1. Реакция жылдамдығы 729 есе арту үшін газ қоспасының температурасын қанша градусқа дейін көтері керек? Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 3-ке тең.
2. 2 л хлор (қ.ж.) 5 л суда ерітілген. Ерітіндінің көлемі судың көлеміне тең етіп алып, осы ерітіндінің проценттік концентрациясын және мольдік концентрациясын есептеңдер.
3. Әрекеттесетін беті 8 см2 болатын күкірттің бір бөлігі оттегіде күйіп, күкірт оксиді(IV) түзді. 12 с үшін күкірт затының мөлшері 7 мольден 4 мольге дейін азайды. Берілген химиялық реакцияның жылдамдығын табыңыз.
Рубеждік бақылау
III вариант
I. Сұрақтар
1. Ковалентті байланыстың сипаттамалары: а) беріктігі, ұзындығы; ә )қанығу себебі; б) бағытталуы. 2. Молярлы және эквивалентті (нормальдық) концентрациялары көрсетілген ерітінділерді қалай дайындауға болады?
II. Тест тапсырмалары
1. Өзара әрекеттесетін оксидтері жұбы:
A) P2O5 және SiO2
B) SO2 және SO3
C) Na2O және MgO
D) Na2О және Al2О3
E) SiO2 және H2O
2. Химиялық реакция жылдамдығын бәсеңдететін заттың аталуы:
A) Изомерлер
B) Изотоптар
C) Гомологтар
D) Ингибиторлар
E) Катализаторлар
3. Ең баяу жүретін реакция:
A) Фосфордың жануы.
B) Жер қыртысында алмаздың түзілуі.
C) Сутек пен оттектің қопарылысы.
D) Метанның ауадағы қопарылысы.
E) Темірдің таттануы.
F) Mұнайдың түзілуі
G) сүттің ашуы
4. Берілген реакциялардың ішіндегі ең жылдамы
A) тиындардың қараюы
B) темірдің таттануы
C) май шамның жануы
D) сүттің ашуы
E) жапырақтың сарғаюы
F) мұнайдың түзілуі
5. Тек ковалентті байланысы бар заттар орналасқан қатар:
A) As2S3, AlCl3, O2, N2.
B) H2O, CS2, HІ, PH3.
C) Br2, NaH, MgO, KCl.
D) PH3, N2O5, CaO, BaCl2.
E) HCl, SіH4, K2O, BaBr2.
F) SіO2, CO2, N2O5, NaCl
G) Cl2, HF, F2O, NO2
III. Есептер
1.20 мл 0,5 М мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісіндегі мыс иондарының толық 2 Cu(OH) түрінде тұнбаға түсіру үшін 2 М натрий гидроксидінің қандай көлемі қажет?
2. Газды жағуға арналған ыдыстағы аммиактың бастапқы концентрациясы 4,5 моль / л болды. 12С-тан кейін аммиак концентрациясы 3 моль / л құрады. берілген химиялық реакцияның жылдамдығын табыңыз.
3. Калий иодиді судағы ерітіндісінің 100 мл-де 41,5 г калий иодиді болса, осы ерітіндінің 1 литрінде калий иодидінің неше моль болатынын есептеп шығарыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |