Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет70/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   109
проблемалық-практикалық аспект, бұл – осы бір жағдайда

  • ахуалды айқындай білудің мақсат, міндет, нормаларын алға қою

  • мен орындау тиімділігінің қажеттілігін сипаттайды;

  • коммуникативтік (қатысымдық) аспект, бұл – осы тәріздес

  • ахуалдағы қатысымның және адамның осындай жағдайға қатысын

  • және өзара ыкпал жасауға тиісті мәдени үлгі деңгейін қамтамасыз етеді [1].

    Коммуникативтік құзыреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым-қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс-әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, “бағдар ету”, сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық тұрғыда еш қиындықсыз шешім таба білу қабілеті.
    Ақпараттық құзыреттілік өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының, басқа ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды.
    «Құзырлық» сөзі «құзыр» сөзінен алынған туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген [2]. Ал Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында «құзырет (компетенция)» – нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген [3]. Латын тілінен аударғанда (competentia – әділ, дұрыс қорытынды; competere – дегеніне жету, сәйкес келу, жақын келу) «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық» – адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Бұл екі ұғымды керек болған жағдайда бөліп қарастырады. Мысалы, құзырлық оқушылар дайындығына алдын-ала қойылатын талаптарды, ал құзыреттілік олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін айтады.
    Қазақ тілі сөздігінде «құзыр (компетенция)» ұғымының мән-мағынасын анықтауға бағытталған мәселелер ғылыми-әдістемелік басылымдарда [4], білім саясатын анықтайтын құжаттарда [5] және әлеуметтік [6], философиялық [7], психологиялық [8], педагогикалық [9] әдебиеттерде жиі қолданылатынына көз жеткіздік. Бұл осы ұғымның жалпы білім берудегі жүйелілік-практикалық қызметімен байланысты. Дәстүрлі оқыту әдістемесінде «құзырлық» жаңа ұғым емес. Мәселен, лингвистикалық құзырлықты орыс тілін оқыту әдістемесінің мамандары пайдаланса, ал филология мен информатика сабақтарында «коммуникативтік құзырлық» ұғымы жиі қолданылады.
    Егер отандық әдебиеттерде құзырлық ұғымы жоғарыдағыдай тұжырымдалса, «Ресейдің мектептегі білімді модернизациялау стратегиясында» білім мазмұны – құрылымы бойынша адамның мәдениетіне теңестірілген, изоморфты, педагогикалық тұрғыдан бейімделген, тұлғаның кәсіби тәжірибесі ретінде қарастырылады. Ол негізгі төрт элементтен тұрады: танымдық қызмет тәжірибесі, қызметтің белгілі амалдарын жүзеге асыру тәжірибесі, шығармашылық қызмет тәжірибесі, эмоциялық-құндылық қатынастар жасау тәжірибесі. Осы төрт тұрпатты тәжірибені меңгеру оқушыларда әрекет етудің күрделі мәдениеттілікке сиымды қабілеттерін қалыптастырады. Бұл қабілеттер құзыреттілік деп аталады [10].
    Соңғы жылдары білім берудің жаңа бағытына қатысты Еуропа Кеңесінің ұсыныстарына сәйкес құзыр ұғымына көп мән беріліп жүр. Соған сәйкес ғылыми әдебиеттерде құзырлық түсінігіне әртүрлі бағытта анықтамалар берілген.
    Қазақстандық ғалымдар құзырлық ұғымына ұқсас ұғымдарға өздерінің түсінігін береді. С.М. Құдайқұлов «қабілеттілік – белгілі бір қарекетті нәтижелі орындайтындай тұлғаның жеке дара ерекшелігі [11]. Ол қарекетті жылдам, тұрақты, сапалы орындаудың әдіс-тәсілдерімен сипатталады. Оның жоғары деңгейі-творчествалық, таланттық, дарындылық, данышпандықпен және бәсекелестікпен ерекшеленеді» десе, Л.Т. Қожамкұлова «әлеуметтік икемділік – әлеуметтік мәртебелер жүйесінде адамның жағдайының өзгеруіне байланысты әлеуметтік стратификациялар механизмі» деп икемділікті құзырлық ұғымына жақын тұлғаның іс-әрекеті ретінде қарастырады [12].
    Энциклопедиялық сөздіктерге жасалған талдау көрсеткендей, құзыреттілік феноменінің мәндік ерекшелігін түсінуде индивидтің, субъектінің біліктілігі, қайсыбір тапсырманы орындауға деген қабілеттілік деп түсіндіріледі. Сонымен қатар «құзыреттілік» ұғымдары психологиялық, педагогикалық сөздіктерде түрліше түсіндіріледі. Онда өзіне деген сенімділік, дәрменсіздік сезімінің жоқтығы, алға қойған мақсаттарға жету жолындағы қиындықтарға назар аударуы, өздігімен оқуға дайындығы және қабілеттілігі, табандылығы, шешім қабылдай алу қабілеті, қиын мәселелерді шешуге дайындығы, жеке жауапкершілігі сияқты ұғымдар қамтылған. Жоғарыдағы сөздіктердегі түсініктемелерді негізге ала отырып, мынадай тұжырымға келеміз: құзыреттілік:
    1) белгілі бір деңгейдегі күрделі тапсырмалар мен мәселелердің шешімін табуда тұлғаның білім, білік және тәжірибесінің сәйкес келуі;
    2) нақты міндеттерді орындауда өздігімен және жауапкершілікпен әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттілік пен біліктілігі;
    3) жинақталған білім, біліктерін өзекті ете білу қабілеті мен оны өзінің өмірлік жағдайында қолдана білуі.
    «Құзыреттілік» ұғымы психология ғылымында қандай да бір салада топтың, тұлғаның жетістігі мен табыстылығы ретінде қарастырылады.
    Л. Хьелл, Д. Зиглердің анықтамасы бойынша, құзыреттілік – бұл психологиялық сапа ретінде тұлғаның адамға қоршаған ортамен өзара әрекеттестікке түсуде өзінің қабілетін мойындайтын, өзінің сезімінен бастап өзіндік табыстылығын және пайдалылығын, сенімділігі мен күш-жігерін білдіреді [13]. Бұл ұғымның жалпы мағынасын істің мән-жайын түсініп әрекет етуі деп түсінуге болады. М. Кэрст бұдан да нақтырақ анықтама беріп, оның бес түрлі тәсілін бөліп көрсете келе, тұлғаның мәселені шешуге сәйкестігі, тұлғалық қасиеттердің және қабілетінің жиынтығы деп тұжырымдаған [14].
    Психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымына қатысты нақты қалыптасқан іс-әрекетті жүзеге асыруда білім, білік, дағдының жиынтығын қамтиды (А.Н.Журавльев, Н.Ф.Талызина, Р.К.Шакурова және т.б.) деп түсіндіріледі. Олай болса, психология ғылымында «құзыреттілік» танымдық, пәндік-практикалық және жеке өзіндік тәжірибелер жиынтығы ретінде анықталған.
    Психологиялық көзқарастарды қорыта келе, әлеуметтік-мәдени ортада қалыптасқан құзыреттілік білім және мінез-құлық нормасы, оларға қатынасы, білімін тәжірибеде жүзеге асыра алу біліктілігі деп түйіндейміз.
    «Құзыреттілік» ұғымы дәстүрлі педагогикалық зерттеулерде кәсіби құзыреттілік немесе маман құзырлылығы ұғымдарымен қатар қолданылып келді. Ал қазіргі зерттеу жұмыстарында «құзыреттілік» тек маман біліктілігі мен мамандыққа ғана қатысты емес, сонымен бірге ақпараттық, әлеуметтік, мәселені шешу, коммуникативтік құзыреттіліктері зерттеу пәніне айналуда. «Құзыреттілік» ұғымының тағы бір маңызды жағына тоқталар болсақ, ол тек өз кәсібін жетік білетіндерге немесе үлкен адамдарға ғана қолданылатын мінездеме емес, сонымен қатар мектеп оқушыларына, студенттерге, тіпті мектепке дейінгі жастағы балаларға да берілетін мінез-құлық сапасы болып табылады. Әлемдік педагогика ғылымында құзыреттілік білім сапасының өлшемі ретінде алынған.
    Құзыреттіліктің негізі білім, білік, дағды болып табылып, практикалық іс-әрекет нәтижесінде тұлғалық сапа қалыптасады. Сол себепті педагогикалық еңбектерді талдай отырып мынадай қорытындылар шығаруға болады:
    1. Құзыреттіліктің түрлерін өте көп деп жорамалдауға болады, бірақ нақты түрлері әлі жүйеленбеген. Адамның іс-әрекеті қанша болса, құзыреттіліктің де түрлері соншалық көп болары сөзсіз. Көп жағдайда кәсіби құзыреттілік және кәсіби емес құзыреттілік деп бөлінуі мүмкін (ақпараттық, коммуникативтік, әлеуметтік т.б.).
    2. Құзыреттіліктің жас ерекшелігі шегін анықтауда қиындықтар туындайды. Қазіргі зерттеушілер маман ретінде құзыреттілікті мектепке дейінгі балалар мен бастауыш сынып жасындағы балалардың маңызды мәселесі ретінде қарастыруда. Қазіргі таңда құзыреттілікті тұлғаның күрделі мәдени жиынтық іс-әрекеті түрлерін жүзеге асырудағы қабілеттілігі деп түсінуге болады.
    3. Тұлғаның қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурс-тарды тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағды, құндылықтар жатады.
    Талдау көрсеткендей, құзыретіліктің көрсетілген біріншi жагы құзыреттілікті стандартты емес (тосын) жагдайды жүзеге асыруга дайын болудың индикаторы ретінде ic-әрекет етсе, екінші жагы оның ең аз деген, қажетті деңгейде қойылатын талаптарды белгілеудің қайнар көзі болып табылады. Демек, бұл екі жақты ic жүзінде құзыреттілік көрсеткішінің төмен деңгейінің диапазонын айқындайды.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   109




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет