Руководителю соц



бет2/12
Дата15.10.2023
өлшемі0,55 Mb.
#115403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тәжірибелік жұмыс
1 тапсырма. Тышқандарда гипогликемиялық команың үлгісін алып, оның дамуын
бақылау
Әдісі. Тәжірибеге үш тышқан алынады. Екеуіне 1-2 бірлік жай инсулинді енгізіп, банкіге отырғызады. Бақылау тышқанын бөлек банкіге отырғызады. Екі банкіні де жылы жерге қояды. Жануарларды бақылайды. 40 минөттен соң тәжірибелік тышқандарда гипогликемиялық команың белгілері (дене қалпын өзгертеді, тынысы жиілейді, қимыл үйлесімдігі бұзылады) пайда болады. Тәжірибелік тышқанның біреуінің іш қуысына 10,-10,5 мл 10% глюкоза ерітіндісін енгізеді, екі тәжірибелік тышқанды салыстыра отырып, бақылауды жалғастырады. Бақылауды аяқтаған соң жануарлар жағдайларының айырмашылығын түсіндіріп, қорытынды жасалады.

2 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару.


1 есеп
Қалқанша безі ауруы бар науқас радиоиммунды талдау әдісімен зерттелген, қан сарысуында тироксин (Т4), трийодтиронин (Т3) және тиреотропты гормон (ТТГ) деңгейлері анықталды. Т4 және Т3қандағы мөлшері азайған, ТТГ-ң өзіндік деңгейі жоғарылаған.
1. Алынған мәліметтер қалқанша безінің гипо және гиперфункциясынан хабар бере ма?
2. Дерттік үрдіс қай жерде орналасуы мүмкін?

2 есеп


Иттің бүйрек үсті бездерінің екеуі де алынып тасталған. Адреналэктомиядан 1 күннен кейін онда дерттік өзгерістер дамиды (әлсіздік, бұлшықет тонусы төмендеген, анорексия, құсу, анурия). Операциядан кейін 3 тәуліктен соң жануар өліп қалды.

  1. Ит неден өлді?

  2. Бүйрек үсті безінің қандай гормонын енгізу арқылы иттің өмірін ұстап тұруға болады және не себептен?

3 есеп


Клиникаға мұрт, сақал өсуіне, етеккір оралымының бұзылысына, жалпы әлсіздік, бас ауыруы, арқасы мен аяқ-қолдарында ауыру сезіміне шағымданып, 25 жасар науқас Н. түсті. Тексергенде:

  • Терісі жұқа, құрғақ, іші және сан терісінде қою қызыл түсті жолақтар.

  • Бет, мойын, іші, кеудесінде майлардың айқын жиналуы

  • Артериялық қысым 150/105 мм сын.бағ.

  • Жамбас сүйегінің рентгенограммасында – айқын остеопороз

  • Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия

  • Кортизол деңгейі жоғарылағандығы анықталды

    1. Бұл белгілер қандай бездің зақымданғанын көрсетеді?

    2. Гипофиз немесе бүйрек үсті бездерінің дертімен байланысты екенін білу үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет?

    3. Бұл көріністердің патогенезі қандай?

4 есеп
Ауруханаға әлсіздіктің үдеуіне, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне, ұйқысыздыққа, тәбетінің жоғалуына, арықтауына шағымданып, 27 жасар науқас түсті. Науқасты тексергенде:

  • Іштің ақ сызығы аймағының терісінде, шынтақтың бүгетін жерінде, қолтық асты ойысында, ауыз қуысының шырышты қабатында, тілінде сұр - қоңыр түсті нілдену байқалады.

  • Артериялық қан қысымы 80/60 сын. бағ.б.

  • Бұлшықет межеқуатының төмендеуі

  • Гипокалиемия, гипернатриемия, қанда қант мөлшері – 3,3 ммоль/л

  • Қанда кортизол, зәрде кортикостероидтар деңгейі төмендегендігі анықталды.

    1. Қандай бездің зақымдануы осы көріністерді береді?

    2. Ауру қалай аталады?

    3. Байқалған өзгерістердің патогенезі қандай?

3 тапсырма. Сөзжұмбақты шешу












16




17










1























































2


































3













18










19





























































20



















4












































































24













21




22







23







25










5































6

































































































7

26










































































































8




















































9










27



































































10











































28





































11





























































29

























12































13

































































































14

























15


















































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет