Роза МҰҚанова kitapzharys online



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата14.10.2023
өлшемі0,61 Mb.
#114509
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Бала Бейне

kitapzharys.online 
жатқандай көрінді. Сол сегіз жасар мәңгілік бала бейнеде, өспей қатып 
қалған Ләйлә, тамыры адырайған егде қолдарын сермеп кекке көтерді. 
— Е...е...е...ей... Қашпа, менен, қашпа! Бәрібір, сені тауып аламын. 
Жасқандың ба, сен де менен жиіркенемісің, сен де менен қорқамысың жарық 
Ай?! 
Ай барған сайын алыстап, сырғып барады... Мүгедек қызды да жырым-
жырым болып айырылған жер бетін де менсінбей, қап-қараңғы түн серігін 
қолтықтап, толықсып, кергіп барады, ұзап барады. Ләйлә-қыз одан сайын 
дауыстап, қол бұлғап айғайлап тұр. 
— Ертең де қайта оралшы. Ертең де терең сайда кездесейік. Мен сені 
сонда күтемін. Терең сайдан күтемін жарық Ай! Ең соңғы сөздерді айтқанда 
иегі кемсеңдеп, жүрегі құрғыр алай-дүлей соғып, езіліп кетті. Бұл жолы 
Қарауылға бет алған Ләйлә-қызға Шыңғыс тауының еңселі биік шыңы 
барған сайын шөгіп бара жатқандай көрінді. Бұл жолы қыз түн қойнындағы 
ербиіп көрінген тау белестерінен бір түрлі сескеніп, үрейленіп келеді. 
Әлгібір «адам рухымын» дейтін түн иесі де қартайған тау етегінен пана іздеп 
жүрген қаралы киімділер ме, көзі бұлдырлап кетті. Өзі тұратын Қатира 
тәтесінің үйіне жақындай бере тынысы тарылып, демі қалтырай шықты. 
Есіктің тұтқасынан қолын соза беріп, қайта тартып ала қойды. Үй ішіндегі 
өзіне тосырая қарайтын, ішіп-жеп қадалатын көздерді көргісі келмеді. «Жұрт 
ұйқыға батқанша отыра тұрсам да болар», — деп есік алдында кідіріп қалды. 
Сол сәт тосын шыққан дауыстан шошып кетіп, баж ете түсті. Қатира екен. 
— Әй, қас қарайса жын қуғандай осы сен қайда кетесің?Не пәлең бар, 
а? 
Ләйлә үнсіз төмен қарады. Ісініп, қызарған жанарын да, әбден сілесі 
қатып шаршаған күйін де тәтесіне сездіргісі келмеді. «Менің мұңымды 
бөлісер Қатира ма, онан да үнсіз тұрғанымның өзі жақсы». — дегендей ләм-
мим деп тіс жармады. 
— Қайда жүрсің деймін мен саған? 
Ләйлә тағы да үн қатпады. «Жоқ, жоқ. Терең сайда отыратынымды 
ешкімге, ешбір жанға айтпаймын. Мен Аймен кездесуге, сонымен сырласуға 
барамын. Жарық Айдан басқа жанымды түсінер жан таппаған соң терең 
сайға жүгіремін. Ол сәтте, мені іздемеңдер, менен сұрамаңдар, мені 
көрмеңдер!» 
— Е, енді саған жетпей жүргені меңіреулік пе еді? Оған да жетерсің, 
меңіреу де атанарсың. 
Қыздың көзі жарқ етті. Қатира мырс етіп, айызы қанғандай қыздың аяқ-
қолына сұқтана қарады. Ләйлә-қыз мүгедек денесіне сабырлылық жинай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет