Робототехника негіздері. ДӘріс кешені дәріс-1



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата14.02.2023
өлшемі1,22 Mb.
#67834
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
дәріс

Дәріс 6 
Дәріс тақырыбы: EV3 модулінің интерфейсі 
Дәрістің мақсаты: Робототехниканың жұмыс жасауын қамтамасыз ету 
Тақырыпта қарастырылатын сұрақтар: 
1) Файлды таңдау 
2) Модуль қосымшасы 
3) Моторды басқару 
Дәрістің тезисі: 
EV3 модулі – сіздің роботтарыңызды қимылға келтіретін басқару 
орталығы. Өзіне негізгі төрт терезені қосатын модулді басқару батырмасы мен 
EV3 модулінің интерфейсінің арқасында сізге EV3 модулінің әртүрлі 
функцияларына қатынауға жол ашылады. Бұл қарапайым функциялар болуы 
мүмкін, мысалы, программаны іске қосу және өшіру, немесе күрделі функциялар, 
программаның өзін жазу. EV3 интерфейсі төменде 1 – суретте көрсетілген. 
Соңғысын іске қосу. Бұл терезе бос күйінде қалады, әзірге сіз 
программаны жүктеп, оны іске қоспайынша. Бұл терезеде таяуда іске қосқан 


программалар көрінеді. Тізімнің алдындағы программа соңғы болып іске 
қосылған программа және ол үнсіз келісім бойынша таңалады. 
Сурет 1 EV3 интерфейсі 
Файлды таңдау 
Бұл терезеде сіз EV3 модуліңіздегі барлық файлдарға, сонымен қатар SD-
картада сақталған файлдарға да қатынап, басқара аласыз. 
Файлдар жоба бумалары бойынша ұйымдастырылған, яғни онда әрбір 
жобада қолданылатын программалық файлдарын басқа, дыбыстар және суреттер 
орналасады. Файлдарды файлдар бойынша навигатор көмегімен орналастыруға 
және жоюға болады. Модульдік бағдарламалау ортасында құрылған 
программалар және модуль мәліметтерін тіркеу регистрациясының қосымшалары 
жеке BrkProg_SAVE және BrkDL_SAVE бумаларында сақталады. Төменде 
файлды таңдау 2 –суретте көрсетілген. 
Сурет 2 Файлды таңдау 
Модуль қосымшасы 
EV3 модулі қолдануға дайын тұрған алдын ала орнатылған бес модуль 
қосымшаларымен анықталады. Сонымен қатар сіз өзіңіздің EV3 программалық 
жабдықтамасын құра аласыз. Пайдаланушылар құрған қосымшаларды EV3 
модуліне жүктеген соң олар мұнда көрінеді. Модуль қосымшасы 3 – суретте. 
Сурет 3 Модуль қосымшасы 


Алдын-ала орнатылған бес қосымшада: 
Портты жариялау «Представление порта» қосымшасының бірінші 
терезесінен дтчиктер мен моторлардың қандай порттарға жалғанғанын жылдам 
көруге болады. EV3 модулін басқару батырмасының көмегімен бос емес портқа 
көшіңіз, сонда сіз датчик пен мотордан алынған көрсеткіштерді көресіз. Бірнеше 
датчиктер мен моторлар орнатып, түрлі баптаулар бойынша эксперимент жасап 
көріңіз. Портты жариялау модуль экранынан қалай көрінетіні төмендегі 4 – 
суретте. 
Сурет 4 Портты жариялау 
Моторды басқару 
Төрт порттың біріне жалғанған кез келген моторды тура немесе кері 
қозғалыспен басқаруға болады. Екі түрлі режимі бар. Бір режимде сіз А портіне ( 
«Вверх» және «Вниз» батырмаларының көмегімен ) және D портіне («Влево» 
және «Вправо») жалғанаған моторларды басқара аласыз. Ал келесі B портіне 
(«Вверх» және «Вниз») және С портіне ( «Влево» и «Вправо») жалғанған 
моторларды басқара аласыз. Екі режим арасындағы ауысым орталық батырма 
арқылы үзеге асады. Қосымшаның негізгі терезесіне қайту үшін «Назад» 
батырмасын шертіңіз. Моторды басқару 5 – суретте көрсетілді. 
Сурет 5 Моторды басқару 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет