Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Нұрила Бектемірованың «Адамның күні адаммен»



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата19.09.2023
өлшемі291,07 Kb.
#108836
  1   2
Байланысты:
Адамның күні адаммен Н.Бектемірова



Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Нұрила 
Бектемірованың 
«Адамның 
күні 
адаммен» 
әңгімесінің осы электронды нұсқасын таратуға рұқсат 
бермеймін. Бұл шығарма kitapjaris ұйымдастырған кітап 
сайысында оқытылды. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. Еңбегімді бағалаңыз. 
Аманатқа қиянат жасамайсыз деп сенемін. 
Азаттың аурухананың есігінен кіргені сол еді. Алдынан 
жүгіріп шыққан медбике қыз: 
- Сізді асыға тосып отырмыз. Түнгі жол апатынан бір жас 
жігітті алып келді, ес-түссіз жатыр. Неғылса да миына зақым 
келген-ау, - деп нейрохирург жігіт ақ халатын кигенше тоқтамай 
сӛйледі. 
- Қазір, қазір, - деп үстел үстіндегі құралдарын жедел алған 
Азат жан сақтау бӛлмесіне асықты. Барса сол жерге екі әріптесі де 
шұғыл жетіпті. Бір талай жасқа келген тәжірибелі бӛлімше бастығы 
Сағат жол апатынан түскен жігіттің басының ренген суреттерін 


қарап тұр екен. Оның жүзіндегі абыржуды кӛріп есін жинай алмай 
жатқан жігіттің халі мәз емес екенін түсінген Азат: 
- Қалай ? - деді. 
- Жақсы емес, ӛзің кӛрші, миына жақын жерде ісік пайда 
болған, оның үстіне бір талай жіңішке қан тамырлары зақымданған 
секілді. Қан ұйып қалғаны ӛз алдына, - деп Сағат жігіттің қолына 
суреттерді ұстата салды. 
- Енді не істейміз? - деді Азат зақымдалған бастың суретін 
мұқият қарап. 
- Білмеймін, операция жасау керек. Алайда жанын алып қала 
аламыз ба, жоқ па? Бұл үлкен сұрақ, - деп екінші әріптесі Ермек 
ӛзінің күмәнін жасырмай. 
- Алдын ала операцияның нәтижесіз болатынын біліп тұрып
осындай қауіпке басымызды тігеміз бе? Ӛкінішті, ӛрімдей жас жігіт 
екен. Туысқандарына шындықты айту керек, - деді Сағат шаршаған 
үнмен. 
- Маған бір ой келіп тұр, ӛзіңіз айтып тұрсыз, жас жігіт деп 
жүрегі шыдайды, неғылса да туысқандары келісімін берсе операция 
жасап кӛрсек қалай қарайсыз? - деді Азат аз-кем ойланып. 
- Сен бұл қауіпті операцияны мойныңа алып жасай аласың ба? 
Біз әзірге миына жақын орналасқан ісікті қалай алу керек екенін 
және қанша жіңішке қан тамырларының толық зақымдалғанын 
білмейміз ғой. Мен операцияға қатыспаймын, егер бұл жігіт олай 
бұлай болып кетсе басымыз пәлеге қалады, - деп бӛлімше басшысы 
ӛз шешімін кесіп айтты. 
- Мен де білмей тұрмын, - деді әріптесі Ермекте екі ойлы 
болып, - Азат, сен шетелде осындай қиын операцияларға қатысып 
кӛріп пе едің? 


- Иә, мұндай жағдайлар болған. Ӛте қиын операцияларға 
қатыстым. Бірақ онда жаңа технологиялар мен тәжірибелі 
нейрохирургтар болды, - деді Азат күмілжіп. 
- Мен ӛз ойымды айттым. Ары ӛздерің шешіңдер, уақыттарың 
ӛте тығыз, кез келген уақытта тағы да бірер қан тамырлары 
жарылып, миына қан кетіп қалса бұл жігітті құтқара алмайсыңдар, - 
деп Сағат жан сақтау бӛлмесінен шығып жүре берді. Есік кӛзінде 
тұрған жігіттің туыстары дереу нейрохирургті кӛріп қоршап алды. 
- Дәрігер айтыңызшы, жігіттің жағдайы қалай? 
- Ота жасайсыздар ма? - деген сұрақтарға Сағат қысқаша 
жауап берді. 
- Жігіттің жағдайы ӛте ауыр, миына жақын жерге қан ұйыған 
және ісік бар, тағы ары қарай қандай зақымдалулар бар екенін біле 
алмай тұрмыз. Тіпті 
операция жасағанның ӛзінде нәтижелі болады деп айта алмаймын. 
Менің пікірім осындай, - деді. 
- Дәрігер, енді не істейміз? Әлде Алматы немесе Астанаға 
алып кетеміз бе? – деген абыржыған дауыстарға: 
- Жігіттің ӛмірі қыл үстінде жатыр. Ешбір қозғалысты кӛтере 
алмайды. 
- Енді не істедік? Кӛмектесіңіз, жалынамын, кӛмектесіңіз - деп 
бір әйел жылап Сағаттың ақ халатына жармасты. 
- Мен сіздерге ақиқатты айтып тұрмын. Ал, осында шетелден 
білім алып, тәжірибе жинақтап келген Азат деген нейрохирург бар, 
егерде ол ота жасауға келіссе мүмкін кӛмектесе алады. Мен 
ешкімге бұйрық бере алмаймын, ӛз еркі білсін, - деп ӛзінің соңғы 
сӛзін айтуға тура келді. 
- Ол қайда? Қайдан табамыз? – деп абыржыған еңгезердей 
жігіт ағасы кетуге асыққан Сағаттың соңынан ілесті. 


- Ол қазір жансақтау бӛлімінде балаңыздың миын түсірген 
суреттерін кӛріп ойланып тұр, - деп бӛлімше бастығы тез кетуге 
тырысты. Енді жылаған - күйзелген жұрттың назары жансақтау 
бӛлмесі жаққа ауды. Осы кезді күтіп тұрғандай іштен талдырмаш 
денелі, ақ халат киген қараторы жас жігітпен бірге егделеу дәрігер 
жігіт ағасы ілесе шықты. 
- Азат деген сенбісің? Жігіттің жағдайы қандай? 
- Операция жасауға келе ме? Жанын қалай сақтап қаламыз? 
- Қарағым, бар үмітіміз сенде, кӛмек бере гӛр, - деген 
дауыстар жан - жақтан естіле бастады. 
Егделеу дәрігер тоқтап: 
- Тынышталыңдар. Жылағанмен ешбір кӛмек жоқ. Біз не 
істейтінімізді талқылап жатырмыз. Жігіттің халі мүшкіл екенін 
жасыра алмаймыз! Ӛмір уақыты сағат емес минуттарды санап 
жатыр. Егер мына жаратылыс берген дарыны бар Азат Рақымұлы 
операция жасауға келіссе жақсы болар еді, - деп жанындағы жас 
нейрохирургтің жүзіне сұраулы пішінмен қарады. 
- Бауырым, отбасындағы жалғыз ұлым еді. Жанын алып қал, 
не сұрасаңда беремін, - деп екі кӛзі қызарған жігіттің әкесі 
солқылдап жылап жіберді, Азат оны бірден шырамытты. Сол кісі 
ғой, сол кісі. Әлі күнге шейін басына түскен сол бір қиын жағдайды 
ұмыта қойған жоқ. Азаттың кӛңілі алабұртып кетті. Дәл қазір ақ 
телпек, ақ халат киіп тұрған талдырмаш жас жігітті олар тіптен 
таныған жоқ. Бірақ осы да дұрыс шығар. Онсыз да ӛлі мен тірінің 
арасында жатқан жас жігіттің ӛмірі қыл үстінде жатқанда ӛткен 
күндердің келеңсіз оқиғасын қазбалап қайтеді? Әрі Гиппократқа 
берген анты бар. Іштегі толғанысын білдірмеген Азат кӛпке кӛңіл 
аудармай: 


- Мен қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Операцияға 
рұқсат қол хаттарыңызды жазып беріңіздер, - деп мына жылап-
сықтаған топ маңынан тезірек кетуге тырысты. 
- Әрине, әрине қолхат жазып береміз, бірақ ұлымның жанын 
алып қаламын деп кепілдік бересің бе? - деді жігіттің әкесі 
кӛңіліндегі күдігін жасырмай соңынан ілесті. 
- Мен сізге айтып тұрмын ғой, қолымнан келген кӛмегімді 
аямаймын. Ал, кепілдік бере алмаймын, - деп Азат операцияға 
дайындалу үшін аяғын тез - тез басып кетіп қалды. Ауыр халде 
жатқан жігіттің туған - туыстары біраз естерін жинағандай болды. 
Ота жасайтын бӛлменің маңынан барлық туған туысқандар 
кейіндегі кең жарық дәлізге шығарылды. Манадан бері жан 
күйзелісіне ұшыраған жігіттің анасы кӛзінен ыстық жасы сорғалап, 
жылауын тоқтатпады. Соған қарамастан сӛмкесіндегі қайта - қайта 
шырылдаған ұялы байланыс телефонын алып әлдекімдермен 
болған мән - жайды айтып тоқтаусыз сӛйлесіп жатты. Әкесі де 
қарап тұрмай таныстарының қоңырауына жауап бере бастады. 
- Сәке, білмеймін жол апатына түскен ұлымның жағдайы ӛте 
қиын. Таңға жуық кӛзі ілініп кетті ме, келе жатқан кӛлігі жардан 
ұшып кетіп, үш рет аударылыпты. Қалай тірі қалғаны белгісіз. Оған 
ота жасап жатыр. Кім жасап жатыр дейсіз бе? Бір Азат деген жас 
жігіт екен. Ӛзі шетелде оқып білім алған дей ме? Білмеймін, Сағат 
деген бӛлімше бастығы ота жасаудан бас тартты. Сол кісі осы 
нейрохирургті айтты деп болған мән - жайды айта бастады. 
- Иә, білемін. Азат Рақымұлы ӛте білімді нейрохирург, біраз 
жылдар бойы шетелде, Ресейде қызмет атқарған. Ол ӛткен жылы 
анасы қайтыс болған соң елге қайтып оралды. Марқұм анасының 
бейітін тұрғызып, асын берген соң қайтадан шетелге жұмысқа 
кетеді деген әңгіме бар. Квалификациясы жоғары маманды 


Германия мен Ұлыбритания сияқты елдердің госпитальдары 
қызметке шақыртып жатқан кӛрінеді. Неғылса да ол ұлыңды 
құтқаруға бар күш-жігерін салады. Қолы алтын дарынды жігіт, - 
деп ар жақтағы адам жігіт ағасының кӛңілін аулады. 
- Не дейді? - деді жылап отырған әйелі күйеуінің жүзіне 
сұраулы пішінмен қарап. 
- Бәрі дұрыс болады дейді - деп жігіт ағасы әйелін 
тыныштандыру мақсатымен. Осы кезде жылағаннан екі кӛзі ісіп 
кеткен қызы Мая ата - анасының жанына жақындады. 
- Папа, сіз ана хирург жігітті таныған жоқсыз ба? 
- Жоқ, - деді әкесі қызына таңдана қарап. 
- Қалайша танымадыңыз? Бұдан үш-тӛрт жыл бұрын біздің 
250 мың доллар тұратын джип кӛлігімізді соғып, шығын келтірген 
осы жігіт емес пе? Мен бір кӛргеннен таныдым. 
- Не?! - әкесі үстіне біреу суық су құйып жібергендей селк ете 
қалды. 
- Ойбай, қызым оны неге ертерек айтпадың? Ол менің ұлымды 
ӛлтіріп енді кек алады ғой, - деп анасы баж ете қалды. 
- Мүмкін емес, мүмкін емес. Ұқсас біреу шығар, - деп әңгіме 
тӛркінін жаңа ұққан әкесі басын ұстап дірілдеп орындыққа отыра 
кетті. 
- Білгенде не істейтін едіңдер? Басқа амалдарың бар меді? Бұл 
аурухананың бірде – бір нейрохирургі келіспеген операцияны 
жасауға ол жігіттің жүрегі дауалады ғой. Кірленген саналарыңдағы 
бықсытты шығармай енді тыныш тұрыңдар, - деп жігіттің ақ 
сақалды атасы ашуланып кетті. - Әй, балам - ай дүниенің дӛңгелек 
екенін қалайша білмедің? Қазақ адамның күні адаммен демеуші ме 
еді? 


- Ата, сол кезде ұлыңыздың осы жігітке кӛрсетпеген қоқан-
лоқысы жоқ. Ақша әкесін ӛлтіргендей 100 мың доллар қаржыны 
желкесін сығып жүріп алды ғой, - деп мән - жайды жақсы білетін 
келіні жылап қоя берді. 
- Мүмкін емес, мүмкін емес. Осындай сәйкестік бола ма? - деп 
ӛмірі қыл үстінде жатқан жігіттің әкесі әлі сенбей іштей күбірлей 
берді. 
- Болады. Сол кездегі жасаған қиянатың енді ұлыңның 
алдынан шықты, - деп ыза болып, жаны қысылған әйелі одан әрмен 
жылап қоя берді. 
- Папа, сол қымбат кӛлігіңізді соғып кеткен кезде жігітке қол 
да кӛтердіңіз. Мен ішінде болдым ғой, бұл жігіт сізге басымнан 
ұрмаңыз, қолымды сындырмаңыз мен хирургпін деп жалынып еді 
ғой, есіңізде ме? - деп қызының да дауысы дірілдеп шықты. 
- Жапшы ауызыңды! Мен қатты ұрған жоқпын ғой, - деп енді 
әкесі ақтала бастады. 
- Иә, ұрған жоқсың? Әуелі үш күннің ішінде 100 мың доллар 
қолыма санап әкеліп бермесең ӛлтіремін дегенсің, - деп күйінген 
әйелі де жүзі кӛгеріп орнынан тұрып күйеуіне тап берді. 
- Қоясыңдар ма, түге? Ұлдарың хал үстінде жатқанда жанжал 
шығарғандарың не? - деп атасы ашуланып, бар дауысыммен 
ақырып жіберді. Барлығы жым болды. 
Әлі есінде ол жігіт үш күннің ішінде Джип кӛлігін жӛндету 
үшін қомақты қаржыны қолына санап әкеліп берген. Оның себебі 
егерде қылмыстық іс қозғалса ол шетелдегі қызметіне қайта алмай 
қалады екен. Осы сәтті тиімді пайдаланғанына ӛзінің қатты 
масаттанғаны әлі есінде. Шетелден келген жас жігіттің 
аңқаулығының арқасында 100 мың доллар нәпақа таптым деп 
жолдас - жорасына әбден мақтанған. Қазір сол оқиға есіне түсіп, 


қатты күйзеліп кетті. Енді не болады? Мүмкін хирург жігіт ӛзін 
танымаған шығар. Әй, қайдам, ол оқиға есінде қалмады дегенге кім 
сенеді? Әрине, таныды, сыр білдірген жоқ. 
Операциядан бас тартуына болатын еді, бірақ олай жасамады. 
Неге? 
Санасын қаумалаған сансыз сұрақтардан жігіт ағасы бір орнында 
пайыз тауып отыра алмай жүрегі қысыла бастады. Дәлізде арлы - 
берлі жүгіріп жүрген медбике қызға жағдайын айтып еді. Ол дереу 
бір бӛлмеге ертіп барып, қан қысымын ӛлшеп, дәрігердің 
нұсқауымен ине шаншып берді. Содан кейін:
- Уайымдамаңыз. Азат Рақымұлы қолы алтын хирург, ол 
кісінің операция жасауға келіскенінің ӛзі үлкен жетістік, - деп жігіт 
ағасының кӛңілін аулады. 
Ол қайта дәлізге шықса ештеңе ӛзгере қоймапты. Операция 
басталғанына тӛрт сағаттай уақыт ӛтті. Жиналғандардың барлығы 
қаз – қатар тізіліп үнсіз күтіп отыр. Мына беймәлім тыныштық 
адамдардың жүйкесін жұқартып бара жатқанға ұқсайды. 
Жігіт ағасы қарап отырмай сол жылдары жасаған үлкен 
қиянатын есіне алып, іштей қайта ӛкіне бастады. Бұлай боларын 
кім біліпті? Барлық есіл - дерті оңай олжа, мал табуға ауып кеткен. 
Байлық пен барлық қандай жолмен келетінін тіпті таңдап кӛрмепті. 
Берсе қолынан бермесе жолынан талай адамдардың нәпақасын 
тартып алған күндері де болды. Әйелі айтса да бір нәрсені біліп 
айтады. Мына хирург жігітке де қып - қызыл қиянат жасаған. 
Соттатпақшы да, ӛлтірмекші де болды. Ауру анасын алып кетуге 
асыққан жігіт түнде келе жатып, жол жиегіне қойып кеткен қымбат 
кӛлікті абайсызда соққан еді. Шын мәнінде 15 - 20 мың доллардың 
үстінде жӛнделетін кӛлікке қыруар қаржы талап еткен болатын. 


Енді сол иттігіне іштей қатты ӛкініп тұр. Ӛткен күнгі қиянаты 
жанын құрттай жегідей жеп барады. 
Алты сағат ӛткенде барып туған-туыстары алыстан телміріп 
қарап тұрған операция жасалып жатқан бӛлменің есігі сарт етіп 
ашылды. Барлығы ішке ұмтылды Олардың жолын медбике қыз 
бӛгеп жібермеді. 
- Операция сәтті ӛтті. Азат Рақымұлы қызметтік бӛлмесіне 
кетті. Ол кісі қатты шаршаған екен, біраз демалған соң 
сӛйлесесіздер, - деп ешкімді маңына жуытпады. Осы сӛздің ӛзі 
жиналғандар үшін үлкен куаныш болды.
Барлығы бір-бірін құшақтап, кӛздеріне жас алды. 
- Папа, сіз Азаттан кешірім сұрамайсыз ба? - деген қызының 
сұрағын естіп, жігіт ағасы не айтарын білмей тосылып қалды. 
- Ол мені танып қоя ма деп қорқып тұрмын, қызым. Желкесі 
күжірейген қылмыскерлерден сескенбеуші едім. Ал, мына 
нейрохирургтан қорқып тұрмын. Батылым барар емес, - деп шынын 
айтты. 
- Жаным тірі болса әлгі алған ақшаңды қайтарып бересің, - деп 
әйелі де сілкініп шыға келді. 
- Әрине қайтарамын, артығымен қайтарамын, - деп кінәлі 
күйеуі қалбалақтап қалды. 
- Ол жігіт ақшаларыңызды алмайды. Мен бәрін білемін, - деп 
жандарына келген екінші нейрохирург Ермек қатқыл дауыспен. - 
Ақиқатын айтсам егер Азат болмаса ұлыңыздан бүгін-ақ айырылып 
қалар едіңіз. Бұл маңда ешкім қолынан келмейтін ӛте қиын, 
күрделі, 
зерігерлік 
операцияны 
ешбір 
қателік 
жібермей 
шеберлікпен жасап шықты. Ӛзім жанында кӛмектесіп тұрып, таң 
қалдым. Қазір ұлыңыз жан сақтау бӛлмесінде ұйықтап жатыр. Бес- 


алты сағаттан соң есін жиып қалар. Бұйырса бір айдың ішінде 
құлан-таза айығып кетеді. 
- Айтқаның келсін, айтқаның келсін, - деген дауыстар жан-
жақтан естілді. 
- Енді не істеймін? Қалай рақмет айтамын, - деп жігіт ағасы 
сасып-салбырап, абыржып қалды. 
- Бәрін ақшамен сатып алуға болмайтынын ұқсаңыз болды. 
Бұл сізге ӛмірлік сабақ болсын. Азат сияқты қолы алтын жігіт әлі 
талай адамдарға ӛмір сыйлайды. Тура келген ажалдан алып қалады, 
халыққа керек маман, - деп Ермек бұрылып кетіп қалды. 
- Сонда да біз кіріп шығайық. Алғыс айтайық, - дегендерге 
медбике қыз: 
- Ол кісі жоқ. Ӛте ауыр операциядан кейін атты шаршап үйіне 
қайтып кетті, - деді. 
Ал, шын мәнісінде Азат дәлізде тұрған жігіттің әкесінің бет-
жүзін кӛргісі келмеді. Азды-кӛпті жинаған қаржысының соңғы 
теңгесіне шейін санап бергендіктен ауырған анасын шетелге 
апарып емдете алмағанын айтқысы келген жоқ. Қатты қиянат 
кӛрген жаман адамды қайта кӛру жан дүниесін жаралайтынын бір 
ӛзі ғана сезді. Барлық қиянатшыл пенделерді осындай тәсілмен 
тәрбиелеу мүмкін емес-ау деген ӛкінішті ой санасына келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет