Роза МҰҚанова kitapzharys online



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата14.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#114509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Бала Бейне

kitapzharys.online 
егделеп кеткен қолын жасыра қойды. Ұйқыдан оянғандай есін жиып, жан-
жағына қарады. Жалғыз өзі. 
— Құмар, Құмар! Қайдасың?.. 
Қыз жан-жағына жалтақтай қарады. Ығы-жығы халықтың арасынан 
жігітті іздеген қыз, аласұрып, адамдарға тіксіне карап: 
— Құмар қайда? Қайда жібердіңдер, қайда кетті? Қайда... Қайда?! — 
деп сұрастыра берген. Өмірінде алғаш рет адамдармен қатарласып, арман 
дүниесінің жалынын мықтап бір ұстағандай еді, ол да сусып қолынан шығып 
кетті. Жаңа ғана бар қасірет атаулыдан біржола арылып, әуеде қалықтап жүр 
еді, топ етіп, қара жерге қайта түсті. Қыз тағы да жанұшыра: «Құмар!» деп 
дауыстап қалып еді, әлдекімдер мырс-мырс етіп күлгенін, пыш-пыш етіп 
сөйлегенін сезді. «Азаптан, осы бір азаптан құтқарыңдаршы мені», — деп 
қыз шыңғырып жібергісі келген. Сонда ғана, сонда ғана әлгі бір мейірімі 
мол, жап-жарық Айды іздеген. Соған қарай ентелеп ұшып, тобылғысы 
сірескен терең сайға беттеген. Ләйлә-қыз көкке қадалып, жас іркілген 
жанарымен жалаңаш Айды аймалап, иегін көтеріп, ғарыштағы жарық Айға 
бетін тосты. Бұл кезде Қарауыл қаралы күйде еді. Қарттар жағы күңіреінп, 
таяғына сүйеніп, күрсініп тұрған. Қара жамылған әйелдер бір-бірімен дауыс 
салып көрісіп, сай-сүйегіңді сырқыратып зарлап жүрген. Бастарын әрең 
көтеріп: «Айырылдық қой!» — дейді. Болашақтан үміт жоқ бейбақ болдық 
қой. Ұрпақсыз тұл қалдық қой. Ата-баба жері еді, күлін көкке ұшырды ғой. 
Әлсіреген әйелдер бірінің иығына бірі басын сүйеп, еңіреп жылаулы. Есі 
шыққан Ләйлә Қатираны іздеп таба алмады. Қарауылға не болғанын, неге 
осынша аңырап, зарлап жатқанын ұкпады. Көзі атыздай болып, шарасынан 
шығып кете жаздап тұр. «Ойпыр-ай, не күн туған? He болған адамдарға?!» 
Қыздың қол-аяғы қалш-қалш етіп, көзі жұмылып бара жатты. Қарауылдың 
тұрғындары сол күні қақ айырылып, үңірейіп жатқан жерді көрді. Тартылған 
су мен тұтылған Айды көрді. 
Сол күнгі еңіреген қалың жұрттың дауысы әлдекімдердің құлағына 
жеткен бе, ақ киім киіп бейтаныс жандар түн ішінде келіп, жетілмей қалған, 
мәңгілік бала бейне әулетінің бәрін жинап, бітеу қара машинаға тиеп жатты. 
Ішінен шыққан баласы емес пе, қимастықпен боздаған ата-ана зарлап қала 
берді. Бұл сәтте Ләйлә терең сайда еді. Оны іздегендер де, іздескендер де 
таба алмады. Әдеттегідей ел көзінен жасырынып келген Ләйлә-қыз терең 
сайға жетіп, жарық Аймен кездескен. Ұзақ үнсіздіктен кейін, балалық бар 
арман тілегін, Құмарға деген қыз сезімінің бой көтергенін, жасырмай ағынан 
жарылып түнгі сай ішінде жалғыз өзі күбір-күбір еткен. Сонда Ай жарықтық 
қыз сезімінің тіршілігіне сүйсініп, дірілдеп, жылап тұрғандай көрінген. Сол 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет