Әдебиеттер тізімі:
1 Ахай Г. Ортағасырлық түркі ойшылы — Жүсіп Баласағұн // Молодой ученый. — 2016. — №1. — С. 934-93 6.
2 Құтты білік / Көне түрк тілінен аударған, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А. Егеубай. –А, Өлке, 2006. – 622 б.
3 Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет. 5 томдық шығармалар жинағы. – 2 том. – Алматы, 2008. – 185-187 б.
Ж. БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТТЫ БІЛІК»
ДАСТАНЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ
Қалиева Н.Ш., аға оқытушы,докторант ҚазМемҚызПУ, Алматы қ., Қазақстан
Резюме
В статье рассмотрены познавательные особенности поэмы «Кудатгу билик», которая является бесценным наследием тюркского народа.
Изучая связь языка и культуры в рамках когнитивной лингвистики и лингвокультурологии были раскрыты индивидуальные особенности языковой личности Ж.Баласагуна. Приводя примеры из поэмы было выявлено и изучено описание превознесения назиданий предков. Изучив язык написания литературного памятника «Кудатгу билик» мы убедились в том, что можно познать языковые единицы как знаки, формирующие когнитивную модель, а также обьектом обозначающим картину настоящего мира.
Ключевые слова: Тюркское мировоззрение, концепт, концептосфера, когнитивная модель, лингвокультурология.
Summary
This article deals with the description of the cognitive features of the poem "Kutty Bilik" which is the common heritage (relict) of the Turkic people.
The language personality of Zh.Balasagun was disclosed by studying the relationship of language and culture within the framework of cognitive linguistics and cultural linguistics. Description of the ancestors' edification was revealed trough the citing of examples from the poem. We verified that it is possible to identify literary units of monument "Kutty Bilik" as a familiar components of the cognitive model, as well as the object of indicating a picture of the real world.
Key Words: Turkic world view (Turkic ideology), concept, sphere of concepts, cognitive model, linguaculture.
Өзге халықтарға қарағанда түркі халықтары тағлымы терең көне жазба мұраларға өте бай. Соның бір дәлелі бауырлас түркі халықтарына ортақ жәдігер «Құтты білік» еңбегі. Бұл мемлекетті басқару ісінен бастап, саясат, білім, дін, тәрбие насихаты, бала тәрбиесіне дейінгі өзекті тақырыптарды, жалпы түркі мәдениетін қамтыған дидактикалық еңбек, яғни, түркі мәдениетінің асқар шыңы.
Олай дейтін себебіміз сол дәуірдегі түркі мәдениетінде қазіргі түркі халықтары әдебиетінің қай-қайсының да сипат белгілері табылатындықтан еш күмәнсіз тарихи тұрғыдан да бүгінде «Құтты білікті» ортақ қазынамыз дей аламыз.
Жүсіп Баласағұнның қоғамдық-әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық-этикалық бағдарламасы іспетті «Құтты білігі» тарихшылар, философтар, сондай-ақ тілшілер мен әдебиетшілердің назарын өзіне аударған, көптеген ғылыми-зерттеулерге арқау болған, қыры мен сыры мол қазына. Бұл түркілік өркениеттің сол кездің өзінде дәуірлеп, өзіндік әдеби-мәдени бай мектеп қалыптастырғандығының айғағы.
Халқымыздың өткен тарихын, тілін, мәдениетін білуде, бұл мұраның маңызы өте жоғары. Замандар бойы сақталып, бүгінгі күні халқымыздың асыл қазынасына айналған мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізу мақсатында қыруар еңбектер атқарылды. Он бір ғасыр бұрын жазылып, даналық, шешендік, қанатты сөздері көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ санасына адалдықты, адамдықты, азаматтық қасиеттерді сіңірген «Құтты білік» жан жақты зерттелді.
Ұлы кітаптың тілі мен мазмұны шынайлығымен ерекшеленеді. «Құтты білік» тілінің көркемдігі, түркі халықтарының дүниетанымдық тұжырымдары мен талғам-парасатын көрсететін мәтін мазмұнының тереңдігі Жүсіп Баласағұнның өз заманының ақылгөй данасы, парасатты тарихшысы, терең ойлы философы болғандығын бағамдатып, түркілік дүниетанымды қалтқысыз анық көрсеткен тарихи және тілдік тұлға екендігін дәлелдейді.
Түркілік дүниетаным туралы жайдан жай қозғап отырған жоқпыз. Соңғы жылдары адам және таным мәселелері лингвисттердің зерттеу нысанына айналып отыр. Сондықтан біз мақаламызда тіл мен мәдениеттің байланысын когнитивтік лингвистика және лингвомәдениеттаным аясында зерттеу арқылы Ж. Баласағұнның жеке тілдік тұлғасының терең қырларын ашуды көздедік.
«Тіл адамзаттың тұтас болмысын, басқа тіршілік иелерінен ерекшеленетін адами танымы мен қасиетін айқындайтын жүйелі құрылым болғандықтан да заманауи тіл білімінде антропоцентристік парадигма мен когнитивтік зерттеулерге басымдық берілуде. Жалпы тілдің антропоөзектік бағытта зерттелуі адамзатқа қатысты барлық құндылықтар жүйесін адам болмысымен оның барлық туа біткен және жүре пайда болған қасиеттерімен даму жолымен ұштастыра қарастырудың қажеттілігін әрі тиімділігін көрсеткен философиялық ой-пікірлерден бастау алды. Сондықтан да Түркі халықтарына ортақ барлық жәдігерлердің өзегі – Адам деуге болады. [4].
Антропологизм адамзат ой санасының жалпы болмысының мазмұндық құрылымы адамның сөйлеу әрекеті, яғни тілі арқылы ғана анықталатындықтан «Тіл ұғымын» ерекше философиялық категория ретінде қарастырады. Антропоөзектік бағыттағы философияның тіл жөніндегі ой-пікірлері «Тіл – адамзат іс-әрекетінің себептерін айқындаушы ұлы құрал, адамзат болмысының мазмұнын көрсететін рухани құндылық екендігін білдіреді [2, 174 б.].
Түркі тілдерін зерттеуде антропоөзектік бағыттың әдіснамалық негізі ХХ ғасырдың соңынан бері қолданыла бастады.
Дәстүрлі түркілік дүниетаным жалпы түркілердің мәдени тұтастығы мен табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан адам санасындағы ғаламның бейнесі, ол ғаламды тану мен түсіну барысында қалыптасқан адам санасындағы халықтың қарапайым біліми тәжірибесінен тұрады. Түркілердің ғаламды тануы құбылыс-жаратушы ие (тәңір) және адам, табиғат және адам, адам және қоғам, адам және кеңістік, адам және уақыт сынды әмбебап түсініктер жиынтығынан және солардың аясына кіретін – жан мен тән, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, мәңгілік пен жалғандық, жат пен жақын т.б. ұғымдар кешенінен тұрады. Осындай түсініктер мен ұғымдар жиынтығынан тұратын концептуалды жүйенің лингвистикалық бірліктер арқылы окустикалық немесе графикалық тұрпат алуы ғалам бейнелеуінің түркілік моделін сомдайды [4, 116 б.].
Адам өзін қоршаған тылсым дүниені қаншалықты тани алса, сол деңгей адам танымының жемісі саналады. Адам онда әрі іс-әрекет субъектісі, әрі таным субъектісі бола алады. Адам дүниені неғұрлым терең таныса, соғұрлым өзін де тани түседі. Саналы адамзат тұлғасының қалыптасуы, ұрпақ арасындағы сабақтастық жемісінің үзілмеуі тілдің қызметіне тікелей байланысты.
Қазіргі таңда ұлттық мұраларды белсенді зерттеудің, мақсаты мен ұстанымдарының өзгеруі ұлттың маңызды концептерін жіті танып зерделеуді қажет етеді
Күнтуды (Әділ), Айтолды (Дәулет), Өгдүлміш (Ақыл), Одғұрмыш (Қанағат) арасындағы сұхбат негізінде құрылған бұл құнды еңбекте қарапайым өмір заңдылықтары ғана жырланып қоймай, Ерлік, Батырлық, Бектік, Білім, Ақыл, Тіл, Ата-ана концептілері арқылы түркі елінің тарихы, саяси-әлеуметтік жағдайы, дүниетанымдық ұстанымы, ұлттық болмысы шебер сомдалады. Соның ішінде біздің негізгі басымдық танытқымыз келіп отырған концепт – «Ата-ана».
«Құтты білікте» адамды бақытқа жеткізу жолдары, адам баласының құтты тұрмысы жырланды. Адам баласының бақыты да, құдіреті де, сұлулығы да оның қоғамға, халыққа берген пайдасында дейді ақын [1, 27]. Ал, осы қоғам мен халыққа көрсетер еңбек пен пайда ана сүтімен даритындығы және бұрыннан келе жатқан дәстүр жалғастығы, яғни ата жолы екендігі анық көрсетілетіндігіне төмендегі бәйіттер дәлел:
Мен айтайын елдің көне мақалын:
«Ұлға қалар аты, орны атаның!»
Орны қалды, аты қалды атаның,
Тағы басқа болсын, өссін атағың!
Ата жолын көрген бала тегінде,
Төзе алады ауырға да, жеңілге.
(Ата жолын білген оттай жанады;
Құс не көрсе, соны ұшқанда алады.)
Саған арнап сөз сөйледім, ей, ұлым,
Өсиетімді қабыл алғын құлыным!
Қалар мұра – сөз, кісіден кісіге,
Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе,
(Кісілерге мирас ата сөзі ғой,
Ата сөзі – ұқсаң – құттың көзі ғой). –
деп ата жолы мен атаның өсиетін дәріптей отырып, осы жолды ұстану, осы жолмен жүру мұратқа жетелейтіндігіне көз жеткізеді.
Біз қарастырып отырған дастандағы жалпы VII ғасырдан бүгінгі күнге дейін келіп жеткен барлық дерлік көне түркі жазба ескерткіштерінен ата-баба рухын қастерлеу мен ата-ананы қадірлеудің түркі жұрты үшін ерекше мәнге ие екенін бағамдадық.
Достарыңызбен бөлісу: |