Романдағы әйел-аналар образы арқылы жанама кейіпкерлер қырын сипаттау мазмұНЫ



бет9/12
Дата07.01.2022
өлшемі64,52 Kb.
#18829
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
II. Практикалық бөлім.

2.1 30-жылдардағы қазақ әдебиетіндегі әйел теңсіздігін сипаттайтын романдар мен әңгімелер

Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М.Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. Ғ.Мүсірепов ана туралы әңгме арқылы аса қайратты, қажырлы, қуатты ананың биік тұлғасын жасады. Ананың махаббатын, балаға деген аналық сезімін асқақтата муреттейді. Гуманист жазушы М.Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы, өмірге рух себуші, тіршілік иесі аналардың қоғамдағы рөлі Ғ. Мүсіреповке үлкен ой салды. Ол М.Горькийдің «Адамның анасы» және «Өлімді жеңген ана» атты екі новелласын аударып, өзі де «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы (1934), «Ер ана» (1942), «Ақлима» (1944) атты әңгімелерін жазды.

Шығармаларда ананың махаббаты, аналық мейірімі суреттелді. «Әйел – ана, дүниедегі жалғыз күш қой: оның алдында Азияның айбарлы арыстаны Темір де, Темірді жеңген өлім де басын иеді» [10,135 б.] деп, ананың өмір шашатынын Аристотель де, Фирдоуси де, Ескендір мен Гомер де ананың баласы екенін, ананың өлімнен күшті екенін жырлайды.

«Ананың анасы» (1934) атты әңгімесінің мазмұны ел арасына кең тараған аңыздан алынған. Мұнда елді шауып, жазықсыз жас қызды зорлап алып бара жатқан батырды қыз анасының сөзбен тоқтатып, жеңгені, сөйтіп, оның қызын жау қолынан азат етуі баяндалған. Шығарманың мазмұны, Әйтілес ақсақалдың «етектей сақалын балуан саусақтарымен салалап тарап» қойып өткен өмір оқиғасын баяндауынан басталады. Әңгімеде намысқа шабар білегі, әділетті таныр жүрегі бар, бірақ ел әкімдерінің алдауына түскен аңғал батыр Жалпақ балуанның Бала бидің қолшоқпары болуы, жүрегін жарып шыққан қызының тағдырына шырылдап арашашы бола білген абзал ананың өжеттігі айтылады.

«Ашынған ана» (1934) әңгімесі 1916 жылғы ұлт-азаттық; қозғалысына арналған. Жалғыз баласының жасын асырып жазып, майданға қара жұмысқа жібермек болған болыс пен оның қолшоқпары Қарасақалға Қапияның пышақ салып, түрмеге түсуі, онда 17 ай отырып, ақыры оны большевиктердің түрмеден босатуы баяндалады. Жазушының суреттеуінше, қиыншылық пен зорлық-зомбылықты көп көріп, азап шеккен: «... Өмір өзін сондай сіліккен. Қазір бұл сондай орасан күшті. Енді өмірді өзі сілкуге жарап қалған қайратты ана...» [10,29 б.].

Ал Ғ.Мүсіреповтің «Ананың арашасы» (1934) атты әңгімесінде Антоновтың ақ бандыларының қазақ ауылына ат ойнатып, жазықсыз жандарды атып-асуы, Нағиманы "большевик балаңды тауып бер" деп соққыға жығуы, ананың жан азабына шыдап бағып, ақтар армиясының солдаттарының шымбайына батар сөз айтып, солдаттарды өз командиріне қарсы қоюы, ақыры олардың Антоновты өлтіріп, Қызыл Армияға қосылуымен аяқталады.

Ақтар армиясының бандыларының жауыздығын жазушы былайша суреттейді: «... Ана арқасында қайыс қамшы жыландай жүйткіп жүр... Арашаға жарай алмаған ауыл ұятына тұншыққандай тым-тырыс... Тек отыз өрім қамшы ғана әйел арқасында жыландай ысылдайды. Анада үн жоқ. Асыл жігер мен өктем куш теке- тіресіп кездесе қалып, біріне-бірі тізе бүгер емес. Қара көк жапырақты ақ көйлек қызыл қанға айналып, арқа жағы тілім- тілім болып кетті. Қанға боялған қамшы ана денесінің ашынған жерлерін иіскеп табатындай жанға батар жеріне дәл-дәл тиеді. Қамшы сарт етіп қалғанда, ана көзінен от ұшқыны да жалт ете қалады. Сіресіп қалғандай табан аудармай, кек кернеген ана да тұр, мың сұрауына бір жауап ала алмай ызаға булығып Антонов та тұр. Ана тістері тіл қақпасын тас бекітіп тастапты... Бұдан әрі өжет ана Антоновтың адамгершіліктен жұрдай жауыздығын бетіне басып, өршелене түседі» [10,37 б.].

Жазушы қара күштің ана жүрегін мойыта алмағанын суреттеу арқылы «Ана алдында өлім де мойын ұсынады. Өлімді өмір жеңеді» дегенді бейнелеп беріп отыр.

«Ана кесімі айнымайды» (1942) әңгімесінде ана ақылды данышпанды, ер мен батырды ғана емес, мынау жарық дүниеге «қала халқының қйздай қырып, адам ұясын аяусыз қырып жатқан бұзық қанішер де ананың баласы, әйелден туған» деген ащы ақиқатты білдіреді.

«Өлім егушіге – Өлім!» – деп, ана «іштен шыққан шұбар жылан» өзінің баласына айнымас кесімін жасайды [10,149 б.].

Ғ.Мүсірепов Ұлы Отан соғысы жылдарында да ана тақырыбына қайта оралып, екі әңгіме жазды. Оның бірі − «Ер ана» (1942). Онда жау уақытша басып алған селода ауру немересімен қалған Наталья ананың партизандар көмген минаны жарып, неміс офицерлері орналасқан мектеп үйін өртеп, ормандағы партизандарға қосылуы суреттеледі. Ал «Ақлима» (1944) әңгімесінде жалғыз ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар деген жігітті асырап алып күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі баяндалады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен Украина, Ресей жерлерінен келген орыс, неміс, шешен, ингуш, татар балаларын қазақтардың асырап алуы көп болған. Ал қол-аяғы бірдей шөрке боп қалған жауынгер жігітті туған анасындай болып күту гуманистік ұлы жүректің ғана қолынан келетін қасиетті іс-әрекет еді. Жазушы осы арқылы ана жүрегінің кеңдігін, махаббатының молдығын асқан суреткерлікпен бейнелейді [11,43 б.].

Ал Ұлы Отан соғысынан кейінгі бейбіт жылдардағы әңгімелерінде жазушы сол қарапайым замандастарымыздың – әйелдердің бүкіл әлемге, келер ұрпаққа үлгі-өнеге болатындай, қызығып, тағылым аларлықтай қадір-қасиеттерін әдемі де әсерлі етіп бейнелей түсті («Әмина», «Айгүл қойшының күндері», «Айжан қойшының түндері»). Бұл шығармаларындағы әйелдер де – ойдың, істің адамы, еңбектен ғана бақыт тапқан біздің замандастарымыз, ел қамын ойлайтын қоғам қайраткері. Бұл шығармаларында да жазушы тек қана қоғам қалыптастырған үлкен адамгершілікті, моральдық асыл қасиеттерді, ізгі жүректің гуманистік нұрлы сипаттарын сөз өнерінің сиқырлы ғаламат күшімен жақсы бейнелеп бергенін айырықша атап өткен жөн. Әсіресе, қарапайым еңбек адамы болып жүрген қазақ әйелдерінің ішкі дүниесінің жарығын, қоғамға, халыққа қалтықсыз беріле қызмет етіп жүрген олардың төзімділігін, қажыр-қайратын, табандылығын нанымды деталь, ұтқыр штрихтер арқылы мүсіндеуге жазушы үздік шеберлік танытты. «Айгүл қойшының күндері», «Айжан қойшының түндері» атты әңгімелердегі Айгүл, Айжан – қазіргі қазақ ауылындағы қоғамдық игілікті молайтып жатқан жасампаз еңбеккердің нағыз типтік өкілдері. Сырттай қарағанда көзге түсіп, жиі байқала бермейтін, ал іштей тереңірек үңіліп, байыпты зерттегенде ғана білетін қазіргі малшы қауым тіршілігіндегі ғаламат қиындықтарды суреткер терең реализммен көз алдымызға елестетіп отырады. «Айгүл қошының күндері» әңгімесіндегі:

«Қалай есептесең олай есепте», әр тәулікте жалқау жылжыған жиырма төрт сағат уақыт бар. Ол көңіл аударары көп қала уақыты емес, көз тартары жоқ дала уақыты. Үнсіз өтіп жатқан уақыт…» [10,64 б.].

Айгүл өмірінің жиырма жылы осы үнсіздікте өтіп келеді. Ол дала үнсіздігі. Астындағы атыңа ғана, қасындағы итіне ғана, тілдесер жауапсыз үндестік.

Даланың меңіреу үнсіздігіне Айгүл бала жасынан үйренген. Ол етең-жеңді түре соғатын, қойын-қолтықты қуалай күздік пен көктемнің азынау желіне көндіккен. Ат танауына көк сүңгі тұрып қалатын шаңытқан суық сары аяздарға да көндіккен. Көндігу бар да, жеңу бар. Айгүл соның бәрін жеңген адам» − деген сипаттаманың ауылдағы еңбек адамының өміріндегі шексіз төзімділікті, қажыр-қайратты, тіпті ерлікті танытатыны сөзсіз.

Жазушы айтқан сөз рас, меңіреу даланың ындыныңды кептіріп күйдіріп жіберетін аптап ыстығымен, аңыхақ жел, аязымен, алай-дүлей, сұрапыл боранмен арпалыста соларды жеңе отырып өз мақсатына жеткен еңбек адамы – малшылардың күнделікті өмірінде ерлік те бар, асқан романтика да бар. Халқына, Отанына абыройлы еңбек етіп жүрген Айгүл, Айжандардың ішкі дүниесі, мінезі, моральдық тұлға бітімі, адамгершілік қасиеттері асыл, таза, мөлдір, қазіргі қауымға да, келер ұрпаққа да үлгі-өнеге боларлықтай.

Жазушы тек қана ер ана, данышпан әйел образын ғана жасап қоймай, сонымен бірге елдегі өнер жолына түсіп, өзінің әсем дауысымен халықты тәнті еткен өнерпаз әйелдер образын да жасаған. Сондай образдардың бірі – қазақтың халық композиторы, әнші Шамсутдинова Уәлиқызы Майраның өмірі жайлы жазылған «Атақты әнші Майра» атты әңгімесіндегі Майра образы.

Қазақ әдебиетінде қалыптасқан өнер адамдарының бейнелерін салу дәстүрін жазушы осы әңгімесі арқылы толықтыра, тереңдете түсті. Әсерлі суреттеулер арқылы Майраның ішкі, сыртқы сұлулығын, жан дүниесінің тазалығын, адамгершілік сипаттарын нанымды бейнеледі. Жазушы Майраның өмірі, әншілік қасиеті арқылы ана, әйел тақырыбында жазылған шығармаларды молықтыра тағы да бір ардақты ана, ару әнші бейнесін сомдады [12,103 б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет