзі ілінбей-ақ қойды. Қорқыраған малдай, 
күркіреген аңдай Құзғынды кәрленіп тұр. ―Адам тау кәріне шыдайды, тау 
адамды шыңдайды‖ деген талғажу ой келді. Шыңға шалма салу адам 
қолынан келеді. Адам да, тау да бір-бірін сынайды. Тау — тағдырдың сынақ 
кезеңі. Таулар да аласарады, адам ғана аласармақ емес. Таулар да жел мүжіп, 
жаңбыр шайып, ақжем болып желінеді — жеңіледі. Адам рухы ғана 
желінбейді — жазмышына жегіледі… 
Осы бір ойға табан тіреген Тайшын шалқасынан аунай беріп, әлсіз жарық 
сызатын сезіп қалды. Сонда ғана серпіле: ―Ух! — деді. — Таң да сыз берді-
ау!‖ Шатыр іші бозамық тартты. Жерге жарық түсісімен азынаған жел де 
баяулай бастады. Кӛктем күні жылт етісімен, шың басы да шуақтап, басын 
бүркеген бұлт та үркіп, Ақтау құздарына қарай асып кетті. 
Шатыр маңын қарлы боран түнімен торыса да, шыбын таяр тайғақ ернеу 
астына тұрақтай алмай, түйдек-түйдек қар қасаты жалама құз қабырғасымен 
ағып кетіпті. Орта мамырдың ойпыл-тойпыл мінезі байсал тартып, шың 
басын күн шұғыласымен аймаласа, биікке бас тіккен екеу қара 
кӛзілдіріктерін киіп, шыныдай жылтыр қабырғаға болат сыналарын қадады. 
Алыстан ақшаңқан кӛрінер Құзғынды ―бӛркі‖ болат сына бата бермес 
шыны боп шықты. Қайсыбір құздай жадағай емес, кӛк жүзіне кері сорғалаған 


сүңгідей сом, оқтаудай жұмыр. Бұлар арқан салған батыс беткей тіпті тік. 
Екеуі арқанға асылып, шығыршықты сом сына бойымен ӛрлеуде. 
Жеңіл ғана тамақтанып, түнімен тынығып, кешелі бері еттері де үйреніп, 
қандары да суына түсіп, жүректері де орнығып алысқан-ды. Жандары 
қиналмайды, тәндері ширығады. Тәндері ширыққан сайын таң асқан тау 
тарпаңындай алқынбайды. Қаңбақтай жеңіл сырғиды. Жыландай жиырылып 
жатқан арқан бойымен кезек-кезек алмасып, жол бастаушылық тізгінді 
кезектесе қолға алады. Сына қағам, шығыршық ілем, арқан шалам деп, 
алдыңғы тізгінші тоқырап қалмас үшін, екеуі алмаса қимылдайды. 
Кӛк мұз жаңқасы кӛз әйнекке ұшып, болат сына мен балға-қайла 
шыңылдай соғылып, шың басы сыңғырлай жаңғырып, самалы суылдай 
лекітіп қояды. Осы бір ӛзгеше күй де кӛңілге майдай жағады. Санаң да 
самаладай ашылады. Адам рухы мен тау рухы қосылғандай күйге енесің… 
Сондай бір етене сезімді бастан кешесің. 
Дәл қазір Тайшын шың басында шалдыға шыққан шыңылдан рақат бір 
күй кешулі еді. Сұңғаттың орнын басып, тізгінді қолға алып, алдыға ӛзі 
ӛткенде: ―Құзғынды-ау! — деді ұлы шыңмен тілдесіп, шыны мұзына сынаны 
кірш еткізе қадап тұрып. — Сен кешір мені! Түндегідей кәріңді тіге кӛрме?! 
Қасымда албырт серігім бар. Бір ашуыңды қи!‖ Ол күдіктене күбірледі. ―Тау 
адамға түйедей шӛге салады‖ деп сыбырлады бір ойы. Оны кӛтеретін 
пендеде күш жоқ. Тау — тәуелсіз. Таусыз альпинистің күні — қараң… 
Адамсыз таудың да күні — тәмам. Адамсыз — тау да жетім, тау да жесір … 
тау да кӛңілсіз, тау да мейірімсіз. 
Сүйрік шыңның сүйір қабырғасы кенет кертпе болып кездесті. Кертпе 
жарты құлаштай жалпақ боп бітіп, ары қарай құрық салым жер түпсіз жарық 
боп шықты. Жарық шыңның батыс бетін белдеулей кеулеп, қара белбеудей 
қараңғы мор тарта созылыпты. 
Кертпе үстіне екеуінің де табаны тиіп, қуанып қалды. Қарсы алдындағы 
кӛк мұз жартас ғарыш кемесіндей кӛкке тік шаншылыпты. Ал тайқы текше 
мен мұз қабырға арасындағы қараңғы кӛр тектес алып аран Сұңғатты 
сескентіп тастады. Алып жарықты бойлай кӛз жүгіртіп ӛтіп, ӛткел болар 
жымдасқан жері жоқ екенін кӛріп: 
— Сұмдық екен! — деді үркінішін жасыра алмай. 
Тайшын сыр бермеуге тырысты. 
— Саспа! — деді. — Барысша атылып, бармағымызды бір батырсақ, 
қабырға біздікі… 
— Иә, аға, аралық жақын ғой, — деді Сұңғат та енді сескенбей. 
Қалада қиялын тербеген қия шың тап қазір аранын ашқандай кеп 
танытқанынан Тайшын секем алса да, бұл да бір сын болар деп, сенімге бой 


салды. Сұңғатқа текше үстінен сом сына қақтырып, құрық салым қарсы бетке 
қарғуға ӛзі ниет қылды. Тайқы текше боп біткен мұз жалы бетіне қос сына 
қағылды. Шығыршығынан арқанды ӛткізді. Құзар қиясына бекітілген 
қосымша қада шығырына мұрындықтай іліп, арқан ұшын текше үстінде 
секиіп тұрған Сұңғатқа берді. 
Бәрі дайын болды-ау дегенде: 
— Иә, пірім, жар бол! Әй, Құзғынды, қолда!.. — деп, қарауытқан мұз 
жарығы жалынан қарсы қабырғаға қиялай қарғыды. 
Түпсіз үңірейген жалама жарыққа қыранша сорғалап, қиялай қалықтап 
барып, қолындағы қос балға-қайласымен мұз қабырғаға соғылды. Қос балға-
қайла сіреу мұзға қапысыз қадалды. Екі аяқтың басындағы үшкір біздей 
емшек істіктер де шаншыла кетті. Атам замандардан шақпақтана қатқан кӛк 
мұз қабырғаға тұңғыш рет адам баласының тәні тарбия жабысты. 
Тайшынның оң білезігі болат сынаны сылқылдата батырып үлгіріп, 
белінен ілінген арқанды сына шығыршығына іліп те жіберді. Ет қызуымен 
сезбепті, кӛк мұзға қатты соғылғанын енді байқады. Тұңғиық тартқан аран 
жарықтың терең қойнауынан ызғарлы леп жүзін шарпыды. Тӛменнен тез-ақ 
кӛтеріліп, текшеге тұспа-тұс келіп, сәл биіктен білектей белді қазықты қағып, 
аран арасына салма арқан тартты. Сұңғат та оқтай түзу арқанға аяқты 
айқастыра іліп жіберіп, қарсы қабырғаға саумалап жетті. 
Шың басы шылбыр тартым қалғанын екеуі де айтпай түсініскен. Тайшын 
Сұңғатты алға салды. Жас қой, шың басына алғашқы боп шықсын. Мұның 
соңында келем деп шамырқанбасын, шың ұшарына жете алмадым деп 
шалдықпасын. Тайшын табанын таудың тасы жаныған, жанын жайдың оты 
қарыған тарлан ғой. Қашан да қияны кӛксер кӛңілі елінің еңсесі, жерінің 
тепсеңі биік болуын қалайтын. Оны бірақ түсінген кім бар? Тауы — меңіреу, 
пендесі — мылқау. Таудың тілсіз болғаны, пенденің үнсіз қалғаны да жӛн 
шығар. Ӛзін елеп-ескерердей бұл кім еді? Ұлы Құзғынды қол бұлғамаса, сәби 
Мұқаны есіне салмаса — Алтайына оралар ма еді, оралмас па еді?! Түсінде 
шалықтап, ӛңінде шаңыттап тұрған шыңға шығары да неғайбыл-ды. 
Бәлкім, етегін қар қыстаған, басын мұз тыстаған жат бір биікке барыстай 
бармақ басар еді. Сол жат биікте тұрып құлазыған кӛңілі басылмас еді. 
Құзғындыға құрық салғандай, кӛңілі кіршіксіз ашылмас еді… Қияға құмар 
жаны басылмас еді. Балалық шағындай бұла күйде тасымас еді. Шерменде 
күйлі шерлі ойында: жер еңсесі — белімен биік, ер еңсесі – елімен биік. Қар-
мұз құрсанған Құзғынды — қол жетпес белі болғанда, қойтастай шашыраған 
жұрты — есесін жібермес елі. Ерінің еңсесін тіктейтін де Алтайдай селді 
тауы мен қазақтай белді ұлты. Қысаң қалада, жалтаң далада қара түндей 
құмығып, қара таудай торығып жүрген кезінде, жан дүниесін жай отындай 


суғарып, тұңғиық сезімін жел айдаған тұмандай серпілтетін де жаңбыр жуған 
тау табиғаты мен тау жайлаған жетім жамағаты емес пе?! 
Осындай бір ӛткір ойлар қапелімде ойқастап ӛткен Тайшын жоғары 
қарады. Аран жарықтан аспалы арқанмен саумалап ӛткен Сұңғат тіп-тік мұз 
қабырға бетімен қырықаяқтай қобалжусыз жылжып барады. Бедерсіз қабырға 
күлгін түстеніп, тоқтау салар түрі жоқ. Табанына киіз қамсаулап, 
қабырғасына жабағы шудалап жылылаған Тайшынның шатыры тұрмақ, 
әлгіндегі салма арқан кӛпірлеген текше де алыста қалыпты. Мұз жарығы ғана 
киіз үйдің етегін жаба айналдыра қазылған мор секілді дӛңгелене кӛлбей, 
қарауыта үңірейеді. 
Түпсіз құрдым ӛзін шақыратындай… Бұл қайтып артына қарағысы 
келмеді. Ерекше бір екпінмен алға ұмтылды. Әудемде Сұңғатты ӛкшелей 
жетті. Сұңғат қауырт қимылды күтпесе керек, таңырқай қарады. Тайшын 
бірақ ләм демеді. Қатар жүрейік дегенді сездірді. Шың шынарына екеуі де 
тізелесе қатар шықты. Екеуі де иықтаса қатар тұрды. Екеуі де тілектесе 
тілдесті. 
— О-о, ға-а-жа-а-ап! — Сұңғат таңданысын жасыра алмады. 
— Құзғынды, ризамын мен са-а-ға-а-ан! — Тайшын да тілегін ірке 
алмады. 
Құзғынды басы тақиядай ғана екен. Таздың тӛбесіндей жып-жылтыр мұз. 
Саф ауа, суық еспе. Екі азамат та бір сәт тереңнен тыныс тартып, тӛңіректі 
қаракӛк кӛзәйнекпен шолды. Күн тӛбеде, шың тӛменде. Талтүс. Шӛкім бұлт 
жоқ. Екеуінің де кӛкірегі кіршіксіз қардай, бұлтсыз кӛктей ашылған. Екеуі де 
кӛк пен жер ұштасқан заңғар биікте бір сәтке оңаша қалған. 
Олар шың басында тұрып, ұлан-ғайыр әлемде алғаш рет ӛздерінің 
жалғыздығын сезінді. Екеуі иықтаса тұрып жаратқанның құдіретіне ұйыды, 
қасиетіне иіді… Бойларында бірақ қорқыныш сезімі жоқ еді. Шың басы 
кӛкірек кӛздерін ашып, жандарын желпіндіріп әкеткен. 
— Әйдік әлем екен, аға! 
— Ә-ә, бұл — Құзғынды-Сарытау алабы… Анау теңіздей шалқып-толқып 
жатқан Ертіс пен Зайсанға дейінгі астаудай алып алқап — Күршім мен 
Марқакӛлдің жері. Ал ту сыртымыз теріскейде андағайлап тұрған атақты 
Мұзтау-Ақтау сілемдері. Ол — Қатон-Қарағай мен Нарын-Күршім алқабы… 
Қалжыр мен Қалғұты, Күршім мен Бұқтырма сарқып құяр мың салалы 
бұлақты аймақ қой… Бауырым, бұл — Алтайдың Құзғынды кӛгінен 
шолғанда кӛзге шалынған қос алқабы. Ал Ресей, Қытай, Монғолияға қарап 
қалған мың сан ӛңірі қаншама?! Кӛзге жас, кӛңілге шер ұялайды. 
— Аға, сіз о жақты кӛре алдыңыз ба? 


— Е-е, дүние-ай, ол ұзақ әңгіме… Кезеген аяқ кезді ғой, кешті ғой, — деп 
келмес күндерін Тайшын булыға есіне алды. — Жә, жылжиық бауырым! 
Шыңнан құлдилау да оңай болмас. Күн де ауып барады. 
— Ай-хой, шіркін шың — Құзғынды!… — деді Сұңғат бір кӛтеріліп: — А-
ха-хо-оу! Мен мұндамын! — деп айқайлады-ай келіп. — Рахмет саған 
Құзғынды! Аға, еліміздің алақандай жалаушасын алып шығып ем, соны тігіп 
кетейін. 
— Тік-тік! — деді Тайшын да, ойына мойнына таққан тұмары түсті. Дереу 
үшбұрыш тері дорбаға салынған, былғары мойынтақты тұмарын алды. 
Тұмарды ұзын жолға арнап, мешітте жаздырып еді. Кӛк мұзға қадаған кӛк 
жалаушаның темір қазығына қалмақша күрмеп байлады. 
Сәлден кейін екеуі де биік басында аяқтарын суытып, белдерін жазысып 
алысымен, етекке құндыздай түсуге бет қойды. Қия беткейде кереге басына 
ілінген торсықтай салбырап, темір сына бойымен, қауіп-қатерсіз сезіммен 
жылжи берді. Ал тӛменде мамырдың ақ сағымына бӛккен, кешегі қарлы-
жаңбырлы түннің ылғалынан бусанған буалдыр әлем маужырап жатты. 
Күн шың шынарында шағырмақ, шың бауырында жаймашуақ еді. 
Құзғындының тасасында қалып, бұларды қоңыр кӛлеңкелі кӛк мұздың 
ызғары қарып, салқын желі ескектей тіміскілейді. Бұдырсыз мұз жүзімен 
кідіріссіз жылжыған екеуі алып аран текті мұз жарығына да таяп қалған. 
Кенет жоғары жағында келе жатқан Сұңғат: 
— А-ах! Аға-а! — деп айқайлап, сыналарды сатұр-сұтыр жұлқып, 
сынаптай аға жӛнелді. 
Тайшын жанталаса қимылдап, мұз қабырғаға тӛрт тағандап жабысып, 
балға-қайласымен мұзды қашай қадалды. 
— А-а-а!.. — Сұңғаттың сансырған дауысы жаңғырыға естілді. 
Абырой болғанда, болат сыналар борт-борт үзіліп, мұз жарықшақтарынан 
шығып кетсе де, мұз қабырғаға тырнағын батырған барысша балға-қайласын 
қадаған Тайшынды аққан жігіт жұлып әкете алмады. Серігі баяғы алып мұз 
жарығының аузына жетіп, сүңгідей салбырады да қалды. Үн-түнсіз 
тыныштық орнады. 
Тайшын бозбала жігіттің үрейден үні ӛшіп қалғанын бағамдады. Сонда да 
оған сыбыс беріп, есін жидырып, жоғары ӛрлеуге бұйырды. Сұңғат та тез 
ӛзіне келіп, арқаннан тартып ӛрмелеп, мұз тӛскейге тырнақ іліндірді. 
Бұлар қайтар жолын сыналы соқпақпен таңдаса да, құздан аққан серігі 
қиыс кетіп, тӛмендегі аран жарық үстіне тартып кеткен арқан-салма 
кӛпірлерінен сәл-пәл алыс қалды. Тайшын Сұңғатқа тұрған жерінен 
тапжылтпай, сом сыналар қақтырып, ӛзі мұз жарығы үстіне кере тартылған 
арқан-кӛпірге тура түсуге тырысты. 


Мамыр күні мұздақ бетін жіпсіткен болар деген күдікпен, сына темірлерді 
салмақ сала сынап кӛрді. Олар бірақ былқ етер емес. ―Оқыс деген аяқ 
астынан ғой‖ деп ойлады. Сӛйткенше болмады, істік-істік болат шегелі аяқ 
киімі тайып кетті де, Тайшынның ӛзі кіндігінен арқанға іліне берді. 
Қолындағы балға-қайласын қабырға мұзға қайырыла сілтей бергенде, 
суғаруы кемшін болат сына морт сынды. Сол бойда сақпан тасындай құлаған 
Тайшынды басқа сыналар да ұстай алмай қалды. 
Ал биіктен құстай ұшып келе жатқан Тайшын бойын дәрменсіздік билеп 
ӛтті. Бар істеген амалы – кірпік қағардай ғана мезгілде ернін тістеп үлгерді. 
Ондағы ойы үрей билеген дауысын шығармау еді. Сыналарды суыра құлаған 
жан иесі құрдым жарыққа тереңдей еніп, күңгірттеу қуыста бокс 
қапшығындай салбырап, ырғалды да тұрды. Сонда ғана қыршып тастаған 
ернін босатып: ―У-уһ!..‖ деп демін алды. Ӛз жүрегінің ересен дүрсілін естіді. 
Іле құлағына кӛктен: 
— А-а-ға-а! — деген Сұңғат дауысы жетті. 
Тайшын бойын жиып ала қойды. Әлгіндегі ет жүрек қорқыныш үркіп кетті. 
Тӛмен жағы – түнек, жоғарғы жағы – жарық нұр. Осы аралықта жуандығы 
саусақтай ғана жібек арқанға асылып қалыпты. 
— Аға, — деген ащы үн тағы шықты. 
Кенет керіліп тұрған арқан солқ етті. 
— Сұңғат, не болды?! — Дауысы оқыс шықты. 
Серігінен кемінде он шақты құлаш тӛменде салақтап тұрғанын да сезді. 
Аран аузындағы Сұңғат сұлбасын саулаған сәуле кӛрсетпей де қойды. 
— Арқанды мен ұстап тұрмын, аға, — деген дауыс анық естілді. 
— Темір сына қалмады ма? — деді Тайшын. 
— Жо-о-оқ! Балға-қайламен әрең ұстап қалдым… Сынаның бәрі ұшып 
кетті. 
Тайшын басына бұғалақсыз ойлар құйындай соғып ӛтті. Қасат қар емес, 
қиялаған кӛксіреу мұз. Бір қолымен арқанға кӛгенделген мұны ұстап, бір 
қолымен мұзға қадалған балға-қайла сабын мытып, Сұңғат ұзаққа шыдай 
алмайды. Қимылдаса — екеуі де құрдымға жұтылады. ―Бәрінен құтылады…‖ 
Ет жүрегі дір етті. Бір-ақ жол — қылдай арқанды қию. ―Құдай-ау, 
қосақталған екеуі де жалғыз арқанға жалынулы екен ғой… Ӛмір де 
ӛрмекшінің жібіндей нәзік қылға ілінулі‖деген оқыс ой жасындай жарқ етті. 
— Енді қайттік, аға?! — Шарасыз дауыс шалықтай естілді. 
— Сұңғат! — деді зілді айқайлап. — Сен енді жалғыз қайтасың… Басқа 
амал жоқ. Сен мені кешір! Үй ішіме… Менің жайымды түсінген шығарсың. 
— Олай демеңіз, аға! Екеуіміз бірге барамыз… Мен жоғары ӛрлеймін! 
Осы сәтте арқан солқ ете түсті. 


— Тоқтат, ақымақ! — деп Тайшын ақырып жіберді. — Екеуіміз де ӛлеміз. 
Арқан үзіліп, құздан құлап кетті де… Қош! 
— Жо-о-о-оқ! — Шың шыңғырғандай болды. 
Тайшын бірақ бӛгде ойға бой алдырмады… Жалпақ белдік кісесіндегі 
кішкене пышақты қынынан суырып, қылпылдап тұрған жүзімен жуандығы 
шынашақтай арқанды осып жіберді. Шірене тартылған жібек арқан қақ 
бӛлініп, бір ұшы шолтаң ете қалды. 
Кӛкте қу бас Құзғындының қылаң тӛбесін күн ғана аймалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет