Робототехниканы оқытудағы оқу іс-әрекетін тақырыптық және сабақты жоспарлау. Күнтізбелік – тақырыптық жоспар мұғалімнің негізге алатын құжаты болып табылады. «тақырыптық»


Мектепте роботты жүйелерді қолданудың мақсаты мен міндеттері



бет2/7
Дата29.12.2023
өлшемі1,86 Mb.
#144880
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1-9

Мектепте роботты жүйелерді қолданудың мақсаты мен міндеттері.

Робототехниканы оқытудың негізгі мақсаты-қоғамның әлеуметтік тапсырысы, яғни оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен логикалық ойлауын дамыту, өз алдына мақсат қоя білу және оларды жүзеге асыра білу, міндеттерді шешуге шығармашылықпен қарау, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу, ойды нақты логикалық реттілікпен баяндау, өз көзқарасын қорғау, жағдайды талдау және логикалық пайымдау арқылы сұрақтарға өз бетінше жауап табуға үйрету.
Робототехника қазіргі кезде мектептегі барлық пәндерді біріктіретін (жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша– математика, физика, информатика, биология, химия пәндері– тікелей, қалған пәндер – жанама) бағыт болып табылады, инженерлік –техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру және танымдық қабілеттілігін арттыру қызметін атқарады.
Робототехника негіздерін оқу бастауыш мектептерде қосымша білім беруге, сондай-ақ бейіналды даярлықты ұйымдастыруда элективті курс және жоғары мектептерде бейіндік оқытуға негізделеді. Мектептерде робототехника негіздерін оқыту білім алушылардың сыни ойлау қабілетін және практикалық тапсырмаларды орындау қабілеттілігін арттырады сондай-ақ бұл жастарды ғылым, технология, математика, шығармашылық қабілеттің дамуы арқылы, жағдайға анализ жасау арқылы жаңашылдыққа шабыттандыратын білім беру ортасы болып табылады. Білім беру саласындағы роботтар білім алушылардың жұмыс кезіндегі өзіндік ұстанымның қалыптасуы, шығармашылық қабілеттерінің дамуы, техникалық және инженерлік қабілеттерін қалыптастырудың маңызды элементі болып табылады.
Қазіргі уақытта білім алушылар мектептерде робототехникамен сабақтан тыс кезде және таңдау курстарында шұғылдана алады. Бұндай сабақтарда жарысатын бағыт басым болады. Дәлірек айтқанда жарысатын компонент айқын түрде қатысады. Білімділік бағыты жанама түрде тек техникалық бағытпен айқындалады. Әр-түрлі болатын жарыстарда роботтарды ойлап табу және құрастыру, өз бетімен дизайнын өңдеу оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырады. Бұл жерде оқытушы кеңесші ретінде және роботты құрастыру, бағдарламалау және жобалау кезінде негізгі білім беруші ретінде болады.
Негізгі мақсат-қоғамның әлеуметтік тапсырмасы: оқу мақсаттарын дербес қоюға, оларды жүзеге асыру жолдарын жобалауға, олардың жетістіктерін бақылауға және бағалауға, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуге, оларды бағалауға және осы негізде өз пікірін, бағасын қалыптастыруға қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Яғни, негізгі мақсат-оқушылардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыру.
Робототехниканың мектепте оқытудың негізгі принциптері:

  • Робототехниканың мектептің білім беру кеңістігіндегі орны мен рөлін анықтау;

  • Робототехника негіздерін оқыту технологиялары, формалары мен әдістерін негіздеу;

  • Робототехниканы ескере отырып жаңа оқу жоспарларын құру;

  • Білім беру робототехникасын интеграциялау үшін информатика, АКТ, технология және физика пәндерінің тақырыптарын анықтау.

Робототехниканы оқытудағы басты мақсат-жеке тұлғаның ақпараттық біліктілігінің негізін қалау, яғни оқушыларға ақпаратты жинау әдістерін, сондай-ақ, оны пайымдау және тәжірибеде қолдану технологияларын меңгеруге көмектесу.
Робототехниканы оқытудың негізгі міндеттері:

  • білім алушылардың инженерлік мәдениет саласында негізгі түсініктерін қалыптастыру;

  • білім алушылардың жаратылыстану және нақты ғылымдар саласына қызығушылығын арттыру;

  • қолданбалы тапсырмаларды орындауда стандартты емес ойлауын дамыту, сондай-ақ іздеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады;

  • білім берудегі үрдісіндегі робототехника бойынша тапсырмаларды орындау, математика, информатика, физика, химия, биология пәндеріне танымдық қызығушылығын арттыру және инженерлік мамандықтарды оқуда ынтасын арттыру;

  • роботтарды құрастыру және бағдарламалау кезінде жеткіншектердің және жасөспірімдердің шығармашылық мүмкіндігін арттыру.






        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет