Романдағы әйел-аналар образы арқылы жанама кейіпкерлер қырын сипаттау мазмұНЫ



бет7/12
Дата07.01.2022
өлшемі64,52 Kb.
#18829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Зор құдайым салған соң.
Әдебиеттегі деталь жиі ұшырай бермейтін сәтті де табысты жеміс. Қысқа сөз айқын суретке айналады да, үлкен мағынаға ие болады. Детальдың негізі -дәлдігінде. Дәлдік – ақиқатқа үйлесім, жақындық. Жоғарыдағы Абай келдірген бір деталь бар: «өле алмай шыдап отырмын» деуінің өзі көл-көсір сезімді білдіруде.Атап айтар болсақ: сағынышты, махаббатты, адал жарға деген сезімді, қайғы мен мұңнан әлсіздікті.

Абай әйелдер бейнесін жырлауда Байтұрсынов айтқан «интуиция» талабына жауап береді.
5. ӨМІРБАЯН. Тәжірибе ақын Абайда мол, ұшан теңіз. «...жас Абай оқудан қолын үзбейді, бос уақытында қазақтың, шығыстың мәдениетін үйренеді. Кейін орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Салтыков-Щедрин, Некрасов т.б шығармаларымен танысады. Сонымен бірге, ағылшын ғалымы Дарвиннің, Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Соның арқасында дүниетанымы кеңейіп, білімін шыңдай береді.»(8. 114-115 б.б)

Абай әйелдер бейнесін жырлауда Байтұрсынов айтқан «тәжірибе» талабына жауап береді.
6. ПАРАСАТ. Сананың саралығы болмай бір пікір беру, бір тақырыпта өлең жазу мүмкін емес. Солай болған күннің өзінде ол жалғандыққа айналады. Абай парасатты болды ма деудің өзі үлк-ө-н қателік. Абай парас деңгейінің сондай биік шатқалына көтерілді, Абайдың қара сөздері, ғақлиялары, бүгінде қазаққа үлгі өнеге боларлықтай. Қазақтың «Конфузциі» Абай дер едік. Абай жақын тартқан Татьянаны ақын қандай парасаттылықпен бейнелегендігін біз жақсы білеміз. Пушкиндегі Татьяна қазақ поэзисында «антоним» . Ақын парасаты Абай әйел абыройын төменге түсіргісі келмегендігі.

Абай әйелдер бейнесін жырлауда Байтұрсынов айтқан «парасат» талабына жауап береді.
7.ШЕБЕРЛІК. Еңбек ақынның басты құралы. Абай бұл құралды қалауынша пайдаланды. Ол еңбектенді, ізденді, соңында құнды мұралар жазды. Ғасырлардан да ұзаққа татитын асыл мұраларды.
Білектей арқасында өрген бұрым ,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік,ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін.
Мұнджай шеберлікпен жазылған өлеңді оқыған кім-кім болмасын қазақ қызының болмысымен ғана емес, ұлттық дүниемізден де хабардар болады емес пе? Бұл шеберлік емей немене?...

Абай әйелдер бейнесін жырлауда Байтұрсынов айтқан «шеберлік» талабына жауап береді.
8. ШАБЫТ. Алланың беретін тартуы. Абай поэзиясындағы шабытқа, әйелдер тақырыбындағы поэзиясындағы шабытқа мен баға бере алмаймын!

Біз сегіз ерекшелікті талдау арқылы Абай әйелдер бейнесін жырлауға лайықтылығын анықтадық.


Абайдың басты идеясы қазақ қызының, жалпы әйелдің болмысын қалыптастыру. Яғни, қыздың жан дүниесі, сырлары қандай болмақ керектігі туралы. Екінші, қыз бейнесі. Үшінші, әйел және махаббат. 1-кесте

1-кесте




Идея мазмұны

Өлеңдері

1.

Әйелдің жан дүниесі

"Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат", "Әбдірахманның әйелі Мағышқа шығарып берген жоқтауы", "Әбдірахманның әйелі Мағышқа жұбату", "Баласы өлген анаға шығарып берген жоқтау", "Қандай қызда ләззат бар жан татпаған"

2.

Әйел бейнесі

"Білектей арқасында өрген бұрым", "Иузи рәушан, көзі гаухар", "Көзімнің қарасы","Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы"

3.

әйел және махаббат

"Жігіт сөзі", "Қыз сөзі","Жарқ етпес қара көңілім не қылса да", "Онегин мен Татьяна", "Қызарып сұрланып", "Сен мені не етесің", "Сүйсіне алмадым, сүймедім"

Тақырып - өмір құбылысы делік, идея - автордың өмір құбылысына бағасындай. Шығарманың тақырыбы - сұрақ, идеясы-жауап. Сонда бір сауалдың бірнеше жауабы болатыны секілді, бір тақырыптан бірнеше идея тууы мүмкін. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлы әйелдер бейнесін жырлауда «иронияны» да пайдаланған. Келемеж түріндегі ақын өлеңдерінің қатары мынадай: «Баймағамбетке қатынының атынан шығарылған», «Қыздарға», «Қатыны мен Масақбай», «Әйелің Медет қызы, аты Өрім», «Қара қатынға» т.б

Абай кей заманның ащы шындығын осылай танытқысы келеді. «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» өлеңінде айта кетеді. «Бір жерге қосыла ма қыс пенен жаз» дей келе ол екі жұптың қалай ғана қосылатындығын сөз арасына қоса өлеңін аяқтайды. Тағы да, «бұқа – буға, азбан – дуға» деген сөзді де арасында қолданып өлеңнің философиялық мағынасын тереңдете түседі.

Үш идеядағы бір-бір өлеңге түсінік бере кеткенді жөн санадық. «Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат» деген өлең 1886 жылы жазылған. Әрине, мазмұны жігіттерге кеңес беру ниетінде жазылған. Алайда мазмұнының ішінде бүркенген ақиқаттар бар. Өлеңнің 9 шумағындағы 3-4 қатарларда әйелдердің жан дүниесі ұлттық, халықтың деңгейде емес жалпы адамзат руханияты дәрежесінде шырқалады. Ол былай еді:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет