Құрметті тұтынушылар!


Дайындаған Алтынай ӘЛІМҚҰЛОВА



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата19.01.2017
өлшемі6,63 Mb.
#2225
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дайындаған Алтынай ӘЛІМҚҰЛОВА.

НарЫҚ

14

//   «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн  2016 ЖЫл  //



Қазақстан республикасының 

Ұлттық банкі шығарған монеталар туралы 

2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша аймақтағы қаржылық 

нарықтың жағдайы туралы

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  коллекциялық  және  ескерткіш  монеталарды 

шығарып, халыққа олардың үлкен таңдауын ұсынады. 

Коллекциялық (ескерткіш) монеталар – бұл жоғары сапалы алтын және күміс монеталар. 

Монеталар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын 

тілдеріндегі номерлі сапа сертификаттарымен бірге шығарылады. 

2016  жылғы  04  қарашада 

Қазақстан  Республикасының 

Ұлттық Банкі «Дала қазыналары» 

монеталар  сериясынан  номина-

лы  500  теңгелік,  «рroоf»  сапалы 

күмістен,  «Күлтегін»  ескерткіш 

монетасын айналымға шығарды. 

Монета көптеген көшпелі этнос-

тарды біріктірген, түркі халқының 

қолбасшысы - Күлтегіннің (Күл-

тегін) (685ж. – 731 ж.) құрметіне 

аталды.    Күлтегін  эпитафиясы 

-  VIII ғасырдағы руникалық түркі 

жазуының ескерткіші  1889 жылы 

Н. М. Ядринцевпен Орхон өзенінің 

жағасында  (Моңғолия)  Кошо-

Цайдам  аңғарында  табылған. 

Е с ке рт к і ш   т а р и х и   б а ғ а л ы 

мәліметтерді қамтиды және бай лингвистикалық материал береді. Монета 925 сынамды күмістен 

жасалған, массасы – 31,1± 0,31  гр, тіктөртбұрыш 30х45 мм, дайындау сапасы – «рroof», тара-

лымы – 5 мың дана.

2016  жылғы  19  тамызда  Қазақстан 

Ре спубликасының  Ұлттық  Банкі 

«Қазақстанның  флора  мен  фаунасы» 

монеталар  сериясынан  номиналы  500 

теңгелік,  «рroоf»  сапалы  күмістен, 

«Сексеуіл»  ескерткіш  монетасын 

айналымға  шығарды.  Сексеуіл(лат. 

Halóxylon)  –  ағаш  өсімдіктерінің  түрі. 

Шөл далада өсетін ағаш тоғайы – сексеуіл 

орманын  қалыптастырады.  Монета 

реверсінде тампомөр пайдалана отырып 

орындалған. Монета сопақша формалы. 

Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 24± 0, 24 грамм, сопақша 38,61 - 28,81 мм., 

дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана.

Сонымен  қатар  2016  жылғы  20 

желтоқсанда  «Монета-сыйлық» 

монеталар  сериясынан  номиналы 

100  теңгелік  «Туған  күніңмен» 

және  «Жүректен  жүрекке»  моне-

талар  сериясынан  номиналы  500 

теңгелік  «Махаббат»  ескерткіш 

монеталары  айналымға  шығарды. 

«Туған  күніңмен»  монетасы  «Мо-

нета  –  сыйлық»  монеталар 

сериясын  жалғастыратын  тік 

бұрышты  үшінші  монета  бо-

лып  табылады.  Ол  реверсіне 

тампографиялық мөрді қолдана 

отырып  дайындалған.  Әрбір 

монетаға  міндетті  түрде  қоса 

берілетін сапа сертификатында 

жазбаша,  атаулы  құттықтауға 

арналған  бірнеше  бос  жол 

көзделген. Монеталар 925 сы-

намды күмістен жасалған, мас-

сасы – 31,1± 0,31  грамм, тік бұрышы – 45х30 мм, дайындау сапасы - «рroоf», ең көп таралымы 

– 5 мың дана.

«Махаббат» монетасы – монеталарда адамзатқа ортақ құндылықтарды көрсетуге және оларды 

адамнан адамға, жүректен жүрекке өзіндік бағдар ретінде жеткізуге арналған серияның екінші 

монетасы. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1± 0,31  грамм, диаметрі  – 

38,61 мм,дайындау сапасы - «рroоf», ең көп таралымы – 3 мың дана.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында http://nationalbank.kz.,              

«Ұлттық валюта» қосымша бетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің монеталарының 

түрлері, құны және сатып алу тәртібі туралы толық ақпаратты алуға болады. Монеталарды Ұлттық 

Банкінің Жамбыл филиалында, мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Тараз қаласы, Қазыбек 

би көшесі, 137 үй, анықтамалар үшін тел: +7 /7262/ 451660, 450992.

Джамиля НҰРБАЕВА,

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының 

ҚАЖЖ және КО  бөлімінің бас маман-экономисі. 

Депозиттік нарық. 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай 

бойынша Жамбыл облысының екінші деңгейдегі банктер 

филиалдарындағы  (бұдан  әрі  -  Банктер)  депозиттер 

қалдықтары 98 090,9 млн. теңгені құрады, бұл өткен 

жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 27,9% немесе 

21 378,9 млн.теңгеге артық. Олардың ішінен ұлттық 

валютадағы депозиттер 55 335,2 млн. теңгені немесе 

56,4% және шетел валютасындағы депозиттер 42 755,7 

млн.теңгені немесе 43,6% құрады. 2015 жылдың сәйкес 

күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттер 

111,5%-ға немесе 29 170,4 млн. теңгеге көбейген (2015ж. 

26 164,8 млн. теңге), ал шетел валютасында 15,4%-ға 

немесе 7 791,5 млн. теңгеге азайған (2015ж. 50 547,2 

млн. теңге).

Депозиттердің  салымшылар  бойынша  құрылымы 

жеке  тұлғалардың  депозиттерінің  басымдылығымен 

сипатталады. 2016 жылғы 1 қарашаға жеке тұлғалардың 

салымдары 90103,1 млн. теңгені немесе 91,8% құрады. 

Бұл  көрсеткіш  алдыңғы  жылдың  сәйкес  кезеңімен 

салыстырғанда 30,4%-ға немесе 21 015,8 млн. теңгеге 

артқан. Заңды тұлғалардың депозиттері бір жылда 4,7%-

ға көбейіп, 2016 жылдың 1 қарашасына 7 987,8 млн. 

теңгені немесе облыс депозиттерінің жалпы сомасынан 

8,1% құрады. 

Орналастыру мерзімдері бойынша облыс депозиттерінің 

көлемінде басым бөлігін мерзімді депозиттер алады. 

Осылайша, 2016 жылдың 1 қарашасына депозиттердің 

жалпы көлемінен 99% мерзімді болып табылады, ал 

шартты және талап ету бойынша депозиттердің үлесі 

сәйкесінше 0,6% және 0,3% құрайды.

Ағымдағы жылдың қазан айында Банктермен жалпы 

сомасы 25 871,9 млн. теңгеге депозиттер тартылған, бұл 

өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53,7% не-

месе 9 037 млн. теңгеге көп. Тартылған депозиттердің 

жалпы сомасының 56,4% жеке тұлғалардан, 43,6% заңды 

тұлғалардан, соның ішінде 88,3% ұлттық валютада, 11,7% 

шетел валютасында тартылды. 2016 жылғы қазан айында 

жеке және заңды тұлғалардың салым шоттарынан 23 

910,5 млн. теңге қайтарылды, бұл өткен жылдың сәйкес 

кезеңімен салыстырғанда 29,7% немесе 5 469,7 млн. 

теңгеге артық.

Депозиттердің тарту мерзімі бойынша құрылымы. 

2016  жылғы  1  қарашадағы    жағдай    бойынша  

депозиттердің жалпы көлемінен ұзақ мерзімді депозит-

тер 50,2% (немесе 49 306,2 млн. теңгені) құрады және 

қысқа мерзімді депозиттер 48,8% (немесе 47 854,3 млн. 

теңгені), ал қалған 1,0% (930,4 млн. теңге) талап ету 

бойынша және шартты депозиттерді құрайды.

Несие нарығы. Банктермен берілген несиелердің 

көлемі  2016  жылдың  қазан  айында  9  444,1  млн. 

теңгені құрады,  бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен 

салыстырғанда 23,7%-ға артық (2015 жылдың қазан ай-

ында 7 634,2 млн. теңге сомасында несиелер берілген). 

Берілген несиелердің жалпы сомасының бүкіл бөлігі 

ұлттық валютада берілген несиелер болып табылады – 

9 444,1 млн. теңге (100%). Ұзақ мерзімді несиелердің 

көлемі  6  365,9  млн.  теңге  немесе  67,4%  құрайды, 

сәйкесінше қысқа  мерзімді  несиелер 3 078,2 млн. теңгені 

(32,6%) құрады.

Банктермен берілген несиелердің негізгі бөлігі жеке 

тұлғаларға берілген. Олардың үлесі 6 581 млн. теңгені 

немесе жалпы берілген несиелердің сомасынан 69,7% 

құрайды. Заңды тұлғаларға берілген несиелердің сомасы 

2 863,1 млн. теңгені немесе берілген несиелердің жалпы 

сомасынан 30,3% құрайды.

Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген 

несиелерінің көлемі 2016 жылғы қазан айында 2 352,2 

млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен 

салыстырғанда 36,6% артық (2015 жылғы қазан айында 

1 722,3 млн. теңгеге несие берілген).

2016 жылғы қазан айында жеке және заңды тұлғалармен 

жалпы 8 771,8 млн. теңге сомасына несиелер өтелді, бұл 

өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,9% 

немесе 174,9 млн. теңгеге төмен. Соның ішінде жалпы 

өтелген несиелердің сомасынан жеке тұлғалармен 6 

194,3 млн. теңге сомасына немесе 70,6% өтелді (2015 

жылғы қазан айында сәйкесінше 6 275,2 млн. теңге не-

месе 70,1%), заңды тұлғалармен 2577,5 млн. теңге немесе 

29,4% өтелді (2015 жылғы сәйкес кезеңде 2 671,5 млн. 

теңге немесе 29,9%).

Облыстың ссудалық қарызының өзгерістерін талдау 

несиелеу көлемінің төмендегенін көрсетеді. 2016 жылғы 

1 қарашадағы жағдай бойынша несие көлемдері 2015 

жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 4,3% (немесе 6 

727,3 млн. теңгеге) төмендеп,    149 387,7 млн. теңгені 

құрады.


Қарыздың  мақсатты  пайдаланылуы  бойынша 

облыстың ссудалық портфелінде азаматтардың тұтыну 

мақсаттарына берілген несиелер басымдықта (жалпы 

кредиттер көлемінің 51,8% немесе 77 406 млн. теңге), 

негізгі қорларды  сатып алуға (10,6% немесе 15 849,1 

млн. теңге), сондай-ақ азаматтарға тұрғын үй салу және 

сатып алу үшін (13,0% немесе 19 358,6 млн. теңге). Оның 

ішінде шағын кәсіпкерлікке берілген кредиттердің үлесі 

ссудалық портфелдің 23,2% немесе 34 696,5 млн. теңгені 

құрады.


Облыстағы несиелердің барлық түрлері бойынша ор-

таша мөлшерленген сыйақы ставкасы 2016 жылғы қазан 

айының соңында 16,7% болды (өткен жылғы сәйкес күнге 

бұл көрсеткіш 16,2% құрады). Ұлттық валютада өткен 

жылмен салыстырғанда 0,6%-ға көбейіп, 16,9% құрады, 

ал шетел валютасында 0,6% азайып, 12,7% құрады. Заңды 

тұлғалардың несиелері бойынша орташа мөлшерленген 

сыйақы ставкасы 14,1% құрады, бұл өткен жылдан 3,0% 

жоғары, жеке тұлғалардың 17,4% (01.11.2015 жылғы 

жағдай бойынша – 17,7%).

Облыстың несие нарығын талдай отырып, заемдар 

бойынша мерзімі өткен берешектердің азайғанын айта 

кету қажет. 2015 жылғы 1 қарашаға Банктердің несиелері 

бойынша мерзімдері өткен берешектері 18 762,7 млн. 

теңгені немесе жалпы несиелер көлемінен 12% құраса, 

ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша бұл 

көрсеткіш 15 903,1 млн. теңгеге (10,6%) дейін төмендеді. 

Азаматтардың тұтыну мақсаттарына берілген несиелер 

бойынша мерзімдері өткен берешектердің көлемі мерзімі 

өткен берешектердің жалпы көлемінен 38% құрады, 

құрылысқа және азаматтармен тұрғын үй сатып алу үшін 

берілген несиелер бойынша мерзімі өткен берешектердің 

көлемі 12,7% құрады. Ағымдағы жылдың қазан айының 

соңына шағын кәсіпкерлік бойынша мерзімі өткен бере-

шектер 3 145,1 млн. теңгені немесе шағын кәсіпкерлік 

бойынша несиелердің жалпы көлемінен 8,3% құрады.



Даурен НҰРЛЫЖАНОВ,

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының

жетекші маман-экономисі.

Бетті дайындаған арайлым ШаБдеНова.

//   «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн  2016 ЖЫл  //

сӘН меН дӘм

15

жаңа жылдың 



сәНі ҚаНдай?

2017 жыл атауы тауыққа тиесілі. Табиғат күші – от, сондықтан тауық отты, 

қызба болып есептеледі. Негізгі түсі – қызыл және қызылға жақын реңктер – 

алтын түстес, қызғылт, сары. Әркімнің өз талғамы бар десек те, сән әлемінің 

биылғы болжамы қандай болмақ екен?

Тауық ойнақы болғандықтан, шарап секілді қызыл түспен көздің жауын 

алуға болады.  Әсіресе, ашық және жылтырақ түстер сәнде болады. Яғни 

аталған түстер кешкі салтанатқа арналған көйлектерге қатысты айтылып отыр. 

Көйлектердің кеуде тұсы ашық немесе жабық болғанына қарамастан, адамның 

назарын жалтырап өзіне аударғаны дұрыс. Мерекеге киетін ұзын көйлектің етегі 

төгіліп тұрса, ұзын жырығы алдынан түскені сәнге айналады. Жасыл, сарғыш-

жасыл, кофе және құм түстес, қара, қоңыр түстер кешкі ғана емес, күнделікті 

киетін киімдерде де көбірек кездеседі. Қызыл, сары мен қызғылт-сарыны да осы 

жылы атақты сәнгерлер өз трендінде көптеп қолданатын болады. Әшекейлерден 

алтын және осы түстес бұйымдар сәнде. Олай болса,  бұларды үйлесіммен тағу 

арқылы көйлекті «көзге түсердей» етіп өзгеше талғамда көрсетуге тырысыңыз.

Тізеден төмен түсіп тұратын көйлектен арулар өзін ыңғайлы сезінеді және 

кербез көрінеді. Ол аяқтағы кемшіліктерді де жасырады. Ұзын кие алмайтындар 

үшін де бұл таптырмас сән үлгісі. Егер осы үлгідегі киімге аксессуарды дұрыс 

таңдай білсе, кешкі салтанатты көйлектен артық болмаса, кем көрінбейді. 

Олардың етегі тіке, қиықты, қауырсындармен әрленгендері қыздарды одан 

сайын ажарландырады.

Иығы кішкентай, ал бөксесі үлкен әйел затының иығы «фонарик» үлгісі 

арқылы кемшілігін жасыруға мүмкіндігі бар. Керісінше, иығы үлкен, бөксесі 

жоқ қыз-келіншектерге белінде желбірегі бар үлгісін таңдауға кеңес беріледі. 

Артық салмақты сұлулар көйлектің матасына көбірек мән беруі тиіс. Ол қалың, 

қатты, тығыз маталар емес, үлбіреген шифон секілді түрлері өзін ханшайымдай 

сезіндіреді. Тек клатч сөмкенің тастармен әрленгенін таңдай көрмеңіз. Сондай-

ақ биылғы сәнге енген қазақ дизайнерлерінің қазақы нақышта, ою-өрнектермен 

көмкерілген көйлегі сұранысқа да, брендке де айналды. 



 

„

2017 жылдың сәнді киімдерінде өткен жылдың 



біршама үлгілері қайталанады. атап айтар болсақ, 

салтанатты кешкі ұзын көйлектердің алдындағы 

жырықтар осы сәнімен ерекшеленіп қала бермек. 

ал күнделікті киюге ұсынылғандардың ұзындығы 

тізеден сәл ғана асады. бір иығы жоқ кешкі көйлектер 

де сәннен қалмайды. ең бастысы, 2017 жылы сәнге 

айналатын киімдер жыл иесі – Тауықтың табиғи 

ерекшеліктерімен үндеседі. санаулы күндерден соң 

баршамызды жаңа жыл мерекесі күтіп тұр. осы кешке 

қандай сәнді көйлектер киіп баруға болады? оның 

пішімін қандай үлгіде тіккізіп не болмаса сатып алған 

жөн? Қандай түс сәнде болады? осы секілді қажет 

деген кеңестерді ұсынамыз.

мерекелік 

ас мәзірі

 

„

кез келген мерекелік отырыстарда 



дастарханның сәнін келтіретін - салаттар. 

ал жаңа жылдық ас мәзірінде әр отбасының 

өзіндік құпиялары мен сырлары бар. әр 

жыл сайын ақ дастарханнан түспейтін 

«оливье», «подшубы» сияқты салаттардан 

өзге биылғы тауық жылында жемісті 

салаттармен ас мәзірін толықтырсаңыздар 

болады.

ЖҰМЫРТҚАНЫң 

ҰяСЫ

300 г тауық еті

2 дана жұмыртқа

3-4 дана тұздалған қияр

2 дана қызанақ

100 г саңырауқұлақ 

маринадталған ірімшік

1 ас қасық өсімдік майы

Майонез

Салаттың дайындалуы:

Бірінші тауық етін пісіріп аламыз. Дайын болған соң, 

алып суытамыз да кубиктеп тураймыз. Саңырауқұлақты 

майдалап тураймыз да, кішкене майға қуырып аламыз 

(пияз қосып қуырсаңыз да болады). Жұмыртқаны да 

қайнатып аламыз да суытып, үккіштен өткіземіз. Қиярды 

да үккіштен өткіземіз. Қызанақты майдалап тураймыз.

Енді салатымызды тарелкаға рет-ретімен саламыз. Ең 

бірінші тауық етін саламыз, бетінен майонез жағамыз. 

Тауық  етінің  үстінен  қуырылған  саңырауқұлақты 

саламыз. Әрі қарай үккіштен өткізілген жұмыртқа. 

Содан қиярды саламыз да, майонез жағамыз. 

Ең  үстінен  ортасына  қызанақты  салып, 

айналасына  ірімшікті  үккіштен  өткізіп 

саламыз. Кішкене үккіштен өткізілген 

ірімшікті алып, аз ғана майонез қосып, 

дөңгелектеп  салаттың  ортасына 

қоямыз. Міне, салатымыз дайын!



ЖЕМІСТІ САЛАТ

Бізге керегі:

Ананас -1 дана

Банан - 1 дана

Апельсин - 1 дана

Алма - 1 дана

Киви - 1 дана

Құлпынай - 1 дана

Қант ұнтағы - 2 ас қасық

Лимон шырыны - 2 ас қасық

Жалбыз


Бүлдірген - 20 г

Салаттың жасалуы:

Ананасты  алып,  екі  бөлікке  бөлеміз. 

Ортасындағы  жұмсақ  жерлерін  жаймен  алып, 

кубиктеп тураймыз. Енді басқа жемістерді тазалап, 

барлығын  орташа  қылып  тураймыз.  Дайын 

кесілген жемістерге  лимон шырынын қосып, 

қант ұнтағын сеуіп, ананастың астыңғы 

бөлігіне  саламыз.  Енді  салаттың 

бетіне құлпынайды салып, жалбыз 

жапырағымен сәндеп қоямыз. 

Асыңыз дәмді болсын!


алуаН

16

//   «ЖАМБЫл - ТАрАз»  //  №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн 2016 ЖЫл  //



 

„

«Тараз-арена» спорт кешенінде көрнекті мемлекет қайраткері 



әлихан бөкейхановтың 150 жылдығына орай өткен Қр қазақ күресі 

федерациясының кубогы алматылықтардың қанжығасында кетті. 

ҮЗдік ҮШТікТеН 

кӨріНдік 

Өнерлі бала сүйкімді

 

„

Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Төле 



би атындағы №8 гимназияда бірнеше іс-шаралар 

өткізілді.

Танымды сабақ

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Жуан білекті, жауырындары қақпақтай, 

апайтөс балуандардың текетіреске толы до-

дасына еліміздің әр өңірінен тоғыз команда 

қатысты.  Сегіз салмақ дәрежесі бойынша кіл 

мықтыны анықтаған бәсекенің жалпы жүлде 

қоры 20 миллион теңгені құрады. Шараның 

ашылу салтанатында сөз алған Қазақстанға 

еңбегі  сіңген  жаттықтырушы  Ерғали 

Мұхиддинов, ҚР Құрметті  спорт қайраткері 

Диқанбай Биткөзов, облыс әкімдігі дене 

шынықтыру және спорт басқармасының 

басшысы Гамлет Қайнарбеков жыл санап 

ұлттық спорт түрлерінің көкжиегі кеңейіп 

келе жатқандығына тоқталып, турнирге 

қатысушы балуандарға сәттілік тіледі.

Тартылған жеребе бойынша алғаш бо-

лып боз кілемге Талдықорған қаласынан 

келген «Сапа-Арена» клубы мен астаналық 

«Елорда  батыры»  клубы  спортшыла-

ры шықты. Алғашқы белдесулерден-ақ 

елордалық команданың турнирге тас-түйін 

дайындықпен келгендігі көрініп тұрды. 

Қарсыластарын алып та, шалып та жыққан 

«Елорда батыры» клубының балуандары 

5:3 есебімен айқын басымдықпен жеңіске 

жетіп, келесі айналымға жолдама алды. Ал 

келесі кезекте боз кілемге көтерілген Семей 

мемлекеттік медицина университетінің 

«СМУСК»  клубы  мен  қарағандылық 

«ЗАК КАР» клубы арасында өткен бел-

десулер де жанкүйерлердің делебесін 

қоздырды. Әсіресе, «Қазақстан барысы» 

турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов 

пен аталмыш теңдессіз турнирдің күміс 

жүлде иегері Асыл Барменов арасындағы 

жекпе-жек тартысқа толы болды. Негізгі 

уақытта бір-бірін ала алмаған қос балуан 

қосымша белдесу уақытын алды. Бұл сында 

тәжірибелі балуан Асыл Барменов алғаш 

болып әдіс жасағысы келгенімен, қара 

күштің иесі Мұхит Тұрсынов қарсыласына 

қарсы әдіс қолданып, қапыда қалдырып 

кетті. Қорытындысында, семейліктер 

қарсыластарын  5:3 есебімен тізе бүктірді. 

Келесі белдесуде облысымыздың на-

мысын  қорғаған  «Қазақ  күресі»  клу-

бы Алматы облысының «Алакөл» ко-

мандасына  қарсы  шықты.  Жергілікті 

жанкүйерлердің алдында аянып қалмаған 

жергілікті  балуандар  әдемі  күрестің 

өрнегін көрсетті.  Әсіресе, дзюдодан спорт 

шебері, «Қазақстан барысы» турнирінде 

«Көрермендер көзайымы» номинация-

сын иеленген Дәулетхан Жақыповтың, 

ағымдағы жылы өткен «Қазақстан ба-

рысы»  турнирінің  қола  жүлде  иегері 

Айбол Айтбектің шеберліктері көпшілікті 

сүйсінтпей қоймады. Нар тұлғалы балу-

андарымыз қазақ күресінің ерекше әдіс-

тәсілдерін көрсетіп, қарсыластарының 

жауырындарын жер иіскетті. Ал аса ауыр 

салмақтағы балуанымыз Жасұлан Әбішов 

те өзінің бабында екендігін аңғартып, 

алматылық алыптан айласын асырды. 

Осылайша, бұл белдесуде облысымыздың 

намысын қорғаған «Қазақ күресі» клубы 

6:2 есебімен жеңіске жетіп, мәртебемізді 

биіктете түсті. Сондай-ақ  алғашқы айна-

лымда Алматы қаласынан келген «Qazaq 

Kuresi» командасы да қарсыластарынан 

жеңісті жұлып ала білсе, Павлодар облы-

сынан келген «Қайырбаев» клубы «Елорда 

батыры» клубына есе жіберіп алды. 

Екінші айналымда жамбылдық «Қазақ 

күресі» клубы алматылық «Qazaq Kuresi» 

клубының  балуандарымен  кездесіп, 

ақтық  сынға  берілетін  жолдаманы 

сарапқа салды. Өкінішке орай, алғашқы 

белдесулерде-ақ жеңіл салмақтағы балу-

андарымыз қарсыластарына есе жіберіп 

қойды. Ауыр салмақтағы балуандарымыз 

қарсыластарынан  жеңісті  жұлып  ала 

білгенімен, жалпы командалық есепте 

5:3 есебімен қарсыластарға жол бердік. 

Келесі  белдесуде  семейлік  команда 

елордалықтардан басым түсіп, ақтық сынға 

жолдама алды. 

Ал жүлделі үшінші орын үшін болған 

белдесуде «Елорда батыры» мен «Қазақ 

күресі» клубы кездесіп, балуандарымыз 

7:1 есебімен айқын басымдықпен жеңіске 

жетті. Ал финалдық белдесуге шыққан 

алматылық «Qazaq Kuresi» клубы мен Се-

мей мемлекеттік медицина университетінің 

«СМУСК» клубы балуандары арасындағы 

жекпе-жек тартысқа толы болды. Семейлік 

балуандар 4:1 есебімен алда тұрғанымен, 

ауыр салмақтағы алматылық алыптар 

қарсыластарынан  жеңісті  жұлып  ала 

білді. Жалпы есепте қос клуб арасындағы 

белдесу 4:4 есебімен аяқталғанымен, сапа 

қорытындысы бойынша бірінші орынға 

алматылық балуандар табан тіреді. Осы-

лайша, бәсі жоғары бәсекеде Алматы 

қаласынан келген «Qazaq Kuresi» клубы 

тұғыр биігіне көтеріліп, 10 миллион теңге 

қаржылай сыйақыға ие болды. Мұнымен 

қоса, ҚР қазақ күресі федерациясының 

вице-президенті Сейсен Құранбек жеңімпаз 

командаға федерацияның ауыспалы ку-

богын табыс етті. Ал ІІ орыннан көрінген 

семейлік балуандар 6 миллион теңгені 

қанжығаласа, жүлделі ІІІ орынға ие болған 

Жамбыл облысының командасына 4 милли-

он теңге қаржылай сыйлық берілді. 

 «Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат-үйі» 

КММ ҚР Білім және ғылым министрлігі республикалық 

қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының 

тапсырмасы бойынша  мектепке  дейінгі, жалпы орта 

және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушы-

лары арасында «Сиқырлы жапсырма» республикалық 

интернет-байқауына  3-топ тәрбиеленушісі Айдын 

Сайпов (тәрбиешісі И.Қартабаева) «Күзгі көріністі» 

саздан илеп, әсемдеп, әрлеп жұмысын  байқауға жіберді. 

Байқаудың нәтижесінде Айдын Сайпов білім  алушылар 

арасында «Сиқырлы жапсырма» республикалық интер-

нет- байқауының  ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

Тәрбиеші И.Қартабаева байқауда білім алушылардың 

шығармашылық қабілеттерін дамытуға және олардың 

танымдық қызығушылықтарын ынталандыруға қосқан 

зор үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет