Бес тоғыздықты пайдаланып амалдар қолданып 10 санын жаз.
/9+99:99=10; 99:9-9:9=10/ Миллион қай елде, қай жылы жарыққа шықты? /1500 жылы Италияда/ Квинтильон неше нөлмен өрнектеледі? /30 нөлмен/ «Миллион» деген сөзді қазақ арасына жеткізген ағартушы.
/Ы.Алтынсарин/
Көрермендермен ойын.
Екі санның қосындысы 8-ге, айырмасы 2-ге, көбейтіндісі 15-ке тең. Олар қандай сандар?
/5 және 3/
Жүргізуші:
Құрметті, әділқазылар алқасы, сөз сіздерде жұлдыздарымыздың І-турдың қорытындысы бойынша жиған балдарын хабарласыңыздар. Әділқазылар бағасы мен көрермендердіңберген дауысының қосындысы бойынша ұпайы төмен жұп жұлдызды ойыннан ортаға шығарып саламыз.
Жалған ойды дәлелде деп күйреттің
Қызық пәнсің, қиын пәнсің өмірде
Қарамайтын ешқашанда көңілге дей келе «Сіз білесіз бе?» деп аталатын турымызды бастаймыз. Бұл тур бойынша үйге берілген тапсырма. Жарысқа қатысушылар өздері дайындағанматематика тарихынан қызықты мәліметтерді 2 минут уақыт аралығында береді.
ІІ – тур. «Сіз білесіз бе?» Оқушылардың өздері тауып келген мәліметтері айтылады.
Екінші турға қосымша сұрақтар:
Цифрларының қосындысы 2-ге тең болатын бес таңбалы қанша сан бар?
/20000, 11000, 10100, 10010, 10001/
Галилео Галилей математика және тағы да қандай ғылым салаларымен айналысқан?
/философиямен, сурет өнерімен, музыкамен, астрономиямен, физикамен/
Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған ғалым кім?
С әрпімен басталатын, геометрияда қолданылатын терминдерді ата.
(сәуле, сектор, сегмент, сфера, синус) «Туған күніңіз қашан?» /математикалық фокус/
Досыңа калькулятор беріп, оған өзінің туған айының нөмірін енгізуді сұраңыз.
-осы санды 4-ке көбейтсін
-оған 13-ті қоссын
-оны 25-ке көбейтсін
-одан 200-ді алып тастасын
-туған айының күнін қоссын
-оны 2-ге көбейтсін
-40-ты алып тастасын
-оны 50-ге көбейтсін
-өзінің туған жылының соңғы екі санын қоссын
-10500-ді алып тастасын.
Шыққан санға қарауын өтін, содан соң досыңның туған жылын, айын, күнін толық айтып бер. Бірінші немесе алғашқы сандар – туған айын, екінші екі цифр – туған күнін, ал соңғылары туған жылын көрсетеді.
Жүргізуші:
Құрметті әділқазылар алқасы, сөз сіздерде жұлдыздарымыздың ІІ-турдың қорытындысы бойынша жиған балдарын хабарласаңыздар. Әділқазылар бағасы мен көрермендердің берген даусының қосындысы бойынша ұпайы төмен жұп жұлдызды ойыннан шығарып саламыз.
Ойлай білу қажет әрбір адамға,
Санау қажет данаға да наданға.
Білу үшін сенің терең сырыңды
Кереметтей керек бізге төзім шын дей келе «Математика – ғылымдар патшасы» атты турымызды бастаймыз. Бұл турда әр пәндер бойынша есептер беріледі. Сол есептерді 5 минут ішінде шығарып үлгерулеріңіз керек. Тапсырмалар бір-ақ рет оқылады.