Руководителю соц


«ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» МОДУЛІНЕН МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ



бет6/12
Дата15.10.2023
өлшемі0,55 Mb.
#115403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
«ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ» МОДУЛІНЕН МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ
Мақсаты:

  1. аудиториялық және аудиториядан тыс өткізілген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау

Бақылау міндеті:

  1. Өткізілген тақырып бойынша білімдерін бекіту



Студенттер білімін бақылаудың сұрақтары:

  1. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің орталық реттелу тетіктерінің бұзылыстары (транс- және парагипофиздік реттелу), себептері, даму тетіктері. Кері байланыс тетігінің бұзылысы.

  2. Ішкі сөлденіс бездері қызметінің бұзылыстарына әкелетін дерттік үрдістер.

  3. Гормондар белсенділігінің бұзылуының шеткері (безден тыс) тетіктері.

  4. Қалқанша безі қызметінің бұзылуы. Гипотиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.

  5. Гипертиреоз, этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі.

  6. Бүйрек үсті бездерінің жіті және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы, негізгі көріністерінің патогенезі .

  7. Гиперкортицизм, этиологиясы, негізгі көрністерінің патогенезі.

  8. Инсулиннің бездік және безден тыс жеткіліксіздігі, даму тетіктері.

  9. Қантты диабеттің I және II түрінің этиологиясы мен патогенезі

  10. Гипергликемиялық және гипогликемиялық команың патогенезі.

СЫНАМАЛЫҚ БАҚЫЛАУ


1. Парагипофиздік реттелу бұзылысының себебі

  1. ТШҚҰ- синдромы кезіндегі гипофиздің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

  1. нейрогипофиздің зақымдануы

  1. гипоталамустың нейросөлденістік жасушаларының уыттанулық иммундық зақымдануы

  2. гипофиздің өспесі

  3. жүйкелік өткізгіштердің зақымдануы

2.Трансгипофиздік реттелу бұзылысының себебі

  1. қалқанша бездің аденомасы

  2. нейрогипофиздің зақымдануы

  3. жүйкелік өткізгіштердің зақымдануы

  4. аденогипофиздің өспесі

  5. орхит

3.Трансгипофиздік реттелудің бұзылысына әкелмейтіні

  1. либерин түзілуінің бұзылысы

  2. статин түзілуінің бұзылысы

  3. гипофиздің тропты гормондары түзілуінің бұзылысы

  4. шеткері бездердің денервациясы

  5. психикалық жарақат

4. Трансгипофиздік реттелу, негізгі болып табылады
А) бүйрек үсті безінің қыртысының шоғырлы аймағына+
В) ұйқы безіне
С) бүйрек үсті безінің шумақты аймағына
D) қалқанша маңы безіне
Е) айырша безіне
5. Трансгипофиздік реттелу негізгі болып табылады

  1. нейрогипофизге

  2. ұйқы безіне

  3. жыныс безіне

  4. қалқанша маңы безіне

  5. эпифизге

6. Кері байланыс тетігінің бұзылысының негізінде жатады

  1. қандағы гормондар мөлшерінің өзгерісін қабылдайтын гипоталамус орталықтары сезімталдығының төмендеуі

  2. тропты гормондар өндірілуінің жоғарылауына жауап ретінде либериндер өндірілуі азаюы

  3. шеткері бездердегі гормондарының деңгейі жоғарылағандықтан статиндер өндірілуінің артуы

  4. либериндер өндірілуі жоғарылағандықтан аденогипофиз гормондары өндірілуінің артуы

  5. тропты гормондар өндірілуінің төмендеуінен либериндер өндірілуінің артуы

7. Кері байланыс тетігінің бұзылысы байқалады

  1. тропты гормондар мөлшері төмендегендіктен, статиндер өндірілуінің азаюында

  2. шеткі бездегі гормондар деңгейінің жоғарылауынан либериндер өндірілуінің азаюы

  3. шеткі бездердің аденомасында

  4. шеткі бездердегі гормондар мөлшері азаюынан аденогипофиз гормондары өндірілуі артуында

  5. психикалық қозу кезінде либериндер өндірілуінің артуы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет