kitapzharys.online
ҚҰРМЕТТІ, КІТАП ОҚУ САЙЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ ОҚЫРМАН!
Роза Мұқанова — жазушы, драматург. Ол 1964 жылы 14 қазанда Шығыс
Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Көлденең ауылында дүниеге келген.
Оның шығармалары
бізге өз кейпімізді, сипатымызды,
керек десеңіз,
қасіретімізді айқын көрсетіп беретіндей. Сөйте тұра, оның шығармаларында
өр рух, қайсар мінез де менмұндалап тұрады.
Жазушы-драматург Роза Мұқанованың жұмбаққа толы «Мәңгілік бала
бейне» шығармасын білмейтіндер кемде-кем шығар.
«Мәңгілік бала бейне» о баста әңгіме түрінде дүниеге келіп, кейін пьесаға
айналды. 1996 жылы Қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық
драма театрында «Мәңгілік бала бейне» пьесасы қойылды.
Әңгімеде полигоннан келген қасірет,
ашық жарылыс салдарынан
мүгедекке айналған ұлт тағдыры өте әсерлі суреттеледі.
Ләйлә – ауыр зардапты арқалаған тағдыр иелерінің жиынтық образы.
Дегенмен, ол өмірде болған жан. Жазушы Р. Мұқанова полигон кесірінен
жарымжан болып қалған жандардың суреттері қойылған фотокөрмеден түрі 5-
6 жастағы қыз сияқты,бірақ өзі 14 жасар Еңлік деген қыздың бейнесін көріп
қатты
әсер етіп, осы шығарманы жазуға түрткі болған. «Ол менің Ләйләм
болып, әдебиет әлеміне енді. Ләйләнің арманы, Ләйләнің махаббаты, Ләйләнің
періштедей
тазалығы, жер басып жүрген пенделерден оның өзгешелігін
аңғартқым келді. Ләйләнің сыртқы келбеті мүгедек
болғанымен ішкі
сұлулығын, өршілдігін көрсеткім келді. Ал өмірдегі Еңліктің қандай болғаны
мен үшін беймәлім, жұмбақ . Мүмкін ол да
менің Ләйләм сияқты болған
шығар, мүмкін... Мен Ләйләны жанымдай жақсы көріп жаздым, оған мүлде
басқа көзбен, терең сезіммен қарадым»,— дейді жазушы бір сұхбатында.
Әрбір көркем шығарманың тақырыбы - жазушы суреттеп отырған өмір
құбылысы. Ал шығарманың идеясы – жазушының сол
өзі суреттеп отырған
өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, немесе өмір құбылысына берген
бағасы. Ендеше «Мәңгілік бала бейне» — нақты өмір.
Бұл кітап оқу жарысының 2-кезеңінде оқуға берілген «Мәңгілік бала
бейне» әңгімесі меңіреу қалған мүгедек 16-17 жастағы Ләйләнің өміріндегі
қиындықтары жайлы баяндайды. Ләйләнің мешелдігіне сол бір саңырауқұлақ
іспеттес жарылыс кінәлі болған. Семей полигоны кезінде мүгедек
болып
өмірге келген.