алдағы келе жатқан 2017 жыл – Шығыс күнтізбесі бойынша «отты қызыл қораз» жылы. Тамыры
тереңге тарамдалған тарихымызда бұл жылдың салмағы ауыр болған. алаш баласының басынан
өткен зілді замандар мен дүр сілкінген дәуірлер осынау отты қораз жылына тиесілі. дейтұрғанмен
ұлтының есіктегі басын төрге, бесіктегі ұрпағын өрге жетелеген текті де рухты, асыл да ардақты
азаматтар уақыттың осы бір белесінде жарық дүниені жалпағынан әрі өктем басып өмірге келген.
«Абай жолы» роман-эпопеясы әлемдік деңгейде
«XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи
Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл
роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі
әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де
танылды. Сондықтан да Мұхтар Әуезов - қазақ көркем
әдебиетін дамытуға орасан мол үлес қосқан реформа-
тор, суреткер. Әуезов қазақ тілінің негізгі сөздік қорын
жеріне жеткізе пайдаланады. Мақал-мәтәлдерді,
айқышты сөздерді, фразаларды баяғы күйінде ала сал-
май, оларды өз мақсатына орай жаңғыртып, жайнатып,
қайтадан құйып шығарды. Әуезов пьесалары - қазақ
әдебиетінің қымбат қазынасы һәм ұлт пен ұрпақтың
мәңгілік мақтанышы.
Ал 1909 тауық жылы өмірге ақын, драматург,
зерттеуші-ғалым, филология ғылымының докторы,
профессор, Қазақстан Республикасының халық
жазушысы Әбділда Тәжібаев келді. Оның «Жаңа
ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жар-
тас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай»
және 5 томдық жыр жинақтары жарық көріп,
«Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес»,
«Көңілдестер», «Той боларда», «Дубай Шубаевич»
пьесалары көпшіліктің көңілінен оқпандай ойып өз
орнын, өрелі бағасын алды. Һәм «Өмір және поэзия»,
«Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы»,
«Жылдар, ойлар» секілді зерттеу еңбектері алаштың
ұрпағына аманат іспетті.
Тәуелсіздіктен кейінгі
тарихи оқиғалар
1993 жылдың 4 қаңтарында Ташкентте Орталық
Азия мемлекет басшыларының кездесуі бары-
сында, ҚР Президентінің ұсынысымен тараптар
«Аралды қорғау» халықаралық қорын құру туралы
шешім қабылдады. Ал 9 қаңтарда ҚР Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының
Ресей Федерациясындағы уәкілетті өкілдігін
(елшілік) ашу туралы, Қазақстан Республикасының
Федеративті Германия Республикасындағы, Француз
Республикасындағы, Иран Ислам Республикасындағы,
сонымен қатар Әзірбайжан Республикасындағы,
Армения Ре спубликасындағы, Беларусь
Республикасындағы, Грузия Республикасындағы,
Қырғызстан Республикасындағы, Түркіменстандағы,
Өзбекстан Республикасындағы, Украинадағы
елшіліктерін ашу туралы Жарлықтарға қол қойды. 13
қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
шекарасы туралы» Заң қабылданды және 28 қаңтарда
Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы
қабылданды. Тұңғыш Ата Заң 4 бөлімнен, 21 та-
раудан, 131 баптан тұрды. 26 ақпанда республика
аймағының тұтастығын, біркелкілігін, өзгешелігін
дәлелдейтін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік
шекарасы туралы» Заңы өз күшіне енді. Қазақстан-
әлемде жер аумағы жағынан 9-орынды иеленетін
ірі мемлекет. Еліміздегі шекара ұзындығы шамамен
14 мың шақырым. 12 қарашада ҚР Президентінің
«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын
енгізу туралы» Жарлығы шықса, 15 қараша Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасы - теңге енгізілді.
Төл теңгеміз тұғырға қонған сол тауық жылы 21
желтоқсанда ҚР Президенті Жарлығымен «Алтын
Жұлдыз» белгісі, «Халық каһарманы» атағы, орден-
дер мен медальдер және басқа да республикалық,
мемлекеттік наградалар бекітілді.
2005 жылдың 9 маусымында Елбасы Н. Назарбаевтың
«Еуразия жүрегінде» атты кітабының таныстырылымы
болып өтті. Елбасы өз кітабының таныстырылымын-
да: «Жиырмасыншы ғасырдың табалдырығын аттай
отырып, еліміздің ұлттық мүддесін ескере отырып,
тарихымызда тұңғыш рет Тәуелсіз Қазақстанымыздың
елордасы қай жерде орналасатындығы туралы шешім
қабылдадық, оның саяси және ұрпақтар үшін өнегелік
мәні зор. Бұл таңдау арқылы салынған Астана еркін
және тәуелсіз болған егеменді елдің ерік-жігерін
сипаттай алды» -деді. 4 желтоқсанда елімізде Пре-
зидент сайлауы өтті. ҚР Президенті сайлауында
Нұрсұлтан Назарбаев басым дауыспен жеңіске жетіп,
қайта сайланды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 91,01
пайыз дауыс жинап, қарсыластарынан басым түсті.
- Бүгін ел тарихында өте бір елеулі кезең. Қазақстан
халқы өзінің конституциялық құқығын пайдаланып,
өз Президентін сайлады. Қазір дүние жүзінің барлық
ақпарат құралдары «Назарбаев жеңді!» деп хабар тара-
тып жатқанын білесіздер. Бірақ мен бұл жеңіс халықтікі
екенін айтар едім. Қазақстан халқы тәуелсіздігіміздің
болашағы үшін, ел бірлігі үшін, мемлекетіміз ішіндегі
тыныштық үшін бірауызды бола алатынын осылай-
ша танытты. Екіншіден, мұны Тәуелсіздігіміздің
14 жылындағы менің істеген қызметімді халықтың
мақұлдауы деп бағалауға болады. Үшіншіден, жария
еткен бағдарламаларымды алдағы 7 жыл ішінде жүзеге
асыруға елім маған осылайша мандат беріп отыр. Ел
экономикасының жаңаруы, Қазақстанның әлемнің ең
озық дамыған елу мемлекетінің қатарына қосылуы,
ол үшін индустриялық-инновациялық стратегияны
іске асыру, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге
шығару, тұрғын үй құрылысын дамыту, денсаулық
сақтау және білім салаларына бағытталатын қаржыны
үш еселеу, жалақы, зейнетақы және студенттер
шәкіртақысын алдағы жылдары екі есе өсіру, орта
және шағын бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесін 20
пайыздан 40 пайызға жеткізу осының бәрі енді менің
мойнымда, - деп атап өтті Елбасы тарихи сәтте.
PS: Мемлекеттігіміздің һәм тәуелсіздігіміздің
шежіресінде отты қораз жылының алар орны
ерекше. Жалпы тауық – мансапқор, көшбасшы,
ұйымдастырушы, жауапты, жетекші, көптеген амал-
әрекеттің ортасында жүретін тіршілік иесі. Лайым,
қыран рухты халқымыздың игі бастамаларына келер
жыл кемелдік пен қажырлы қанат бітіргей!
Дайындаған Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ.
// «ЖАМБЫл - ТАрАз» // №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн 2016 ЖЫл //
ҚҰраҚ КөрПе
11
Желідегі жазбалар
Кастинг
Жаңа жылдық кастинг жариялаймын! Қазақстанда
10 қызға 1 еркектен келеді десем өтірік емес шығар?!
Ол еркектердің біреуі аш студент, екіншісі жұмыстан
қысқарып қалған, үшіншісі әсіредіншіл, төртіншісі
қызтеке, бесіншісі зейнетке шықты, алтыншысы кеше
ғана туды, жетіншісі нашақор, сегізіншісі түрмеде отыр,
тоғызыншысы алқаш. Оныншы, есі дұрысы мен ғана.
Үйленіп алғам. Бала-шағам бар. Тоқал болғың келмесе,
370 мың кәрі қыздың қатарына қосылып, мысық асыра.
«Екінші әйел болғым келеді» десең, бәйбішеммен
ақылдас. Ол мәселені мен шешпеймін...
Айдос ЖҰҚАНҰЛЫ
Қойдың басы мен Ақшақар
Биыл 50-ге толдым. Әкем мені жаңа жылдық
шыршаға алып келді. Ақшақарға таласып қалмасақ
болар еді?!
Әкемді қойдың басын беріп алдайтын шығармын...
Рашид ЖАҚСЫЛЫҚОВ
Жаңа жылдарыңызбен!
Құрақ көрпені құраған Құралай СеЙСеНБеКҚЫЗЫ.
Балапан
Жұмыс үстелімде есікке арқамды беріп, қағаз жазып отырғанмын.
Әлдекім мойнымнан қапсыра құшақтады. Нәзік саусақтарынан,
пыс-пыс еткен демінен кішкентай бүлдіршін екенін бірден
білдім. Артыма бұрылып қарағанымда, көзі алақандай болып
5-6 жас шамасындағы қыз бала қайта мойныма асыла кетті. Мен
де сүйкімді бүлдіршінді қапсыра құшақтап, бетінен сүйіп-сүйіп
алдым.
Қызды біздің 9 қабатты үлкен ғимараттың бір бөлімінде жұмыс
істейтін анасының қасынан екі рет қана көргенім бар. Бар болғаны
сол. Бірақ балаң пейіл, кіршіксіз көңілі үшін қатты жақсы көріп
қалғанмын.
- Жұмысқа кіммен келдің? Ата-анаң қайда? - дедім адасып жүр
ме деген оймен.
- Анам осында бір кісіге жолығуға келді. Әкемді көрген жоқсыз
ба? - деді ол. Танымайтынымды білдіріп, басымды шайқағаным
сол:
- Әкем үйге келмей жүр, - деп мұңайып қалды.
- Ертең келеді. Жұмысы көп қой, ол да сені сағынып, жете алмай
жүрген шығар, - дей салдым мен баланың көңілін жұбату үшін. Ол
саусағын мұрнының ұшына апарып, сыбырлап: -Түшшш! Мына
менің, кішкентай қызының көзінше анасына ұрысып, кішкентай
қызының көзінше мас болатын әке ешкімді сағынбайды! Ол
мені жақсы көрсе, менің, кішкентай қызының көзінше анама
ұрыспайтын еді. Жақсы көрсе үйге келетін еді. Жоқ, ол бізді жақсы
көрмейді,- деді. Мен кішкентай қыздың жүрегінің жарасын тырнап
алғанымды ұғып, әңгімені басқа арнаға бұрмақ болып:
- Айтпақшы, ертең Жаңа жыл! Аяз атаға айтып беретін өлең
жаттадың ба? - дедім.
- Иә! Мен балабақшада өлең айтып, би билеймін, - деді лезде
жадырап. - Бірақ ол Аяз ата маған мүлде ұнамайды, - деді сосын
лезде мұңайып.
- Неге? Аяз ата ертең балабақшаңа келеді. Қалада жақсы Аяз
аталар көп. Олар саған сыйлық береді, - дедім мен.
- Ой, балабақшаға келетін Аяз ата емес, күзетші аға ғой Аяз ата
болып киініп алатын. Қалада жүрген Аяз аталар да жай киініп алған
ағалар. Шын Аяз ата Лапландияда өмір сүреді. Ол Қазақстанның
балаларына келгенше түн болады. Сөйтіп, мен ұйықтап қалғанда,
шыршаның түбіне мені оятпай, ойыншық қойып кетеді. Жылда
тілегімді орындай алмай жүрген соң, мені оятуға ұялатын шығар,- деді
үлкен адамдарша даусын құбылта сөйлеп.
- Жаңа жылдық тілегің қандай ол Аяз ата орындай алмайтын?
Қандай сыйлыққа тапсырыс беріп едің? - дедім мен де таңданған
кейіпте.
- Анам үшін ас үйге үлкен, жаңа қазан сұрадым. Ал ең үлкен тілегім
сырқат атам жазылып кетсе екен дегем... Өзіме планшет сұрадым. Со-
сын планшетімді желіге қосып, Аяз атамен скайп арқылы хабарласып,
атамның жағдайын айтып тұратын едім. Бірақ тілегім Лапландиядағы
Аяз ата үшін қиын болды-ау деймін. Атам әлі жазылған жоқ, - деп
бұртиып қалды. Талабы таудай, ақылды бүлдіршінге қолымнан
келгені сол болып:
-Тәтті алып же, - деп ақша ұстаттым.
Ол: «Сіз жақсысыз» - деп ризалық пейілмен мені құшақтай алды.
Сәл ойланып барып, кішкентай сөмкесінен түрлі суреттері бар
дәптерін алып, оның ішін парақтап, сары балапанның суреті бей-
неленген жапсырма қағазды кішкентай қолдарымен компьютеріме
жапсырды да:
- Мынау менің сізге жаңа жылдық сыйлығым, - деді күлімсіреп.
Үлкен жүректі кішкентай қызды бұл жолы мен құшақтай алдым.
Сәлден соң: «Анаң іздеп қалған шығар. Жүр, апарып
тастайын» - деп өтініш білдірдім. Ол маған кішкентай қолын ұсынып:
- Иә, мені анама апарыңызшы. Ол менсіз өмір сүре алмайды
ғой, - деді.
Өмір-кітабымның бір парағына бір сәтке ғана үңіліп кеткен балапан-
ғұмырды анасына табыстадым. Кетерінде менімен қимай қоштасты.
Бірақ өз жүрегінің жылуын маған да
тастап кетті... Ол компьютерімнің бір
бұрышындағы кішкентай балапан сурет-
ке айналып, жылы жымиған сайын әлем
нұрланып қоя береді.
Сыйлықсыз Жаңа жыл
Арман мен Айдананың Уәли мен Әли атты ұлдары бар. Олар Аяз
атаға қатты сенетін. Себебі Аяз ата олардың жазған хатын оқып, тілеген
ойыншықтарын сыйға тартатын. Биыл да қос бүлдіршін әбден ақылдасып,
екі бірдей лазерлі автомат қажет екенін өтініп, тағы да хат жолдады. Дәл
өздері ойлағандай таңертең шыршаның түбінде оларды қос автомат күтіп
тұрды. Екі ұлдың қуанышында шек болмады.
Ата-аналары кешке жұмыстан оралғанда жолай дүкенге кіріп, керек-
жарағын алып тұрады. Бірақ неге екенін жылда түннің бір уағына дейін
ашық тұратын дүкен биыл 1 қаңтардан бастап ерте жауып тастайтынды
шығарды. Оның үстіне дүкенші қарт сатып алушыларға бұрынғыдай жы-
мия қараудың орнына әлденені жасырғандай аянышты жүзін төмен салып,
үрейлі көздерін жыпылықтатып, сасқалақтап, тұтыға сөйлейтін болыпты.
Үнемі дүкенді жабуға асығып тұратыны байқалады.
Екі ұлына тәтті әперуге кірген Айдана мен Арман бүгін де көзін терезеден
алмай, алақ-жұлақ етіп тұрған сатушыны көріп, қатты таңырқады. Үйіне
келген соң Арман әйеліне:
- Дүкендегі сатушы Өміртай ағаға не болды екен? Қашан барсаң екі
көзін терезеден алмай, бір нәрседен қорқып отыратын сияқты. Дүкенді
де ерте жауып жүр,- деді.
- Иә, мен де байқадым. Өткенде тіпті терезесінің алдында еңкейіп
жүргенін де көрдім. Сол кісі ауырып жүрген жоқ па екен? Бұрын баласымен
кезектесіп отырушы еді, қазір ұлы тіпті көрінбейді. Осы маңайдағы жалғыз
дүкен болған соң, саудасы да жаман емес еді негізі,- деді Айдана да қостап.
- Сол кісіні біреулер қорқытып жүргеннен сау ма? Біздің балалар таңнан
қара кешке дейін үйде жалғыз өздері. Біз жұмыстамыз. Расында, қорқайын
дедік қой. Не де болса, Өмекеңмен бір сөйлесіп көрейінші. Жақын жерден
ұры-қары шығып жүрсе, дүкен дәл үйдің түбінде, балаларға зияны тиіп
кетпесін, - деп тез сыртқа шықты да, есігін құлыптап, үйіне кетейін деп
жатқан дүкеншіні әзер дегенде көндіріп, дүкенді қайта ашқызды.
Аз-кем әңгімеден соң Арман:
-Аға, әңгіменің ашығын айтайын. Сіз Жаңа жылдан бері қатты өзгердіңіз.
Көршілер де айтып жүр. Дүкенді неге жабайын деп жүрсіз? Жақын маңда
сізден басқа сауда орталығы да жоқ,- деді салған жерден.
- Жай, солай шештік. Ештеңе алмасаң, мен жүрейін,- деді дүкенші
әңгімеге зауқы жоқ екенін білдіріп.
- Жоқ, аға, әңгіменің ашығын айтыңыз. Сізге не болды? Әлде біреу
қорқытып жүр ме? Мүмкін тәртіп сақшыларын шақырып сөйлесерміз?
- Мен де ашығын айтайын, бүлінген ештеңе жоқ. Өткенде милиция
шақырдым. Бірақ нақты ешқандай айғақ болмаған соң, олар да жөнімен
кетті. Бұл негізі айтуға да ыңғайсыздау жағдай еді, - деп күмілжіп қалды.
- Аға, айтыңыз! Бәлкім, бір көмегіміз тиіп қалар. Аянып қалмаспыз,-
деді Арман.
Өміртай сәл ойланып барып:
- Ашығын айтсам, бұл жерден көшіңдер!- деп сыбырлады қарт. Бұл
сөзіне таңдана қараған Арман:
- Неге? - деді бірден.
- Бұл маңайда террористер бар. Қой, болды, әңгіме қылып қайтесің?
Қайтайық, балам, деп сыртқа беттеді ақсақал. Арман қарияға мән-жайды
толық айтып беруін өтініп отырып алды. Бәрін тәптіштеп сұрап, ақыры
ақсақалдың жанын жеген үрейдің де шетін шығарды.
- Осы Жаңа жыл басталғалы бері бес-алты күннің төңірегінде терезе
сыртынан әлдекім бізді нысанаға алып отыр. Тіпті кіммен қалғанымды,
кейде не істеп отырғанымды бақылап, біліп қояды. Қызыл сәулесін
кейде менің маңдайыма тіресе, кейде ұлымның маңдайына түсіреді,- деп
дүкенші қорқынышын әзер басып, алқынып кетті. –Бары сол, балам. Енді
мені жібер. Кетейін. Көрмегенім осы дүкен болсын! Ертең жабайын деп
ниеттеніп отырмын, - деп есікті беттеді.
- Аға, ол қызыл сәуле нақты терезеден түседі ме? - деді Арман терезе
Махаббат
31 желтоқсан. Түс кезі. Біздің көшенің әжелері бір-бірін келе
жатқан Жаңа жылымен құттықтап, әбден қыдырды. Ақ жаулықты
апалар келіндеріне ас әзірлетіп, қазан астырып, өздері көше бойлап,
әр шаңыраққа құтты болсын айтып жүр.
Мен небәрі 10 жаста едім. Бір топ әжелердің алдынан шығып,
қызықтап қарап тұрдым. Басқа әжелердің арасынан оқ бойы озық
жүріп, бойын тік ұстап, аяғын нық басып келе жатқан өз әжеме
сүйсіне қарадым. Аппақ орамалының шашағын алдына шашырата
байлап, қоңыр пальтосының түймелері күн сәулесімен шағылысып,
жарқ-жұрқ етеді. Етігі де басқаларға қарағанда жап-жаңа екеніне
күмәнім жоқ. Ер мінезді Орынбала, балажан Орынкүл, сыры кет-
се де, сыны кете қоймаған Бибішәй, Моншақ, Шынар әжелердің
ешқайсысы көзіме шалынбады. Тек өзімнің Баршакүл әжем ғана
бәрінен аққұба, асқақ, бәрінен сұлу көрінді.
Қуанышымды жасыра алмай, үйге жүгіріп кірдім де ініме:
- Қарашы, орамалы, жүрісінен де ең әдемісі, ең аппағы біздің
әжеміз екен, - дегенімде үйдегі үлкендер ду күлді. Өйткені салта-
натты киінген әжелердің арасында менің әжем ғана күнделікті сиыр
сауатын халаты мен аяғына ұлының керзі етігін іле салыпты. Оның
үстіне қараторы апамды бәрінен аппақ дегенім расында өтірік еді...
Бірақ маған аппақ болып көрінгені шындық.
Кеше анам келінін ертіп, немересінің шыршасына барды. Үйге кіре:
- Бүкіл оқушылардың арасынан етегі жер сүйген әдемі ақ
көйлек менің қызымда ғана бар екен. Басқа қыздардың көйлектері
үтіктелмеген бе, әлде өңі кеткен бе онша емес. Менің қызымның
көйлегі де, өзі де бәрінен аппақ, бәрінен әдемі болып жүрді, - деді.
Келінім:
- Мама, қыздардың бәрі бірдей көйлек киді. Ал қызыңыз ішіндегі
ең қараторысы, - деп қағыта күлгенде шешем:
- Е, тәйт әрі! Басқалары олпы-солпы. Менің қызымның ғана көйлегі
де, өзі де аппақ, әдемі, - деп бой бермеді.
Осы екі оқиғада менің әжем мен анамның немересін басқалардан
оқ бойы озық көрсетіп, сұлуландырып тұрған шынайы махаббат
екенін мен іштей түсіндім.
сыртына үңіле қарап.
- Әй, бала, милиция көрмеген нәрсені, сен қайдан біледі екенсің? Әлде
саған ойын керек пе? Маған өмір керек! Өзім кеш үйлендім. Балаларым
болса жас. Шық! Дауласып уақыт оздырмай жөнімді табайын,- деді
Өміртай ақсақал осы сәт ызадан тұтыға сөйлеп.
-Тоқтаңызшы, мен білетін сияқтымын бұл не нәрсе екенін. Қызыл сәуле
мына жақтан түседі, иә? Ол менің балаларымның ойыншық автоматы
болуы мүмкін. Жүріңізші үйге, - деп Арман Өміртай ақсақалды әй-шайға
қаратпай үйіне сүйрей жөнелді. Бұл кезде бәрін терезеден бақылап тұрған
балалар төсектеріне жата қалған еді.
Үйге кіре ұлдарының автоматтарын алдырған Арман терезе әйнегінен
анық көрініп тұратын дүкенге сәулені түсіріп жіберіп, қарқылдай күлді
де ұлдарын шақырып, періп-періп жіберді.
Сол былтырғы оқиғадан кейін Уәли мен Әли 2017 - Жаңа жылды
сыйлықсыз қарсы алмақ. Уәли мен Әли үшін бұдан ауыр жаза жоқ шығар.
жұлдыз - жорамал
12
// «ЖАМБЫл - ТАрАз» // №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн 2016 ЖЫл //
жылы сіЗді
Не кҮТіп ТҰр?
2017 жылға арналған жұлдыз-жорамал көптеген тосынсыймен
қуантады. Тауық жылы – жамандық пен қауіп-қатерден ада. келе
жатқан жылы «күтпеген», «тосынсый» сөздері өміріңізде жиі
қолданылатын болады. ол, әсіресе, махаббат мәселесіне қатысты.
ертегі әлемінде жүргендей күй кешіп, сезімталдыққа бой алдырасыз.
десе де абай болғаныңыз абзал. сезімге толы сырлы әлемде өзіңізді
жоғалтып алмасаңыз болғаны.
ТОҚТЫ
Келе жатқан 2017
ж ы л ы То қ т ы л а рд ы ң
бойында күш-қуат таси-
тынын жұлдыздар уәде
етеді. Алайда оны қайда
жұмсарыңызды білмей,
бар істі күш сала атқаруға
тырысасыз. Соның сал-
дарынан бойыңызда барды
мақсат-жоспарларыңызға же-
туге
емес, одан мүлдем басқа арнаға
шығын ет-
кендей күй кешіп, уайымға салынасыз.
Шындығында, бұл сезімнің алдамшы екенін білгейсіз. Өмірде
кездейсоқ ештеңе болмайды. Бар ынтаңызбен істеген кез кел-
ген іс ертелі-кеш жемісін берері анық. Сондықтан бұл жайт
алаңдауға себеп емес.
Шын мәнісінде, өзіңіз қызықпайтын, сіз үшін мән-маңызы
жоқ істерге ден қоюға тұра ма? Одан да көңіліңізге жағымды
іспен айналысып, уақытыңызды пайдалы өткізген дұрыс.
Көңіліңізбен құлай берілетін іс-әрекет, шаруалар кезегі кел-
генде күш-қуатыңыз да таси түседі. Тоқтылар жасай алатын
ең дұрыс іс-жағдайларды асықтырмай, өмір ағымымен жүзіп,
өзіңізге тым көп күш түсірмеңіз. Егер мүмкіндік туып жатса,
аздап жалқаулануға да болады. Бар уақытыңызды қызметіңізге,
кәсібіңізге арнап қана қоймай, ұсақ-түйек шаруаларға да көңіл
қойыңыз.
Махаббат мәселесіне келер болсақ, Тоқтылар бұл жылы жаңа
таныстар тауып, сезімге беріліп, романтикалық хикаяларды
бастан кешеді. Десе де өмір – спорттық жарыс емес. Бақыттың
мөлшері махаббатқа құрылған қарым-қатынастар санымен
өлшенбейді. Егер Тоқты бар жүрегімен шынайы бақытын
табуға ұмтылса, алдағы жылы қарым-қатынастағы тілектеріңіз
бен талаптарыңызда қарапайым болыңыз. Ең болмаса, шектен
шыққандығыңызды түсінгейсіз.
ТОРПАҚ
ЕГІЗДЕР
ШАЯН
АРЫСТАН
БИКЕШ
2017 жылы Шаян-
дар өмірінде көптеген
қ ы з ы қ т ы ж а й т т а р ,
то сынсыйлар орын
алады. Олар келер
жылы өзін толықтай
үй шаруасына, жөндеу
жұмыстарын жүргізуге
арнағысы келгенімен, бұл
ойына кедергі келтіретін
күтпеген жағдайлар орын ала-
ды. Сондықтан төрт қабырғаға
қамалып
отыру мүмкін болмайды. Бұл жылы Шаяндарды көптеген
жаңа таныстық, кездесу күтеді. Олардың кейбірі Шаяндар
2 0 1 7 ж ы л
Торпақтардың күш-
қайратын, төзімділігін
сынға а лады. Бұ л
с ы н а қ т ы ң н е г і з г і
құраушылары – қызығу
мен ләззат. Сақтық
танытыңыз! Келе жатқан
жыл Торпақтардың ләззат
алуға деген ынтықтығының
артатыны сонша, шәрбатқа ба-
тып,
шыға алмаған шыбындай күйге
түседі. Ол
өмірдің барлық саласына қатысты. Тіпті, қарапайым ғана
жалқаулықтың өзі Торпақтарды тереңге тартып әкетуі мүмкін.
Егер Торпақ 2017 жылы табысқа қол жеткізгісі келсе, өмірге
деген құштарлығын бақылауда ұстауы керек. Себебі тұрмыс-
тіршіліктегі қызықтырар, еліктірер дүниелер мансабыңызға,
жеке өміріңізге, тіпті, сымбатыңызға кері әсер етеді. Қолға алған
істерін атқаруда міндеттеріңізді орындау, ойға алғаныңызды
жүзеге асыруға күш-қайрат жетіспеуі мүмкін. Махаббат
мәселесінде, жеке өміріңізде қызықтырар дүниелер үлкен
қателікке ұрындырады. Ал жиған артық салмақтан арылу үшін
айлап жаттығу залынан шықпауға тура келеді.
Тауық жылы көптеген Торпақ ағыспен жүзуді құп
көруі мүмкін. Олар махаббат хикаяларына ынтықтық
танытпағанымен, еліктірер қатынастардан бас тарта қоймайды.
Бұл қателікке бастайды. Мұндай қарым-қатынас салдарынан
Торпақтар ләззат соңынан қуалап, қолжетімді жақындық үшін
шынайы махаббатын жоғалтып алуы мүмкін. Егер келер жылы
шынайы бақытын тапқысы келсе, өз сезімдерін басқаруды
үйрену керек. Алысқа бармайтын қатынастардың соңынан
ерудің қажеті жоқ. Ол туралы ертесінде-ақ өкінеріңіз анық.
Сезіміңіздің беріктігін тексеріп, толысуына уақыт беріңіз.
Олар – шынайы махаббатыңызбен бақытқа кенелудің кілті.
Тауық жылы Егіздерге
маңызы зор, үлкен істер
атқаруға мүмкіндік
береді. Ол Егіздердің
өміріне әсерін тигізбей
қоймайды. Келе жатқан
жылы оларға белгілі
бір істі қолға алып, бос
шаруаларға мән бермей,
соған ғана көңіл бөлу, алға
қойған мақсаттарының ішінен
ең
маңызды әрі келешегі зорын таңдау оңайға соғады.
Бұл жылы Егіздер ерекше қасиетке ие болады. Ол – қай
істің болмасын пайдалы не пайдасыз, келешегі бар не жоғын,
табысты не табыссыз екенін ажырата алу қасиеті. Егер қандай
да бір іс Егіздерді зеріктірсе, оның ұзаққа бармайтынын,
сәтсіздікке ұшырайтынын біліңіз. Ал аталған жұлдыз белгісінің
өкілдері болашағы зор істі көзі шалса, оған барын салып,
күш-қайратын аямайды. Жұлдыздар Егіздердің қолға алған
мақсат-жоспарының бәріне қолдау танытады. Олар мансабын-
да, кәсібінде, тіпті, шығармашылық бастамаларында табысқа
қол жеткізеді.
Мұндай сәттілік жүрегінің жартысын іздеген Егіздерге де
серік болады. Жүрегінің таңдауы 2017 жылы Егіздерді алдамай,
нағыз бақытын табады. Бұл жылы қарым-қатынасыңызды от-
басын құру, сәбилі болу тәрізді жаңа деңгейге шығара аласыз.
Өмірлік серігін іздеген Егіздер сүйіктісімен қауышады. Ба-
стысы, өз жүрегіңізге, ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Егер жүрегіңіз
алдыңыздағы адамның сіздік екенін айтса, күмәнданбастан
алғашқы қадам жасаңыз.
үшін тағдыршешті сипатта болып, өмірін өзгертуі мүмкін.
Жаңа таныстарының арқасында қызметі мен мансабында ғана
емес, жеке өмірінде де біраз дүние өзгереді. Десе де мұндайда
сақтық танытқан жөн, себебі жаңа таныстықтардың барлығы
пайдалы бола бермейтінін ұмытпағайсыз.
Егер Шаяндар берілген мүмкіндіктердің бірін жібермей
пайдаланғысы келсе, кез келген қызықты ұсыныстардың ақ-
қарасын ажыратып, сана сарабынан өткізе біліңіз. Бұл жылы
жұлдыздар жағдайын жақсартуға көптеген мүмкіндік береді.
Өмірлік жарын іздеген Шаяндар үшін бұл жыл жаңа
таныстықтарға толы болады. Бұл мүмкіндікті жіберіп
алмаңыз. Тауық жылы кездейсоқ таныстықтың жүрегіңізде
ұзақ сақталып қана қоймай, отбасылы өмірдің бастауы болуы
мүмкін. Десе де мұнда асығыстық танытудың қажеті жоқ.
Себебі бір көргеннен ғашық болғаныңызды сезіну, сезіміңізді
тексеру үшін де уақыт керек. Ал отбасылы Шаяндардың
қарым-қатынасында түсініспеушілік туындап, сезімдеріңіз
сыналады. Араларыңызда қандай жағдай болса да, қиындықты
іште бұғып қалуға тырыспаңыз. Қиындықтың өздігінен
шешілетінін күтпеңіз.
Келе жатқан 2017
жылы Арыстандарға
жағымпазданатын,
қошемет сөздерін үйіп-
төгетін жандар аз бол-
майды. Бірақ оларға
алданудың, босаңсудың
қажеті жоқ. Әр мақтау
сөздің астарында қулық
жатқанын біліңіз. Жалпы бұл
жыл Арыстандар үшін табысты,
сәтті жыл болмақ. Оның еңбекқорлығы жетістікке жеткізеді.
Ал бар ынтасымен қолға алған істерінің барлығы жемісін
береді. Өз бағасын білетін, қашанда тек өзіне сенетін өршіл
Арыстан қызметінде, мансабында биікке жетелейтін пайдалы
мүмкіндіктерді жібермейді. Ал жеке өмірінде үйлесім мен
гүлдену кезеңі орын алады.
Бұл жылы Арыстандар айналасындағылардың бәрімен
тіл табыса алады. Жұлдыздар олардың бойындағы тік
мінезділік пен дөрекілікті бәсеңсітеді. Сондықтан тартым-
ды Арыстандармен достыққа, таныстыққа адамдардың
өздігінен ұмтылары анық. Десе де жұлдыздар мақтау-мадақ,
қол жеткізген табыстарынан басы айналып, өзін жоғалтып
алмауын ескертеді.
2017 жылы айбарлы Арыстан да махаббат құрбанына
айналады. Олардың жүрегі өзгелер үшін қаншалық жабық
болса да, әлсіздік танытып, құлай ғашық болады. Ал
Арыстандардың жүрегіне құлағы арқылы жол таба аласыз-
дар. Егер Арыстанның жүрегін жаулағыңыз келсе, қошемет
сөздерін жаудырудың қажеті жоқ. Ол үшін еркелете айтқан
жұмсақ сөздеріңіздің бірнешеуі ғана жеткілікті.
2 0 1 7
ж ы л ы
Бикештердің өмірінде
көп өзгерістер орын
а л а д ы . О л а р ғ а б і р
дүниеге ғана назар ау-
дару, тек бір жоспардың
соңынан жүру қиындық
туғызады. Бір жағынан, бұл
өзгерістер әдеткі өмір ағымын
бұзғандықтан, Бикештердің
ызалан-
дырады. Басқа қырынан алсақ, дәл
осы өзгерістер
өмірін қызықты, жарқын етеді.
Бастысы, бұл өзгерістердің бетін қайтару Бикештердің
құзырында емес, оған қауқарсыз да. Сондықтан бұл
жағдайларға алдын ала көндігіп, мүмкіндігінше өз пайдаңызға
қолдануға тырысыңыз. Жыл бойы тағдыр Бикештерге өмірін
жарқын етіп, жаңа сезім, жаңа ой, жаңа таныстықтарға
толтыруға талай мүмкіндік береді. Ол мүмкіндіктерді қолдану-
қолданбау олардың өз еркінде. Егер қолдана білсе, келер
// «ЖАМБЫл - ТАрАз» // №52 (1340), 28 ЖелТОҚСАн 2016 ЖЫл //
жұлдыз - жорамал
13
ТАРАЗЫ
САРЫШАЯН
МЕРГЕН
ТАУЕШКІ
СУҚҰЙҒЫШ
БАЛЫҚ
жыл бастан-аяқ қызыққа толары анық. Ал бас тартса, талай
мүмкіндікті, өзгерістерді құр жіберіп, артынан бармағын
шайнауы мүмкін.
Жұлдыздар Бикештердің аяғы баспаған жерден өз махаб-
батын табарын айтады. Жаңа ел, жаңа сезім, жаңа достар бұл
жұлдыз белгісі өкілдерінің өмірін гүлдендіріп қана қоймай,
жүрегін махаббатқа айқара ашып, сезім отын лаулата түседі.
Ол, әсіресе, өз жұбын тапқан Бикештерге қатысты. Тауық жылы
төрт қабырғаға қамалып отырмай, жиі серуендеуге, саяхаттауға
тырысыңыз. Тіпті, әмияныңызда соңғы ақша қалса да, оны шет
мемлекеттерге саяхаттауға жұмсаңыз. Сүйіктіңізбен әлемді
аралап, сезіміңізді, қарым-қатынасыңызды нығайта түсіңіз.
Келе жатқан 2017 жыл
Таразылар үшін махаббат
және шығармашылық ар-
насында өте сәтті болаты-
нын жұлдыздар уәде етеді.
Ал ұйымдастырушылыққа
қ ат ы с т ы жо с п а р л а р
айтарлықтай табысты бола
қоймайды. Өкінішке орай,
нақтылық, ұқыптылық және
тәртіпті талап ететін кез келген мәселе аздаған қиындықтар
тудырады. Ал ішкі әлеміне, сезімдеріне басы бүтін берілген
Таразылар тауық жылында жұмысына салғырт қарап, салда-
рынан ол опық жегізуі мүмкін.
2017 жылы Таразыларға, әсіресе, қаржы операцияларымен
айналысуға болмайды. Тәуекелге бел байлаудың қажеті ша-
малы. Тек биржадағы ойын ғана емес, жылжымайтын мүлік
сатып алу немесе несие алу сынды қарапайым мәселелерді
өз бетіңізбен шешуге тырыспағаныңыз жөн. Ақылдасып
шешу қиындықтар мен қателіктердің алдын алатынын
ұмытпағайсыз.
2017 жылы Таразылар жеңілтектігімен, тұрақсыздығымен
ерекшеленіп, оңды-солды жүріс жүреді. Десе де бұл
жылы өмірлік махаббатыңызды жолықтырып, мәңгіге қол
ұстасуларыңыз мүмкін. Бұл ретте махаббатқа құрылған
қарым-қатынасты серігіңіздің санынан сапасы артық екенін
жұлдыздар ескертеді.
2017 жыл Сарышаян-
дар үшін сәтті болмақ.
Өзіне, өз күшіне сене
білетін Сарышаян-
дар жолында кездескен
мүмкіндіктердің барлығын
құр жібермейді. Нәтижесінде,
өмірінде бірқатар оң өзгерістер
орын алады. Өзгелері «жеті рет
ойлап, бір рет кеспек» үшін біраз уақыт
ой соңында
жүргенде, салқынқанды Сарышаяндар мақсатына жетудің
оңай жолын тауып, күмәнсіз табысқа қол жеткізеді. Келер
жылы бұл жұлдыз белгісі өкілдері діттеген мақсаттары мен
жоспарларын жүзеге асыра алады. Олардың бойындағы әр істі
саралай шешіп, дұрыстығына көз жеткізіп барып қолға алу
қабілеті бұл жылы Сарышаяндар үшін аса пайдалы болмақ.
Өзгелердің аяқтан шалуға талпынған кез келген жымысқы
әрекеті Сарышаяндарға зиянын тигізе алмай, қазған орларына
өздері түседі. Бұл жұлдыз белгісінде дүниеге келген жандардың
ойы нақты, жауабы жылдам.
Десе де бұл жылы Сарышаяндар туыстарымен,
жақындарымен қарым-қатынасында мұқият болғаны абзал.
Өкінішке орай, Сарышаяндар өзіне сенгендей сенетін ең
жақын, сенімді адамдары үмітін ақтамай, сатқындық жасауы
мүмкін. Оған дайын болуға тырысыңыз.
Келе жатқан тауық жылы Сарышаяндар өз бақытына өзі
ұста болмақ. Тағдыр көптеген мүмкіндіктерді қарша боратады.
Оларды дер кезінде қолдану не бас тарту Сарышаяндардың
өз еркінде. Сарышаяндар бойындағы үлкен күш, жүрегінің
кеңдігі оларды тартымды ете түседі. Сондықтан сүйіктіңіздің
тарапынан көңіл аз бөлінуінен қорықпаңыз. Басы бос Сары-
шаяндар жолында кездескен жанның бәріне жүрегін, сырын
ашпағаны жөн. Басыңыз ойға, жүрегіңіз сезімге толып тұрса да,
олардың барлығын жария етуге асықпаңыз. Шынайы түсініп,
ішіңіздегіні қас-қабағыңыздан аңғара алатын жандарды
бағалап, шаңырақ құруды ойға алыңыз.
2017 жылы Мерген-
дер бойында бұғып
ж а т қ а н ж а ң а д а -
рын мен қырларын
б а й қ а й д ы . О н ы ң
шығармашылық қабілеті
және парасаттылығы
көп мүмкіндіктерге
есік ашып, талай биікті
бағындыруға көмектеседі.
Әрине, бұл деген әрбір Мер-
ген
2017 жылы ғаламат дүниелерді
жүзеге
асыруы тиіс дегенді аңғартпайды.
Бірақ
олардың қатысуымен жасалған істің қай-
қайсы болмасын бұрынғыдан айтарлықтай жақсырақ шықпақ.
Ең бастысы, айналысқан істердің барлығы Мергендердің
көңілін қанағаттандырып, қызығушылығын арттырады.
Жұлдыздар Мергендердің кез келген салада табысқа
жетіп, айы оңынан туатынын айтады. Шығармашылықтан
бөлек, ол жеке кәсіп саласында да айтарлықтай табысқа
қол жеткізеді. Кәсіпті де адамнан өзгеше ойлауды талап
ететін шығармашылық ретінде қарастыруға болады. Ал
шығармашылық қабілет бұл жылы Мергендер бойында тулай-
тынын жоғарыда айтып өттік. Сондықтан 2017 жыл Мергендер
үшін сәтті болмақ. Қолға алған әр ісіне ынтамен кірісетін
Мергендердің алар асулары көп.
2017 жылы Мергендер тек өз қызығушылықтарына бар
уақытын арнайды. Өз кезегінде дәл осы әрекеті қарсы жы-
ныс өкілдерінің қызығушылығын тудырып, еліктіре түседі.
Басқаша сөзбен айтсақ, бұл жылы Мергендерге жаңа таныстар
іздеудің қажеті жоқ. Сүйікті ісімен айналысып, саяхаттап, кітап
оқып, қызықты тақырыптарды талқылап, театр мен көрмелерге
барсаңыз болғаны. Жаңа таныстар Мергендерді өздері-ақ іздеп
табады. Бұл жылы Мергендерге көз салатын жандар қатары
көбейеді. Сондықтан қызғаныш нысанына айналуыңыз ғажап
емес.
Жұлдыздар Тауешкілерге
2017 жылы барынша сақ
жүруді ескертеді. Бұл жылы
үлкен қателік жіберіп,
арман-мақсаттарыңыз бен
жоспарларыңыздың күл-
талқаны шығуы мүмкін.
Оның себебі жүрегіңізде
тұтанған бір сәттік сезім
болуы ықтимал. Өкінішке
орай, әдетте ұстамдылығымен,
сабырлығымен көзге түсетін
Тауешкілер кенеттен пайда болған
сезімге бой
алдырып, көптеген қателікке ұрынады. Ең алдымен, қауіп-қатер
жеке өміріңізде, махаббат арнасында туындайды. Алып ұшқан
сезім Тауешкіні елітіп әкетіп, ұстамдылық пен салқынқандылықтан
айырылған олар өз құмарлығының құрбанына айналады.
Осы сынды қауіп қызметінде де күтіледі. Мұнда да аяқасты
пайда болған сезім жетегіне еріп, өкіндіретін істерге бара-
ды. Бұл тәрізді жағдайлар мансап жөніндегі жоспарыңызды
талқандамасын десеңіз, өзіңізді ұстай біліңіз. Сезім мен тіліңізге
ерік берудің қажеті жоқ. Ал шығармашылық тұрғыдан келгенде,
көңіл-күйіндегі мұндай құбылмалылық орынды болмақ. Бұл
жылы аяқасты сурет салу не өлең жазу қабілетіңіз пайда болса,
таңданбаңыз.
Келер жылы үнемшіл Тауешкі күтпеген қиындыққа тап болуы
мүмкін. Ол құмарлық жетегінде кетіп, отбасыңыз, жоспарларыңыз
бен қолға алған істеріңізден қол үзіп қалуыңыз мүмкін екендігімен
байланысты. Егер басқа жылдары мұндай тәуекелге барып,
дін-аман құтылсаңыз, тауық жылы қиындықтан сүттен ақ, су-
дан таза күйде шыға алмайсыз. Әр нәрсенің өз орны, шегі бар.
Сондықтан қашанда отбасыңыздың жанынан табылып, көңіл
бөлуді ұмытпаңыз.
Тауық жылы Суқұйғыштар
ө м і р і қ ы з ы қ т ы с и -
пат алады. Жұлдыздар
жаңа мүмкіндіктер сый-
лап, өмірін өзгертуге
ж а ғ д а й т уд ы р а д ы .
Мұндай мүмкіндіктер
Суқұйғыштардың
қатысуынсыз-ақ өздігінен
пайда болады. Оларды
пайдалану не жіберіп алу
Суқұйғыштардың өз ырқында.
Өмірді жарқын ету үшін берілген
мүмкіндіктердің құр өзі аздық етеді.
Ол үшін мүмкіндіктерді дұрыс қолдана білу қажет. Ал ол
Суқұйғыштар үшін оңай болмауы мүмкін. Мақсаттарының
соңында жүріп, ережелерге, ағысқа қарсы жүзіп, қателіктерге
ұрынуы мүмкін. Нәтижесінде, табысқа жеткізетін
мүмкіндіктердің ізі де қалмайды. Сонымен қатар көптен күткен
үлкен табыс үлкен қателікке айналуы ғажап емес.
Аталған жайлар себепті, 2017 жылы Суқұйғыштарға бар
тәртіп пен ережеге бағыну қажет. Ол мақсатыңызға қол жеткізуге
көмектеспесе де, көптеген бәледен, түзетілмес ағаттықтардан
құтқаратынына сеніңіз.
2017 жылы Суқұйғыштар үшін махаббат үлкен айдын іспетті
болса, өздері шалғайдағы жағалаудан ғашығын іздеген кеме
капитаны рөлінде болады. Себебі жыл бойы тынымсыз махаб-
батын іздеумен әуреленеді. Ал бұрынғы сүйіктілері неліктен
көңілінен шықпағанын түсіндіруге қауқарсыз. Басқа сөзбен
айтқанда, Суқұйғыштар үшін бұл жыл сезімге толы болмақ.
Өз кезегінде берік отбасын, отбасылық бақытты екінші орынға
қойып, сезімнің жетегіне еретін Суқұйғыштар үшін мұның зия-
ны басым. Бойындағы бұл сезімді бақылауға алып, махаббатын
алыстан іздегеннен бұрын берекеге толы шаңырақ құрғаны жөн.
Балықтар үшін келе
жатқан 2017 жыл
– то сынсыйларға,
күтпеген жайларға
т о л ы . Б а л ы қ т а р
қандай жоспар құрып,
табандылық таныт-
с а да, жұлдыздар
өзгерістерін енгізбей
қоймайды. Олардың
қашан орын алатынын
болжау мүмкін емес. Әрине,
бұл
Балықтар алдағы жылға ешқандай
жоспар
құрмауы тиіс деген сөз емес. Керісінше, жоспарлау керек. Тек
жоспарыңыздың күтпеген жерден өзгеруіне дайын болыңыз.
Олардың еш зияны жоқ. Керісінше, өз пайдаңыз үшін қолдана
аласыз. Мұнда, бастысы, өзгерістермен күресуге күшіңізді
жұмсамаңыз. Орын алған өзгерістерді мүмкіндігінше дұрыс
бағалап, соларға сәйкес жоспарыңызға түзетулер енгізіңіз.
Егер Балықтар бұл кеңеске құлақ асса, тағдыры құндылығы
зор сыйлармен қуантады. Ал өзгерістермен күресуге бел шеш-
се, табысқа қол жеткізері екіталай. Дегенмен күш-қайратын,
ерік-жігерін шыңдай алады. Оның да пайдасы жоқ емес.
Келе жатқан 2017 жылы махаббатта өз ұстанымыңыздан
танбаңыз және жұмсақтық танытыңыз. Егер сүйікті адамыңыз
бар болса, қарым-қатынасыңыздың қаншалықтың берік
екендігін тексеруге талпынбасаңыз да болады. Өкінішке
орай, өмір оны сіз үшін жасайды. Бір-біріңізге сезімдеріңізді
дәлелдеу үшін талай сынақтан өтуге тура келеді. Ол арадағы
түсініспеушілік, өзгеге көз салумен байланысты болуы
мүмкін. Десе де мұндай сынақ кімнің де болсын басы-
нан өтеді. Егер сезімдеріңіз шынайы, махаббаттарыңыз
адал болса, ештеңеден қорқудың қажеті жоқ. Сыннан
сүрінбей өтсеңіздер, бір-біріңізді бұрынғыдан артық бағалай
бастайтындарыңыз анық.
Достарыңызбен бөлісу: |