kitapzharys.online жасын сүртіп тастауға тырысып еді,қозғалтпады. Ләйлә-қыз мұңайып
жанарын бір жұмып, дем алып тағы ашамын деген, бірақ... Жан тапсырған
төсектегі қыз суретін ұзақ аймалаған Ай биіктеп, жылжып кетті. Мәңгілік
қоштасып кетті. Екі тіршілік: Бірі — жер баласы, бірі — түн баласы. Қатира
тойға дайындалып жүріп, әдеттен тыс ұзарып, сұлап жатқан Ләйләнің қасына
ентелеп жетіп барады да, үңіле қарады:
— Ойбай, мына бейбақ өліп қалғаннан сау ма? Құдай-ау, өліп қалыпты.
Енді қайттім? Қырсықты неменің дәл той күні өлетінін кім білген. Қатира
езінен-өзі сөйлеп, әрлі-бері жүріп, сенделіп қалды.
«Қап, дәл той күні қылжия қалғанын көрмеймісің. Қасиетсіз неме. Той
үстінде кімге барып, ат үсті өлімді хабарлайсың. Жатсын енді, менен басқа
мұны әзір сезе қойған ешкім жоқ», — деген әйелдің сумақай жүйрік ойы бір
сәтте шешім қабылдап, кезеріп жатқан қыз жүзін орамалмен жасырып жаба
салған. Сол бойы үйден жүгіріп шыққан Қатира сасып қалды. Алыстан, өзіне
таныс зарлы әуен талып естілді. Қара жамылған Қарауылдың топ-топ
адамдары аңырап, тағы да керісіп жүр. Айтқан сөздерінен төбе қүйқаң
шымырлап, сай-сүйегің сырқырайды.
— Ойпыр-ау, өлтіре ме, қайтеді. Түнде тағы... тағы да... жарылысы
болды..
Қатира дір-дір етті. "Әлгінің өліміне сол жарылыстың әсері болмасын..."
— деді іштей сыбырлап. Еңіреп жатқан сонау қаралы топты той болатын
үйіне жақындатқысы келмеді.
— Аулақ! Аулақ! Тұңғышымның қызығын тойлатуға да мұрша
бермедіңдер ме? Өлгенде бір көрген қызығымды қисаңдаршы, тым
болмағанда!
Сосын әлі үйінен шықпаған Ләйләнің сүйегі есіне түскенде әлсіреп, өңі
қуарып, бүк түсіп, отыра кетті. Қарауылдың қаралы тобыры осылай қарай
бет алыпты, шулап келеді. Қатираның дыбысы шықпады... Біресе алақанын
жайып, көптен жәрдем сұрайды. Біресе екі қолын төбесіне қойып, аңырап,
босағасына қарай теңселіп құлай береді. Қалықтап жылжыған Ай сәулесі
қараңғыда қалып бара жатқан Қатираның жүзіне сонау алыстағы қалпы жіп-
жіңішке болып түсті. Өзі шалқайып жатыр. Қатираның көзіне Ай жарылып,
екіге бөлінгендей көрінді. — Ойпыр-ай, — деді ол сыбыр-сыбыр етіп: —
Ендігі жерде Қарауылдың Айы бұрынғыдай толықсып сән бермейді десеңші.
Сүттей аппақ болып, қап-караңғы түннің көзін ашпайды десеңші!
Саусақтары дір-дір етіп, кеудесін қысып бара жатқан бешпетінің түймелерін
ағыта берді, ағыта берді...