Құрметті жарысқа қатысушы оқырман!



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата29.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#121123
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сағыныш Ж.Шамұратова

Менің жаңа ата-анам 
Халил деген кісі әйелімен бірге балалар үйінде жұмыс істейтін. 
Сол кісінің әйелінің мені ӛзінше жақсы кӛріп, бауырына тартып 
жүретінін байқайтын едім. Менің фамилиям Мұхтарова болатын, ол 
кісінің де фамилиясы Мұхтаров екенін кейін білдім. Бір күні әлгі адам 
балалар үйінің директорымен келісіп, мені үйіне алып кетті. 
– Сен енді біздің қызымыз боласың, Зайнаб! Жалпақ бет әйел жұп-
жұмсақ алақанымен басымнан сипады. 
Менің жүрегім қаттырақ соғып кеткенін сездім. Бұл қуаныш па, 
әлде белгісіздік алдындағы қобалжу ма, белгісіз. 
Біздің басқа баламыз жоқ, енді сен бізге бала боласың, – деді 
нығарлап Халил аға. 
Мен келген үйдің тұрмысы жақсы екені алыстан байқалатын. 
Үйдің тӛбесі екі еңісті, шатыржалды және шатырында шағын терезесі 
бар, еңселі қақпасы анадайдан кӛрінетін. Қазақтардың үй-жайынан 
ерекшелігі – татарлар үй салуға мән берген ғой, үй бӛліктерден – «әк 
ӛй» немесе «кунак булмәсә» және «кара ӛй» – ас үйден тұрады. Қара 
бӛлігінде орыс пеші салынып, оған су жылытатын және тамақ 
әзірлейтін қазан орнатылған. Алғашқы уақытта ӛзіме шап-шақ, жаңа әрі 
әдемі киімдерге, маған деп арнап сатып алынған дәптерлер мен 
қаламұштарға қатты қуанып жүрдім. Балалар үйінде тозған не ӛзінен 
үлкен балалардан қалған киім киіп жүрген бала үшін шілтерлі қызыл 
кӛйлек, әдемі қызыл етік кию ерекше бақыт кӛрінді. Ішіп-жем де мол. 
Соғыстың ызғары бұл үйден сезілмейтін. Күнара ыстық тамақ 
жасалатын, дастарханда нан мол, оған жағылатын май да табылатын. 
Кӛп ұзамай мен жаңа ата-анам тапсырған жаңа міндеттеріме кірістім. 
Таңертең үйдегі екі сиырды табынға қосам, бұзау қараймын, екі 
шақырым жерден білегім талып су тасимын, қора тазалау, ауладағы 
бақшаны қарау, ауланы сыпырып қою... мен күнделікті сабағыма әрең 
үлгеретін болдым. Оңашада ӛзім үйреніп қалған балалар үйіне қайтып 
барсам деп ойлаймын. Бір-біріміздің бетімізге кӛмір не сия жағып, 
шашымыздан жұлқып қалып қаша жӛнелетін достарым дәл қазір не 


істеп жатыр екен деп ойлап жатып ұйықтаймын. Интернаттың тамағы 
да бұл үйдікінен тәттірек секілді ме ау... Ондағы у-ду ӛмірден артық 
қызық жоқтай кӛріне берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет