Құрметті тараздықтар!



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата17.02.2017
өлшемі8,17 Mb.
#4314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жастықтың 

оты жалындап

Айсана НҰРБАП

  Салтанатты  шараға  университеттің 

факультет  декандары  мен  кафедра 

меңгерушілері,  оқытушылар  мен    сту-

денттер қауымы қатысты. Халықаралық 

мереке  аясында  ұйымдастырылған  жи-

ынды аталған оқу ордасының атына заты, 

біліміне өнері сай жан-жақты студенттері 

думандата өткізді. 

Шараны ашқан ТИГУ ректоры, ф.ғ.д., 

профессор Ерболат Саурықов жастарды 

құттықтап, жеті жылдық тарихы бар білім 

ордасының табалдырығын алғаш аттаған 

1-курс студенттеріне білім кілті мен сынақ 

кітапшасын табыстады.

- Егемен еліміздің түкпір-түкпірінде 

түлектеріміз жемісті еңбек етуде. Біздің 

студенттер  ел  экономикасын  дамы-

тып,  өркениетімізді  өрістету  жолында, 

мемлекетіміздің саяси жағдайын одан әрі 

нықтау үшін білім алып жатыр, - деген 

университет ректоры, күні кеше ғана мек-

теп қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмір 

жолы мен жоғары білімге қанат сермеген 

жастарды мерекелерімен шын жүректен 

құттықтап,  алдағы  төрт  жылдық  білім 

бәйгесіне  түскен  оларға  сәттілік  тілеп, 

сенім артты. 

Одан әрі университет қабырғасында 

жетістікке  жеткен  белсенді  студенттер 

«Президенттік стипендия», «Ректорлық сти-

пендия», «Үздік спикер», республикалық 

пән олимпиадаларының жеңімпаздарымен 

қатар,  мәдени  іс-шараларда  көрсеткен 

белсенділігі  үшін  және  қоғамдық 

жұмыстарға араласып, қатарластарының 

алды болып жүрген бірқатар студенттер ар-

найы ректордың Құрмет Грамоталарымен 

марапатталды. Шараға арнайы қатысқан 

құрметті қонақтар «Жасыл ел» облыстық 

штабының  төрағасы  Ихтияр  Мырзах-

метов,  Жамбыл  облыстық  пікір-сайыс 

одағы  «Еркін  пікір»  жастар  қоғамдық 

бірлестігінің төрағасы Асхат Олжабаев, 

«Нұр  Отан»  партиясы  Тараз  қалалық 

филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар 

қанатының төрағасы Тұрсынбек Бақкелді 

студенттерді  мерекелерімен  құттықтап,  

сәттілік  тіледі.  Сонымен  қатар  олар 

ТИГУ-дің ең үздік деп танылған 10 «жас 

отандыққа» куәліктерін тарту етті. Кеш 

барысында университет мақтаныштары өз 

өнерлерін көрсетті. Студенттер қатарына 

қабылданып жатқан 1-курс білімгерлері 

де өнерден құр алақан емес екендіктерін 

дәлелдеді.  Белсенді  жастар  жиналған 

қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады. 

 

„

Халықаралық студенттер 



күніне орай қалалық 

Мәдениет үйінде Тараз 

инновациялық-гуманитарлық  

университетінің 1-курс 

білімгерлерін студенттер 

қатарына қабылдау  рәсімі 

өтті.

студенттік кезең –сырлы кезең

 

„

аймақтағы іргелі оқу орнының бірі М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік 



университетінде студенттер күні бар сән-салтанатымен аталып өтті.

Сейділдә ТӨРЕН

Шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген университет 

ректоры,  педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали 

Сарыбеков білім нәрімен сусындап жүрген өмір көктемінің иелері 

студенттерге құттықтау лебізін білдірді.

-  Студент  болу  –қызығы  мен  шыжығы  қатар  жүретін  албырт 

шақ. Студенттік өмір дегенді алып қарайтын болсақ, бакалавриат 

бағдарламасы бойынша бар болғаны төрт-ақ жыл. Адамға берілген 

қамшының сабындай өмірде  студенттік кезең, тіпті күрмеуге келмейтін 

бағалы сәт. Осы шақтың әрбір уақытын студент дұрыс пайдалана 

білуі керек. Мәселен, сабақты жақсы оқып қана қоймай, қоғамдық 

өмірге де белсене араласуы абзал. Ректор ретінде айтқым келетіні, 

қай  салада  болмасын  өз-өздеріңді  танытып,  орындарыңды  табуға 

тырысыңдар. Себебі университеттің жетістігі студенттің жетістігімен 

тікелей байланысты,-деген Махметғали Нұрғалиұлы университеттің 

жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Өткен оқу жылында универси-

тет ғылым-білім саласы бойынша біршама биіктерді бағындырған. 

Қазіргі  таңда  89  мамандық  бойынша  магистратура  және  бакалав-

риаттан  халықаралық  мамандандырылған  аккредитациядан  өткен. 

Соңғы жылдары 20 пән бойынша да олимпиадалардан жеңімпаздар 

мен жүлдегерлер қатарынан түскен емес. Спорттық нәтиже де ауыз 

толтырып айтарлықтай. Мысалы, жыл сайын өткізіліп келе жатқан 

республикалық студенттік универсиададан жүлдесіз қайтқан емес. 

Ғылым саласы бойынша күні кеше өткен ҚР Тұңғыш Президентінің 

қоры ұйымдастырған конкурстың нәтижесінде университеттің үш 

бірдей студенті стипендиат атанған. Сондай-ақ университет ректоры 

да бұл жүлдеден құр алақан қалмаған. 2014 жылы ҚР Статистика 

агенттігі жүргізген республикалық рейтинг қорытындысы бойынша 

«Сала көшбасшысы» атағын жеңіп алған. Жиында Жамбыл облыстық 

Кәсіподақ  төрайымы,  облыстық  мәслихаттың  депутаты  Гүлсін 

Орынбаева студенттерді мерекелерімен құттықтады. Және қоғамдық 

жұмыстарда белсенділік танытып жүрген студенттерді Құрмет Гра-

мотасымен марапаттады.

Одан әрі шара  концерттік бағдарламаға ұласты. Концертті Астана 

қаласы әкімдігінің «Әзіл әлемі» көңілді тапқырлар театрының белді 

әртісі, жерлесіміз Арман Жаналиев жүргізді. Әдемі өрілген концертте 

«Үркер» би ансамблі, «Баян Сұлу» би тобы, Алматы қаласынан келген 

Бөрібек Расулов, «Әдемі-ай» дуэті өнерлерін көрсетіп, студенттердің 

ықыласына бөленді. Сондай-ақ кештің басты қонағы болған Қазақстан 

эстрада жұлдызы Нұржан Керменбаев студенттерді мерекелерімен 

құттықтап, әннен шашу шашты. 

ғалымның хаты өлмейді. 

  

Үкілі үміттер. 



  

12

//   «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №48 (1283), 25 ҚАРАшА   2015 Жыл  //

экоНомика

«Қазынашылық- 

Клиент»  

бағдарламасы 

жемқорлыққа 

қарсы күрестің 

алдын алуда

 

„

Қазіргі қалыптасқан 



дағдарыс жағдайында еліміздің 

экономикалық және қаржы 

жүйесін тұрақтандыруға 

байланысты мемлекет 

тарапынан қыруар қаржы 

бөлініп, өндірістің нақты 

салаларын жандандыру 

мақсатында ауқымды шаралар 

қолға алынды. 

Осыған орай бөлінген қаржының тиімді пайдаланы-

луын, нақты мақсаттарға жетуін барынша қатаң бақылау 

қажеттігі күн тәртібіне ерекше қойылған. Жалпы, бюджет 

қаржысының жұмсалуына бақылау жасаудың ел экономика-

сын тұрақтандырудағы рөлін ешбір төмендетуге болмайды. 

Бұл ретте Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне 

жүктелетін  жауапкершілік  жүгі  зор.  Қазынашылық 

комитетінің  және  оның  аумақтық  қазынашылық 

бөлімшелерінде ҚР Үкіметі бекіткен сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күрес бойынша мемлекеттік бағдарламасының 

негізінде ақпараттық айқындылықты қамтамасыз ету, 

қазынашылық қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы 

күрес көзқарасын қалыптастыру мақсатында уәкілетті 

органдардың қатысуымен құқықтық оқулар өткізу шара-

лары жүргізіледі. Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

күресу бүгінгі таңда қазынашылық органдарының басым 

бағыты болып табылады. Осы бағытта қазынашылық орган-

дар жұмысына деген талапты күшейтіп, оның ақпараттық 

жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес факторла-

рын төмендетуге мүмкіндік беретіндігін айтуға болады. 

Департамент жетекшісінің және оның орынбасарының 

азаматтарды қабылдау кестесі және азаматтардың арыз- 

шағымдарын, өтініштерін салу жәшігі ілінген.  ҚР Қаржы 

министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық 

жоспарына сәйкес, «Электронды Үкімет» бағдарламасы 

аясында «Қазынашылық - Клиент» ақпараттық жүйесіне  

Департамент бойынша қызмет көрсетілетін мемлекеттік 

мекемелер көшірілді. Бұл жүйе біріншіден, қазынашылық 

органдарының жауапты орындаушыларының мемлекеттік 

мекемелермен қызмет көрсету аясында өзара байланы-

сын болдырмайды. Мемлекеттік органдардың төлем 

шоттары электрондық тәсілмен жіберіліп, автоматты 

түрде қазынашылық қызметкерлеріне жеткізіледі, талда-

нады, орындалады. Екіншіден, мәліметтер ашықтығын 

қамтамасыз етеді, төлем шоттардың орындалуы ба-

рысы  туралы  ақпаратты  мемлекеттік  мекемелер  өз 

орындарында отырып көре алады. Үшіншіден, жүйе 

онлайн тәртібінде қызмет көрсетеді, мемлекеттік меке-

мелер құжаттарды оларға қолайлы кез келген уақытта 

қалыптастырылады. Бүгіннің өзінде қабылдау, өңдеу, орын-

дау және қаржы құжаттарын қайтару процедураларының 

жоғарыда айтқандай ашықтығын байқауға болады. Яғни, 

«Қазынашылық - Клиент» жүйесі құжаттарды өңдеудің 

жеделдігі мен сапасын ұлғайтты. Егер бұрын төлем 

есептерінің толтырылған кезде жіберілген қателерін жөндеп 

қайтаруға 3-4 күн қажет болса, «Қазынашылық - Клиент» 

жүйесі енгізілгеннен кейін бұл уақыт 2-3 есеге қысқарды. 

Яғни, бұл жүйе өзінің тиімділігін дәлелдеуде.

Жаңа жүйені орнатудағы мақсат — қазынашылықтың 

мемлекеттік мекемелермен өзара әрекеттестік тиімділігін 

дер кезінде, біріктірілген және нәтижелі ақпараттық 

жағдайды ұсыну тәсілімен арттыру. Сондай-ақ, мемлекеттік 

мекемелерге қызмет көрсету процедурасына жұмсалатын 

уақытты үнемдейді. Құжаттарды қабылдап, өңдеуге екі-үш 

күн кетсе, бұл жұмыстар электрондық жүйе арқылы бірнеше 

сағатта жүзеге асырылуда. Егер «Қазынашылық - Клиент» 

жүйесі лайықты қызмет жасаса, онда бюджет процесінде 

сыбайлас жемқорлыққа ұрындыратын адам факторының 

мейлінше азаятыны сөзсіз. ҚР Үкіметінің «Бюджеттің 

атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін» 

басшылыққа алған қазынашылық департаментінің жауап-

ты қызметкерлері онда көрсетілген ережелер сақталмай, 

төлем шотына «Қазынашылық - Клиент» ақпараттық 

жүйесі бойынша хабарлама бекітілген жағдайда орында-

май, мемлекеттік мекемелерге кері қайтарады. Мұның өзі 

жемқорлыққа жол бермеу мақсатында жасалып отырған 

шаралардың бірі деуге болады.

Сонымен қатар, азаматтардан түскен арыз-шағымдар 

дер  кезінде  қаралып  отыр.  Ол  үшін  қазынашылық 

департаменті мен оның аумақтық бөлімшелерінде  арнайы  

жәшіктер  мен  сенім телефондары  орнатылған. Түйіндеп 

айтқанда, департамент алқасында сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күрес туралы жұмыс жиі қаралып, сол тұрғыда нақты 

шешімдер қабылданады. Бюджет  саласында  жемқорлыққа  

жол  бермеу  тұрақты  қадағалануда.



Нұрлан МАХАШОВ,

Жамбыл облысы бойынша                

қазынашылық департаменті                                                           

жетекшісінің орынбасары             

пайДаланған ДӨңгелеКТі 

ТасТаМаңыз

 

„

Келесі жылы облыс орталығында пайдаланылған көлік дөңгелектерін 



шикізат есебінде өңдейтін зауыт ашылады.

Арсен БАЙЗАҚ

Сонау  өткен  ғасырдың  тоқсаныншы 

жылдарының ортасындағы дағдарыс кезінде 

ауылдағы  ағайындар  мектептердегі  отын 

(көмір) көлемі аз болғандықтан, көліктердің 

дөңгелектерін жинап кетіп еді. Ол резіңкелерді 

кәдімгідей кірпіш-кірпіш етіп бөліп, мектеп 

қазандықтарын жылытқанын көз көрді. Ай, сол 

кездегі қазандықтардың құбырынан көтерілген 

қап-қара түтіннен көз ашып, лоқсыған да кез 

болды-ау. Тіпті ауылдағы ағайын моншаларын 

да осы резіңкемен де жылытты ғой сол кезде. 

Қанша дегенмен жылуды ұстап тұрмаса да, суды 

қайнатып алуға күші жететін еді...

Ол да бір кезең екен. Бүгінде сол дөңгелек 

резіңкелеріңіз ешкімге керек болмай тұр. Облыс 

орталығындағы техникалық қызмет көрсететін 

орталықтар маңында, үлкен жолдың бойында 

шашылып жатқан резіңке... Осыдан біраз уақыт 

бұрын Астана қаласында бұрын пайдаланған 

резіңке дөңгелектерді қайта шикізат есебінде 

өңдейтін  зауыттың  ашылғанын  естіп  едік. 

Сөйтсек, бұл жоба қаламызда да қолға алынғалы 

отыр екен. Тек осыдан біраз жыл бұрын облыс 

орталығында күл-қоқыс қалдығын өңдейтін 

зауыт құрылысының тағдырын бастан кешпе-

се болғаны. Ол зауыт ашылады дегелі қанша 

болды? Алғаш «жер телімі бөлінді» деп бір 

естідік. Кейін «қаржы бөлінбей жатыр» деген 

де сыбыс шықты.

Ал  көлік  дөңгелектерін  қайта  өңдейтін 

зауыттың құрылысын «Дажан» ЖШС-і қолға 

алып отырған көрінеді. Біз серіктестік директо-

ры Марал Байгелдиеваны әңгімеге тартқан едік.

-  Біз,  шындығында,  бүгінгі  күні  облыс 

орталығында көлік дөңгелектерін, резіңкелерді 

жинап  жатырмыз.  Ал  зауыт  ресейлік 

құрылғылармен  жұмыс  істейтін  болады. 

Бүгінде ол құрылғылардың қаржысы да ау-

дарылып  қойды.  Зауыттың  қуаты  сағатына 

500 дана дөңгелекті өңдейді. Яғни, дөңгелек 

қалдықтарынан әртүрлі көлемде төсеніштер 

жасамақпыз. Дамыған мемлекеттерде дөңгелек 

қалдықтарынан  көше  бойындағы  жаяу 

жүргіншілердің жолына, спорт алаңшаларына 

төсеніштер  жасалып,  қала  берді  асфальт 

құрамына да резіңке үгінділері пайдаланылады. 

Сондықтан, алдағы күндері біздің өнімдерге 

сұраныс болады деген үміттеміз.

-  Шикізатты,  яғни  пайдаланылған 

дөңгелектерді қайдан аласыздар? Төлемді 

кім жасайды? Дөңгелекті өткізушілер ме, 

жоқ сіздер ме?

-  Дамыған  мемлекеттерде  дөңгелекті 

өткізушілер  өздері  төлейді.  Алайда,  біздің 

тұрғындар  төлем  жасағаннан  гөрі,  оларды 

көше бойына лақтырып кеткенді жөн санай-

ды. Сондықтан, біз әзірге шикізатты облыс 

орталығындағы шиномонтаж орталықтарынан 

алудамыз. Олар бізге тегін береді.



- Зауыт қашан жұмысын бастайды?

-  Біз  осы  жылдың  соңында  зауытты 

іске қоссақ деп ниеттеніп отырмыз. Алайда 

ұйымдастыру жұмыстарының қарбаласында 

алдағы жылдың қаңтар айына баратын шығар. 

Қолға алып отырған жұмысымыз өз пайдасын 

береді деген үміттеміз. Өйткені бұл экологиялық 

тұрғыдан да пайдалы.

Расында, Қазақстанда дөңгелектің шикізаты 

Ресей мен Қытайдан тасымалданады. Егер де 

осы  пайдаланылған дөңгелектерді қайта өңдеп, 

бір кәдеге жаратып жатсақ, оның экономикалық 

тиімділігі де артады деген сөз.

ел мүддесі бәрінен жоғары

 

„

аймақта  ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта 



қаржыландыру бағдарламасының орындалуы және  

жекелеген салымшылардың  банктердегі  депозиттерінің 

бағамдық айырмасын төлеу жұмыстарының жүзеге 

асырылу барысы «Қазақстан Ұлттық банкі» аҚ Жамбыл 

облыстық филиалы мен екінші деңгейлі банктердің 

басшыларының қатысуымен өткен  брифингте жан-

жақты талқыланды. 

Индира БАЙҚОНЫС

 Аталған мәселелер бойынша  «Қазақстан Ұлттық 

Банкі» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры 

Айдайбек Халимбетов баяндап берді.

- Елбасының тапсырмасымен ипотекалық тұрғын 

үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасы 

қабылданғанын білесіздер. Бұл бағдарламаны екінші 

деңгейлі 9 банк қолдап отыр. Атап айтқанда, «Қазақстан 

Халық Банкі» АҚ, «Казкоммерцбанк» АҚ,  «ForteBank» 

АҚ, «Kaspi Bank» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «АТФ 

Банк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Еуразиялық банк»  және  

«Нұрбанк» АҚ.  Аталмыш бағдарламаға Ұлттық 

банктен  130 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 

20 мың ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру 

көзделіп отыр. Бүгінде облыс бойынша  2808 өтініш 

қанағаттандырылған. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына 

дейін  азаматтар тарапынан  775 өтініш түссе, оның 

487-сі мақұлданған.  Сондай-ақ, 700 млн. теңгені 

құрайтын 272 кредитті  қайта қаржыландыру туралы 

шешім шығарылды,- деген Айдайбек Халимбетов  бұл 

бағдарлама 2016 жылдың сәуір айында аяқталатынын 

атап өтіп,  әлі де болса, ел азаматтарының белсенділігі 

көңіл көншітпейтінін тілге тиек етті.  Бұл тұрғыда 

бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат кеңінен 

таратылса деген өтінішін де білдірді. 

Ұлттық банк теңгенің еркін өзгермелі айыр-

бастау режиміне көшуіне байланысты, жекелеген 

салымшылардың  банктердегі  депозиттерінің бағамдық 

айырмасын төлеудің тәртібін бекіткен болатын. Осы-

лайша, 2015 жылдың 18 тамызына дейінгі мерзімде 

екінші деңгейлі банктерде немесе «Қазпошта» АҚ 

бөлімшелерінде теңгемен ашылған депозиттері бар 

салымшыларға бағамдық айырма төленетін болып 

шешілді. Ескерер бір жайт, осы аралықта олардың, яғни 

депозиттерінің бағамдық айырмасын алуға құқылы 

клиенттердің банк шоттарындағы салымдарының 

қалдық сомасы 1 млн. теңгеден аспауы тиіс деп 

көрсетілген-ді.

Бұл мәселеге орай,  Айдайбек Халимбетов  

банкте депозиттері  бар  жеке тұлғалар  алдағы 

желтоқсан айының 1-іне дейін өз өтінімдерін берген 

салымшылардың заңдылықтарға сәйкес бағамдық 

айырмашылыққа байланысты өтемақыларын алу 

мүмкіндіктері бар екенін алға тартты.

 Облыс бойынша қайта рәсімдеуге 43193 жеке 

тұлғаның депозиті жатқызылған.  2015 жылдың 6 

қарашасындағы мәліметтер бойынша банктерге 

3892 өтініш келіп түскен. Бұл мәселеге де тұрғындар 

бейқамдық танытып отырғанын алға тартады сала 

мамандары.

Брифинг барысында сөз алған екінші деңгейлі 

банк өкілдері азаматтардың белсенділігін арттыру үшін 

өз салымшыларына ескертпе ретінде, sms хаттар мен 

банк менеджерлері қоңырау шалып отырғандықтарын 

жеткізді.  

Қаржылық дағдарысқа  қарамастан, Үкімет ел 

азаматтарының мүдделерін қорғап отыр.  Ұлттық 

банк  ипотекалық қарыздарды 2016 жылдың сәуіріне 

дейін қаржыландырса,  2015 жылдың 1 желтоқсанына 

дейін теңгелі депозиттер бойынша өтемақы төлеу 

шегінде салымшылардан өтініштер қабылдау мерзімі 

ұзартылып отыр.



13

//   «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №48 (1283), 25 ҚАРАшА  2015 Жыл  //

діН

Діннің Діңгегі – ДәсТҮрлі ҚҰнДылыҚ

 

„

ТарМпИ-де «Жийде» облыстық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 



«Мемлекеттің дін саласындағы саясатын насихаттау» тақырыбында семинар 

өтті.

Айсана НҰРБАП

Семинарды Тараз мемлекеттік педагогикалық 

институтының «Дінтану» орталығының дирек-

торы  Таңжарық  Тұрғанқұлов  кіріспе  сөзімен 

ашып,  қазіргі  кезде  қоғамда  дін  мәселесінің 

күрделі проблемаға айналып отырғанын, әсіресе 

жастар арасында діни фанатизм мен экстремизм 

қауіптерімен күресу үшін қоғамда дәстүрлі діни 

сана  қалыптастыру  мәселесінің  өзектілігіне 

тоқталып өтті. Сонымен қатар дінтанушы, жастар 

арасында дәстүрлі діни танымды қалыптастыру 

мәселесін жан-жақты талқылады. Қазіргі таңда 

жастарымыздың  жадында  дәстүрлі  діни  сана 

мен ұлттық идеологияның қалыптасуына әсер 

ететін діни таным мен ғылыми таным арасындағы 

үйлесімділік пен тепе-теңдіктің жаңғыртылуы 

күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі екендігін 

сөз етті. 

-  Бүгінгі таңда еліміздегі дін мәселесінің 

күн тәртібінде тұруына бір ғана себеп бар. Ол 

сенім мен танымға байланысты. Сенім Исламда 

бір, ол барлық әлемдегі мұсылмандарға ортақ. 

Яғни, Алла бір, Құран шын, пайғамбар хақ. Ал  

танымға келсек, әрбір мұсылман адам болсын, 

халық болсын, өзінің ұлттық дүниетанымдық 

көзқарастарымен таниды. Біздің ата-бабаларымыз 

да осы әдістерді қолданған. Осы дәстүрлі діни 

таным  – бұл қазақ халқының ғасырлар бойы 

өзінің болмысына сай қалыптастырған рухани 

құндылық.  Оның  өзегінде  Ислам  діні  жатыр. 

Өйткені дін –халықтың мәдени, рухани болмысы 

мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қалыптастыратын 

негізгі қайнар көзі. Егер де кез келген халық өзінің 

дәстүрлі діни таным мен діни тәжірибе негіздерінен 

ажырайтын болса, онда ол халық өзінің рухани, 

мәдени болмысынан  ажырайды. Дін мен дәстүр 

үндескенде ғана дін дамып, дәстүр байиды, ал 

ұлт  діннің  рухын  сезініп,  құндылық  ретінде 

қабылдайды. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі- 

өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі. 

Қазақ халқы дін қағидаларын әрбір мақал-

мәтеліне,  аңыз-әңгімесіне,  жыр-дастанына, 

даналық  нақылына,  тұрмыс-салт  өлеңдеріне 

сіңіріп, күнделікті тұрмысында басшылыққа алып, 

рухани және имани құндылықтарына айналдырды. 

Демек, дін тек сенім жүйесі емес, ол – өмір сүру 

мәнері, моральдік нормалар, қарым-қатынас әдебі, 

жақсы мен жаманды, адал мен арамды ажыратушы 

рухани қағидалар жүйесі, -дейді сала маманы. 

Сонымен қатар ол жастардың санасын билеудің 

жолдарын, дәстүрлі емес діни ағымдармен күресу 

жолдарының жай-жапсарын да тілге тиек етті. 

Бұдан әрі сөз алған облыс әкімдігі Дін проблема-

ларын  зерттеу орталығының ақпараттық түсіндіру 

және талдау бөлімінің жетекшісі Ерзат Жақыпов 

дін саласына қатысты заңдар мен нормативтік-

құқықтық актілерге байланысты, дәстүрлі емес 

діни ағымдардың заң аясындағы атаулары мен 

мәселелі  тұстарын  атап  өтті.  Расында,  қазақ 

халқының ежелден бері ұстанатын діні — Ислам. 

Ежелден  Ислам  діні  халықтың  бойына  сіңіп, 

қазақ жерінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, 

бүгінгі күнге дейін қазақтың бөлінбес еншісіндей 

болып келді. Данышпан бабаларымыз үшін салт-

дәстүрлер Ислам дінімен пара-пар келді.

Қазақ  халқы  небір  қиыншылықты  бастан 

өткерсе  де,  «малым  —  жанымның,  жаным  — 

арымның садағасы» деп, дінін тастап кеткен жоқ. 

Қазақ «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде 

көмектесуге  болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда 

оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтпаған. 

Сондықтан  да  баланың  бойына      жастайынан 

ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни 

адамгершілік сияқты құнды қасиеттерді сіңіртуде, 

тәрбиелеуде отбасы да үлкен рөл атқарады. Араб 

елдерінде болып жатқан сорақы жағдайлардан 

жастарымыздың аулақ болуы үшін олар әрдайым 

отбасы институтының құндылығын, ата-әженің 

тәлім-тәрбиесі,  ертегі,  аңыздар  мен  қисса  -                     

дастандардан  сусындап  өсуі  керек.  Жиындағы 

мамандардың айтпағы да осы. Семинар соңында 

жергілікті БАҚ өкілдері нақты уақытта өткірдің 

жүзінде тұрған діни мәселелерге қатысты бірқатар 

сұрақтар қойып, дінтанушы мамандар тарапынан 

танымды жауаптар алды.

бабалар жолымен болашаққа.

 Суретті түсірген В.Алсуфьев.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет